14/04/2026
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін көл-тауарлық және (немесе) торлы (садок) шаруашылық жүргізу үшін бекіту жөніндегі конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 25.09.2025 жылғы № 313 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 21-тармағына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) U-1, U-2, U-3-2, U-4-1, U-5-1, U-6-2, U-7-1, U-7N1, U-7N4, U-7N5, U-7N6, U-7N7 учаскелерін бекіту бойынша конкурс жарияланады.
Конкурсқа белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Қағидалардың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021980
Конкурстық құжаттама, су айдындарының (учаскелердің) тізбесі, өтінімдерді қабылдау мерзімдері мен шарттары: Актау қ., «Приморский-1» ш/а, 28 ғимарат.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 28.04.2026 г. 10:00 часов
Өтінімдерді қабылдау орны: E-qazyna жүйесі.
Қосымша ақпаратты +7 (771) 605-26-70 арқылы немесе Актау қ., «Приморский-1» ш/а, 28 «Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы» ғимаратында бойынша алуға болады.
--------------------------------------------------------------------------
Объявление о проведении конкурса
В соответствии с пунктом 21 Правил, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
«Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для ведения озерно-товарной и (или) садковой хозяйственной деятельности и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса», объявляется конкурс на закрепление рыбохозяйственных водоемов и (или) участков U-1, U-2, U-3-2, U-4-1, U-5-1, U-6-2, U-7-1, U-7N1, U-7N4, U-7N5, U-7N6, U-7N7.
К участию в конкурсе допускаются физические и юридические лица, соответствующие установленным квалификационным требованиям.
С полным текстом Правил можно ознакомиться по ссылке:
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021980
Конкурсная документация, перечень водоемов (участков), сроки подачи заявок и условия участия размещаются по адресу: г.Актау, мкр-н «Приморский-1», зд. 28
Срок приема заявок: 28.04.2026 г. 10:00 часов
Место подачи заявок: портал E-qazyna
Дополнительную информацию можно получить по телефону: +7 (771) 605-26-70 или по адресу: г.Актау, мкр-н «Приморский-1», зд. 28 «Управление рыбной инспекции по Мангистауской области»
03/04/2026
Маңғыстау облысында «Бекіре-2026» акциясы басталды
Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекциясы басқармасы 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында уылдырық шашу кезеңінде бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерін қорғауға бағытталған «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясы өткізілетінін хабарлайды.
01.04.2026 жылғы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ЖПҚ ғимаратында уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен акцияның ресми ашылуы өтті. Іс-шара барысында күштер мен құралдардың дайындығы расталып, күшейтілген рейдтік және профилактикалық іс-шараларға бастау берілді.
Акция кезеңінде су айдындарында, жағалауларда және көлік бағыттарында бақылау күшейтілді. Балықты заңсыз аулауға, оны тиісті құжаттарсыз өткізуге және тасымалдауға тыйым салынатынын еске саламыз.
Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Балық инспекциясы басқармасына немесе құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.
--------------------------------------------------------------------------
В Мангистауской области стартовала акция «Бекіре-2026»
Управление рыбной инспекции по Мангистауской области сообщает, что с 1 апреля по 31 мая 2026 года проводится широкомасштабная рыбоохранная акция «Бекіре», направленная на защиту осетровых и других видов рыб в период нереста.
01.04.2026 года в здании МПС Департамента полиции Мангистауской области состоялся официальный старт акции с участием руководства и сотрудников компетентных государственных органов. В ходе мероприятия подтверждена готовность сил и средств, а также дан старт усиленным рейдовым и профилактическим мероприятиям.
В период акции усилен контроль на водоемах, берегах и транспортных маршрутах. Напоминаем, что запрещены незаконный вылов рыбы, ее реализация и транспортировка без соответствующих документов.
В случае выявления нарушений просим сообщать в Управление рыбной инспекции или правоохранительные органы.
03/04/2026
Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ «Аквашаруашылық туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Жаңартулар саланы құқықтық реттеуді жетілдіруге, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және балық шаруашылығының заманауи нысандарын, оның ішінде тор қоршама (садоктық) аквакультураны дамытуға бағытталған..
Қабылданған түзетулер балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін беру тетіктерін нақтылайды, сондай-ақ аквашаруашылық саласында қызмет жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптарды күшейтеді. Процедуралардың ашықтығына және су ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруға ерекше назар аударылған.
Аталған өзгерістерді іске асыру мақсатында көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс өткізу қағидалары, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары қолданылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау аумақтық бөлімшесі жақын арада тор қоршама шаруашылығын жүргізу үшін учаскелерді бекітуге конкурс жариялауды жоспарлап отыр. Бұл шара өңірдің балық шаруашылығы саласын дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Мүдделі тұлғалар тиісті хабарландыру ресми жарияланғаннан кейін белгіленген тәртіппен конкурсқа қатыса алады.
--------------------------------------------------------------------------
В Республике Казахстан внесены изменения в Закон «Об аквакультуре» от 12 июня 2025 года № 193-VIII ЗРК. Обновления направлены на совершенствование правового регулирования отрасли, повышение инвестиционной привлекательности и развитие современных форм рыбного хозяйства, включая садковую аквакультуру.
Принятые поправки уточняют механизмы предоставления рыбохозяйственных водоемов и участков, а также усиливают требования к субъектам, осуществляющим деятельность в сфере аквакультуры. Особое внимание уделено прозрачности процедур и повышению эффективности использования водных ресурсов.
В развитие указанных изменений действуют Правила проведения конкурса по закреплению рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для ведения озерно-товарной и (или) садковой хозяйственной деятельности, а также квалификационные требования, предъявляемые к участникам конкурса.
В этой связи Мангистауское территориальное подразделение Жайык-Каспийской межобластной бассейновой инспекции рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства МСХ РК в ближайшее время планирует объявление конкурса на закрепление участков для ведения садкового хозяйства. Данная мера направлена на развитие рыбной отрасли региона, привлечение инвестиций и создание новых рабочих мест.
Заинтересованные лица смогут принять участие в конкурсе в установленном порядке после официального опубликования соответствующего объявления.
21/03/2026
"Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізу"
20.03.2026 жылы Басқарма қызметкерлері ҚР ЭТРМ ОШЖДК "Охотзоопром ӨБ" РМҚК-ның Маңғыстау облысы бойынша құрылымдық бөлімшесі - РМ "Кендірлі-Қаясан" МҚА және "Ақтау-Бозашы" МТҚ күзет қызметі ұйымдастырған ұлттық ойындар бойынша спорттық жарыстарға қатысты.
Аталған іс-шара "Наурыз мейрамы" мерекесі аясында мамандандырылған табиғат қорғау ұйымымен өткізілді. Сонымен қатар, оған облыстық табиғат қорғау прокуратурасы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, табиғат қорғау полициясының бөлімшесі және Маңғыстау облысының басқа да табиғат қорғау саласындағы ұйымдары қатысты.
Қызметкерлеріміз қол күресу, арқан тартысу, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойындарға белсенді қатысты. Бас маман, мемлекеттік инспектор Е. Әбжетұлы қол күресу сайысында бірінші орын иеленіп, алғыс сыйлығымен марапатталды.
Осы мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз. Ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, қызметкерлер арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үлес қосқан мұндай игі бастамалар жалғасын таба берсін. Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, елімізге амандық пен береке тілейміз!
--------------------------------------------------------------------------
"Проведение соревнований по национальным видам спорта"
20.03.2026 года сотрудниками Управления было принято участие в спортивных соревнованиях по национальным играм, организованной структурным подразделением по Мангистауской области РГКП "ПО Охотзоопром" КЛХЖМ МЭПР РК - службой охраны "Кендерли-Каясанской" ГЗЗ РЗ и "Актау-Бузачинской" ГПЗ РЗ.
Данное мероприятие проведено специализированной природоохранной организацией в рамках празднования "Наурыз мейрамы", участие также приняли природоохранные учреждения: природоохранная прокуратура области, областная территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира, подразделение природоохранной полиции области и другие подведомственные организации Мангистауской области.
Наши сотрудники приняли активное участие в таких национальных играх как: қол күресу, арқан тартысу, ләнгі тебу. Главный специалист государственный инспектор - Е.Әбжетұлы занял первое место по состязанию қол күресу и получил благодарственный приз.
Выражаем искреннюю благодарность организаторам за проведение данного праздничного мероприятия на высоком уровне. Пусть такие добрые инициативы, способствующие популяризации национальных традиций и укреплению сплоченности и единства среди сотрудников, находят свое продолжение. Желаем всем крепкого здоровья, успехов в работе, а нашей стране - благополучия и процветания
19/03/2026
Жылына 130 тонна балық өндіретін балық өсіру кешені Атырау облысында іске қосылды
🔗https://www.gov.kz/.../moa/press/news/details/1183003...
Рыбоводческий комплекс мощностью 130 тонн рыбы в год запустили в Атырауской области
🔗https://www.gov.kz/.../moa/press/news/details/1183003...
16/03/2026
🏡 «Отбасы - Отанның бір бөлшегі»
Отбасы – қоғамның негізі әрі қуатты мемлекеттің берік тірегі. Дәл осы отбасында адамгершілік құндылықтар қалыптасып, ұлттық дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, туған елге деген сүйіспеншілік тәрбиеленеді.
«Отбасы – Отанның бір бөлшегі» бағдарламасы отбасы құндылықтарын нығайтуға, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға және отбасы институтын қолдауға бағытталған. Себебі берік отбасы – еліміздің тұрақты әрі жарқын болашағының кепілі.
👨👩👧👦 Отбасында бала сыйластықты, жауапкершілікті және жақындарына қамқор болуды үйренеді. Дәл осы жерде адамның рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасып, елінің лайықты азаматы болып өсуіне негіз қаланады.
Баршаңызды отбасылық дәстүрлерді сақтауға, ұрпақтар арасындағы сыйластықты нығайтуға және әр шаңырақта мейірім мен өзара қолдау атмосферасын қалыптастыруға шақырамыз.
✨ Берік отбасы – қуатты мемлекет!
16/03/2026
«Ұлттық киім – ұлт қазынасы» ұлттық киім челленджі
Наурыз мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекция басқармасының қызметкерлері «Ұлттық киім - ұлт қазынасы» тақырыбындағы ұлттық киім челленджіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу, мәдени мұраны сақтау және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Челлендж аясында қызметкерлер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін көрсетті. Ұлттық киім - халқымыздың тарихы мен болмысын бейнелейтін асыл қазына.
Осындай бастамалар ұлттық мәдениетімізді кеңінен насихаттауға және қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосады.
--------------------------------------------------------------------------
Челлендж национальной одежды «Национальная одежда – сокровище нации»
В преддверии праздника Наурыз сотрудники Управления рыбной инспекции по Мангистауской области приняли участие в челлендже национальной одежды на тему «Национальная одежда - сокровище нации».
Цель мероприятия - популяризация национальной одежды казахского народа, сохранение культурного наследия и пропаганда национальных ценностей среди молодого поколения.
В рамках челленджа сотрудники надели одежду в национальном стиле, тем самым продемонстрировав уважение к традициям и культуре казахского народа. Национальная одежда - это бесценное наследие, отражающее историю и самобытность нашего народа.
Подобные инициативы способствуют широкому продвижению национальной культуры и укреплению духовных ценностей в обществе.
16/03/2026
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі!
2026 жылғы 15 наурызда Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Наурыз мейрамы» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекциясы басқармасының бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы субъектілері, «Аквамәдениет» қоғамдық бірлестігі және Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушы-волонтерлері белсенді түрде ат салысты.
Аталған шара барысында қала көлемінде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік себеттері табысталып, Наурыз мерекесінің жылуы мен қуанышы бөлісілді.
Мұндай игі бастамалар - қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі.
Баршаңызға Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
--------------------------------------------------------------------------
Наурыз – праздник доброты и благотворительности!
15 марта 2026 года празднования Наурыза, в рамках программы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан «Наурыз мейрамы», по инициативе Управления рыбной инспекции по Мангистауской области было организовано благотворительное мероприятие.
В мероприятии приняли активное участие субъекты рыбного хозяйства Мангистауской области, общественное объединение «Аквамәдениет», а также учащиеся-волонтеры Назарбаев Интеллектуальной школы.
В ходе данной акции 10 социально-уязвимым семьям города были вручены продуктовые корзины, с которыми была передана теплота и радость праздника Наурыз.
Такие добрые инициативы являются ярким проявлением единства и взаимной поддержки в обществе.
Поздравляем всех с праздником Наурыз! Пусть будет благополучным год, а достаток - обильным!
12/03/2026
Теориялық оқу-жаттығулар
Бүгін Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекциясы басқармасында жаңадан қабылданған мемлекеттік инспекторлармен, сондай-ақ қолданыстағы инспекторлық құраммен балық ресурстары мен басқа да су жануарлары саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселелері бойынша теориялық оқу-жаттығулар өткізілді.
Сабақ барысында бақылау-қадағалау қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қарастырылып, пысықталды, атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы;
- «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы»;
- «Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы»;
- «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы»;
- Қазақстан Республикасының Су кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (су биологиялық ресурстарын заңсыз өндіру үшін жауапкершілік бөлігінде);
- сондай-ақ балық шаруашылығы және балық ресурстарын қорғау саласындағы қызметті реттейтін өзге де заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер.
Осындай оқу-жаттығулар инспекторлық құрамның кәсіби даярлығын арттыруға, заңнаманы білу деңгейін жетілдіруге және оны қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.
--------------------------------------------------------------------------
Теоретические учения
Сегодня в Управлении рыбной инспекции по Мангистауской области проведены теоретические учения для новых государственных инспекторов, а также действующего инспекторского состава по вопросам применения подзаконных нормативных правовых актов в сфере рыбных ресурсов и других водных животных.
В ходе занятий были рассмотрены и закреплены нормы законодательства Республики Казахстан, регулирующие контрольно-надзорную деятельность, в том числе:
- Закон Республики Казахстан «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира»;
- Об утверждении Правил рыболовства;
- Об утверждении Перечня разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства;
- О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования;
- Водный кодекс Республики Казахстан;
- Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях;
- Уголовный кодекс Республики Казахстан (в части ответственности за незаконную добычу водных биологических ресурсов);
- иные подзаконные нормативные правовые акты, регулирующие деятельность в сфере рыболовства и охраны рыбных ресурсов.
Подобные занятия направлены на повышение профессиональной подготовки инспекторского состава, совершенствование знаний законодательства и формирование единой практики его применения.