03/04/2026
Правительство утвердило Концепцию развития бокса на 2026–2030 годы
В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева Правительством утверждена Концепция развития бокса на 2026–2030 годы.
Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов.
Развитие бокса в стране выходит на качественно новый уровень.
Основные цели стратегически важного для отрасли документа – увеличение числа граждан, занимающихся боксом, повышение качества подготовки спортсменов и конкурентоспособности казахстанских боксеров на международной арене.
Концепция включает 6 ключевых разделов и охватывает все направления развития отрасли.
Среди них следующие 5 приоритетных направлений:
•развитие инфраструктуры бокса;
•расширение массовости и формирование спортивного резерва;
•совершенствование научно-методического и медицинского сопровождения;
•повышение квалификации тренеров и судей;
•развитие международного сотрудничества и профессионального бокса.
Механизм реализации поставленных задач закреплен утвержденным комплексным планом, включающим 31 мероприятие. Данные меры направлены на системное решение актуальных задач отрасли и достижение конкретных результатов.
На сегодняшний день в Казахстане боксом занимаются более 153 тыс. человек, с которыми работают свыше 2 тыс. тренеров во всех 20 регионах страны.
В составе национальной сборной – 595 спортсменов, включая основной, молодежный, юниорский и юношеский составы.
По итогам прошедшего года более 39 тыс. детей занимаются боксом в детско-юношеских спортивных школах, с которыми работают 1 385 тренеров.
К 2030 году планируется увеличить число занимающихся боксом, повысить эффективность системы подготовки и укрепить позиции казахстанских спортсменов на мировом уровне.
Реализация Концепции придаст новый импульс системному развитию отрасли и станет важным шагом в развитии отечественного спорта, популяризации здорового образа жизни среди молодежи и укреплении имиджа страны на международной арене.
03/04/2026
Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Елімізде бокстың дамуы сапалы жаңа деңгейге көтерілуде. Сала үшін стратегиялық маңызы бар құжаттың негізгі мақсаты – бокспен шұғылданатын азаматтар санын көбейту, спортшылар даярлау сапасын және қазақстандық боксшылардың халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Тұжырымдама негізгі 6 бөлімді және саланы дамытудың барлық бағытын қамтиды. Олардың ішінде келесі 5 басым бағыт бар:
•бокс инфрақұрылымын дамыту;
•бұқаралық спортты кеңейту және спорт резервін қалыптастыру;
•ғылыми-әдістемелік және медициналық сүйемелдеу ісін жетілдіру;
•жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру;
•халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби боксты дамыту.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру тетігі 31 іс-шараны қамтитын бекітілген кешенді жоспардан тұрады. Бұл шаралар саланың өзекті міндеттерін жүйелі түрде шешуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда бокспен 153 мыңнан астам адам айналысады, олармен еліміздің барлық 20 өңірінде 2 мыңнан астам жаттықтырушы жұмыс істейді.
Ұлттық құрамада 595 спортшы бар, олар – негізгі, жастар, балалар және жасөспірімдер командалары.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 39 мыңнан астам бала балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде бокспен айналысуда, оларды 1 385 бапкер баулуда.
2030 жылға қарай бокспен айналысатындардың санын көбейту, дайындық жүйесінің тиімділігін арттыру және қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі позициясын нығайту жоспарлануда.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру саланың жүйелі дамуына жаңа серпін бермек және отандық спортты дамытуда, жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауда, сондай-ақ халықаралық аренада елдің имиджін нығайтуда маңызды қадам болмақ.
14/03/2026
⚜️Көрісу күні – Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні
📍Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «Көрісу күні – татулықтың бастауы» атты мәдени-танымдық іс-шара өтеді. Ұлттық музейдің Атриумында «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі» атты бағдарлама ұйымдастырылады. Құддыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры «Наурыз – театрлар мен мәдениеттердің қауышу мерекесі» жобасын ұсынады.
«Астана Опера» театрында «Күймен келген Көрісу» атты концерт өтсе, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Көрісу күні – Амал мерекесі» акциясы ұйымдастырылады.
Астанада ұлттық ойындарға арналған «Tartys Fest» фестивалі өтеді. Фестиваль аясында арқан тарту жарыстары жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып өткізіледі. Алматы қаласында Көктөбе алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Бұл күні мерекелік іс-шаралар еліміздің өңірлерін де қамтиды. Ақмола облысында «Көрісу күні» дәстүріне арналған концерттік бағдарламалар жоспарланған. Түркістан облысында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты облыстық челлендж өтеді.
Ал, Батыс Қазақстан облысында көрермендерге «Наурыз думан» атты мерекелік концерт ұсынылады.
———
⚜️Көрісу күні – первый день декады Наурызнама
📍В центре праздничной программы – мероприятия республиканских организаций культуры. В Национальном центральном музее РК пройдет культурно-познавательное мероприятие «Көрісу күні – татулықтың бастауы», в Атриуме Национального музея состоится программа «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі», Республиканский государственный академический уйгурский театр музыкальной комедии имени Куддуса Кужамьярова представит проект «Наурыз – праздник встречи театров и культур», в театре «Астана Опера» пройдет концерт «Күймен келген Көрісу», а в Государственном музее искусств имени Абылхана Кастеева состоится акция «Көрісу күні – амал мерекесі».
В Астане пройдет фестиваль национальных игр «Tartys Fest», где соревнования по арқан тарту будут сопровождаться использованием технологий искусственного интеллекта.
В Алматы на Кок-Тобе состоится праздничный концерт «Көрісу күні – Амал мерекесі» с участием звезд казахстанской эстрады.
Праздничные мероприятия в этот день охватят и регионы страны. В Акмолинской области запланированы концертные программы, посвященные традициям «Көрісу күні», в Туркестанской области пройдет областной челлендж «Көрісу күні – Амал мерекесі», а в Западно-Казахстанской области зрителям представят праздничный концерт «Наурыз думан».
14/03/2026
🇰🇿 Ербол Хамитов Милан–Кортина Паралимпиадасында алтын медаль жеңіп алды!
❄️ Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды.
🏆 Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі.
👏 Спортшымызды тарихи жеңісімен құттықтаймыз!
Естеріңізге сала кетейік, Ербол Хамитов үшін бұл — осы Паралимпиададағы екінші медаль. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысында қола жүлде иеленген еді.
Хамитовтың алтын медалі Қазақстан үшін қысқы Паралимпиада тарихындағы бесінші жүлде әрі екінші алтын. Сонымен қатар бұл — ел тарихындағы пара биатлоннан алғашқы алтын медаль. 🥇🇰🇿
06/02/2026
В Милане состоялась торжественная церемония открытия XXV зимних Олимпийских игр
В итальянских городах Милан и Кортина-д’Ампеццо официально стартовали XXV зимние Олимпийские игры. Главная церемония открытия состоялась на стадионе «Сан-Сиро» в Милане. Во время парада наций флаг Казахстана несли представитель шорт-трека Денис Никиша и спортсменка по фристайл-могулу Аяулым Амренова.
Одной из ключевых особенностей нынешней Олимпиады стал формат церемонии открытия, которая одновременно прошла на четырёх площадках. Денис Никиша присутствовал на торжестве в Милане, тогда как Аяулым Амиренова приняла участие в церемонии в коммуне Ливиньо, где будут проходить соревнования по лыжным дисциплинам. Олимпийский огонь в этот раз был зажжён сразу в двух местах - у Триумфальной арки в Милане и на площади Piazza Dibona в Кортина-д’Ампеццо. Официальное название церемонии - Armonia («Гармония»).
Зимние Олимпийские игры Милан–Кортина пройдут с 6 по 22 февраля. В соревнованиях примут участие около 3 тысяч спортсменов из 93 стран мира. Медали будут разыграны в восьми видах спорта по 16 дисциплинам - всего 116 комплектов наград. Сборную Казахстана представляют 36 спортсменов (18 мужчин и 18 женщин), которые выступят в 10 дисциплинах.
Все соревнования с участием национальной команды Казахстана будут транслироваться в прямом эфире на телеканалах Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» и Jibek Joly.
📸: Сали Сабиров
06/02/2026
Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми түрде XXV қысқы Олимпия ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтті. Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның көк байрағын Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әміренова (фристайл-могул) ұстап шықты.
Биылғы Олимпиаданың басты ерекшеліктерінің бірі – ашылу рәсімінің бір мезетте төрт жерде өтуі. Денис Никиша Милан қаласындағы салтанатқа қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы жарыстарын қабылдайтын Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды. Сондай-ақ Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде тұтанды: бірі Миландағы Салтанат қақпасында, екіншісі Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Dibona алаңында. Ашылу рәсімі Armonia («Үйлесім») деп аталды.
Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасы 6-22 ақпан күндері өтеді. Италиядағы төртжылдықтың басты додасына әлемнің 93 мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 8 спорт түрі (16 дисциплина) бойынша 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) 10 дисциплинада жүлдеге таласады.
Ұлттық құрама спортшылары қатысатын барлық жарысты Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
📸: Сали Сабиров
05/02/2026
❗️Минтуризма и спорта: Казахстан получил право проведения X Зимних Азиатских игр 2029 года — спустя 18 лет
Организация столь масштабного и комплексного международного соревнования станет отличной возможностью продемонстрировать спортивный потенциал Казахстана, а также его возможности по проведению крупных международных соревнований.
Ранее Казахстан успешно провёл Зимние Азиатские игры в 2011 году, получив высокую оценку со стороны международного спортивного сообщества. В тот период в городах Астана и Алматы был построен ряд спортивных объектов международного уровня. В настоящее время эти сооружения активно используются для подготовки спортсменов, проведения международных соревнований и популяризации здорового образа жизни среди населения.
Казахстан также обладает значительным опытом организации других крупных мультиспортивных мероприятий. В 2017 году страна приняла Всемирную зимнюю Универсиаду, которая была проведена на высоком организационном уровне. Кроме того, ежегодно на территории Казахстана проходят международные старты по зимним видам спорта, что подтверждает готовность страны к проведению соревнований самого высокого уровня.
Планируется, что предстоящие Зимние Азиатские игры будут проведены на базе уже существующей инфраструктуры. Таким образом, их организация не потребует строительства дополнительных крупных спортивных объектов. Имеющиеся спортивные комплексы позволяют провести соревнования по всем видам спорта, входящим в программу зимних Азиатских игр.
Напомним, в настоящее время в стране активно развиваются 13 зимних олимпийских видов спорта.
05/02/2026
❗️Туризм және спорт министрлігі: Қазақстан 18 жылдық үзілістен кейін 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды
Мұндай ауқымды әрі кешенді халықаралық жарысты ұйымдастыру Қазақстанның спорттық әлеуетін, сондай-ақ ірі халықаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатынын көрсетуге зор мүмкіндік.
Қазақстан бұған дейін 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын сәтті өткізіп, халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған еді. Сол кезде Астана мен Алматы қалаларында бірқатар заманауи спорт нысаны бой көтерді. Қазіргі таңда бұл нысандар спортшылардың дайындық деңгейін арттыруға, халықаралық жарыстар өткізуге және ел тұрғындарының саламатты өмір салтын насихаттауға қызмет етіп келеді.
Сондай-ақ еліміз бұдан басқа да ірі кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибеге ие. 2017 жылы елде Дүниежүзілік қысқы Универсиада жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар Қазақстан аумағында жыл сайын қысқы спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізіліп келеді, бұл елдің ең жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайын екенін білдіреді.
Алдағы қысқы Азия ойындарын қолданыстағы инфрақұрылым базасында өткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қосымша ірі спорт нысандарын салу қажеті жоқ. Қолда бар спорт кешендері қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінен жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда елімізде қысқы олимпиадалық 13 спорт түрі қарқынды дамып келеді.
02/02/2026
Представляем вашему вниманию расписание выступлений сборной Казахстана на зимней Олимпиаде-2026 📌
02/02/2026
Назарларыңызға Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиададағы жарыс кестесін ұсынамыз 📌
22/01/2026
Ербол Мырзабосынов с рабочим визитом посетил Актюбинскую область
Министр туризма и спорта РК посетил Актюбинскую область, где ознакомился с развитием спортивной и туристской инфраструктуры региона и встретился со спортсменами.
В ходе визита министр осмотрел новый инклюзивный спортивный комплекс «Қуат» в Актобе, созданный для подготовки спортсменов с особыми потребностями в рамках поручений Главы государства по развитию доступной спортивной среды.
Также была представлена деятельность туристского информационного центра «Visit Aktobe», который занимается продвижением туристского потенциала области.
В программе поездки — осмотр дворца спорта «Жекпе-жек», где развиваются различные виды спорта, включая фехтование, а также ледовой арены и областного центра настольного тенниса «Ақтөбе», открытого в 2023 году и соответствующего международным стандартам.
По итогам поездки отмечено, что в Актюбинской области последовательно развивается современная спортивная и туристская инфраструктура, ориентированная на массовый спорт и развитие внутреннего туризма.
22/01/2026
Ербол Мырзабосынов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі спорт және туризм инфрақұрылымының даму барысымен танысып, жергілікті спортшылармен кездесті.
Сапар барысында министр Мемлекет басшысының қолжетімді спорт ортасын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ерекше қажеттіліктері бар спортшыларды даярлауға арналған Ақтөбе қаласындағы жаңа инклюзивті «Қуат» спорт кешенін аралады. Сонымен қатар өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған Visit Aktobe туристік ақпараттық орталығының қызметімен танысты.
Іссапар аясында әртүрлі спорт түрлері дамытылып жатқан, соның ішінде семсерлесуге ерекше мән берілетін «Жекпе-жек» спорт сарайына, сондай-ақ 2023 жылы ашылған халықаралық стандарттарға сай келетін «Ақтөбе» мұз айдыны мен облыстық үстел теннисі орталығына барды.
Сапар қорытындысында Ақтөбе облысында бұқаралық спортты дамыту және ішкі туризмді өркендетуге бағытталған заманауи спорттық әрі туристік инфрақұрылымның жүйелі түрде дамып келе жатқаны атап өтілді.