ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK

ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK, National park, Наурызбайский район, мкр. Таусамалы, Улица Жандосова 1, Алматы, Казахстан.

25/05/2026

🔶Келешек ұрпаққа табиғатты қорғау, аялау және сақтаудың маңызын ұғындыру мақсатында студенттерге Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері «Парктер шеруі» экологиялық акция аясында «Іле Алатауы МҰТП – біздің ортақ үйіміз: студенттер мен еріктілердің экологиялық миссиясы» атты кездесу-дәріс сабақ өткізді.
♻️Кездесу барысында ұлттық парк мамандары табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және еріктілік қызметтің маңызы туралы ақпарат берді.
🍃Студенттер өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғау бағытындағы еріктілік жұмыстарға белсенді түрде атсалысатындықтарын айтты.
_________________________

🔶С целью формирования у подрастающего поколения бережного отношения к природе, понимания важности её охраны и сохранения сотрудники Иле-Алатауского государственного национального природного парка в рамках экологической акции «Марш парков» провели для студентов встречу-лекцию на тему: «Иле-Алатауский ГНПП — наш общий дом: экологическая миссия студентов и волонтёров».
♻️В ходе встречи специалисты национального парка рассказали о защите природы, формировании экологической культуры и значении волонтёрской деятельности.
🍃Студенты поделились сво�

24/05/2026

🔶«Өзіңмен күрес» ұранымен Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері, еріктілер мен қоғам белсенділерінің қатысуымен «Парктер шеруі» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

♻️Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және қоғамды табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді тарту.

🍃Акция барысында қатысушылар туған жер табиғатын қорғауға, тазалық сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға үндеді. Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті.

#ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі #ІлеАлатауы #Экология #ТабиғаттыАялау Тазалық ӨзіңменКүрес

23/05/2026

🔶 ІЛЕ АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ «ЖУРНАЛИСТЕР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

♻️Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдық мерейтойы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Қаскелең орманшылығында «Журналистер аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

🖇️Іс-шара аясында халықаралық «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылып, оған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, экологтар, қоғам белсенділері, еріктілер, блогерлер және жастар қатысты.

🍃Қатысушылар ұлттық парк аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы игі бастамаларға қолдау білдірді.

🔹«Журналистер аллеясы» – Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдық мерейтойына арналған «30 жылдыққа – 30 іс-шара» бағдарламасы аясындағы маңызды жобалардың бірі. Бастама қоғам мен табиғат арасындағы жауапкершілікті арттыруға және экологиялық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

🍃Табиғатты аялау – ортақ міндет.

#ІлеАлатауы #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #журналистераллеясы

⬇️ ⬇️ ⬇️ ⬇️

22/05/2026

🐻 Түнгі фототұзақ Тянь-Шань қоңыр аюының ерекше кадрларын түсірді

🔶Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жануарларды тұрақты бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Фототұзақ арқылы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюының тұрақты жүретін соқпағы анықталып, мониторинг жүргізуге арналған тағы бір маңызды нүкте белгіленді.
🍃Кәдімгі қарағай ағашына бағытталған фототұзақ объективіне жыртқыш аңның ерекше сәттері түсіп, түнгі уақытта бірнеше қызықты бейнесюжеттер жазылып алынды. Бұл кадрлар аюлардың табиғи тіршілігі мен мінез-құлқы туралы маңызды ақпарат берді.
🖇️Бейнематериалдарда аюлардың ағашқа арқасы мен қасынуын жиі байқауға болады. Бұл — олардың аумақ белгілеу тәсілдерінің бірі. Жалпы, қоңыр аюлар өз территориясын белгілеу үшін бірнеше әдісті қолданады:
▪️ ағаштарға арқасын, денесін үйкеу және сілекей жағу; ▪️ тырнақ іздерін қалдыру;
▪️ жер қазып, шұңқыр жасау;
▪️ белгілі бір соқпақпен қайта-қайта жүру;
▪️ нәжіс, зәр секілді тіршілік белгілерін қалдыру.
Әдетте аталық аюлардың дене тұрқы аналықтарға қарағанда ірі келеді. Ал қорек қоры жеткілікті болған жағдайда бірнеше аюдың аумағы бір-бірімен түйісуі �

18/05/2026

🔶17 мамыр күні Көк-Жайлау аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық сенбілік өткізілді.
♻️Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері еріктілермен, эко-белсенділермен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, 100-ден астам қап қоқыс жинады.
Қалдықтарды жедел шығару мен қатысушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында автокөлік тартылды.Аталған іс-шара Көк-Жайлаудың тазалығы мен табиғи қалпын сақтау, сондай-ақ келушілердің экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды.
🍃Баршаңызды табиғатқа ұқыпты қарауға және ұлттық парк бастамаларын қолдауға шақырамыз.
🇰🇿«Таза Қазақстан» — әрбір азаматтың жауапкершілігі.
____________________
🔶17 мая на территории Кок-Жайляу в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» был проведён экологический субботник.
♻️Совместно с волонтёрами, эко-активистами и представителями общественности сотрудники Иле-Алатауского государственного национального природного парка собрали более 100 мешков мусора.
🍃Для оперативной организации вывоза отходов и транспортировки участников был задействован автотранспорт.Проведённая работа направлена на сохранение чистоты и природного состояния Кок-Жайляу и повышение экологич

Photos from ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK's post 16/05/2026

🔶В Бутаковском ущелье, на территории Иле-Алатауского государственного национального природного парка, был зафиксирован факт вандализма — на камнях в районе Бутаковского водопада были нанесены надписи.
♻️Сотрудниками национального парка незамедлительно была проведена разъяснительная работа и организованы мероприятия по установлению лиц, допустивших нарушение природоохранного режима. В результате были установлены виновные — ученики образовательного центра «Gemini Education».
🍃После проведённой беседы учащиеся осознали недопустимость подобных действий и совместно провели работы по очистке территории, полностью удалив нанесённые надписи с камней. Также ими были принесены извинения за причинённый ущерб природному объекту.
🔹Иле-Алатауский национальный парк напоминает, что природные территории являются общим достоянием и требуют бережного отношения со стороны каждого посетителя. Просим соблюдать правила пребывания на особо охраняемых природных территориях, сохранять чистоту и уважать окружающую природу.

15/05/2026

🍃«Өз ағашыңды отырғыз»

🔹Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мектеп орманшылығының жас өкілдерімен бірлесіп, табиғатты қорғауға бағытталған маңызды экологиялық іс-шара өткізді.
♻️Аталған бастама Парктер шеруі және Таза Қазақстан республикалық акциялары аясында жүзеге асырылды.
Шара барысында қатысушылар табиғат тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынып, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызды.
🔶Бұл табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
🍃Әрбір отырғызылған ағаш болашаққа жасалған қамқорлықтың, табиғатқа деген жанашырлықтың нақты көрінісі.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет.

Want your business to be the top-listed Government Service in Казахстан?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Address

Наурызбайский район, мкр. Таусамалы, Улица Жандосова 1, Алматы
Казахстан