28/05/2026
zhazushylar.kitapkhanasy
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from zhazushylar.kitapkhanasy, Library, Almaty.
28/05/2026
25/05/2026
25/05/2026
Құрметті достар!
Сіздерді «Бақытты балалық шақ – жарқын болашақ» атты мерекелік кешке шақырамыз! ✨
📅 29 мамыр
⏰ 11:00
📍 Қазақстан Жазушылар кітапханасы
Келіңіздер, балалық шақтың бақытты сәттерін бірге бөлісейік! 💛
22/05/2026
«Конституция – әділетті қоғамның негізі» дөңгелек үстел
Қазақстан Жазушылар кітапханасында ҚР Конституциясын талқылауға арналған «Конституция – әділетті қоғамның негізі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел модераторы Д.А.Қонаев атындағы заң колледжінің директоры, «AMANAT» партияның саяси кеңес мүшесі, Әуезов ауданы «Қазақ тілі қоғамының» өкілі, қоғам қайраткері Булекбаева Райхан Чантовна отырысты ашып, қатысушыларды іс-шараның мақсатымен таныстырды.
Негізгі баяндамамен Д.А. Қонаев атындағы заң колледжінің заң пәндерінің оқытушысы, құқық магистры Еркебаева Айнур Қуатбекқызы сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында еліміздің Ата заңына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталды. Ал ақын-композитор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР ақпарат саласының үздігі, журналист Әшірбаев Бекжан өзгертілген бұл құжатты жаңартылған, әділетті қоғам орнатудың кепілі екендігі, елдің болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Әуезов аудандық филиалының төрағасы Б. С. Ибраева, ауған ардагерлері мен мүгедектерінің «Жауынгер» қоғамдық бірлестігінің орынбасары «Ерлік» үшін медаль иегері А.Жорабаев, Ж.Құнанбай, Б.Маликов, Б.Сандуов, Карабах ардагерлері ұйымының төрағасы Е.Чингисов және Е.Теміргалиев, Б.Тілегенов жаңа Конституцияны қолдап, оның еліміздің болашағы мен егде адамдарға қатысты маңызды нормалары бар екенін айрықша атап өтті.
Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесіне шолу жасап, заңды құрметтеу мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру әр азаматтың міндеті екенін, сонымен қатар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, конституцияны насихаттау бағытында кітапханалардың атқарып отырған жұмыстарына тоқталып өтті. Іс-шара қатысушылар өзара еркін пікір алмасты.
Алматы – еліміздің мәдени орталығы әрі рухани өмірдің алтын бесігі. Қала қазақ халқының әдебиеті мен өнерінің, ғылымы мен білімінің дамуына ғасырлар бойы айрықша үлес қосып келеді. Бүгінде Алматы тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағындағы ең ірі мәдени мегаполистердің бірі саналады. Қаланың мәдени кеңістігінің ауқымдылығы мен байлығы оның ерекше тарихи әрі рухани мәртебесін айқын көрсетеді.
Қазіргі таңда Алматыда 158 мәдени мекеме жұмыс істейді. Бұл мекемелер ұлттық мәдениетті дәріптеп қана қоймай, әлемдік өнер мен заманауи мәдениеттің дамуына да жол ашып отыр.
Республикалық және қалалық мәдени мекемелерде 7000-ға жуық маман еңбек етеді. Сала мамандары мәдени мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас таланттарды қолдау бағытында ауқымды еңбек атқарып келеді.
Табиғаты көркем, тарихы терең Алматы – мәдениет пен өнердің, білім мен руханияттың жүрегі. Қаланың бай мәдени мұрасы мен заманауи дамуы оның Қазақстанның рухани астанасы ретіндегі мәртебесін одан әрі айқындай түседі.
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын!
20/05/2026
📘 Конституция – ел бірлігінің, әділет пен заң үстемдігінің басты кепілі.
Сіздерді «Конституция – әділетті қоғамның негізі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз!
🗓 21 мамыр
⏰ 11:00
📍 Қазақстан Жазушылар кітапханасы
Шара барысында Конституцияның қоғамдағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және құқықтық мәдениет тақырыптары талқыланады.
Келіңіздер, бірге әділетті қоғам құндылықтарын дәріптейік! 🇰🇿
🎭 Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет пен өнер – ұлт руханиятының алтын қазығы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрме аясында оқырмандарға қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалар туралы кітаптар, өнер саласына арналған энциклопедиялық басылымдар, мәдени мұра мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын әдебиеттер ұсынылды.
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты көрме реквиум ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстан тарихы, мәдениеті, тарихи ескерткіштері мен музей ісіне арналған кітаптар, энциклопедиялық басылымдар және танымдық әдебиеттер ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен еліміздегі белгілі музейлер туралы мәліметтер беріліп, олардың тарихи мұраны сақтаудағы маңызы айтылды.
Көрме кітаптарынан бөлек, оқырмандарға тарихи жәдігерлер, ұлттық құндылықтар және музей мұралары тақырыбында видеоматериалдар көрсетілді.
Click here to claim your Sponsored Listing.
