Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган

Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган

Share

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

24/06/2026

🔹Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бойынша «Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-ге қатысты тергеп-тексеруді бастады.
🔹Тергеп-тексеру сұйытылған мұнай газын бөлу және жеткізу жоспарын қалыптастыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттеріне жүргізілген талдау шеңберінде жүзеге асырылуда.
Бұған дейін Департамент Басқарманың атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолдаған болатын. Алайда белгіленген мерзімде хабарламаны орындау жөнінде тиісті шаралар қабылданбағандықтан, тергеп-тексеру бастауға негіз қалыптасты.
🔹Қазіргі уақытта құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын растау немесе жоққа шығару мақсатында материалдарды жинау және талдау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мынадай ықтимал фактілер тексерілуде:
нарықтың жекелеген қатысушыларына артықшылықтар мен жеңілдіктер беру;
жекелеген нарық субъектілері үшін артықшылықты жағдайлар жасау;
бәсекелестерге қатысты кемсітушілік жағдайлар қалыптастыру.
🔹Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады.

🔹Департамент Агентства Республики Казахстан по защите и развитию конкуренции по Атырауской области начал расследование в отношении ГУ «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Атырауской области» по признакам нарушения законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции.
🔹Расследование проводится в рамках анализа действий местных исполнительных органов при распределении сжиженного нефтяного газа и формировании плана поставок.
Ранее Департаментом в адрес Управления было направлено уведомление о наличии признаков нарушения законодательства в области защиты конкуренции. Однако в установленный срок меры по его исполнению приняты не были, что послужило основанием для начала расследования.
🔹В настоящее время проводится сбор и анализ материалов для подтверждения либо опровержения признаков нарушения. Проверяются возможные факты:
предоставления отдельным участникам рынка преимуществ и льгот;
создания привилегированных условий для отдельных субъектов рынка;
формирования дискриминационных условий по отношению к конкурентам.
🔹Расследование проводится в соответствии с подпунктом 9) пункта 2 статьи 194 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан. По итогам расследования будут приняты меры в рамках действующего законодательства.

24/06/2026

🔹Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссияны қалыптастыру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.
🔹Бұзушылықтар сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жергілікті атқарушы органдар қызметіне жүргізілген талдау барысында анықталды.
🔹Талдау нәтижесінде комиссия құрамына сұйытылған мұнай газын өткізумен айналысатын нарық субъектілерінің мүдделерін тікелей немесе жанама түрде білдіретін тұлғалардың енгізілгені анықталды. Сонымен қатар, комиссия құрамы ұзақ уақыт бойы қайта қаралмаған және өзектендірілмеген.
🔹Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және нарық қатысушылары үшін тең жағдай жасау мақсатында Департамент Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атына бәсекелестікті дамытуға бағытталған шараларды қабылдау туралы нұсқама енгізді.
🔹Нұсқаманы қарау қорытындысы бойынша Атырау облысы әкімдігінің «Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысы жаңа редакцияда қабылданды. Комиссия құрамы жаңартылды.
🔹Департаменттің нұсқамасы толық көлемде орындалды.

🔹Департамент Агентства Республики Казахстан по защите и развитию конкуренции по Атырауской области выявил нарушения при формировании комиссии по распределению сжиженного нефтяного газа, выделенного в рамках плана поставок, осуществляемых вне товарных бирж.
🔹Нарушения установлены в ходе анализа деятельности местных исполнительных органов на предмет соблюдения законодательства в области защиты конкуренции при распределении сжиженного нефтяного газа.
🔹По результатам анализа установлено, что в состав комиссии входили лица, прямо или косвенно представляющие интересы субъектов рынка, реализующих сжиженный нефтяной газ. Кроме того, состав комиссии длительное время не пересматривался и не актуализировался.
🔹В целях обеспечения прозрачности процедур и создания равных условий для участников рынка Департамент внес в адрес ГУ «Аппарат акима Атырауской области» предписание о принятии мер, направленных на развитие конкуренции.
🔹По итогам рассмотрения предписания постановление акимата Атырауской области «О создании комиссии по распределению сжиженного нефтяного газа, выделенного в рамках плана поставок вне товарных бирж» принято в новой редакции. Состав комиссии обновлен.
🔹Предписание Департамента исполнено в полном объеме.

23/06/2026

🔹Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім көпірі. Халықтың мүддесіне қызмет ету, заңдылық пен әділдікті сақтау, елдің дамуына үлес қосу – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті.

Сіздердің жауапкершілікке толы еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Осы мерекелі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасы бақыты, қажымас қайрат, қызметтеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!🇰🇿

Photos from Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган's post 22/06/2026

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы талаптар мен заңнама нормалары түсіндірілді.

Адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын сақтау – халық сенімін арттырудың және тиімді мемлекеттік қызмет көрсетудің басты кепілі.

12/06/2026

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы А.Набиева жеке қабылдауына жеке тұлға Н.А.Ергазиев қатысты. Қабылдау барысында азамат - Атырау облысы бойынша сұйытылған мұнай газ көлемдерін бөлу тәртібінің бәсекелестік тұрғысынан бағалануына қатысты сұрақтар қойды.Жеке қабылдау барысында Департамент басшысы монополияға қарсы органның негізгі атқаратын функциялары жөнінде айта өтіп, азамат Н.А.Ергазиевтің сұрақтары бойынша түсіндірме берді. Қабылдау қорытындысы бойынша азамат Н.А.Ергазиев Департамент басшысының түсіндірмесін қаперге алынғанын және қосымша хаттамалық растауды талап етпейтіндігін жеткізді.

07/06/2026

🎉Қазақстанда Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні атап өтіледі

Жыл сайын 7 маусымда елдегі әділ бәсекелестікті дамытуға және қолайлы іскерлік орта қалыптастыруға үлес қосып жүрген мамандар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Олардың қабылдайтын шешімдері экономиканың тұрақты дамуына, кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Биыл Қазақстанның монополияға қарсы органы құрылғанына 35 жыл болады.
 
🎉В Казахстане отмечается День работников антимонопольного органа

Ежегодно 7 июня свой профессиональный праздник отмечают специалисты, чья деятельность направлена на развитие справедливой конкуренции и формирование благоприятного делового климата в стране. От принимаемых решений во многом зависит устойчивость экономики, равные возможности для бизнеса и повышение качества товаров и услуг.

В этом году антимонопольный орган Казахстана отмечает 35-летие со дня образования.

06/06/2026

Қазақстан Республикасы монополияға қарсы қызметіне 35 жыл!

Кәсіби мереке қарсаңында, “Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызметіне 35 жыл: бәсекелестік саясатын жетілдіру және тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою” тақырыбында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жанынан құрылған
Атырау облысы тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Департамент пен Кедергілер кеңесінің өңірдегі адал бәсекелестікті дамыту, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру және нарықтағы әкімшілік кедергілерді азайту бағытында 2020-2026 жылдар аралығында атқарылған жұмыстарының нәтижелері атап өтілді.
Шара соңында, Кедергілер кеңесінің қызметіне белсенді қатысып, бәсекелестікті дамытуға, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға және нарықтағы кедергілерді азайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Ермекқызы Набиеваның Алғыс хатымен келесі азаматтар марапатталды:

🔹 Балжан Ибатқызы Досмұхамбетова
🔹 Олег Черменович Басиев
🔹 Гүлмира Сабырқызы Жұмағалиева
🔹 Нұрлан Болатұлы Сүйінбаев
🔹 Асқар Аманғалиұлы Абдиров

Сондай-ақ, 7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметкерлері күніне орай және өзіне жүктелген міндеттерді тиімді деңгейде атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісімен Мөлдір Батырбекқызы Тұрғалиева марапатталды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Талғатұлы Омаровтың Құрмет грамотасымен Сатгуль Жумажановна Едилбаева, Алғыс хатымен Наина Петровна Бакирова марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің, Атырау облыстық мәслихатының және Атырау қаласы мәслихатының Алғыс хаттарымен Анара Турлановна Уразакова, Әсемгүл Маратқызы Саденова,Хауазира Асқарқызы Сахибеденова және Аида Аянқызы Мұхырова марапатталды.

Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге толағай табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!

04/06/2026
Want your business to be the top-listed Government Service in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address

Улица К. Сатпаева, д. 13
Atyrau
E02M0M1

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30