12/06/2026
Сауран ауданы "В.Вахидов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2026 жылдың 12 маусым күні балалар арасында орын алатын келеңсіз жағдайлардың оның ішінде суицидтің алдын алу және ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін арттыру мақсатында "Өмір сақшылары" кинофильминің көрсетілімі ұйымдастырылды.Оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында мектебімізде ата-аналарға арналған «Өмір сақшылары» кинофильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Кинофильм барысында адам өмірінің құндылығы, қауіпсіздік ережелерін сақтау және жауапкершілік мәселелері кеңінен қамтылды. Көрсетілім ата-аналардың қызығушылығын тудырып, тәрбиелік мәні зор туынды ретінде жоғары бағаланды.
Іс-шара соңында қатысушылар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі қауіпсіздік пен қамқорлықтың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Осындай тағылымы мол шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
10/06/2026
📣Құрметті ата-аналар!
Оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуіне ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймыз.
Балалардың күн тәртібін бақылап, жол жүру, суға шомылу, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертіңіздер.
Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болуға, интернетті қауіпсіз пайдалануға үйретіңіздер.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен шұғылдануына, кітап оқуына және танымдық іс-шараларға қатысуына жағдай жасаңыздар.
Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз балалардың қауіпсіз әрі көңілді демалысының кепілі болмақ.
Кәмелетке толмаған балалардың түнгі клубтарға, ойын-сауық орындарына және ойынханаларға бармауын қадағалаңыздар.
Балалардың заңды өкілдерінсіз беймезгіл уақытта көшеде жүруіне жол бермеңіздер.
Балаңыздың қайда жүргенін, кімдермен араласатынын бақылап, қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыздар.
Ортақ мақсатымыз – балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, пайдалы әрі мазмұнды өткізу.
Балаларыңыздың амандығы мен қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Жазғы демалыстарыңыз сәтті өтсін! ☀️🌿📚
19/05/2026
19.05.2026 жыл күні Сауран ауданы білім бөліміне қарасты В.Вахидов атындағы жалпы білім беретін мектепте Сауран ауданы білім бөлімінен келген бейнежазба оқушыларға көрсетіліп таныстырылды.
#ҚауіпсізЖаз
#ЖолЕрежелері
18/05/2026
18.05.2026 жыл күні В.Вахидов атындағы жалпы білім беретін мектепте 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» бірыңғай ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа қатысушылар: Сауран ауданы Білім бөлімі дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәні әдіскері Мырзахан Кенжехан Нұрмаханұлы және мектеп директоры Басанов Тахиржан, 166 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында мектептің директоры Басанов Тахиржан, ДТІЖО Хабибуллаева Дилмира, ДОІЖО Сұлтан Орынбасар, Бастауыш сыныптар бойынша ДОІЖО Абакаева Нодира апайлар Сауран ауданы білім бөлімінен келген хаттармен таныстырып, баяндамалар оқып, мәліметтер айтты. Бастауыш сыныптар үшін:
Жиналыс бастауыш сынып ата-аналарына бағытталып, бала қауіпсіздігі, ата-ана
жауапкершілігі және жазғы кезеңдегі тәуекелдердің алдын алу мәселелерін
қамтиды.
2. Мақсаты
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау
Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру
Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері:
Қауіпсіздік бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Ата-аналармен кері байланыс орнату
Практикалық дағдыларды қалыптастыру
Жазғы демалыс кезіндегі қауіптің алдын алу
5-8 СЫНЫП оқушыларына
Мақсаты:
– Жасөспірімнің ішкі әлемін түсіну
– Қауіпсіздік мәселелерін бірге талқылау
– Ата-ана мен бала арасындағы сенімді күшейту
9-11-сынып оқушыларына.
Жиналыстың басты мақсаты – оқу жылының аяқталуы кезінде түлектердің
қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету, мектеп пен ата-
ана арасындағы серіктестікті нығайту.
Негізгі бөлім:
o Мектеп бітіру іс-шараларындағы орынсыз шығындарды (банкет, кортеж) шектеу.
o Мұғалімдерге заңсыз сыйлық берудің алдын алу туралы заңнамалық түсіндірмелер беру.
o Түлектердің қауіпсіздігі мен құқықтық жауапкершілігін талқылау.