🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай кітапханада «Тәуелсіздік тұмары – рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, олардың шығу тарихы мен маңызын насихаттау.
Шара барысында оқушылармен танымдық сұхбат жүргізіліп, мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтар қойылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Туының авторын, Елтаңба авторларын, Әнұранның сөзін жазған авторларды атап, рәміздердің қабылданған жылы мен олардың мағынасы туралы білімдерін ортаға салды.
#4маусым
#рәміздеркүні
tsgb.aktau
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from tsgb.aktau, Library, Aktau.
22/05/2026
⚡️Маңғыстауда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала үздіктері марапатталды. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, сала ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.
Ақтау қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы Бекболатова Оразгүл Құрақбайқызы “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
— Марапат иесін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, зор денсаулық және еңбегіне толағай жетістіктер тілейміз!
⚡️21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, кітапхана қызметкерлері кәсіби мерекемен құттықталып, мәдениет пен руханият саласына қосқан үлестері үшін марапаттарға ие болды.
1. Ақпарат министрінің «Алғыс хаты»: Едилова Фатима
2. Маңғыстау облысының «Құрмет Грамотасы»: Исимбаева Айсулу Аманжоловна
3. Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хаты»: Өтелгенова Нина Шаңдыбайқызы
Әлібаева Ақниет Көшербайқызы
4. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары «Алғыс хаты»: Нурбавлиева Әсемгүл Мақсатқызы
5. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы «Алғыс хаты»: Балгазиева Маржан Жетибаевна;
Шаудирова Талчын Джаксылыковна
Марапат иелеріне шығармашылық табыс, зор денсаулық, мол шабыт және еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз. Ел руханиятын дамыту жолындағы еңбектері әрдайым елене берсін!
🎭21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Ақтау қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өнер – халық қазынасы, мәдениет – ұлт айнасы» атты BIBLIO Quiz интеллектуалды сайысы өтті.
Аталған шараның мақсаты — мәдениет саласы қызметкерлері арасындағы рухани байланысты нығайту, білім мен өнерді ұштастыра отырып, қатысушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту және мәдениет саласының маңызын насихаттау.
Сайыс барысында қатысушылар әдебиет, мәдениет, өнер, тарих және жалпы таным бағыттары бойынша түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Шара тартысты әрі жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Интеллектуалды сайысқа төмендегі мекемелерден құралған командалар қатысты:
• Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы
• Абай атындағы мәдени-демалыс кешені
• Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы
• Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі
• Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
• Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры
• Отпан мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Шара соңынд�
💐Қоғамның алтын діңгегі - отбасы💐
⚜️15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Отбасы - ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүр мен мәдениеттің сақтаушысы, қоғамның берік негізін қалыптастыратын алтын ұя.
💐Бүгінгі атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
⚜️15 мамыр - Ақын, драматург, аудармашы, сазгер Исраил Сапарбаевтың туғанына 85 жыл
⚜️Исраил Сапарбай - қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті қаламгер. Ол поэзия, драматургия, аударма және ән мәтіні жанрларында жемісті еңбек етіп, ұлттық руханияттың дамуына елеулі үлес қосты.
🎶 Ақынның сөзіне жазылған көптеген әндер халық арасына кеңінен тарады. Сонымен қатар ол қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосып, бірнеше пьеса авторы атанды. Қаламгер шығармаларында ұлттық болмыс, адам тағдыры мен өмір құндылықтары көрініс табады.
Click here to claim your Sponsored Listing.
