04/06/2026
Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл мереке ел егемендігін айқындайтын басты нышандар – Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызын дәріптейді.
Осы орайда Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік жиынға жиналған жұртшылық Әнұранды бірге шырқады.
Өңір басшысы Серік Шәпкенов мемлекеттік рәміздердің елдік рухты нығайтудағы және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздердің халқымызды ортақ мақсаттарға жұмылдырып, ұлттық рухты асқақтатудағы рөлін әрдайым айрықша атап айтып келеді. Рәміздерді құрметтеу – Отанға деген құрметтің белгісі. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мемлекеттік нышандарымызды қастерлей білсе, елге деген шынайы сүйіспеншіліктің бір көрінісі сол болмақ. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз жас ұрпақты жігерлендіре берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деді облыс әкімі.
Мерекелік іс-шара өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
04/06/2026
Атырауда бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары өтті.
Атырау облысында «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары кезең-кезеңімен өтті.
Бүгін кезекті жиындар «Бірлік», «Жалын», «Жігер», «KPI» және «Мұнай құбыршысы» бастауыш партия ұйымдарында ұйымдастырылды.
Басқосулардың барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, аумақтық партия конференцияларына қатысатын делегаттар сайланды.
Жиындарда сөз алған бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері партияның қоғамдағы рөлі, Мемлекет басшысы бастамашы болған реформаларды қолдау, халықпен байланысты нығайту және партиялық жобаларды тиімді жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
«Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Саламат Идрисов бүгінде партия мүшелерінің қатары артып келе жатқанын атап айтты.
-Бастауыш партия ұйымдары - партияның негізгі тірегі. Партия мүшелерінің белсенділігі мен жауапкершілігі өңірдегі маңызды бастамалардың жүзеге асуына ықпал етеді. Қазір бізде ұйым мүшелерінің саны бір жыл ішінде 390-нан 1009 адамға жетті, – деді ол.
Ал “Жалын” бастауыш партия ұйымының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Бақыт Шеркешбаева партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асқанын жеткізіп, білім беру саласындағы «Darin AI» жобасының нәтижелеріне тоқталды.
– Соңғы үш жылда Атырау қаласындағы «Вокзал маңы» шағынауданында жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары жөнделіп, Ғ.Берғалиев көшесі қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар партияның қолдауымен жүзеге асқан «Darin AI» жобасына өңір педагогтері белсенді қатысып, үздіктері бүгінде Астанада білімдерін жетілдіруде, – деді депутат.
«Жігер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айжан Қарабаева партияның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруда әрбір мүшенің белсенділігі маңызды екенін атап өтті. Ал ұйым хатшысы Дәурен Сәлимов атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы міндеттерді таныстырды.
Жиналыстардың қорытындысында партия мүшелері партияның бағдарламалық мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға белсенді атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.
04/06/2026
Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады», деген еді. Расымен де, Көк байрақ, Әнұран, Елтаңба – еңселі егемендігіміздің ең қастерлі үштағаны. Олар барда мемлекетіміздің беделі – биік, мерейі – үстем.
Елдігімізді айшықтаған, халқымызды ұйыстырған айбарлы азаттығымыздың асқақ нышандары төрден төмендемесін!
03/06/2026
Атырауда бастауыш партия ұйымдары есеп беріп, жаңа міндеттерін айқындады.
Атырау облысында «AMANAT» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарына қарасты 106 бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналыстары толық өткізілді.
Партия Жарғысына сәйкес өткен жиындардың барысында ұйымдардың есепті кезеңдегі жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен міндеттер айқындалды. Сонымен қатар бастауыш партия ұйымдарының төрағаларын сайлау, бюро құрамдарын бекіту және партияның кезекті конференцияларына қатысатын делегаттарды ұсыну мәселелері қаралды.
Есеп беру-сайлау жиналыстары Атырау қаласы мен Құрманғазы, Исатай, Индер, Мақат, Жылыой, Қызылқоға және Махамбет аудандарындағы барлық бастауыш партия ұйымында ұйымдастырылды.
Жиындардың барысында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсенді қатысу, тұрғындармен кері байланысты нығайту және партиялық жобаларды тиімді іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.
Жылыой ауданындағы «Майкөмген» және «ЖылыойМұнайГаз» АҚ бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарында ұйым төрағаларын сайлау мәселесі қаралып, дауыс беру қорытындысы бойынша Інжу Ермекбаева мен Санат Нұрғалиев өз қызметтеріне қайта сайланды. Сондай-ақ бюро құрамдары қайта бекітіліп, аудандық филиалдың кезекті есеп беру-сайлау конференциясына қатысатын делегаттар ұсынылды.
Партия мүшелері ұйымдардың қызметіне оң баға беріп, алдағы кезеңдегі жұмыс жоспарларын бекітті. Сонымен қатар партияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру, қоғаммен байланысты күшейту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу бағытындағы міндеттер нақтыланды.
01/06/2026
Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні!
Баланың шат күлкісі мен бақытты балалығы – кез келген қоғамның басты байлығы. Себебі бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі елдің тірегі, мемлекеттің болашағы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, елдегі әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа лайық. Жас ұрпақ қашан да сапалы білім мен саналы тәрбиені бойға сіңіруі тиіс. Сондықтан олардың жарқын болашағы үшін қолайлы жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет.
Бүгінгі мерекеде барлық балаға зор денсаулық, шат көңіл, бақытты балалық шақ тілеймін. Армандары асқақ болып, білімге құштар, елін сүйетін азамат болып өссін!
Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Балалардың күлкісі әрдайым үйлеріңізден естіліп, әр күні қуанышқа толы болсын!
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Бейбіт Мырзағалиев,
“АMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы
31/05/2026
Достар!
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдың бірінші жартысында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған адамдардың рухына тағзым етеміз.
Зобалаң жылдары миллиондаған отандасымыз репрессия мен алапат ашаршылықтан жазықсыз жапа шекті. Соның салдарынан қаракөздеріміз дүние жүзіне тарыдай шашылды. Солақай саясаттың зардабын тартқан азаматтардың қайғы-қасіреті ұлт жадынан мәңгі өшпейді.
Нәубет жылдар қайталанбасын. Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!
***
Друзья!
31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода.
Как отметил Глава государства Касым-Жомарт Токаев, ежегодно 31 мая мы отдаём дань памяти людям, ставшим жертвами политических репрессий в первой половине прошлого века.
Миллионы наших соотечественников безвинно пострадали от политических репрессий и страшного голода. Вследствие этих трагических событий многие наши соотечественники оказались рассеяны по всему миру. Боль и страдания людей, ставших жертвами несправедливой политики того времени, навсегда останутся в памяти народа.
Пусть в нашей стране всегда царят мир, согласие и стабильность!
30/05/2026
Бүгін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында және Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының қолдауымен «Oi-Sana Art-fest» өнер байқауы өтуде.
Байқау хореография, көркемсөз оқу, бейнелеу өнері, вокал, халық аспаптары, фортепиано және өзге де өнер бағыттары бойынша ұйымдастырылған.
Шараның ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қуантай Бисалиев сөз сөйлеп, фестивальдің партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Ол жас өнерпаздарға сәттілік тілеп, шығармашылық жолдарында биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.
Байқау 18.00 ге дейін жалғасады.