Ақтоғай аудандық ОКЖ

Ақтоғай аудандық ОКЖ

Share

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы орталықтандырылған к?

Photos from Ақтоғай аудандық ОКЖ's post 29/05/2026

🌿 ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ІС 🌿

Бүгін ұжымымызбен бірге сенбілік жұмыстарына қатысып, айналаны тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргіздік. Таза орта – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – баршамызға ортақ міндет.

Бірлікпен атқарылған жұмыс әрдайым нәтижелі болады. Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

#Сенбілік #Тазалық #Бірлік #ТазаҚазақстан

Photos from Ақтоғай аудандық ОКЖ's post 25/05/2026

Ақтоғай аудандық мәдениет үйінде, алтын бесік Ақтоғай топырағында туған,мемлекет және қоғам қайраткері, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы,Қаэақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің генерал майоры, ел тарихында өзіндік орны бар арда азамат Сәбет Малгаждарұлы Жақыпбековтің туғанына 90 жыл толуына арналған тағылымды іс-шараға аудандық кітапхана "Қырағылық пен қайсарлық иесі" атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып,таныстырды. Мақсаты: оқырмандарға өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,қайсар ағаның еңбегін үлгі ету.

37 жылдан астам ғұмырын ел тыныштығы мен мемлекет қауіпсіздігіне арнаған Сәбет Малгаждарұлының өнегелі өмірі мен адал қызметі - кейінгі ұрпаққа үлгі. Ел үшін еңбек еткен ердің есімі халық жадында.

Photos from Ақтоғай аудандық ОКЖ's post 22/05/2026
21/05/2026

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Руханият пен ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халықтың мәдени санасының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбектеріңіз – зор құрметке лайық. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз арқылы мәдениетіміз өркендеп, өнеріміз биіктей түсуде.

Шығармашылық шабыт, толағай табыс, мықты денсаулық және отбастарыңызға амандық тілейміз!
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мәртебелеріңіз асқақтай берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын! 🌸

17/05/2026

7) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындасын;

8) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін бірыңғай қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құрсын;

9) жыл сайын «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп берсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 16 мамыр

17/05/2026

Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы
2026 жылғы 16 мамыр

Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар мәдениет, білім беру және инновациялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып айқындалсын:

кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру;

оқырмандарға арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдарды кеңінен қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру;

туындылары жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге ықпал етіп жүрген отандық жазушылар мен ақындарды қолдау;

баспагерлер мен кітап өнімін таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру;

ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) халықтың әртүрлі санаттары, оның ішінде балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың орнықты дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) жаңа форматтағы кітапханалар, көпфункционалды қоғамдық кеңістіктер құруды, заманауи ақпараттық жүйелер мен сервистер ендіруді қоса алғанда, оқырман инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз етсін;

3) ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттауды, оның ішінде туындыларды сапалы аудару, басып шығару, оқырмандардың кең ауқымды аудиториясына тарату арқылы қамтамасыз етсін;

4) 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыруға кіріссін;

5) жасанды интеллектіні дамыту жағдайында 2026 жылдың соңына дейін Кітап оқу мәдениетін және кітап ісін насихаттаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын (бұдан әрі – «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы) бекітсін;

6) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасын әзірлесін;

Photos from Ақтоғай аудандық ОКЖ's post 15/05/2026

Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, Алаш арысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның мұрасын зерттеп жүрген әлихантанушы, көптеген еңбектің авторы, өлкетанушы Тұңғышбай Өміртайұлы Мұқанның 80 жас мерейтойына ұйымдастырылған " Тынымсыз Тұңғышбай" атты мерейтой кешіне Ақтоғай аудандық кітапханасы "Ел тарихы - рухани қазына" атты көрме ұсынды.

12/05/2026

Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдамтыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, "Ақтоғай ауданының құрметті азаматы", халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері,белгілі ақын Абзал Бөкеннің өлеңдерінен "Алаштың ақтаңгер ақыны- Абзал" атты тақырыпта байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Ақынның шығармашылығын насихаттау. Лирикалық жанрына деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын шыңдау,сахналық өнерге баулу.

«Тұла бойым көне сөз, көне мүсін» ақының шығармашылығы бойынша мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 1 орын иегері Қарабұлақ ауыл кітапханасының оқырманы Қажымұрат Айару
1 орын иегері Сарытерек ауыл кітапханасының оқырманы Толеутай Мерғазы.
2 орын иегері Ақтас ауыл кітапханасының оқырманы Төкен Нурболат
2 орын иегері Тасарал ауыл кітапханасының оқырманы Рахимбай Айару
2 орын иегері Аудандық балалар кітапханасының оқырманы Рахымберлі Аружан.
3 орын иегері Сарышыған кент кітапханасының оқырманы Жанатаева Нургул
3 орын иегері Ақжарық ауыл кітапханасының оқырманы Сатыбалды Әдемі
3 орын иегері Ортадересін ауыл кітапханасының оқырманы Мәулен Елдар
Ақының өмірі және шығармасы бойынша қызықты видеоролик номинациясы бойынша 1 орын Жидебай ауыл кітапханасының оқырманы Әбілғазина Әмина , Нүркен ауыл кітапханасының оқырманы Зиядина Дильназ .

09/05/2026

7 - мамыр Отан қорғаушылар күніне байланысты Мәдениет үйінде өткен іс шараға , аудандық кітапхана " Ерлік - елге мұра,ұрпаққа ұран" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарға Отанды сүюге,ерлік көрсеткен батырларымыздың бойындағы ержүректілік,отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын,елін сүюге тәрбиелеу

Want your business to be the top-listed Government Service in Karaganda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address

Нарманбет 9
Karaganda
100200

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00