04/01/2026
⚜️⚜️⚜️ Құрметті отандастар! ⚜️⚜️⚜️
Сіздерді жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл еліміз үшін толайым табыстарға, берекелі бастамаларға толы болсын. Болашағымыз баянды, бірлігіміз берік болып, бейбіт аспан астында жарқын жетістіктерге жете берейік.
Жылқы жылы әр шаңыраққа қуаныш пен құт-береке әкеліп, мерейімізді өсірсін. Отбасыларыңызға амандық, ырыс-несібе, молшылық пен тұрақтылық тілейміз.
Жаңа жыл жақсылығымен келіп, әр күніңіз үміт пен шаттыққа толы болсын!
04/01/2026
❗️❗️❗️ Уважаемые перевозчики!
Инспекция транспортного контроля по Актюбинской области сообщает о случаях мошенничества. В настоящее время неизвестные лица звонят гражданам и представляются сотрудниками Инспекции, сообщая о якобы истекающем сроке действия разрешения. В ходе диалога мошенники просят продиктовать код, который приходит в SMS-сообщении на Ваш телефон.
Обращаем внимание, что данные действия являются мошенническими. Важно знать что сотрудники Инспекции НЕ запрашивают SMS-коды, пароли, PIN-коды.
Просим быть бдительными и предупредить коллег и знакомых о данных случаях мошенничества.
04/01/2026
❗️❗️❗️ Құрметті тасымалдаушылар!
Ақтөбе облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы алаяқтық жағдайларының тіркелуіне байланысты хабарлайды.
Қазіргі уақытта белгісіз тұлғалар өздерін Инспекция қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалып, рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімі аяқталуға жақын екендігі туралы жалған ақпарат беруде. Әңгіме барысында алаяқтар ұялы телефонға SMS-хабарлама арқылы келетін кодты айтуыңызды сұрайды.
Назарларыңызға саламыз, бұл әрекеттер алаяқтық болып табылады. Инспекция қызметкерлері SMS-кодтарды, парольдерді, PIN-кодтарды сұратпайды.
Сақ болуларыңызды және аталған алаяқтық жағдайлар туралы әріптестеріңіз бен таныстарыңызды хабардар етулеріңізді сұраймыз.
25/11/2025
📣 Уважаемые перевозчики!
Сообщаем, что на автомобильной дороге республиканского значения Актобе – Кандыагаш – Доссор – Атырау – граница РФ на 18-м километре запущена работа автоматизированной станции измерения (АСИ).
Кроме того, информируем, что Инспекция транспортного контроля по Актюбинской области совместно с сотрудниками АО «НК «ҚазАвтоЖол» будет проводить проверки на указанном участке.
Просим перевозчиков строго соблюдать требования по весовым и габаритным параметрам транспортных средств.