Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті/Комитет по защите прав инвесторов
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті/Комитет по защите прав инвесторов, Government Organization, Казақстан, Nur-Sultan.
28/05/2026
Абай облысында 2,8 млрд теңге инвестиция құйылған ірі жобаға қатысты заңсыз әкімшілік шараға тосқауыл қойылды. Прокуратура араласуынан кейін 184 жұмыс орнын ашуды көздейтін инвестор әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартылудан қорғалды.
Абай облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, автожанармай құю станциялары желісін салып жатқан «Gaz&Мұнай» ЖШС-ның құқығын қорғады.
Құрылыс кезеңінде табиғатты қорғау полициясы серіктестікке абаттандыру қағидаларын бұзды деген негізбен әкімшілік хаттама толтырған. Наразылық қоршаудың болмауы мен құрылыс материалдарының орналастырылуына байланысты туындаған.
Алайда әкімшілік іс материалдарын зерделеу барысында заңнама талаптарының дұрыс қолданылмағаны анықталды.
Құрылыс материалдары кәсіпорынның өз аумағында орналасқан және қоғамдық кеңістікке шығарылмаған. Осыған байланысты абаттандыру қағидаларын қолдануға құқықтық негіз болмаған.
Нәтижесінде Семей қаласының прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға келісім бермеді. Осылайша, инвесторды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартудың жолы кесілді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, «прокурорлық сүзгі» тетігі аясында инвесторларға қатысты кез келген әкімшілік ықпал ету шаралары прокуратура органдарымен міндетті түрде келісіледі.
Абай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 707 144 00 16 нөмірі немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
27/05/2026
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Ниет қабыл болсын!
26/05/2026
В Казахстане стартовал проект INVEST CARAVAN
Теперь проблемы инвесторов будут рассматриваться не в кабинетах, а непосредственно на площадках реализации проектов.
В рамках проекта INVEST CARAVAN, запущенного Комитетом по защите прав инвесторов Генеральной прокуратуры, инвестпрокуроры будут выезжать на производственные объекты, в индустриальные и специальные экономические зоны регионов, чтобы оперативно помогать бизнесу в решении возникающих проблем и устранении препятствий.
Основное внимание будет уделено:
* подключению к инженерной инфраструктуре;
* получению разрешительных документов;
* срокам оказания государственных услуг;
* фактам административного давления;
* вопросам взаимодействия с государственными органами.
Цель проекта — усиление прямого диалога между инвесторами и государством, а также оперативное устранение препятствий, тормозящих реализацию инвестиционных проектов.
Инвесторы, столкнувшиеся с административными барьерами или нарушением прав, могут обратиться в Call-центр 115.
25/05/2026
Алматы облысының прокуратурасы сот процестеріне қатысушылардың құқығын қорғап, ірі қаржылай шығындардың алдын алды.
Бұған дейін сотта өз мүддесін қорғау мүмкіндігі негізсіз шектелген «А» компаниясы-инвесторының құқығы қорғалды.
Салық және мемлекеттік сатып алу даулары бойынша бюджетке 185 млн теңге көлемінде залал келтірудің жолы кесілді.
Талғар ауданындағы «Кеңдала» учаскесінде құм-қиыршықтас қоспасын өндіруге арналған келісімшартты сот арқылы қайта жандандыруға жол берілмеді.
Газ тарату желілерін салу кезінде заң талаптарын айналып өтіп, мемлекеттік сатып алу шартын заңсыз ұзарту әрекеті тоқтатылды.
Қабылданған шаралар прокуратураның заңдылықты қамтамасыз етудегі, бюджет қаражатын, бизнес құқығын және өңірдің инвестициялық ахуалын қорғаудағы маңызды рөлін көрсетеді.
Бүгін Комитетке Сингапурдың Сауда және индустрия министрлігінің делегациясы келді
Кездесуде инвесторлардың құқығын қорғау және инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу тетіктері таныстырылды.
Тараптар инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастықты дамыту және Сингапур инвесторларына қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Бүгінде Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 954,4 млн АҚШ долларын құрады, ал Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен шамамен 144 компания жұмыс істейді.
Кездесу соңында тараптар инвестициялық қызмет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды уағдаласты.
В Комитете по защите прав инвесторов приняли делегацию Министерства торговли и индустрии Сингапура
В ходе встречи презентованы механизмы защиты прав инвесторов и досудебного урегулирования споров между инвестором и государством.
Стороны обсудили вопросы сотрудничества по инвестиционным проектам и поддержки инвесторов из Сингапура.
Сегодня Сингапур является одним из ключевых партнёров Казахстана в регионе Юго-Восточной Азии.
22/05/2026
Қазақстан Гонконгпен құқықтық ынтымақтастықты күшейтті – Бас Прокурордың жұмыс сапары
Қазақстан Бас Прокуроры Берік Асыловтың Гонконгқа жұмыс сапары аясында қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша маңызды келісімдерге қол қойылды.
Берік Асылов Гонконгтың Қауіпсіздік жөніндегі хатшысы Крис Тангпен кездесіп, трансұлттық қылмысқа қарсы күрес, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысында тараптар:
– қылмыскерлерді ұстап беру;
– қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек;
– сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қойды.
Сонымен қатар Қазақстан мен Гонконг құқық қорғау органдары жедел және криминалистикалық ақпаратпен алмасуға, сондай-ақ жасанды интеллектіні пайдалана отырып қылмыстарды тергеудің заманауи тәжірибесін енгізуге уағдаласты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Макаомен және Сингапурмен де құқықтық көмек саласындағы халықаралық келісімдер жасаған болатын.
Осылайша Қазақстан Бас прокуратурасы Шығыс Азиядағы ірі қаржы және офшорлық орталықтармен халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
Nur-Sultan
010000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
