🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Рәміздер рухы-Конституция күші” атты жалпыұлттық акциясы аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұжымы Мемлекеттік Әнұранды орындап шықты.
➖
🇰🇿 С Днём государственных символов Республики Казахстан!
Коллектив Министерства промышленности и строительства РК в рамках акции "Рәміздер рухы - Конституция күші" исполнили Государственный Гимн Республики Казахстан
#РәміздерРухы,
#КонституцияКүші, #МеніңТуымМеніңМақтанышым
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Government Building, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі/Министерство промышленности и строительства РК, Nur-Sultan.
🇰🇿Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми парақшасы
➖
🇰🇿Официальная страница Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан
02/06/2026
📌 Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында ЖИ технологияларының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ірі металлургиялық кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және адами фактордың әсерін азайтуға бағытталған заманауи цифрлық мүмкіндіктерді енгізу барысы туралы мәлімдеді.
⏩ ERG компаниясының Дон тау-кен байыту комбинаты шахталарында персонал мен көлікті позициялау жүйесі енгізілген. Тәуекелдерді басқару және оқиғаларды талдау үшін бірыңғай AI-платформа құрылуда. Қауіпті аймақтарды бақылау және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін машиналық көру мен бейнеталдау технологиялары қолданылады. Сонымен қатар техниканы қашықтан басқару, карьерлердің тұрақтылығын, өрт қауіпсіздігін, желдету және газ ортасын бақылау жүйелері енгізілуде.
⏩ «Қазақмыс» корпорациясы Техникалық қайта жарақтандыру және цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның аясында 2031 жылға дейін тау-кен техникасын, желдету жабдықтарын жаңарту және металлургиялық өндірістерді жаңғырту жоспарланған. Бұдан бөлек, персонал мен техниканы позициялау жүйелерін, жерасты радиобайланысын, автоматтандырылған медициналық бақылауды, желдету мен газ ортасын мониторингтеуді, геомеханикалық және сейсмикалық мониторингті, бейнеталдау мен жасанды интеллект негізіндегі мүмкіндіктерді қамтитын өнеркәсіптік қауіпсіздіктің бірыңғай цифрлық контуры құрылуда.
⏩ Qarmet кәсіпорындарында персоналды мониторингтеу және позициялау жүйелері, конвейерлік көліктің автоматтандырылған өрт сөндіру жүйелері жұмыс істейді. Кеніштерде өндірістік цикл цифрландырылған және карьерлер мен өндірістік нысандардың цифрлық модельдерін жасау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылады. Байыту фабрикаларында технологиялық үдерістерді басқарудың заманауи жүйелері мен өнеркәсіптік роботтандыру элементтері енгізілуде.
Жасанды интеллект пен бейнеаналитика негізіндегі мүмкіндіктер қауіпті жағдайларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Цифрлық технологиялар өндірістік үдерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға жағдай жасап, тиімділікті арттыруға және тәуекелдерді тыңғылықты басқаруға ықпал етеді.
«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өзінің құзыретіне кіретін барлық салаларда аталған тетіктерді қолдану аясын кеңейту және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің заманауи стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу жұмыстарын жалғастыра береді», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
➖
📌 Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства сообщил о том, как технологии ИИ обеспечивают безопасные условия труда
Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова сообщил о ходе внедрения крупными металлургическими предприятиями современных цифровых решений, направленных на повышение уровня промышленной безопасности и снижение влияния человеческого фактора.
⏩ ERG на шахтах Донского ГОКа внедрена система позиционирования персонала и транспорта. Создается единая AI-платформа управления рисками и анализа происшествий. Применяются технологии машинного зрения и видеоаналитики для контроля опасных зон и соблюдения требований безопасности. Также внедряются системы дистанционного управления техникой и мониторинга устойчивости карьеров, пожарной безопасности, вентиляции и газовой среды.
⏩ Казахмыс реализует программу технического перевооружения и цифровизации, в рамках которой до 2031 года планируется обновление горно-шахтной техники, вентиляционного оборудования и модернизация металлургических производств. Кроме того, создается единый цифровой контур промышленной безопасности, включающий в себя системы позиционирования персонала и техники, подземную радиосвязь, автоматизированный медицинский контроль, мониторинг вентиляции и газовой среды, геомеханический и сейсмический мониторинг, решения на базе видеоаналитики и ИИ.
⏩ На предприятиях Qarmet действуют системы мониторинга и позиционирования персонала, автоматизированные системы пожаротушения конвейерного транспорта. На рудниках цифровизирован производственный цикл и используются беспилотные летательные аппараты для создания цифровых моделей карьеров и производственных объектов. На обогатительных фабриках внедряются современные системы управления технологическими процессами и элементы промышленной роботизации.
Внедряемые решения на базе ИИ и видеоаналитики обеспечивают автоматическое выявление опасных ситуаций. Цифровые технологии дают возможность контролировать производственные процессы в режиме реального времени, что способствует повышению эффективности и проактивному управлению рисками.
«Министерство продолжит работу по расширению использования данных механизмов и поэтапному внедрению современных стандартов промышленной безопасности во всех отраслях, относящихся к компетенции МПС», — подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.
02/06/2026
📌 ТМК кәсіпорындары жаңғырту ісіне 530 млрд теңгеден астам инвестиция салды – Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында баяндама жасады
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кәсіпорындардағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелеріне арналған инвестиция көлемін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тексеру барысында 55 шахта мен кеніш зерттеліп, 8 компанияға тиесілі 10 нысанда персоналды орналастыру және іздеу жүйелерінің жоқ екені анықталды.
Ерсайын Нағаспаев аталған компаниялардың өндірістік бағдарламаларын қайта қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Бүгінде 3 компаниямен келіссөз жүргізіліп, персоналды позициялау жүйелерін орнатуға инвестиция бөлу туралы келісім жасалды. Қалған 5 компания қажетті техникалық шешімдер мен жабдық жеткізушілерін анықтауда.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өндірістерді жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру тұрғысынан баса назар аударуды қажет ететін тау-кен металлургия кешенінің 50 ірі кәсіпорны айқындалды. Аталған кәсіпорындардың қызметін тиімді мониторингтеу үшін техникалық қайта жарақтандыруды бақылау картасы әзірленді. Осы бағдарлама қолға алынған сәттен бастап ТМК кәсіпорындары өндірістерді жаңғырту, техникалық жай-күйін жақсарту және кеңейту бойынша тиістіжұмыстарды жүзеге асырды. Бұл бағытқа ТМК кәсіпорындары жалпы көлемі 530 млрд теңгеден асатын инвестиция салды», – деді Ерсайын Нағаспаев.
➖
📌 Предприятия ГМК инвестировали свыше 530 млрд тенге в модернизацию – Ерсайын Нагаспаев выступил на заседании Правительства
Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова выступил с докладом о принимаемых мерах по обеспечению безопасных условий труда на предприятиях.
Министерством промышленности и строительства совместно с МЧС утвержден План мероприятий по увеличению инвестиций в системы промышленной безопасности недропользователей. В ходе ревизии обследованы 55 шахт и рудников, определены 10 объектов восьми компаний, где отсутствуют системы позиционирования и поиска персонала.
Ерсайын Нагаспаев проинформировал о проводимой работе по пересмотру производственных программ данных компаний. С тремя из них достигнуты договоренности о выделении инвестиций на установку систем позиционирования персонала, пять организаций определяют необходимые технические решения. На остальных шахтах требуется модернизация оборудования промышленной безопасности.
«По поручению Главы государства сформирован перечень из 50 крупных предприятий горно-металлургического комплекса, требующих приоритетного внимания в части модернизации производств и технического перевооружения. Для эффективного мониторинга деятельности указанных предприятий разработана Карта контроля технического перевооружения. С момента реализации данной программы предприятиями ГМК реализованы мероприятия по модернизации, поддержанию технического состояния и расширению производств с общим объемом инвестиций свыше 530 млрд тенге», — отметил Ерсайын Нагаспаев.
01/06/2026
📈 Қазақстан аумағын геологиялық тұрғыда зерделеу деңгейін арттыру: 5 жылдағы жұмыстың негізгі нәтижелері
Соңғы 5 жылда Қазақстанның геология саласында минералдық-шикізат базасын кеңейтуге, геологиялық зерттеулердің сапасын арттыруға және инвестициялық тартымдылықты күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілді.
2020-2025 жылдар аралығында геологиялық және геофизикалық зерттеулермен қамтылған аумақ көлемі 1 576,5 мың шаршы шақырымнан 2 038,2 мың шаршы шақырымға дейін ұлғайды. Бұл геологиялық зерделеу деңгейін арттырып, пайдалы қазбалардың жаңа перспективалы учаскелерін анықтауға мүмкіндік берді.
➡️ 2021 жылы Қазақстанның фанерозойлық түзілімдерінің стратиграфиялық схемаларын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Халықаралық хроностратиграфиялық шкалаға сәйкес жүргізілген бұл жұмыс отандық геологиялық деректерді халықаралық стандарттармен үйлестіруге және геологиялық зерттеулердің ғылыми негізін жетілдіруге мүмкіндік берді.
➡️ 2022 жылы Каспий маңы бассейнінің терең құрылымын зерттеуге бағытталған «Еуразия» жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Осы жылы Қазақстан Республикасының геология саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Құжатта саланы одан әрі дамытудың негізгі бағыттары белгіленді.
➡️ 2023 жылы геология саласының ғылыми-әдістемелік негізін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Стратиграфиялық және Петрографиялық кодекстері әзірленіп, жарияланды. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орналасқан Құйрықтыкөл учаскесінің жерде сирек кездесетін металдар бойынша келешегі зор екендігі анықталды.
Геологиялық зерттеулердің тиімділігін арттыру мақсатында 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілімдерді жүргізуге арналған 25 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
ℹ️ Осылайша, кейінгі жылдары жүзеге асырылған жұмыстар Қазақстанның минералдық-шикізат базасын кеңейтуге, геологиялық зерттеулердің сапасын арттыруға және елдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға қосылған маңызды үлес болып отыр.
➖
📈 Повышение уровня геологической изученности территории Казахстана: основные результаты работы за 5 лет
В геологической отрасли Казахстана за последние 5 лет проведена системная работа, направленная на расширение минерально-сырьевой базы, повышение качества геологических исследований и укрепление инвестиционной привлекательности сферы недропользования.
Площадь охваченной геолого-геофизическими исследованиями территории с 2020 по 2025 годы увеличилась с 1 576,5 тыс. кв. км до 2 038,2 тыс. кв. км. Это позволило повысить уровень геологической изученности страны и определить новые перспективные участки для поиска и освоения полезных ископаемых.
➡️ В 2021 году завершена модернизация стратиграфических схем фанерозоя Казахстана на основе Международной хроностратиграфической шкалы. Проведенная работа обеспечила гармонизацию отечественных геологических данных с международными стандартами и способствовала совершенствованию научной базы геологических исследований.
➡️ В 2022 году завершена первая фаза проекта «Евразия», направленного на изучение глубинного строения Прикаспийского бассейна. В том же году утверждена Концепция развития геологической отрасли РК на 2023–2027 годы, определившая основные направления дальнейшего развития отрасли.
➡️ В 2023 году в целях совершенствования научно-методической базы геологии разработаны и изданы Стратиграфический и Петрографический кодексы РК. Подтверждена высокая перспективность участка Куйректыколь, расположенного в Каркаралинском районе Карагандинской области, на редкоземельные металлы.
В целях повышения эффективности геологических исследований разработаны 25 проектно-сметных документаций на проведение геологической съемки масштаба 1:50 000.
ℹ️ Достигнутые за последние годы результаты способствуют укреплению минерально-сырьевой базы страны, повышению качества геологических исследований и созданию благоприятных условий для привлечения инвестиций в геологическую отрасль Казахстана.
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы
Ерсайын Нағаспаев Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михнёвпен Қазақстанның тау-кен секторын дамыту перспективаларын талқылады
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Жамбыл облысында «ЕуроХим» күкірт қышқылы зауытын іске қосу рәсіміне қатысты
Ерсайын Нағаспаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің XII отырысына қатысты
Жәннат Дүбірова ОКҚ-да өткен брифингте журналистерге Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты салаларды цифрландыру барысы туралы айтып берді
Рахымжан Исақұлов BRICS-тің "Жаңа өнеркәсіптік революция 2026" форумында сөз сөйледі
Қуандық Қажкенов Берлинде өткен Қазақстан мен Германия өкілдерінің құрылыс саласы бойынша тәжірибе алмасуына арналған іскерлік басқосуға қатысты
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері ЕЭФ-тің панельдік сессияларына қатысты
Мәжілісте машина жасау саласын дамыту жөніндегі заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды
Сарапшылар Қарағандыда өткен халықаралық конференцияда құрылыс саласын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады
Отбасы банкінің қолдауымен 8 мыңнан астам қазақстандық жалдамалы тұрғын үйге қол жеткізді
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов пен министрлік өкілдері «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» форумына қатысты
📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.
➖
📌 Дайджест недели МПС
Ерсайын Нагаспаев обсудил с постоянным представителем Всемирного банка Андреем Михневым перспективы развития горнорудного сектора РК
Министр промышленности и строительства принял участие в открытии в Жамбылской области завода по производству серной кислоты «ЕвроХим»
Ерсайын Нагаспаев принял участие в XII заседании Совета по промышленной политике государств-участников СНГ
Жаннат Дубирова на брифинге в СЦК рассказала журналистам о ходе цифровизации подотчетных МПС секторов
Рахымжан Исакулов выступил на Форуме БРИКС «Новая промышленная революция 2026»
Куандык Кажкенов принял участие в деловом визите по обмену опытом в области строительства между представителями Казахстана и Германии
Вице-министры промышленности и строительства приняли участие в панельных сессиях ЕЭФ
В Мажилисе одобрен во втором чтении законопроект по вопросам развития машиностроения
Эксперты обсудили цифровую трансформацию строительной отрасли на международной конференции в Караганде
Свыше 8 тыс. казахстанцев получили арендное жилье при поддержке Отбасы банка
Куандык Кажкенов и представители МПС приняли участие в работе «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация и современная урбанизация»
📍 Работа ведётся по всем направлениям деятельности Министерства.
🔗:
31/05/2026
🧪 Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні құтты болсын!
Химия саласы – еліміздің өнеркәсібі мен экономикасын дамытудағы негізгі қозғаушы күштердің бірі.
Құрметті сала қызметкерлері, Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, терең білімдеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ірі индустриялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылып, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуеті артып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жаңа жетістіктер мен барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!
➖
🧪 С Днем работников химической промышленности!
Химическая отрасль - один из ключевых драйверов развития промышленности и экономики страны.
Благодаря вашему профессионализму, знаниям и труду реализуются крупные индустриальные проекты, создаются новые производства и укрепляется промышленный потенциал Казахстана.
Желаем крепкого здоровья, благополучия, новых достижений и успехов во всех начинаниях!
30/05/2026
📌 Көкшетауда «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» республикалық форумы өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған форум жұмысына Өнеркәсіп жәнеқұрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, министрлік өкілдері,салалық ұйымдардың басшылары, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары және сала сарапшылары қатысты. Бұған дейін урбанистика саласындағы мәселелер Астана қаласында талқыланған-ды.
Форумды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ашып, іс-шараның тәжірибе алмасу мен қалалық ортаныдамытудың заманауи тәсілдерін қалыптастыруға арналған маңызды алаңға айналғанын атап өтті.
«Бүгінде Ақмола облысы экономикалық өсім, инвестиция тарту және тұрғын үй құрылысы қарқыны бойынша еліміздің жетекші өңірлерінің бірі болып отыр. Өткен жылдың қорытындысында облысымыз негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жөнінен Қазақстанда бірінші орынға шықты. Қалалық ортаны жаңғыртудағы жетістіктеріміз жалпы экономикалық даму қарқыныментығыз байланысты. Өңірімізде ең ауқымды жоспарларды жүзеге асыруға қажетті барлық ресурстар бар», – деді өңір басшысы.
ℹ️ Форум барысында қалалық ортаны кешенді дамыту бағытында жүзеге асырылған жұмыстар таныстырылды.
Негізгі жобалардың бірі – Жеңіс саябағын, Даңқ аллеясын,Тәуелсіздік алаңын және Қопа көлінің жаңа жағалауын біріктірген ауқымды «Көк шалғын» қалалық жобасы болды. Сонымен қатар Көкшетау, Щучинск және облыстың басқа да елді мекендерінде қоғамдық кеңістіктерді дамыту, заманауи сәулеттік жарықтандыруды енгізу, саябақтар мен жағалауларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
«Тұрғын үй қорын реновациялау мәселелеріне ерекше назараударылуда. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыста жүзеге асырылып жатқан ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасына оң баға беріп, Ақмола облысының тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне таратуды тапсырған», – деп атап өтті Қуандық Қажкенов.
Соңғы екі жылда өңірде Көкшетау қаласында, сондай-ақ Бұланды, Бурабай және Аршалы аудандарында 23 ескі тұрғын үй сүрілді. Азаматтарды көшіру үшін 763 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 248 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізсе, тағы 73 меншік иесіне өтемақы төленді. Жыл соңына дейін тағы 130 отбасын көшіру жоспарлануда.
Форумда инвестиция тарту, индустриялық аймақтарды дамыту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру және заманауи урбанистикалық шешімдерді енгізу мәселелері де талқыланды.
Қалалық кеңістіктерді ұйымдастырудың үлгісі ретінде форум қонақтарына Көкшетау қаласындағы «Жаңа жағалау» мен «Көк шалғын» серуен аймағы бойынша жаяу экскурсия ұйымдастырылып, реновация бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлердің бірі көрсетілді.
«Қазіргі таңда қалалық кеңістікті жаңғыртуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік бағдарламалар бар. Біздің міндетіміз – оларды қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру үшін тиімді пайдалану», – деп қорытындылады Марат Ахметжанов.
➖
📌 В Кокшетау прошел республиканский форум «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация и современная урбанизация»
В работе форума приняли участие вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов, представители Министерства промышленности и строительства, руководители профильных организаций, заместители акимов регионов и эксперты отрасли. Днем ранее опытом урбанистики поделились в Астане.
Форум открыл аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, подчеркнув, что мероприятие стало важной площадкой для обмена опытом и выработки современных подходов к развитию городской среды.
«Акмолинская область сегодня является одним из ведущих регионов страны по темпам экономического роста, привлечению инвестиций и развитию жилищного строительства. По итогам прошлого года регион занял первое место в Казахстане по объему инвестиций в основной капитал, а успех в модернизации городской среды неразрывно связан с темпами роста нашей экономики в целом. Наш регион сегодня обладает всеми необходимыми ресурсами для реализации самых амбициозных планов», – подчеркнул глава региона.
ℹ️ На форуме представлены достижения региона в сфере комплексного развития городской среды.
Одним из ключевых проектов стал масштабный городской проект Көк Шалғын, объединивший парк Жеңіс, Аллею Славы, площадь Тәуелсіздік и новую набережную озера Копа. Продолжается развитие общественных пространств, внедрение современного архитектурного освещения, благоустройство парков и набережных в Кокшетау, Щучинске и других населенных пунктах области.
«Особое внимание уделено вопросам реновации жилого фонда. Напомним, что в ходе рабочей поездки в регион в 2024 году Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев положительно оценил реализуемую в области программу обновления ветхого жилья и поручил масштабировать акмолинский опыт на другие регионы страны», – акцентировал Куандык Кажкенов.
К слову, за последние два года в регионе снесено 23 ветхих жилых дома в Кокшетау, Буландынском, Бурабайском и Аршалынском районах. Для переселения граждан построено и введено в эксплуатацию 10 многоквартирных домов на 763 квартиры. Новое жилье получили 248 семей, еще 73 собственникам выплачены компенсации. До конца года планируется переселение еще 130 семей.
На форуме также обсудили вопросы привлечения инвестиций, развития индустриальных зон, совершенствования механизмов государственно-частного партнерства и внедрения современных урбанистических решений. В качестве примера решения организации городских пространств в г. Кокшетау гостям предложили пешую прогулку по набережной Жаңа жағалау и прогулочной зоне Көк шалғын, а также выезд к одному из домов, построенному по программе реновации.
«Сейчас есть новые госпрограммы, в рамках которых можно преобразить городское пространство. Наша задача – их эффективно использовать для создания безопасной и комфортной среды», – подвел итог Марат Ахметжанов.
30/05/2026
🏠 8 мыңнан астам қазақстандық Отбасы банктің қолдауымен жалдамалы тұрғын үйге қол жеткізді
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы саналатын Отбасы банк даму институты ретінде 8 031 кезекте тұрған азаматтың қоныс тойын атап өтуіне мүмкіндік берді.
Олардың көпшілігі баспананы 20 жылдан астам уақыт күткен. Енді олар болашақта жекешелендіруге болатын жалдамалы тұрғын үйлерде тұрып жатыр.
2025 жылдың қыркүйегінен бері жергілікті атқарушы органдар Отбасы банкке жалпы саны 12 760 жалдамалы пәтерді тапсырды. Оның басым бөлігі иелерін тауып үлгерді. Қазір өңірлерде тағы 4 729 пәтерді бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Жалдамалы тұрғын үй – кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешудің ең қолжетімді жолы. Себебі бұл – өз бетінше үй немесе пәтер сатып алуы қиын санаттағы азаматтар. Олардың табысы төмен, бастапқы жарна жинауға және ипотеканы төлеуге мүмкіндігі жоқ. Жалдамалы тұрғын үйдің арқасында олар қазірдің өзінде қауіпсіз әрі жайлы баспанаға көшіп жатыр. Енді олардың балалары жиі мектеп немесе балабақша ауыстыруға мәжбүр болмайды. Әсіресе мұндай қолдау көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, жесірлер мен жалғызбасты ата-аналар үшін өте маңызды. Себебі мемлекеттік қолдаусыз олардың баспана мәселесін шешуі өте қиын, – деді Отбасы банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Банк қолдауымен жалдамалы тұрғын үйге ие болғандар:
- 1 651 көпбалалы отбасы;
- I және II топтағы мүгедектігі бар 1 304 қазақстандық;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 1 271 отбасы;
- «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 1 178 азамат. Бұл санат үшін заңнамада бөлінетін тұрғын үй көлемінің кемінде 20%-ы қарастырылған. Мұндай шара олардың қоныс тойын жақындата түсті.
• 456 жесір әйел мен жалғыз басты ер адам. Бұл – жаңа санат. Бұған дейін олар «толық емес отбасы» санатына кіретін. Ал бұл санаттағы кезек өте көп болғандықтан, баспана күту уақыты ұзаққа созылатын. Енді қолдау нақты әрі уақытылы көрсетіліп жатыр.
Жалпы кезекте тұрған азаматтар үшін Отбасы банкке 24 177 пәтер берілді.
Кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлерді жергілікті әкімдіктер салады. Кейін пәтерлерді бөлу жұмыстарын Отбасы банк жүргізеді. Тұрғын үйді бөлудегі ең басты талап – кезекке қойылған күн. Енді азаматтарға кезек нөмірін бақылап отырудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда кезекке тұрған жылы мен санаттың басымдығы маңызды рөл атқарады.
Жалдамалы тұрғын үйден бөлек, Отбасы банк кредиттік тұрғын үйлерді де бөледі. Оларды сатып алу үшін 2% және 5% мөлшерлемемен (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме (ЖТСМ)) жеңілдетілген заемдар беріледі. Осы мақсатта әкімдіктер банкке 11 417 кредиттік пәтер тапсырды. Оның 5 016-сы сатылып, иелері қазір жаңа баспаналарын жайластырып жатыр.
Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 982 705 қазақстандық тұр. Оның шамамен 30%-ы немесе 310 878 адам баспана алуға бірінші кезектегі құқыққа ие.
Тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтардың тізімі, сондай-ақ мемлекет пен Отбасы банк қолдауымен қоныс тойын атап өткен азаматтар туралы ақпарат банктің ресми сайтында жарияланған. Бұл тұрғын үйді бөлу жүйесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін жасалды. Енді әрбір азамат мемлекеттік қолдаудың кімдерге беріліп жатқанын, кезектің қалай жылжып және пәтерлердің қалай бөлініп жатқанын көре алады.
*2% – ЖТСМ 2,0%-дан 2,1%-ға дейін
5% – ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін
➖
🏠 Свыше 8 тыс. казахстанцев получили арендное жилье при поддержке Отбасы банка
Отбасы банк (дочерняя организация холдинга «Байтерек») в качестве национального института развития помог отметить новоселье 8 031 очереднику. Многие из них квартиры ждали более 20 лет. Теперь они живут в арендном жилье, которое в будущем можно будет приватизировать.
Всего с сентября 2025 года местные исполнительные органы передали Отбасы банку 12 760 арендных квартир. Большая часть из них уже нашла своих хозяев. На стадии распределения в регионах сейчас находится еще 4 729 квартир.
- Арендное жилье - самый доступный способ решить жилищный вопрос очередников. Ведь это те категории граждан, которым сложно самостоятельно купить свой дом или квартиру. У них невысокий доход и нет возможности накопить первоначальный взнос, обслуживать ипотеку. Арендное жилье позволяет уже сейчас переехать в безопасные и комфортные условия. Им больше не придется менять постоянно место жительства, школу или детский сад для детей. Особенно важна такая поддержка для многодетных семей, людей с инвалидностью, сирот, вдов и вдовцов, которым без государственной помощи решить жилищный вопрос крайне сложно, - отметила председатель правления Отбасы банка Ляззат Ибрагимова.
При поддержке банка арендное жилье уже получили:
- 1 651 многодетная семья;
- 1 304 казахстанца с инвалидностью 1 и 2 группы;
- 1 271 семья, воспитывающая детей с ограниченными возможностями;
- 1 178 граждан, стоящих в очереди на жилье по категории «дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей». Для этой категории на законодательном уровне предусмотрена квота - не менее 20% от общего объёма распределяемого жилья. Данная мера значительно приближает новоселье.
- 456 вдов и вдовцов. Это новая категория. Ранее вдовы и вдовцы относились к категории «неполные семьи», которая является одной из самых многочисленных. Из-за этого процесс ожидания жилья для вдов и вдовцов затягивался. Теперь поддержка стала более адресной и своевременной.
Всего для очередников Отбасы банку было передано 24 177 квартир.
Жилье для очередников строят местные акиматы. Затем квадратные метры распределяет Отбасы банк. Самый главный критерий распределения жилья – дата постановки на учет. Очередникам больше не нужно следить за номером очереди. Теперь важен только год постановки на учет и приоритетность категории.
Кроме арендного жилья Отбасы банк также распределяет кредитное жилье. Для его покупки выдаются доступные займы по ставкам 2% и 5%*. Для этой цели акиматы передали банку 11 417 кредитных квартир, из них 5 016 квартир уже реализованы и их хозяева обустраивают свое жилье.
На данный момент в очереди на жилье стоят 982 705 казахстанцев. Порядка 30% очередников, или 310 878 человек, обладают первоочередным правом на получение жилья.
Списки казахстанцев, состоящих в очереди на жилье, а также тех, кто уже отметил новоселье при поддержке государства и Отбасы банк, опубликованы на официальном сайте банка. Это сделано для обеспечения максимальной прозрачности и открытости системы распределения жилья. Каждый желающий может увидеть, кому именно предоставляется государственная поддержка, как продвигается очередь и как распределяются квартиры среди очередников.
* 2% - ГЭСВ от 2,0% до 2,1%
5% - ГЭСВ от 5,2% до 5,8%
Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің XII отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанада Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің XII отырысына қатысты.
➖
В Астане состоялось XII заседание Совета по промышленной политике государств-участников СНГ
Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев принял участие в заседании Совета по промышленной политике государств СНГ, прошедшем в рамках Евразийского экономического форума.
29/05/2026
📌 Астанада урбанистика мәселелері бойынша форум өтті
Астанада урбанистиканы дамыту және өңірлерде Урбанистика орталықтарын құру мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысты.
«Урбанистиканы дамыту, қалалық ортаның сапасын арттыру және елді мекендерді абаттандыру Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының маңызды бағыты», - деді Қуандық Қажкенов.
Форум барысында Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген жаңа тәсілдер, өңірлік дизайн-кодтарды дамыту, елді мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру мен кешенді дамытуға арналған заманауи тетіктер талқыланды. Қатысушыларға елорданың урбанистика саласындағы тәжірибесі, қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытында жүзеге асырылған жобалар және қалалық ортаны одан әрі жетілдірудің перспективалық бағыттары таныстырылды.
Баяндамалармен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «ҚазОрталықТКШ» АҚ-ның, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК-ның, Астана қаласының Урбанистика орталығының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар сөз сөйледі.
ℹ️ Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, еліміздің өңірлерінде урбанистиканы дамыту бағытындағы алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
➖
📌 В Астане прошел форум по урбанистике
В Астане состоялось республиканское семинар-совещание по вопросам развития урбанистики и создания Центров урбанистики в регионах.
В работе семинар-совещания принял участие вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов.
«Урбанистика и развитие городской среды являются неотъемлемой частью реализации экологической программы «Таза Қазақстан». Сегодня перед нами стоит задача системного улучшения качества городской среды, формирования современного архитектурного облика населённых пунктов и внедрения единых стандартов благоустройства. Проведение подобных семинаров позволяет усилить взаимодействие с регионами и обеспечить эффективную реализацию поставленных задач», — отметил Куандык Кажкенов.
В ходе форума были обсуждены новые подходы, предусмотренные Строительным кодексом Республики Казахстан, развитие дизайн-кодов регионов, вопросы формирования архитектурного облика населённых пунктов, а также внедрение современных механизмов благоустройства и комплексного развития территорий. Участникам также представили опыт столицы в сфере урбанистики, реализованные проекты общественных пространств и перспективные направления дальнейшего развития городской среды.
С докладами выступили представители Министерства промышленности и строительства РК, акимата города Астаны, АО «КазЦентрЖКХ», РГП «Государственный градостроительный кадастр», Центра урбанистики города Астаны, а также международные эксперты.
ℹ️ По итогам встречи участники обменялись опытом и обсудили дальнейшее взаимодействие по развитию урбанистики в регионах страны.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Nur-Sultan
010000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
