15/12/2025
🌟🌟🌟Коллеги, друзья! У нас замечательная новость!
12 декабря 2025 года в Каркаралинске состоялось большое событие, важное для города и окрестных сёл, - объявление победителей конкурса местных инициатив в рамках проекта «GLocal - Продвижение локализации Целей устойчивого развития (ЦУР) в Казахстане».
✅Проект на протяжении многих месяцев объединял местное сообщество, общественные организации, акимат и экспертов вокруг общего вопроса: какие изменения действительно важны для Каркаралинска и как Цели устойчивого развития могут работать здесь, на местном уровне.
�‼️В рамках проекта проходили исследования, обсуждения, встречи с жителями, формировалась территориальная модель ЦУР и определялись приоритеты развития города. И именно конкурс местных инициатив стал логичным итогом этой совместной работы - возможностью поддержать идеи, которые выросли из реальных потребностей сообщества. На реализацию проектов победителей конкурса местных инициатив Европейский союз выделил более 18 миллионов тенге.
С приветственным словом к участникам мероприятия выступили заместитель акима Каркаралинского района Ілияш Нұржан Ағыбайұлы и аким города Каркаралинск Рахимбергенов Аслан Рахимович. В своих выступлениях они подчеркнули значимость местных инициатив в сфере образования, поддержки женщин и создания устойчивых механизмов для локализации ЦУР на уровне города.
Получателями безвозмездной финансовой поддержки стали три местные организации, реализующие социальные, экономические и экологические инициативы:
🌟🌟«Путь к знаниям», ОО «Jarqyn bolashaq» 🌟🌟
�Проект направлен на обеспечение равного доступа к качественному образованию для детей из социально незащищённых семей в Каркаралинске. В рамках инициативы 26 школьников получают базовое обучение английскому языку, а 14 детей дошкольного возраста — комплексную поддержку в подготовке к школе.
🌟🌟«Мастерская вкуса и формы», ОО «Азамат» 🌟🌟
�Проект создаёт возможности для социальной активизации и самореализации 30 женщин из уязвимых групп населения Каркаралинска и близлежащих сёл. Участницы развивают практические навыки и вовлекаются в общественные инициативы, направленные на сохранение и продвижение этнокультурных традиций в сфере туризма.
🌟🌟SDG Hub Қарқаралы, ООИ «Qaiyrymdy Ister Birlestigi-Qarqaraly-2018»🌟🌟
�Инициатива направлена на поддержку локализации ЦУР, укрепление гражданского участия и развитие многостороннего сотрудничества на местном уровне. SDG Hub станет площадкой для диалога, проектной работы и вовлечения жителей в развитие города.
✅✅После презентаций проектов состоялось вручение сертификатов, подписание договоров о предоставлении безвозмездной финансовой поддержки, а также обучающая сессия для получателей грантов. Участники получили консультации по управлению проектами, проектной и финансовой отчётности - для устойчивой и эффективной реализации инициатив.
‼️Поддержанные проекты наглядно показывают ключевую идею GLocal: устойчивое развитие начинается там, где живут люди - в школах, сёлах и локальных сообществах. Именно такие инициативы делают ЦУР частью повседневной жизни.
Проект реализуется ОЮЛ «АРГО» совместно с ОО «ЭКОЦЕНТР» и ОО «Поддержка инициативы» при финансовой поддержке Европейского союза. Проект направлен на то, чтобы глобальные Цели устойчивого развития становились понятными и реализуемыми на местном уровне. В Каркаралинске эта работа ведётся в партнёрстве с местным сообществом, акиматом и общественными организациями.
В рамках проекта была разработана территориальная модель ЦУР, проведены исследования и определены ключевые направления развития, вошедшие в План развития Каркаралинска на 2025–2027 годы.
———————
🌟🌟Әріптестер, достар! Бізде тамаша жаңалық!
✅ 2025 жылғы 12 желтоқсанда Қарқаралы қаласында қала мен оған жақын ауылдар үшін маңызды үлкен іс-шара өтті – «GLocal – Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) локализациялауға жәрдемдесу» жобасы аясындағы жергілікті бастамалар конкурсының жеңімпаздары жарияланды.
GLocal жобасы бірнеше ай бойы жергілікті қауымдастықты, қоғамдық ұйымдарды, әкімдікті және сарапшыларды бір ортақ сұрақ төңірегіне біріктірді: Қарқаралы үшін қандай өзгерістер шын мәнінде маңызды және Орнықты даму мақсаттары жергілікті деңгейде қалай жүзеге аса алады?
✅ Жоба аясында зерттеулер жүргізіліп, талқылаулар ұйымдастырылды, тұрғындармен кездесулер өтті, ОДМ-нің аумақтық моделі қалыптастырылып, қаланың даму басымдықтары айқындалды. Ал жергілікті бастамалар конкурсы осы бірлескен жұмыстың заңды қорытындысы болып, қауымдастықтың нақты қажеттіліктерінен туындаған идеяларды қолдауға мүмкіндік берді. Конкурс жеңімпаздарының жобаларын іске асыру үшін Еуропалық одақ 18 миллион теңгеден астам қаржы бөлді.
‼️ Іс-шараға қатысушыларды құттықтау сөзбен Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Ілияш Нұржан Ағыбайұлы және Қарқаралы қаласының әкімі Рахимбергенов Аслан Рахимұлы сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар білім беру, әйелдерді қолдау және қала деңгейінде ОДМ-ді локализациялаудың тұрақты тетіктерін құру саласындағы жергілікті бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Қайтарымсыз қаржылық қолдауға ие болғандар – әлеуметтік, экономикалық және экологиялық бастамаларды жүзеге асырып жатқан үш жергілікті ұйым:
🌟🌟«Білімге жол» жобасы, «Jarqyn bolashaq» ҚБ 🌟🌟
Бұл жоба Қарқаралы қаласындағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында 26 оқушы ағылшын тілінен базалық білім алса, 14 мектеп жасына дейінгі бала мектепке даярлық бойынша кешенді қолдауға ие болады.
🌟🌟«Дәм мен форма шеберханасы» жобасы, «Азамат» ҚБ 🌟🌟
Жоба Қарқаралы қаласы мен жақын ауылдардағы халықтың осал топтарынан шыққан 30 әйелдің әлеуметтік белсенділігі мен өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Қатысушылар практикалық дағдыларын дамытып, туризм саласындағы этномәдени дәстүрлерді сақтау мен ілгерілетуге бағытталған қоғамдық бастамаларға тартылады.
🌟🌟SDG Hub Қарқаралы, «Qaiyrymdy Ister Birlestigi-Qarqaraly-2018» ҚББ 🌟🌟
Бұл бастама ОДМ-ді локализациялауды қолдауға, азаматтық қатысуды нығайтуға және жергілікті деңгейде көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. SDG Hub диалог, жобалық жұмыс және қала дамуына тұрғындарды тарту алаңына айналады.
🌟 Жобалар таныстырылғаннан кейін сертификаттар табысталып, қайтарымсыз қаржылық қолдау көрсету туралы келісімшарттарға қол қойылды, сондай-ақ қаржылық қолдау алушылар үшін оқыту сессиясы өтті. Қатысушылар жобаларды басқару, жобалық және қаржылық есептілік бойынша кеңестер алды – бұл бастамалардың тұрақты әрі тиімді жүзеге асуына бағытталған.
Қолдау тапқан жобалар GLocal жобасының негізгі идеясын айқын көрсетеді: тұрақты даму адамдар өмір сүретін жерден – мектептерден, ауылдардан және жергілікті қауымдастықтардан басталады. Дәл осындай бастамалар ОДМ-ді күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырады.
✅✅ Жоба Еуропалық одақтың қаржылық қолдауымен «АРГО» ЗТБ тарапынан «ЭКОЦЕНТР» ҚБ және «Бастамаларды қолдау» ҚБ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – жаһандық Орнықты даму мақсаттарын жергілікті деңгейде түсінікті әрі іске асатын ету. Қарқаралыда бұл жұмыс жергілікті қауымдастықпен, әкімдікпен және қоғамдық ұйымдармен серіктестікте жүргізілуде.
Жоба аясында ОДМ-нің аумақтық моделі әзірленіп, зерттеулер жүргізілді және 2025–2027 жылдарға арналған Қарқаралы қаласының даму жоспарына енген негізгі даму бағыттары айқындалды.
European Union in Kazakhstan
ОО ЭКОЦЕНТР
Общественное объединение "Поддержка инициативы"