Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау - Қызылорда облысы

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау - Қызылорда облысы

Share

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

10/07/2026

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалында ағымдағы жөндеу жұмыстарына кезекті мониторинг жүргізді.
Мониторинг шеңберінде мынадай негізгі мәселелерге ерекше назар аударылды:
• 2026 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары көлемінің орындалуы;
• Бекітілген мерзімдердің сақталуы;
• Қажетті қосалқы бөлшектермен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталу деңгейі.
№18 трансформаторлық қосалқы станциясында орналасқан №1 және №2 күштік трансформаторларына, сондай-ақ 0,4 кВ тарату құрылғысына жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу барысында трансформаторлардың багы, радиаторлары мен өтпелі оқшаулағыштары (ввод), сонымен бірге 0,4 кВ тарату құрылғысы шаңнан, күйе мен майдан тазартылып, оларда жарықшақтардың бар-жоғы тексерілді. Жоғары және төменгі кернеу шиналарының, жүктемесіз ауыстырып-қосқыш (ПБВ) секіргіштерінің, сондай-ақ автоматтар мен кабель ұяшықтарының болтты қосылыстары тартылды. Сонымен қатар кабельдік желілер сыналып, қондырғылар фазаларының түстік таңбалануы жаңартылды. Трансформаторлардың оқшаулау кедергісі мегомметрмен тексеріліп, нәтижелерінің нормаға сәйкес екені расталды.
Нысандағы жөндеу науқанының барысы Департаменттің тұрақты бақылауында.

__________

Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля по Кызылординской области провел очередной мониторинг текущих ремонтных работ в филиале «Кызылординское отделение магистральной сети» акционерного общества «Национальная компания «Қазақстан темір жолы».
В рамках мониторинга особое внимание было уделено следующим ключевым вопросам:
• Выполнение объемов ремонтных работ, запланированных на 2026 год;
• Соблюдение утвержденных сроков;
• Уровень обеспеченности необходимыми запасными частями и материально-техническими ресурсами.
На трансформаторной подстанции №18 был проведен плановый текущий ремонт силовых трансформаторов №1 и №2, а также распределительного устройства 0,4 кВ.
В ходе ремонта баки, радиаторы и проходные изоляторы (вводы) трансформаторов, а также распределительное устройство 0,4 кВ были очищены от пыли, копоти и масла, а также проверены на наличие трещин. Были подтянуты болтовые соединения шин высокого и низкого напряжения, перемычек переключателя без возбуждения (ПБВ), а также автоматов и кабельных ячеек. Кроме того, были проведены испытания кабельных линий и обновлена цветовая маркировка фаз оборудования. Сопротивление изоляции трансформаторов было проверено мегомметром, результаты подтвердили соответствие норме.
Ход ремонтной кампании на объекте находится на постоянном контроле Департамента.

04/07/2026

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нің №6 станциялық бу қазандығындағы күрделі жөндеу жұмыстарына кезекті мониторинг жүргізді.
Мониторинг аясында келесі түйінді мәселелерге ерекше назар аударылды:
* 2026 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары көлемінің орындалуына;
* бекітілген мерзімдердің сақталуына;
* қажетті қосалқы бөлшектермен және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейіне.
Атап айтқанда, № 6 станциялық бу қазандығында төменгі коллектордан ошақ жанарғысына дейінгі бүйірлік экрандық құбырлардың ақаулы учаскелерін ауыстыру, түтін сорғыш (ДН) пен үрлеу желдеткішінің (ДВ) подшипниктерін тексеру және ауыстыру, сондай-ақ қазандық барабанын тазалау жұмыстары орындалғаны анықталды. Сонымен қатар, № 1 және № 2 бас сақтандырғыш клапандарды жөндеу, ошақтың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру, бұрмалардың тазартылған иіндерін УДБ (ультрадыбыстық бақылау) әдісімен тексеру, қазандық шегіндегі арматура мен вентильдерді ревизиялау жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге қатаң сәйкестікте орындалуда. Нысандағы жөндеу науқанының барысы Департаменттің тұрақты бақылауында.

__________

Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля по Кызылординской области провел очередной мониторинг капитального ремонта станционного парового котла №6 ГКП «Кызылордатеплоэлектроцентр».
В рамках мониторинга особое внимание было уделено следующим ключевым вопросам:
* выполнению объемов ремонтных работ, запланированных на 2026 год;
* соблюдению утвержденных сроков;
* уровню обеспеченности необходимыми запасными частями и материально-техническими ресурсами.
В частности, на станционном паровом котле № 6 произведены работы по замене дефектных участков боковых экранных труб от нижнего коллектора до горелки топки, ревизии и замене подшипников дымососа (ДН) и дутьевого вентилятора (ДВ), а также зачистке барабана котла. Также производятся ремонтные работы на главных предохранительных клапанах № 1 и № 2, восстановление теплоизоляции топки, проверка методом УЗК очищенных гибов отводов, ревизия арматуры и вентилей в пределах котла.
Ремонтные работы выполняются в строгом соответствии с утверждённым графиком. Ход ремонтной кампании на объекте находится на постоянном контроле Департамента.

26/06/2026

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ның Оңтүстік қазандығына мониторинг жүргізді. Мониторинг аясында келесі негізгі мәселелерге ерекше назар аударылды:
- 2026 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары көлемінің орындалуы;
- бекітілген мерзімдердің сақталуы;
- қажетті қосалқы бөлшектермен және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі.
Сонымен қатар, Оңтүстік қазандығының негізгі және қосымша жабдықтарын жөндеу барысы бақыланды. Атап айтқанда: КЕ маркалы қазандықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары, тиектік және реттегіш арматураны ашу арқылы жөндеу, сорғы жабдықтарын жөндеу, сондай-ақ технологиялық құбырдың ақаулы учаскелерін ауыстыру жұмыстары тексерілді. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай қатаң түрде орындалуда. Нысандағы жөндеу жұмыстары Департаменттің тұрақты бақылауында.

___________

Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля по Кызылординской области провёл мониторинг Южной котельной ГКП «Кызылордатеплоэлектроцентр».
В рамках мониторинга особое внимание было уделено следующим ключевым вопросам:
- выполнение объёмов ремонтных работ, запланированных на 2026 год;
- соблюдение утверждённых сроков;
- уровень обеспеченности необходимыми запасными частями и материально-техническими ресурсами.
Кроме того, был проконтролирован ход ремонта основного и вспомогательного оборудования Южной котельной. В частности, текущие ремонты котлоагрегатов марки КЕ, ремонт со вскрытием запорной и регулирующей арматуры, ремонт насосного оборудования, а также замена дефектных участков технологического трубопровода.
Ремонтные работы выполняются в строгом соответствии с утверждённым графиком. Ход ремонтной кампании на объекте находится на постоянном контроле Департамента.

24/06/2026

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-на кезекті мониторинг жүргізді. Мониторинг аясында келесі негізгі мәселелерге ерекше назар аударылды:
- 2026 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары көлемінің орындалуы;
- бекітілген мерзімдердің сақталуы;
- қажетті қосалқы бөлшектермен және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі.
Сонымен қатар, турбина цехының қосымша жабдықтарын жөндеу барысы бақыланды. Атап айтқанда: тиектік және реттегіш арматураны ашу арқылы жөндеу, сорғы жабдықтарын жөндеу, жоғары қысымды иіндердің металын бақылау, сондай-ақ технологиялық құбырдың ақаулы учаскелерін ауыстыру жұмыстары тексерілді. Нысандағы жөндеу науқанының барысы Департаменттің тұрақты бақылауында.

__________

Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля по Кызылординской области провёл очередной мониторинг ГКП «Кызылордатеплоэлектроцентр».
В рамках мониторинга особое внимание было уделено следующим ключевым вопросам:
- выполнение объёмов ремонтных работ, запланированных на 2026 год;
- соблюдение утверждённых сроков;
- уровень обеспеченности необходимыми запасными частями и материально-техническими ресурсами.
Кроме того, был проконтролирован ход ремонта вспомогательного оборудования турбинного цеха. В частности, ремонт со вскрытием запорной и регулирующей арматуры, ремонт насосного оборудования, контроль металла гибов высокого давления, а также замена дефектных участков технологического трубопровода.
Ремонтные работы выполняются в строгом соответствии с утверждённым графиком. Ход ремонтной кампании на объекте находится на постоянном контроле Департамента.

08/06/2026

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның жөндеу науқанына мониторинг
Кезекті мониторинг аясында департамент өкілдері Қызылорда қаласы аумағындағы электр желілеріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
2026 жылға бекітілген жөндеу кестесіне сәйкес жалпы ұзындығы 54,87 км электр беру желілеріне, 1 тарату пунктіне, 3 қосалқы станцияға, сондай-ақ 26 трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың орындалу деңгейі 28 %-ды құрайды.
Аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде электр желілерінің орташа тозу деңгейін төмендетіп, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету көзделген.
Департамент тарапынан энергетикалық кәсіпорындардың жөндеу науқанының орындалу барысына тұрақты мониторинг жүргізіліп, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы бақылауда ұсталады.

________

Мониторинг ремонтной кампании АО «Кызылординская распределительная электросетевая компания»
В рамках очередного мониторинга представители Департамента ознакомились с ходом выполнения работ по капитальному ремонту электрических сетей, проводимых на территории города Кызылорда.
В соответствии с утвержденным графиком ремонта на 2026 год, запланировано проведение капитального ремонта линий электропередачи общей протяженностью 54,87 км, 1 распределительного пункта, 3 подстанций, а также 26 трансформаторных подстанций. В настоящее время уровень выполнения запланированных работ составляет 28%.
Реализация данных мероприятий направлена на снижение среднего уровня износа электрических сетей, повышение надежности электроснабжения и обеспечение потребителей качественной электрической энергией.
Департаментом на постоянной основе осуществляется мониторинг хода выполнения ремонтной кампании энергетических предприятий, а также контроль за качественным и своевременным выполнением запланированных работ.

Photos from Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау - Қызылорда облысы's post 28/05/2026

Электр энергетикасы саласындағы 2026 жылға арналған тексерулердің бекітілген жылдық тізіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-на
жоспарлы тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын бұзудың 79 фактісі анықталып, оларды жою туралы нақты мерзімдері көрсетілген тиісті нұсқамалар берілді. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

___

В соответствии с утвержденным годовым списком проверок в области электроэнергетики на 2026 год, Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по Кызылординской области провел плановую проверку в отношении АО «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз».

По результатам проверки выявлено 79 нарушений законодательства в сфере электроэнергетики, по которым выданы соответствующие предписания об их устранении с установлением конкретных сроков исполнения. Кроме того, в отношении предприятия возбуждено административное производство и наложен административный штраф.

26/05/2026

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында егемен еліміз бен өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қызылорда облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

______

Сотрудники Территориального департамента Комитета государственного энергетического надзора и контроля по Кызылординской области были награждены Благодарственными письмами акима Кызылординской области за внесение значительного вклада в социально-экономическое и общественно-политическое развитие нашей суверенной страны и региона в рамках программы «Таза Қазақстан», реализуемой по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева.
#тазақазақстан🇰🇿

20/05/2026

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің 2026 жылдан бастап атқарылған жұмыстар есебі.

___________

Отчет о проделанной работе Территориального департамента Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по Кызылординской области с начало 2026 года.

Want your business to be the top-listed Government Service in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address

Қызылжар тұйығы-3, 18-ғимарат
Kyzylorda
120003

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:30
Tuesday 08:00 - 17:30
Wednesday 08:00 - 17:30
Thursday 08:00 - 17:30
Friday 08:00 - 17:30