04/01/2024
2023 жылғы 11-12 желтоқсанда Түркіменстан астанасы Ашхабадта Түрікменстанның Тұрақты бейтараптығының 28 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар, оның ішінде «Диалог - бейбітшілік кепілі» атты Халықаралық форумы, Бейтараптық монументіне гүл шоқтарын қою және басқа да хаттамалық іс-шаралар өтті. Қазақстан делегациясын мерекелерде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев басқарып, Форумның басқа қатысушыларымен БҰҰ-ның Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығында өткен «Диалогты алдын алу дипломатиясының құралы ретінде пайдалану» тақырыптық сессиясында пікірталасқа қатысты.
11-12 декабря 2023 года в столице Туркменистана Ашхабаде состоялись торжественные мероприятия, посвященные 28-й годовщине Постоянного нейтралитета Туркменистана, включая Международный форум «Диалог как гарантия мира» и церемония возложения венков к монументу Нейтралитета и другие протокольные события. Делегацию Казахстана на празднованиях возглавил Председатель Правления ИВИ Болат Нургалиев, который с другими участниками Форума принял участие в дискуссии на тематической сессии «Использование диалога в качестве инструмента превентивной дипломатии», прошедшей в региональном Центре ООН по превентивной дипломатии для Центральной Азии.
27/04/2023
2023 жылғы 25 сәуірде ССЗИ Басқарма мүшелері Болат Нұрғалиев, Амангелді Тәженов және Манарбек Қабазиев Еуразиялық зерттеулер институтының директоры Дин Сяосин бастаған Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясының (ҚҚХҚА) делегациясымен кездесті.
Б. Нұрғалиев қытайлық әріптестерін институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ халықаралық қатынастардың қазіргі жай-күйіне, өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге және Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының іске асырылу барысына баға берді. Саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы қазақстан-қытай қатынастарының нақты мәселелері бойынша пікір алмасты. Бірлескен зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу кезінде ССЗИ мен ҚҚХҚА арасындағы өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
25 апреля 2023 года состоялась встреча членов Правления ИВИ Болата Нургалиева, Амангельды Таженова и Манарбека Кабазиева с делегацией Китайской академии современных международных отношений (КАСМО) во главе с директором Института евразийских исследований Дин Сяосином.
Б.Нургалиев ознакомил китайских коллег с основными направлениями деятельности Института, а также поделился оценками современного состояния международных отношений, актуальных проблем в сфере региональной безопасности и хода реализации внешнеполитической стратегии Казахстана. Состоялся обмен мнениями по конкретным вопросам казахстанско-китайских отношений в политической, экономической и гуманитарной сферах. Достигнута договоренность о взаимодействии при проведении совместных исследований и мероприятий ИВИ и КАСМО.
27/04/2023
2023 жылғы 23 сәуірде ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай Қазақстан мен Қытай БАҚ сарапшылары мен өкілдерінің «Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар» атты семинарына қатысты. Іс-шара қазақстандық Қытайды зерттеу орталығы тарапынан ҚХР-ның Астанадағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинарға ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қазақстандық және қытайлық саясаттанушылар қатысты.
23 апреля 2023 года Заместитель Председателя Правления ИВИ Манарбек Кабазиев принял участие в семинаре «Современный Китай: вопросы и ответы» экспертов и представителей СМИ Казахстана и Китая, приуроченном к 10-летию инициативы «Один пояс, один путь». Мероприятие было организовано казахстанским Центром по изучению Китая совместно с Посольством КНР в Астане.
На семинаре приняли участие Чрезвычайный и Полномочный Посол КНР в РК Чжан Сяо, а также представители научных учреждений Казахстана, средств массовой информации, казахстанские и китайские политологи.
07/04/2023
2023 жылғы 5 сәуірде Сыртқы саяси зерттеулер институтында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басшы қызметкерлерімен кездесу өтті. Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ресми көмектің және нақты KazAID рөлі туралы мәселелер талқыланды.
KazAID Басқарма төрағасы А. Арыстанов өзі басқаратын мекеме қызметінің презентациясын өткізді, реципиент-елдердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жәрдемдесу кезіндегі Қазақстанның секторлық және географиялық басымдықтары туралы айтты. Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшылары Қ. Нұртазин мен М. Жәкенов Орталық Азия өңіріндегі, атап айтқанда, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты елдермен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар ұсынды. Кездесуге ҚР СІМ Орталық Азия департаментінің директоры Е. Құбашев және Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға сарапшысы Б. Аукен қатысты. Қазақстандық ДРК бағдарламалары мен жобаларын ілгерілетуде консультативтік және сараптамалық көмек көрсету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
5 апреля 2023 года В Институте внешнеполитических исследований состоялась встреча с руководящими сотрудниками Казахстанского агентства международного развития «KazAID». Обсуждена проблематика о роли официальной помощи развитию и конкретно KazAID в обеспечении устойчивого развития центральноазиатского региона.
Председатель Правления KazAID А. Арыстанов провел презентацию деятельности возглавляемого им учреждения, рассказал о секторальных и географических приоритетах Казахстана при оказании содействия решению социально-экономических проблем стран-реципиентов. Экспертами Института внешнеполитических исследований К. Нуртазиным и М. Жакеновым были представлены рекомендации по основным направлениям сотрудничества в центральноазиатском регионе, в частности, с такими странами, как Кыргызстан и Таджикистан. Во встрече приняли участие директор Департамента Центральной Азии МИД РК Е. Кубашев и старший эксперт Казахстанского института стратегических исследований Б. Аукен. Работа по оказанию консультативного и экспертного содействия в продвижении казахстанских программ и проектов ОПР будет продолжена.
07/04/2023
2023 жылғы 31 наурызда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Вашингтонда орналасқан Каспий саясаты орталығы (КСО) басшылығының өкілдері қауіпсіздік және саясат жөніндегі бағдарламаның төрағасы, АҚШ-тың ОА елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд, Басқарма мүшесі, Джонс Хопкинс университеті еуропалық және еуразиялық зерттеулер бағдарламасының профессоры Марша Макгроу Олив және Орталықтың Басқарма мүшесі Ричард Спунермен кездесті. Кездесуге Институт сарапшысы Гүлден Қасқарбаева да қатысты.
Кездесу барысында екі зерттеу мекеменің негізгі қызмет салалары туралы айтылды. Қатысушылар халықаралық ахуалдың өзекті мәселелері, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлер мен тәуекелдерге қатысты бағаларымен бөлісті. Сондай-ақ, ССЗИ мен КСО-ның ынтымақтастық орнатудың ықтимал бағыттары және нақты іс-шаралар өткізу нысандары талқыланды.
31 марта 2023 состоялась встреча Председателя Правления ИВИ Болата Нургалиева с представителями руководства базирующегося в Вашингтоне Центра каспийской политики (ЦКП): председателем программы по безопасности и политике, экс-послом США в странах ЦА, включая Казахстан Ричардом Хоугландом, членом Правления, профессором программы европейских и евразийских исследований Университета Джонса Хопкинса Маршей Макгроу Олив и членом Правления Центра Ричардом Спунером. Во встрече также приняла участие эксперт Института Гульден Каскарбаева.
Проведен обмен информацией об основных сферах деятельности обоих исследовательских учреждений. Участники беседы поделились оценками актуальных проблем международной ситуации, вызовов и рисков в сфере глобальной и региональной безопасности. Обсуждены также возможные направления сотрудничества и формы проведения конкретных мероприятий ИВИ с ЦКП.
07/04/2023
2023 жылғы 28 наурызда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев онлайн форматта Қазақстанның Польшадағы елшілігі ұйымдастырған «Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың реформалары. Парламенттік сайлаудың қорытындысы» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Әділетті Қазақстан» құру жөніндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары мәселелері талқыланды.
Болат Нұрғалиев баяндама жасады (сөз мәтіні қоса беріледі).
Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына Польша Республикасы Сеймі мен Сенатының депутаттары, Польша Сыртқы Істер Министрлігінің, академиялық топтардың өкілдері қатысып, баяндама жасады. Іс-шараға Польшада оқитын қазақстандық студенттер де қатысты.
28 марта 2023 года Председатель правления ИВИ Болат Нургалиев в онлайн формате принял участие в работе круглого стола на тему «Реформы Президента Казахстана К. Токаева. Итоги парламентских выборов», организованной Посольством Казахстана в Польше.
В ходе мероприятия обсуждены вопросы политических и социально-экономических реформ Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева по созданию «Нового Справедливого Казахстана».
Болат Нургалиев выступил с докладом (текст выступления прилагается).
Также в работе круглого стола приняли участие и выступили с докладами депутаты Сейма и Сената Республики Польша, представители Министерства иностранных дел Польши, академических кругов. На мероприятии присутствовали казахстанские студенты, обучающиеся в Польше.
07/04/2023
2023 жылғы 17-20 наурыз аралығында Институтта ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиевтың Қазақстанға Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын бақылау үшін келген түрлі елдердің халықаралық бақылаушыларымен кездесулері өтті.
Олардың арасында М. Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі Ежи Оледзкий (Польша), Кавказ тарихы орталығының директоры Ризван Гусейнов (Әзірбайжан), Жерорта теңізі Еуразиялық зерттеулер қауымдастығы (СеЅЕМ) директорының орынбасары Стефано Верноле (Италия), ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшелері, Румыния Парламентінің депутаттары Дон Барна, Некулай Дунава, Флорин-Александрау Алексе, Австрия еуропалық саясат және қауіпсіздік Институтының Басқарма мүшесі Мартин Сайдик болды. Румыния парламентшілерін Румынияның Қазақстандағы елшісі Мадалина Лупу алып жүрді.
Болат Нұрғалиев әңгімелесушілерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы айтып берді.
В период с 17 по 20 марта 2023 года в Институте состоялись встречи Председателя Правления ИВИ Болата Нургалиева с международными наблюдателями из разных стран, прибывшими в Казахстан для наблюдения за выборами депутатов Мажилиса Парламента.
Среди них член Научного совета Института азиатских и глобальных исследований им. М.Бойма Ежи Оледзкий (Польша), директор Центра истории Кавказа Ризван Гусейнов (Азербайджан), заместитель директора Ассоциации Евразийских исследований Средиземноморья (СeSEM) Стефано Верноле (Италия), члены Парламентской Ассамблеи ОБСЕ, депутаты Парламента Румынии Дон Барна, Некулай Дунава, Флорин-Александрау Алексе, член Правления Австрийского Института европейской политики и безопасности Мартин Сайдик. Парламентариев Румынии сопровождала посол Румынии в Казахстане Мадалина Лупу.
Болат Нургалиев рассказал собеседникам о ходе реализации политичеких и экономических реформ, инициированных президентом Касым-Жомартом Токаевым.
07/04/2023
2023 жылғы 8-12 наурыз аралығында ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің қамқорлығымен Әзербайжанның жетекші үкіметтік емес ұйымдарының бірі – Низами Гянжеви халықаралық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бүгінгі әлем: сындар мен үміттер» атты X Жаһандық Баку форумына қатысты.
Орталық бұрынғы мемлекет және үкімет басшыларын, сондай-ақ жыл сайын Әзірбайжан астанасындағы форумға ең өзекті жаһандық мәселелерді шешу жолдарын талқылау үшін жиналатын беделді халықаралық сарапшыларды біріктіреді. 2013 жылдан бастап Жаһандық Баку форумы (ЖБФ) Оңтүстік Кавказда, Орталық және Оңтүстік Азияда, Еуропада және Таяу Шығыста ең көп сұранысқа ие іс-шаралардың біріне айналды. X ЖБФ-дағы 12 пленарлық сессия барысында қатысушылар жаһандану, негізгі күш орталықтарының позицияларындағы сәйкессіздіктерді еңсеру, Солтүстік Атлантикалық альянстың рөлі мен болашағы, климаттың өзгеруі, азық-түлік және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көп латерализмді қайта қарастыру, денсаулық сақтаудың жаһандық архитектурасын жаңарту, көші-қон, Қытайдың жаһандық даму және қауіпсіздігі мәселелеріндегі рөлі, демократия мен адам құқықтары саласындағы сын-қатерлер, Таяу Шығысты реттеу, ғылыми-технологиялық революция және басқалар сияқты мәселелер бойынша ахуалды бағалаумен және ұсынымдармен бөлісті.
В период с 8 по 12 марта 2023 года Председатель Правления ИВИ Болат Нургалиев принял участие в X Глобальном Бакинском форуме «Мир сегодня: вызовы и надежды», организованном под патронажем Президента Республики Азербайджана Ильхама Алиева одной из ведущих неправительственных организаций Азербайджана – Международным центром Низами Гянджеви.
Центр обьединяет бывших глав государств и правительств, а также авторитетных международных экспертов, собирающихся ежегодно на Форум в азербайджанской столице для обсуждения путей решения наиболее актуальных глобальных проблем. С 2013 года Глобальный Бакинский Форум (ГБФ) стал одним из наиболее востребованных мероприятий в Южном Кавказе, Центральной и Южной Азии, Европе и на Ближнем Востоке. В ходе 12 пленарных сессий на X ГБФ участники поделились оценками ситуации и рекомендациями по таким вопросам, как глобализация, преодолевание расхождений в позициях основных центров силы, роль и перспективы Североатлантического альянса, изменение климата, обеспечение продовольственной и ядерной безопасности, переосмысление мультилатерализма, обновление глобальной архитектуры здравоохранения, миграция, роль Китая в вопросах глобального развития и безопасности, вызовы в сфере демократии и прав человека, ближневосточное урегулирование, научно-технологическая революция и другие.
07/04/2023
2023 жылғы 7 наурызда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев қауымдастық Бас хатшысының орынбасары Чен Сяохань бастаған Бейбітшілік және қарусыздану үшін Бүкілқытайлық Халықтық қауымдастығының (CPAPD) делегациясымен кездесті.
Б. Нұрғалиев қытайлық әріптестерді Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, халықаралық жағдайдың өзекті мәселелеріне баға берді.
Кездесуге ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары А.Тәженов, мамандары, сондай-ақ қазақстандық «Бейбітшілік қорының» төрағасы Қазыбек Шайх қатысты.
7 марта 2023 года состоялась встреча Председателя Правления ИВИ Болата Нургалиева с делегацией Всекитайской народной ассоциации за мир и разоружение (CPAPD) во главе с заместителем Генерального секретаря Ассоциации Чень Сяохань.
Б. Нургалиев ознакомил китайских коллег с основными направлениями деятельности Института, поделился оценками актуальных проблем международной обстановки.
Во встрече приняли участие заместитель Председателя Правления А. Таженов, эсперты ИВИ, а также Председатель Казахстанского «Фонда Мира» Казыбек Шайх.
15/09/2022
🔹2022 жылғы 9 қыркүйекте онлайн-форматта ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Шанхай халықаралық зерттеулер академиясымен бірлесіп «Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа геосаяси жағдайдағы өзара іс-қимыл: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
🔸9 сентября 2022 года в онлайн-формате состоялась организованная совместно с Институтом внешнеполитических исследований при МИД РК и Шанхайской академией международных исследований (ШАМИ) международная научно-практическая конференция «Взаимодействие между Казахстаном и Китаем в новых геополитических условиях: вызовы и перспективы».
23/08/2022
🔸 2022 жылғы 19 тамызда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Қазақстан-Әзірбайжан сараптамалық кеңесінің бірінші отырысы өтті, оған ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов қатысты (сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі).
Қазақстан-Әзірбайжан сараптамалық кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін Амангелді Тәженов Әзірбайжанның халықаралық қатынастарды талдау орталығының Басқарма төрағасы Фарид Шафиевпен және Орталықтың жетекші кеңесшісі Наги Ахмадовпен кездесті. 🔸 19 августа 2022 года в Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте РК состоялось первое заседание Казахстанско-Азербайджанского экспертного совета, в котором принял участие заместитель Председателя Правления ИВИ Амангельды Таженов (текст выступления прилагается).
После завершения заседания Казахстанско-Азербайджанского экспертного совета состоялась встреча Амангельды Таженова с Председателем Правления Центра анализа международных отношений Азербайджана Фаридом Шафиевым и ведущим советником Центра Наги Ахмадовым.
23/08/2022
🔸 2022 жылғы 3 тамызда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев «Синьхуа» ақпарат агенттігінің Тайвань мәселесі бойынша Қазақстанның ұстанымына қатысты сұрақтарына жауап берді. 5 тамызда Синьхуа агенттігінің орыс тілді қызметі материалды эксклюзивті сұхбат ретінде жариялады (сұхбатқа сілтеме https://russian.news.cn/20220805/974e43e0277040adb656fb8d60975f6a/c.html) 🔸 3 августа 2022 года Председатель Правления ИВИ Болат Нургалиев ответил на вопросы информационного агентства «Синьхуа» относительно позиции Казахстана по тайваньскому вопросу. 5 августа русская служба Синьхуа опубликовала материал как эксклюзивное интервью. (ссылка на интервью https://russian.news.cn/20220805/974e43e0277040adb656fb8d60975f6a/c.html)