ЖАСТАР СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІНІҢ ТАРАЛУЫНА ҚАРСЫ!
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында Маңғыстау облысы «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, облыс пен қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Ақтау қаласының аумағында арналарды жарнамалау және есірткі заттарын сатып алудың алдын алу бойынша «Жастар нашақорлыққа қарсы!» акциясын өткізді.
📍Акцияның негізгі мақсаты: заңсыз граффити жазуларын, есірткі сайттарын жарнамалайтын штрих-кодтарды жоюға бағытталған.
💬«ҚР Президентінің жолдауында атап өткен қазіргі синтектикалық есірткілер - жастар арасында қоғам дерті болып келеді.
Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында өнірімізде 1 айлық жоспар жасақталды. Осы бағытта мектепте, коллледжде және универде көп деген шаралар өткізулуде. Бұл рейдтік, спорттық және мәдени іс-шаралар. Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау.
Өңірімізде 5 айдың қорындысы бойынша 300-ге жуық граффити, 60-қа жуық интернет сайттар аңықталған. Бұл мәселені шешу барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерінің арқасында мүмкін болады. Қоғамның топтасуы мен бірлескен қарсы іс – қимылдың арқасында ғана қазіргі заманның жаһандық проблемасы – нашақорлықты шешуде оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.» - дейді, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Әмірғалиева Алтынай.
Акция барысында қала тұрғындарына профилактикалық жұмыс жүргізіп, үйлердің, ғимараттардың, қоршаулардың қабырғаларына есірткі бұйымдарын жарнамалау мазмұнында жазылған жазулар өшірілді.
💬«Мемлекет басшысының жолдауында бүтін бір тармақ - ұлт денсаулығы туралы болған. Қазіргі танда синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Олар жыл сайын қол жетімді болып, әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады.
«AMANAT» партиясы атынан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жыл басынан бірнеше рет рейд өткізіліп келеді. Осы аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуға тиіс.
Әр адам кез келген күресті өзінен бастап, өзгеге осы дертпен күресу жолы туралы үндеу тастау керек.» - дейді, «Жастар Рухы» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихатының депутаты Абзал Марат.
#ЖастарРухы #ЖастарРухыМаңғыстау #МаңғыстауОблысыПолицияДепартаменті
Жастар Рухы Маңғыстау
Жастар Рухы Маңғыстау
ЖАСТАРҒА КЕҢЕС
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы аясында қаламыздағы ең ірі сауда орталығының бірі «Мағаш» базарында қоғамдық қабылдау форматында кеңес беру үшін жылжымалы пункті өткізілді.
Кеңес беруге жаңа үй алуға мүмкіндіктер жайлы Маңғыстау облысы бойынша «Отбасы Банк» АҚ-ның консультанты А.Аманбаева, Ақтау қаласы бойынша бос жұмыс орындары туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына А.Таджикараева, мемлекеттік гранттар мен төмен пайызбен несие туралы облыс бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімнің 1 санатты сарапшы Н.Койчибаев, облыс бойынша «Даму» қорының консультанты Ж.Тасбаева, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы бас маман О.Нысан тегін кеңес берді.
Мамандар тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.
#ЖастарРухыМаңғыстау #ЖастарғаКеңес
ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР
Бүгін өңірдегі қарт¬тар мен мүгедектерге арнал¬ған интернат үйінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарым - қазынам» акциясы өтті.
-Бұл шараны өткізу көптен көкейде жүрген. Себебі, өткен маникюр мастер мен барбер шоп мамандарының қолдауымен қарттарымыздың тырнақтарын сәндеп, шаштарын алдырған болатынбыз. Сол сәтте қарттарымызбен сөйлескенде тойдың палауын сағынғанын айтқан еді. Міне бүгін сәті түсіп, қазыналы қарттарымызға палау мен люля кебаб пісіріп, жеміс-жидектері мен тәттілер ұсынып отырмыз-дейді, «Жастар Рухы» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының төрасы Абзал Марат.
Бүгінгі игі шарада қолқабыс қылар жастар да, демеушілік танытқандан жомарт жандарда жетерлік. Соның бірі – «КаспийПрофСнаб» ЖШС директоры Римма Муханова.
Бүгінгі шара жайлы естігенімде, қарттарымызды қуанта білетін жастардың болғанына қуандым. Олардың бастамасын қолдау керек деген оймен бірден демеуші болуға асықтым. Әрбір жастың бойында қарттарға құрмет пен сыйластық болу керек. «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Абзал Марат көпке үлгі боларлық үлкен істің жаршысы болып отыр-дейді, «КаспийПрофСнаб» ЖШС директоры Римма Муханова.
Дәмді асты пісіріп, тәттілері мен жемісін ұсынып дастархан жайған шарада «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұханбет Жайлыбаев, облыстық мәслихат депутаты Пания Сармурзина ізгі тілектерін айтып, шараға мұрындық болған жандарды таныстырды.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп, бекер айтпаса керек, мерекелік дастархан дайындағандарына алғыс айтып, баталарын берді.
#ЖастарРухы #ЖастарРухыМаңғыстау #АрдагерлердіАрдақтайық
04/06/2023
4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер Күні Құтты Болсын 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Более 400 жителей г.Актау исполнили гимн РК
Мангистауский областной филиал МК "Жастар Рухы" при партии "AMANAT" организовали исполнение гимна РК в г.Актау и Мунайлинском районе.
В селе Батыр Мунайлинского района гимн одновременно исполнили около 200 жителей.
В городе Актау на набережной у Амфитеатра исполнили патриотические песни.
Данное мероприятие направлено на патриотическое воспитание молодежи.
- Поздравляю всех с Днем государственных символов. Пусть гордо развевается флаг Казахстана и звучит наш гимн, символы нашей независимости, - сказал Абзал Марат, председатель Мангистауского областного филиала молодежного крыла "Жастар рухы" партии "AMANAT".
--------------------------
Ақтау қаласының 400-ден астам тұрғыны ҚР Әнұранын орындады
"AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында ҚР әнұранын орындауды ұйымдастырды.
Мұнайлы ауданының Батыр ауылында бір мезгілде 200-ге жуық тұрғын әнұранды орындады.
Ақтау қаласында амфитеатрдың жағасында патриоттық әндер шырқалды.
Бұл іс-шара жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған.
- Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын. Қазақстанның туы мақтанышпен желбіреп, әнұранымыз, Тәуелсіздігіміздің нышандары шырқалсын, - деді "AMANAT" партиясының "Жастар рухы" ЖҚ МОФ төрағасы Абзал Марат.
БАСТЫСЫ, БАЛАНЫҢ БАҚЫТТЫ БОЛҒАНЫ
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге ерекше сыйлық жасап, құттықтап келдік.
Халықаралық балаларды қорғау күні балалар үшін ерекше мейрам. Мұндай жарқын мерекені Маңғыстау облысының жастар рухы ұмыт қалдырмады. Облыс орталығындағы балаларды оңалту "Қамқорлық" орталығында барып, балаларға арнайы сыйлық жасады.
Алдымен орталықты аралап, балалар алатын ем-дом түрлері танысты. Ерекше балалар ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Сауықтыруға арналған түрлі апараттардың барына қуанған облыстық мәслихат депутаты Абзал Марат уақыттарын қызықты өткізуі үшін ойыншық алаңқайы жоқтығын байқады.
-Қай бала болмасын бала болып, ойыншық ойнауы керек. Олар ойын арқылы өздерін жетілдіріп, ойын арқылы ой өрісі қалыптасады. Сол үшін оларға оң әсер ететін ойыншықтар сыйлауға тырыстық. Біз үшін бастысы, баланың бақытты болғаны маңызды-дейді, облыстық мәслихат депутаты Абзал Марат.
Қазір балаларды оңалту орталығында үйінде 70-ке жуық бала бар. Әртүрлі жастағы балалардың барлығы бірдей қуану үшін әртүрлі жастағы балалврға арнап ойыншықтар тарту етті. Балалардың қуанышына қуана білген орталық дәрігерлері алғысын жеткізді.
#ЖастарРухы #1маусым #баларухтас
Нұржан Жетпісбаев Дәулет Кәрібек Абзал Марат
01/06/2023
Құрметті кішкентай рухтастар, бүлдіршіндер!
⠀
Сіздерді 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз🎊
⠀
Әр уақытта дендерің сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспіз🙌🏻🇰🇿
⠀
#ЖастарРухы #1маусым #баларухтас
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Казахстан
130000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 17:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
