Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы

Share

Президентский центр Республики Казахстан
Presidential Center of the Republic of Kazakhstan

Photos from Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы's post 05/06/2026

Президенттік орталықта «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен дефиле өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Балауса сезім» балалар жобасы аясында «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі мен дефиле өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Жобаны ҚР Президенттік орталығы, Астана қ. Білім басқармасы және ЮНЕСКО клубы болып табылатын елордалық Балалар көркемсурет мектебі бірлесіп ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, экологиялық жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту және сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу.

В Президентском центре прошло дефиле и церемония награждения победителей городского конкурса «ЭКОсән»

В Президентском центре УДП РК в рамках детского проекта «Балауса сезім» состоялась торжественная церемония награждения победителей городского конкурса «ЭКОсән» и дефиле. Мероприятие прошло в рамках реализации государственной программы «Таза Қазақстан».
Организаторами проекта выступили Президентский центр РК, Управление образования г. Астаны и столичная Детская художественная школа – клуб ЮНЕСКО.
Цель конкурса – повышение экологической культуры обучающихся, формирование навыков экологически ответственного поведения, воспитание бережного отношения к природе, а также развитие творческих способностей и популяризация декоративно-прикладного искусства.
«ЭКОсән» – это проект, направленный на продвижение идей бережного отношения к окружающей среде и ответственности за здоровье человека. Он способствует формированию экологического сознания у подрастающего поколения и поддержке инициатив, направленных на охрану природы.

https://po.qr-pib.kz

Photos from Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы's post 04/06/2026

Президенттік орталықтағы Мемлекеттік рәміздер күні – мектеп оқушыларына арналған музейлік сабақ

ҚР Президенттік орталығында Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушыларына арналған Мемлекеттік рәміздер күніне орай музейлік сабақ өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – тарихи деректерді бекітумен ғана шектелмей, ұлттық рәміздерге деген шынайы құрметті қалыптастыру және заң алдындағы азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндіру болды.
Сабақтың теориялық бөлімі қызықты құқықтық диалог форматында өтті. Оқушылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды кезеңдерді еске алып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңның негізгі нормаларымен танысты. Дәріс барысында лектор нақты мысалдар арқылы мемлекеттік рәміздерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларды қасақана қорлағаны үшін көзделетін қылмыстық жауапкершіліктің ара-жігін түсіндірді.
Сабақтың ең тартымды әрі белсенді кезеңі RAFT (рөл – аудитория – формат – тақырып) әдістемесі бойынша ұйымдастырылған командалық практикум болды. Әртүрлі рөлдерді меңгерген оқушылар өмірде кездесетін нақты жағдайларға этикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасады. Олар Туды сақтау мәдениеті, спорттық жарыстар кезінде Әнұран орындалған сәттегі тәртіп ережелері және цифрлық кеңістікте контент таратудағы медиаэтика мәселелеріне қатысты жағдаяттарды талқылады. Сонымен қатар, «Менің азаматтық шешімім» атты жеке тапсырма аясында әр қатысушы мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік таныту фактілерінің алдын алу мен оған дұрыс әрі сыпайы түрде әрекет етудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын өз алгоритмін ұсынды.
Кездесу соңында жоғары сынып оқушылары «3-2-1» интерактивті рефлексиясына қатысып, өздері үшін жаңадан білген үш деректі, рәміздерге ұқыпты қараудың екі алтын қағидасын және бір жеке азаматтық уәдесін тұжырымдады. Өз идеяларын біріктіріп, шығармашылық жобаларын қорғаған оқушылар бірауыздан сыныптың «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу кодексін» қабылдады. Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға үй тапсырмасы ретінде салыстырмалы құқықтық кестелер әзірлеу немесе әлеуметтік желілерге арналған патриоттық подкасттың не бейнероликтің сценарийін дайындау ұсынылды.

День госсимволов в Президентском центре» – музейный урок для школьников

В Президентском центре Республики Казахстан прошел музейный урок для учащихся девятого класса школы-гимназии № 10 имени Жумабека Ташенева, приуроченный к Дню государственных символов.
Главной целью встречи стало не просто закрепление исторических фактов, а формирование искреннего уважения к национальным атрибутам и понимание личной гражданской ответственности перед законом.
Теоретическая часть занятия превратилась в увлекательный правовой диалог. Школьники вспомнили исторические вехи становления независимого Казахстана и подробно изучили нормы Конституционного закона «О государственных символах». На конкретных примерах лектор разъяснил старшеклассникам разницу между административными правонарушениями в этой сфере и уголовной ответственностью за умышленное осквернение госсимволики.
Самым динамичным этапом урока стал практикум в командах по методике RAFT (роль – аудитория – формат – тема). Примеряя на себя различные роли, ребята провели детальный этический анализ реальных жизненных ситуаций. Они разбирали кейсы, связанные с культурой хранения Флага, правилами поведения во время исполнения Гимна на спортивных турнирах и медиаэтикой при распространении контента в цифровом пространстве. В ходе индивидуального задания «Мое гражданское решение» каждый участник предложил свой пошаговый алгоритм того, как тактично и правильно пресекать факты неуважения к символам.
В финале встречи старшеклассники прошли интерактивную рефлексию «3-2-1», где сформулировали три новых факта, два золотых правила бережного отношения к символике и одно личное гражданское обещание. Объединив свои идеи и защитив творческие проекты, школьники единогласно утвердили классный «Кодекс уважения государственных символов». Для закрепления полученных знаний ученикам также предложили домашнее задание: составить сравнительные правовые таблицы или создать сценарий патриотического подкаста или видеоролика для социальных сетей.

https://po.qr-pib.kz/

Photos from Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы's post 04/06/2026

Президенттік орталықта «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен дефиле өтеді
2026 жылғы 5 маусымда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында балаларға арналған «Балауса сезім» жобасы аясында «ЭКОсән» қалалық шығармашылық додасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі мен дефиле өтеді. Іс-шара «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр.
Жобаны Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы, Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, экологиялық жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту және сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу.
«ЭКОсән» – қоршаған ортаға жанашырлық пен адам денсаулығына жауапкершілік идеясын насихаттайтын жоба. Ол жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға үндейді.
Шығармашылық дода биылғы жылдың наурыз айында жарияланған болатын. Қатысушылар ұсынған 70-тен астам жұмыстың ішінен 30 үздік туынды іріктеліп алынды. Финалға шыққан қатысушылардың жасы 4 пен 15 жас аралығын қамтиды. Олардың қатарында Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінің, №2 Өнер мектебінің, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының және басқа да қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері бар.
Ұсынылған жұмыстарды Халықаралық педагог-суретшілер одағының мүшесі Асқар Жұмагелдіұлы Смағұлов пен Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, академик Әлия Ғайсина бағалады.
Байқау балалардың назарын қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселелеріне аударды. Қайталама шикізатты тиімді пайдаланудың тың тәсілдерін іздестіруге бағытталған шығармашылық жұмыстарға ата-аналар да белсенді қатысып, экологиялық тәрбиенің маңызын арттыруға өз үлестерін қосты.
Іс-шараның шарықтау шегі – дефиле. Онда жас авторлар мен дизайнерлер тұрмыстық қалдықтар мен қайта өңделетін материалдардан әзірленген ерекше киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынады. Көрермендер пластикалық бөтелкелерден, кәмпит қаптамаларынан, полиэтилен пакеттерден, бір реттік ыдыстардан, газет-журналдардан және басқа да материалдардан жасалған тың дизайнерлік туындыларды тамашалай алады.
«ЭКОсән» шығармашылық додасы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

В Президентском центре пройдут церемония награждения победителей городского конкурса «ЭКОсән» и дефиле
5 июня 2026 года в 15:00 в Президентском центре Республики Казахстан в рамках детского проекта «Балауса сезім» состоятся торжественная церемония награждения победителей городского конкурса «ЭКОсән» и дефиле. Мероприятие проводится в рамках реализации государственной программы «Таза Қазақстан».
Организаторами проекта выступили Президентский центр Республики Казахстан, Управление образования города Астаны и Детская художественная школа города Астаны – клуб ЮНЕСКО.
Цель мероприятия – повышение экологической культуры обучающихся, формирование навыков экологически ответственного поведения, воспитание бережного отношения к природе, а также развитие творческих способностей и популяризация декоративно-прикладного искусства.
«ЭКОсән» – это проект, направленный на продвижение идей бережного отношения к окружающей среде и ответственности за здоровье человека. Он способствует формированию экологического сознания у подрастающего поколения и поддержке инициатив, направленных на охрану природы.
Творческий конкурс был объявлен в марте текущего года. Из более чем 70 представленных работ в финал были отобраны 30 лучших. Возраст финалистов составляет от 4 до 15 лет. Среди участников – воспитанники Детской художественной школы города Астаны, Детской школы искусств № 2, Дворца школьников имени Аль-Фараби и других организаций дополнительного образования столицы.
Конкурсные работы оценивали член Международного союза педагогов-художников Аскар Жумагельдиевич Смагулов и член Евразийского союза дизайнеров, академик Алия Гайсина.
Конкурс привлек внимание детей к вопросам охраны окружающей среды, сортировки и переработки отходов. В творческой работе, направленной на поиск новых способов использования вторичного сырья, активное участие приняли и родители, внося свой вклад в экологическое воспитание подрастающего поколения.
Кульминацией мероприятия станет дефиле, в ходе которого юные авторы и дизайнеры представят оригинальные модели одежды, созданные из бытовых отходов и перерабатываемых материалов. Зрители смогут увидеть необычные дизайнерские решения, выполненные из пластиковых бутылок, фантиков, полиэтиленовых пакетов, одноразовой посуды, газет, журналов и других материалов.
Творческий конкурс «ЭКОсән» является важной инициативой, направленной на формирование экологической культуры детей, развитие их творческого потенциала и популяризацию ценностей ответственного отношения к окружающей среде.

03/06/2026

Жүрек жылуын сыйлайық
(Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының
ерекше балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесінен)

Қазіргі кезеңде еліміздегі ерекше балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Мұндағы басты мақсат – дамуында ауытқушылығы бар балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.
Бұл туралы IV Ұлттық құрылтай отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар әрбір балаға толыққанды білім алу үшін тең мүмкіндіктер беру маңызды екенін атап өтті. Бұл жай ғана құқық емес, әр баланың табысты және бақытты болашағының негізі.
Ендеше, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық пен қолдау жасауда арнайы білім беретін мекемелермен қатар әлеуметтік институттардың да атқарар рөлі жоғары. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президенттік Орталығында жүзеге асырылып отырған шаралардың маңызы зор. Орталық өзінің оқу-ағартушылық қызметінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдау мен олардың шығармашылық дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.
Соның ішінде, ағартушылық қызметіндегі басты бағыттардың бірі – ерекше балаларды қолдауға арналған шаралар болып табылады. Жыл сайын «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Возрождение» психологиялық қолдау көрсету орталығы және т.б. ұйымдармен бірлесе отырып, «ерекше» балаларға арналған арт-терапиялық семинарлар, байқаулар мен жұмыс көрмелерін өткізуді игі дәстүрге айналдырған.
Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында мүгедек балалар «ерекше балалар» деген атауға ие. Олар әлеуметтік, физиологиялық және психологиялық жағынан аз қорғалған ерекше балалар. «Ерекше балаларды» бейнелеу өнеріне, белсенді көркем шығармашылыққа баулу, арт-терапиялық жұмыстар өткізу арқылы олармен арадағы шектеу мен тұйықтықты жоюға, өзіне сенімділігін арттыруға және әлеуметтік бейімделуге септігін тигізеді. Сонымен бірге бұл балалардың өте қатты уайымдауға, өздеріне деген қандай да бір қатынасты байқауға, әсемдікті бақылауға деген қабілеттілігі соншалықты, олардың кез-келген әрекетіне дайын тұру қажет. Орталықтағы жайлы атмосфера мен әсем орта олардың ішкі интеллектуалдық әлеуетін ашуға көмектесіп, елестету мен қабылдау мүшелерін дамытады.
Ерекше балалар мен оларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін басты фактордың бірі әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету. Онда негізгі ынта-ықылас бала мен ата-аналарға өзін-өзі жетілдіру мен дамытуға ықпал ететін мақсаттар мен құндылықтардың жаңа жүйесін жасауға аударылады. Өзара қарым-қатынас барысында жауапкершілік пен дербестіктің болуы, топтың мүддесімен өз қызығушылығының сәйкес келуін үйлестіру барысында мүмкіндігі шектеулі бала өз жақындары мен қоғамға пайдалы әрекет жасай отырып, өзінің тұлғалық және әлеуметтік бейімделуіне әсер етеді.
Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық қолдауды жүзеге асыруда белгілі бір тәсілді қолдану олардың әлеуметтік-белсенді топқа айналуына ықпалын тигізеді.
Орталықта өтілетін шара барысында орталық педагогы мен ата-аналар келесі міндеттерді бірлесе шешуі тиіс:
1. Ерекше балалардың арасынан белсенді, бастамашыл азамат тәрбиелеу.
2. Тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру (өз халқының құндылықтары мен мәдениетін меңгерту негізінде адамгершілік сезім, жақсы көңіл-күй, денсаулық, қарым-қатынас, мінез-құлық, еркін уақыт өткізу білу мәдениетін сіңіру).
3. Олардың қоғамда өздерін басқалармен тең құқықты азамат ретінде сезінуіне жағдай жасау.
Әлеуметтендіру үрдісінде, оның ішінде ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеуде әлеуметтік-педагогикалық қолдау оларға қоғамда өмір сүруге қажетті қасиеттерді иемденуіне, әлеуметтік қызметті, әлеуметтік қарым-қатынас пен мінез-құлықты меңгеруге, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын жүзеге асыруға көмектеседі. Олар түрлі шаралар арқылы пассивті объекті емес, қоршаған ортаның талабына сай, өзінің ішкі әлеуетінен өз тұлғасын қалыптастыра алған белсенді субъектіге айналуы тиіс.
Түрлі жағдайдағы бұл балалардың барлығының өздерін таңдаулы адамдай сезінуіне орталық қызметкерлері барынша жан-жақты жағдай жасайды. Арбада отырған, көзі нашар көретін, құлағы ауыр еститін, церебральды сал ауруына шалдыққан балалар өздерін еркін ұстап, таңдаулы қонақ ретінде сезінуге мүмкіндік алады. Бұл сәттерде қызметкерлер дертіне қарамастан ата-аналармен бірге әр баланың жанынан табылып, көмектесуге дайын тұрады.
Жыл сайын өткізілетін «Өнердің сиқырлы әлемі» арт-терапиялық семинары «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамымен» бірлескен шара болып табылады. Сессияның мақсаты ерекше балалардың психоэмоционалды жағдайын жақсарту, олардың дамуына көмектесу, ой-өрісін кеңейту, мәдени құндылықтар әлемімен таныстыру, мәдени-тарихи мұраны бағалауды үйретуге бағытталған. «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ – Қазақстан Республикасы Президенттік Орталығының көп жылғы серіктесі. Бірлестіктің миссиясы – дамуында ерекшелігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, қарым-қатынас дағдысын, төзімділік пен лидерлікті қалыптастыруға көмектесу болып табылады. Бұл шараға қатысатын 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар сиқырлы қаламның көмегімен өздерін қоршаған әлемнің сырларына үңіліп, өздерін қоғамның біртұтас мүшесі ретінде сезінеді.
Ұйымдастырушылар бұл шараларды өткізу арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтырудың баламалы бағдарламасын енгізу формасы ретінде ұсынуда.
Әр жылғы арт-терапиялық сессиялар өзінің әдістемелік шеберлегімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Атап айтар болсақ, «Сиқырлы орман» және «Менің ішкі жан дүнием» сюжетін салу үшін бояу, фломастерлерден бөлек түрлі-түсті күріштер қолданылса, «Өнердің ғажайып әлемі» сессиясын ұйымдастыруға табиғи тастармен, моншақтармен түрлі композицияларды жасауға үйрете отырып, балаларды эстетикалық бағытқа тәрбиелеуде көмегі зор болды.
Мұндай шараларды өткізу арнайы көмекке мұқтаж балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аударудың бір жолы. Өткізілетін сабақтар оларға өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне және дені сау адамдар қоғамында өзін еркін ұстауына мүмкіндік береді. Балалар әрқашанда Орталыққа келіп, өнер әлеміне, қуаныш пен мейірімділік атмосферасына бөленуге асығып отырады.
Қазіргі заманғы қоғамда мүгедектікті адамзат өмірінің бір құбылысы ретінде қарастырып, біз әрқашан мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен міндеттерінің барлық адамдар тарапынан мойындалуына қол жеткізуіміз керек. Бұл жерде мәдениет саласының мекемелері де маңызды рөл атқарады.
Орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет етудің негізгі идеясы ерекше балаларға өздерін барынша еркін, жайлы сезініп, осында өтетін барлық шараларға қатыса алатындай жағдай жасау.
Жалпы алғанда, біз Қазақстан Республикасы Президенттік Орталығында ерекше балалардың өздерін әрі қарай жайлы да сенімді сезінуіне бар еңбегімізді саламыз.

Мәдени және білім беру жобалары қызметінің
жетекші ғылыми қызметкері
Әсия Оспанова

Photos from Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы's post 03/06/2026

Елордалық оқушыларға арналған патриоттық сабақ
3 маусым күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында, Президенттік орталық ауқымды патриоттық сабақ өткізілетін алаңға айналды. Орталыққа елордалық №79 мектеп-лицейінің жанындағы жазғы лагерьдің 100-ден астам оқушысы келді. Олардың сапарындағы басты оқиға «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері» атты танымдық дәріске қатысу болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету, олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, елге деген мақтаныш сезімі мен шынайы патриотизмді нығайту.
Тақырыптық дәріс жас тыңдаушыларға бейімделген интерактивті форматта ұйымдастырылды. Дәріскер балаларға еліміздің басты геральдикалық белгілерінің жасалу және қабылдану тарихын жан-жақты таныстырды. Әңгіме барысында әрбір элементтің терең философиялық мәніне ерекше назар аударылды: алтын күннің, қалықтаған қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейбітшілік, еркіндік пен мәңгіліктің нышаны ретіндегі мағынасы; Қазақстандағы барлық этностарға ортақ үйдің бейнесі саналатын шаңырақтың киелі мәні, жарқын болашаққа ұмтылысты білдіретін қанатты тұлпарлар мен бесжұлдыздың символикасы; сондай-ақ ата-баба ерлігін, туған жердің байлығын және бірлікке деген ұмтылысты жырлайтын Әнұран мәтініндегі поэтикалық бейнелер кеңінен түсіндірілді.
Дәріс барысында мемлекеттік рәміздердің әрбір Қазақстан азаматы үшін маңызын терең түсіну және оларға құрметпен қарау қажеттігіне ерекше көңіл бөлінді. Дәріскер Туға, Елтаңбаға және Әнұранға деген құрмет – нағыз патриоттың, саналы азаматтың және Отанын сүйетін адамның басты белгісі екенін атап өтті.
Сапар аясында оқушылар үшін Президенттік орталықтың музейлік экспозицияларына қысқаша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Бағдарламаның басты нүктесі Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған зал болды. Мұнда балалар Елтаңба мен Тудың эталондық үлгілерін өз көздерімен көріп, республиканың егемендігін бекіткен архивтік құжаттармен және алғашқы жарлықтармен танысты. Бұл көрнекі материалдар дәрісте алған білімдерін толықтыра түсті.

Патриотический урок для столичных школьников
3 июня, в преддверии Дня государственных символов Республики Казахстан, Президентский центр стал площадкой для масштабного патриотического урока. Центр посетили более 100 учащихся пришкольного летнего лагеря столичной школы-лицея №79. Главным событием их визита стало участие в познавательной лекции «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері».
Основная цель мероприятия – углубление знаний учащихся о государственной символике Республики Казахстан, формирование у них высокого гражданского самосознания, чувства гордости и истинного патриотизма.
Тематическая лекция была построена в интерактивном формате, адаптированном для юных слушателей. Лектор подробно раскрыл перед ребятами историю создания и принятия главных геральдических знаков страны. Особый акцент в ходе беседы был сделан на детальном разборе глубокой философии каждого элемента: символике золотого солнца, парящего степного орла и вертикальной полосы с национальным орнаментом как знаков мира, свободы и вечности; сакральном значении шанырака – образа общего дома для всех этносов Казахстана, крылатых конях-тулпарах и пятиконечной звезды, олицетворяющих устремленность в светлое будущее; поэтических образах, заложенных в куплетах, которые воспевают мужество предков, богатство родной земли и стремление к единству.
Отдельное внимание в ходе лекции было уделено тому, как важно осознавать значимость государственных атрибутов для каждого гражданина Казахстана и уважительного отношения к ним. Лектор подчеркнул, что уважение к Флагу, Гербу и Гимну – это первый и самый главный признак истинного патриота, гражданина и человека, любящего свою Родину.
В рамках визита для учащихся также была организована краткая обзорная экскурсия по музейным экспозициям Президентского центра. Главной точкой этого маршрута стал зал, посвященный государственным символам Казахстана. Здесь дети смогли вживую увидеть эталонные образцы Герба и Флага, ознакомиться с архивными документами и первыми указами, закрепившими суверенитет республики, что послужило ярким визуальным дополнением к прослушанной лекции.

https://po.qr-pib.kz

Photos from Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы's post 02/06/2026

Жүректен жүрекке: Президенттік орталықта ерекше
балаларға арналған мерекелік арт-терапиялық сессия өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өнердің сиқырлы әлемі» Арт-терапиялық сессиясы аясында «Жүректен жүрекке» атты ауқымды инклюзивті іс-шара өтті.
Іс-шараны ҚР ПІБ Президенттік орталығы, Астана қаласының Мүгедек балалар қоғамы және «Менің жаңғыруым» психологиялық орталығы ұйымдастырып, оған «AMANAT» партиясының елордалық филиалы белсенді қолдау көрсетті.
Бұл кездесу ерекше қажеттіліктері бар балаларды шығармашылық, өнер және ойын әрекеттері арқылы қолдауға, әлеуметтендіруге және бейімдеуге бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болды.
Іс-шараға шамамен 30 адам қатысты.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының кеңесшісі, «AMANAT» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Сыдықов құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде балалар мен олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтап, сондай-ақ Президенттік орталықтың маңызды әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға он сегіз жылға жуық уақыт бойы қолдау көрсетіп келе жатқан серіктестерге ерекше алғысын білдірді. «Президенттік орталық балаларды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларға әрдайым ашық. Біздің міндетіміз – әр баланың өзіне деген сенімін арттырып, қамқорлық пен қолдауды сезінуіне жағдай жасау. Өйткені әр бала өзінше дарынды. Бүгінгі кездесу – балаларға қуаныш сыйлаудың тағы бір мүмкіндігі», – деп атап өтті ол.
«Арт-терапия – ерекше балалардың ішкі жан дүниесін ашуға, эмоционалдық күйзелісті жеңілдетуге көмектесетін бірегей көпір. Сонымен қатар ол ата-аналар мен балалар арасындағы нәзік байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Мереке соңында балалардың шынайы қатысуының арқасында “жүректердің жанданғанын” көру – біз үшін ең үлкен марапат», – деді өз сөзінде «Менің жаңғыруым» психологиялық орталығының жетекшісі Альвина Юсупова.
Мерекелік бағдарламаның көркін елордалық Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері ұсынған шығармашылық нөмірлер айшықтай түсті. «Сарын» вокалдық ансамблі «Бақыт» әнін әсерлі орындаса, «Жалын» ансамблі «Қор оғлы» күйін шеберлікпен орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Студент-еріктілер командасының қатысуымен «Жүрек оянғанда» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Қойылым соңында балаларды ортақ шеңберге біріктірген би мен достық құшақтарға ұласқан ауқымды интерактивті флешмоб ұйымдастырылды.
«Менің жаңғыруым» психологиялық орталығы мамандарының жетекшілігімен қолөнер бұйымдарын жасау бойынша арт-терапиялық сессия өтті. Сабақ барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін толық ашып, қиялдарын еркін жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жас қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.

От сердца к сердцу: в Президентском центре прошла праздничная арт-терапевтическая сессия для особенных детей

В Президентском центре УДП РК состоялась масштабное инклюзивное мероприятие «От сердца к сердцу» в рамках Арт-терапевтической сессии «Чарующий мир искусства». Мероприятие приурочено к Международному дню защиты детей.
Организаторами выступили Президентский центр УДП РК, Общество детей-инвалидов г. Астаны и Психологический центр «Мое возрождение» при активном содействии столичного филиала партии «AMANAT».
Эта встреча продолжила добрую традицию, направленную на поддержку, социализацию и адаптацию детей с особыми потребностями через творчество, искусство и игровую деятельность.
В данном мероприятии приняло участие около 30 человек.
С приветственным словом к участникам обратился советник директора Президентского центра РК, председатель первично-партийной организации «Тұңғыш» территориального филиала «Бірлік» партии «АMANAT» Серик Сыдыков. В своем выступлении он тепло поздравил детей и их родителей, выразив также особую благодарность партнерам, которые на протяжении почти двух десятилетий идут рядом и поддерживают важные социальные инициативы Президентского центра.
«Президентский центр всегда открыт для инициатив, направленных на поддержку детей и их творческого потенциала. Наша задача – создать условия, в которых дети смогут почувствовать внимание и уверенность, ведь каждый ребенок талантлив по-своему. Нынешняя встреча – это еще одна возможность подарить детям радость», – подчеркнул он.
«Арт-терапия – это уникальный мост, который помогает особенным детям раскрыться, снять эмоциональное напряжение, а родителям – укрепить ту самую хрупкую связь со своим ребенком. Самая большая награда для нас – видеть, как в финале праздника благодаря искреннему детскому участию «оживают» сердца», – отметила в своем выступлении руководитель психологического центра «Мое возрождение» Альвина Юсупова.
Ярким украшением праздничной программы стали творческие номера от воспитанников столичного Дворца школьников имени Махамбета Утемисова: вокальный ансамбль «Сарын» трогательно исполнил песню «Бақыт», а ансамбль «Жалын» подарил гостям виртуозное исполнение кюя «Қор оғлы».
В рамках выступления команды студентов-волонтеров состоялось театрализованное представление «Когда просыпается сердце». Спектакль завершился масштабным интерактивным флешмобом, объединившим детей в общий круг для танцев и дружных «обнимашек».
Под руководством специалистов психологического центра «Мое возрождение» прошла арт-терапевтическая сессия по изготовлению поделок. Во время занятия дети смогли в полной мере раскрыть свои творческие способности и проявить фантазию.
В завершение мероприятия организаторы вручили памятные подарки юным участникам встречи.

https://po.qr-pib.kz

01/06/2026

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған
«Ғажайып өнер әлемі» арт-терапиялық сессиясы өтеді

2 маусым күні сағат 11:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Өнердің сиқырлы әлемі» арт-терапиялық сессиясы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жүректен жүрекке» мерекелік іс-шарасы өтеді.
Іс-шара Астана қаласының Мүгедек балалар қоғамы қоғамдық бірлестігімен және «Өрлеу» психологиялық орталығымен бірлесіп, сондай-ақ «AMANAT» партиясының елордалық филиалының белсенді қолдауымен ұйымдастырылуда.
Бұл маңызды шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды шығармашылық, өнер және ойын қызметі арқылы қолдауға және олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болмақ.
Студент-еріктілер қатысушыларға достық пен өзара құрметті дәріптейтін тағылымды ертегі қойылымын ұсынады. Сонымен қатар мерекелік бағдарламаны М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері дайындаған концерттік нөмірлер толықтырады.
Арт-терапиялық сессия барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашып, қиялдарын шыңдап, қолда бар материалдардан әсем бұйымдар жасап көруге мүмкіндік алады.

В Астане пройдет Арт-терапевтическая сессия
для детей с особыми потребностями «Чарующий мир искусства»

2 июня в 11.00 часов в рамках Арт-терапевтической сессии «Чарующий мир искусства» в Президентском центре УДП РК состоится праздничное мероприятие «От сердца к сердцу», организованное совместно с ОО «Общество детей-инвалидов г. Астана» и Психологическим центром «Возрождение» при активном содействии столичного филиала партии «AMANAT». Данное мероприятие посвящено празднованию Международного дня защиты детей.
Это значимое событие станет продолжением доброй традиции, направленной на поддержку и социальную адаптацию детей с особыми образовательными потребностями через творчество, искусство и игровую деятельность.
Студенты-волонтеры покажут участникам добрую и поучительную сказку о дружбе и уважении. Программу дополнят концертные номера воспитанников столичного Дворца школьников имени М. Утемисова.
Во время Арт-терапевтической сессии дети смогут раскрыть свои творческие способности, проявить фантазию и создать красивые поделки своими руками из подручных материалов.

https://po.qr-pib.kz/

Want your business to be the top-listed Government Service in Астана?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address

Астана
Астана