ГУ "Управление по инспекции труда Актюбинской области"

ГУ "Управление по инспекции труда Актюбинской области"

Share

Основными задачами является осуществление гос. контроля за соблюдением трудового законод. РК, требований по безопасности и охраны труда

22/02/2026

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Ермекбаев Нұрасхан Ермекбайұлы және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Искарин Талғат Жақсылықұлы бірлесіп, Ақтөбе қаласында орналасқан «Казахстанский завод нефтяного оборудования» ЖШС-де «Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік: жауапкершілік және корпоративтік мәдениет» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қызметкерлерге жұмыс орнында кез келген түрдегі зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің жол берілмейтіні, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, сондай-ақ өзара құрмет пен қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды. #Құрмет #ҚауіпсізҚоғам

20/02/2026

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында, ағымдағы жылдың 19 ақпанында “Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті” РММ-нің тікелей эфирінде еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы А. Касеновамен, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі, еңбек демалысы, еңбек шартының жасалуы және т.б сұрақтар бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіліп, азаматтардың қойған сұрақтарына толық жауап берілді. Сонымен бірге, еңбек заңнамасының негіздері бойынша құқықтық оқыту шеңберінде Департаменттің түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

18/02/2026

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында «Әйелге құрмет = қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ақпараттық науқаны аясында қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында әйелдерге құрмет көрсету, некеге мәжбүрлеу, қалыңдық ұрлау және зорлық-зомбылықтың өзге де түрлеріне жол берілмейтіні туралы заңнамалық түсіндірмелер берілді.

Photos from ГУ "Управление по инспекции труда Актюбинской области"'s post 18/02/2026

2026 жылғы 6 ақпанда Департаментте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге аға прокурор Сүлеймен Дәулет Кімұлы және прокурор Тыныштық Айсултан Қайратұлы қатысты.

Іс-шара барысында арыздар бойынша тыңдау өткізу тәртібі, тексеруді тағайындау актісінің мерзімін ұзарту мәселелері, сондай-ақ мекемелердің заңды және нақты мекенжайларын тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Photos from ГУ "Управление по инспекции труда Актюбинской области"'s post 13/02/2026

Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолданыстағы тәжірибесі мен нормаларын түсіндіру» тақырыбы бойынша Ақтөбе облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Абдуллина А.А. және судьялары Султанова Ж.А., Абилгазина А.Ж. баяндамалар жасап, аталған Кодекстің қолданылу ерекшеліктерін түсіндірді.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына енгізілген өзгерістер» тақырыбы бойынша Ақтөбе облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Жусупов А.М. және судья Казтуганова Б.А. баяндама жасап, заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндірді.
Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Т.Ж. Искарин қатысты.

05/02/2026

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында, ағымдағы жылдың 5 ақпанында “Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті” РММ-нің тікелей эфирінде еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы Қ.Ж. Камиев, Еңбек кодексінің кейбір өзгерістерін түсіндіріп, жұмыс берушінің актілеріне анықтама мен олардың маңыздылығын, қызметкердің қадір-қасиеті мен жеке өмірін қорғаудың принциптерін түсіндірді. Сонымен қатар, еңбек қатынастарының белгілері болған жағдайда азаматтық құқықтық шарттарды (ГПХ) қолдануға тыйым салу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіліп, азаматтардың қойған сұрақтарына толық жауап берілді.

Photos from ГУ "Управление по инспекции труда Актюбинской области"'s post 03/02/2026
Photos from ГУ "Управление по инспекции труда Актюбинской области"'s post 03/02/2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн форматтағы кеңес өткізілді. Кеңес барысында баяндамамен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев сөз сөйледі.
Министр жаңа Конституцияның елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге арналғанын атап өтті. Ол Конституцияда адам мен оның әл-ауқаты басты орынға қойылатын заманауи әлеуметтік жауапты мемлекет моделі көзделетінін айтты. Сонымен қатар, министр әлеуметтік саясаттың маңызды рөлін ерекше атап өтіп, оның Конституция жобасында мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылатынын жеткізді.
Кеңес барысында азаматтардың құқықтарын қорғау үшін құқықтық механизмдерді күшейтудің маңызы да атап өтілді. Аскарбек Ертаевтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы азаматтарға өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Кеңес жұмысына Актөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің уақытша басшысы Искарин Т.Ж. және департамент қызметкерлері қатысты.
Кеңес қорытындысында, департамент ұжымы арасында өткізілген талқылау нәтижесінде, Искарин Т.Ж. жаңа Конституция жобасының маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерді жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмысын жүргізуге, оларға жобадағы негізгі ережелер туралы ақпарат беруге шақырды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address

Улица Маресьева 91
Aktobe
030019

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00