Жол жүру ережелері бойынша құқықтық оқыту өткізілді
Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының төрағалығымен Департамент мамандары арасында жол жүру қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқытуға ҚПБ ӘПБ ППБ рота командирі, полиция капитаны Бисенбаев Нұржан Тұтқабаевич және полиция аға лейтенанты Кеңесбек Серік Мейрамбекұлы қатысып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және жол жүру қағидаларын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқыту барысында Департамент мамандарының сұрақтарына жауап беріліп, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді.
Қызылорда облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаменті
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті
14/07/2026
📌 Жарамсыз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою бойынша жадынама
Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен регламенттеледі.
10/07/2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар!
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен
13.07.2026 жылы сағат 15:00-де “Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” тақырыбында “Facebook” әлеуметтік желісі арқылы
“ОНЛАЙН ЖӘРМЕҢКЕ” өткізілетіндігін хабарлаймыз!
2026 жылы 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда қаласындағы GPP (Тиісті дәріханалық практика) сертификатына ие дәріхана ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын арттыруға, GPP стандарттарын дамытуға және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Осы меморандум аясында ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Чингиз» ЖШС «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шараға Департамент басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы, басшы орынбасары Ермекбаев Нұрсұлтан Әлімбайұлы, Департамент мамандары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар дәріхананың жұмысымен, дәрілік заттарды сақтау жағдайларымен және фармацевтикалық қызмет көрсету ерекшеліктерімен танысты. Ашық есік күні қала халқының дәрілік заттарды ұтымды қолдану және фармацевтикалық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Сондай-ақ, Life Cor, Иберогаст және SANTO компанияларының өкілдері келушілерге дәрілік заттарды дұрыс қолдану бойынша кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында келушілерге антибиотиктерді ұтымды қолдану, өзін-өзі емдеудің қауіптері, дәрілік заттарды дұрыс қабылдау қағидалары және Тиісті дәріханалық практика (GPP) туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, дәрілік заттарды қауіпсіз әрі ұтымды қолдану мәдениетін арттыруға, сондай-ақ ұтымды фармакотерапия қағидаттары жөніндегі ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал етті.
📌Айта кету керек, «Чингиз» ЖШС өз қызметін дәріханалар желісі мен дәріхана қоймасы арқылы жүзеге асырады. Кәсіпорын нысандарының Тиісті дәріханалық практика (GPP) және Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) стандарттарының талаптарына сәйкестігі сертификаттау рәсімдері барысында бірнеше мәрте расталған.
Іс-шара қорытындысында Департамент басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы «Чингиз» ЖШС басшысына Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесі, қоғамдық маңызы бар бастамаларға тұрақты қолдау көрсетіп, өңірде өткізілетін іс-шараларға белсенді атсалысып жүргені үшін шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хатын табыстады.
Ағымдағы жылдың 09 шілдесінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жанерке Алмасқызының төрағалығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Зухра Серікқызының, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Мамай Орынбасаровичтің және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Самат Болатовичтің қатысуымен Департамент қызметкерлеріне құқықтық оқыту жүргізілді.
Оқыту барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңа заңнама талаптары, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптар беріліп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылық, ашықтық және қолжетімділік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.
09/07/2026
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының 2026 жылғы 9 шілдедегі №39-ж/қ бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары лауазымына Ермекбаев Нұрсұлтан Әлімбайұлы тағайындалды.
Нұрсұлтан Әлімбайұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, жауапты қызметінде мол табыс, кәсіби жетістіктер, мықты денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай жетістіктер тілейміз!
06/07/2026
🇰🇿 Астана күні құтты болсын!
Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен тұрақты дамуының, бірлігі мен жасампаздығының айқын символы. Астанамыздың мерейі артып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, мол табыс тілейміз! Мереке құтты болсын!
Әдеп жөніндегі уәкілдің үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес ұжым арасында әдептілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында, «5 шілде – Ұлттық домбыра күні» қарсаңында қызметкерлер үшін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында қатысушылар өңірдің бай тарихымен, мәдени құндылықтарымен және музей қорындағы бірегей жәдігерлермен танысты. Осындай тағылымды шаралар ұлттық құндылықтарға құрметті арттырып, ұжымдағы әдеп мәдениетін, өзара сыйластық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Домбыра – халқымыздың рухы мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген қасиетті мұра. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, рухани сабақтастығымыз нығая берсін!
Қызылорда облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Жанерке Алмасқызы мен Қызылорда қаласындағы GPP (Тиісті дәріханалық практика) сертификатына ие дәріхана ұйымдарының басшылары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум 2026 жылғы 2 шілдеден бастап бір жыл мерзімге жасалды.
Меморандум аясында тараптар:
• дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасуға және әдістемелік қолдау көрсетуге;
• дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін тиімді іске асыру мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуге;
• таңбаланған өніммен жұмыс барысында туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен ұсынымдар әзірлеуге;
• семинарлар, оқыту іс-шаралары, жұмыс кездесулері мен ашық есік күндерін ұйымдастыруға;
• сертификатталған дәріханалар арасындағы кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытуға ниетті.
Аталған меморандум фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын арттыруға, дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және GPP стандарттарын одан әрі дамытуға бағытталған.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Kyzylorda
