Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі

Share

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі

01/06/2026

Аудан абыройын асқақтатқан дарындар

✍️2025–2026 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңімпаз атанған Бөкей ордасы ауданының дарынды оқушылары 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлымен кездесті. Облыс орталығындағы Тұңғыш Президент алаңында өткен салтанатты кездесуге ауданымыздың білім мен ғылым саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген бір топ оқушысы арнайы шақырылып, құрметке ие болды. Бұл шара жас дарындардың еңбегін бағалап, олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына үлкен мотивация берді.

01/06/2026

Құрметті балалар, қадірлі ата-аналар мен ұстаздар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баланың күлкісі мен бақыты – әр отбасының ғана емес, тұтас қоғамның қуанышы. Сондықтан әрбір баланың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы білім алып, өз арманына сеніммен қадам басуы – бәріміз үшін маңызды міндет.
Бөкей ордасы ауданында балалардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, шығармашылық және спорттық қабілеттерін шыңдауына, сондай-ақ қауіпсіз әрі бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Қымбатты балалар! Сіздерге көтеріңкі көңіл күй, жарқын жетістіктер, мықты денсаулық және бақытты балалық шақ тілеймін. Армандарыңыз асқақ болып, білім мен өнердің биігінен көрініп, ата-аналарыңыздың қуанышы, туған өлке мен еліміздің мақтанышы болып өсіңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Жігерқызы

29/05/2026

📍 «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»
«Өсу векторы» жобасы аясындағы облыстық семинар
Бөкей ордасы ауданында ұйымдастырылған облыстық семинар білім беру саласындағы жаңашылдық пен цифрлық трансформация бағыттарын талқылауға арналды. Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасап, жасанды интеллект пен заманауи цифрлық платформаларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдарын көрсету.
Іс-шара аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы Даумовтың және БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы Сафуллиннің құттықтау сөздерімен басталды. Олар өз сөздерінде қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрлық өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен инновациялық ізденістеріне қолдау білдірді.
Семинар барысында қатысушыларға білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған бірқатар цифрлық жобалар мен интеллектуалды платформалар таныстырылды. Атап айтқанда, Eneasy платформасындағы Zerek ақылды көмекшісінің мүмкіндіктері көрсетіліп, оның мұғалім жұмысына әдістемелік қолдау көрсету бағытындағы тиімділігі айтылды. Сонымен қатар Mentor AI платформасы арқылы педагогтердің сабақ жоспарлау, тапсырма әзірлеу және оқу процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктері кеңейтілді.
Жиында деректерге негізделген мектеп моделін қалыптастыру мәселесі де қозғалды. NotebookLM интеллектуалды көмекшісі арқылы ақпараттарды жүйелеу, талдау және оқу сапасын арттыру бағытындағы тәжірибелер ұсынылды. Сондай-ақ жасанды интеллект негізінде білім беру ұйымдарын тиімді басқару, басқарушылық шешімдерді оңтайландыру және цифрлық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Семинар алаңы педагогтер үшін тәжірибе бөлісіп, жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік берген маңызды кәсіби ортаға айналды. Қатысушылар цифрлық білім беру ресурстарының тиімділігіне жоғары баға беріп, болашақта мұндай тәжірибелік кездесулерді жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Семинар соңында БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар педагогтерді марапаттап, олардың еңбегіне алғыс білдірді.

29/05/2026
28/05/2026

📌 «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»
«Өсу векторы» жобасы аясындағы облыстық семинар
Бөкей ордасы ауданында білім беру саласының өзекті бағыттарын талқылауға арналған облыстық семинар өтуде. Семинар жұмысына басқарма басшысы Елдос Сафуллин, облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері мен білім беру ұйымдарының директорлары қатысуда.
🔹 Семинардың басты мақсаты – тарихи құндылықтарды заманауи цифрлық білім беру үдерісімен ұштастыра отырып, өңірдегі үздік тәжірибелерді тарату, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді жобаларды таныстыру және педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайту.
📚 Семинар барысында ауданның білім беру ұйымдары өз тәжірибелерімен бөлісті:
▫️ «Ер Төстік» бөбекжайы – мектепке дейінгі тәрбиедегі инновациялық жобалар мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстарын ұсынды.
▫️ Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы ЖОББМ – бастауыш білім сапасын арттыруға арналған тәжірибелік алаң ұйымдастырып, педагогикалық идеялар мен кітап оқуды насихаттау жұмыстарын көрсетті.
Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы – туған өлкенің тарихи мұрасын дәріптейтін туристік-өлкетанушылық жобаларын таныстырды.
▫️ Мәншүк Мәметова атындағы ЖОББМ – дарынды оқушылармен жұмыс, олимпиада жеңімпаздарын даярлау тәжірибесі және жас зерттеушілердің инновациялық жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
▫️ Бөкей ордасы колледжі – «Кәсіптік білім және цифрлық трансформация» алаңында техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи мүмкіндіктерді таныстырды.
✨ Семинар аясында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен жаңа мүмкіндіктерді талқылады.

27/05/2026

🌙 ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🕋✨

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды! 🤍
Бұл ұлық мереке — мейірім мен қайырымдылықтың, татулық пен ізгіліктің символы.
Айт күндері әр шаңыраққа береке, молшылық пен қуаныш әкелсін! 🙏
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр отбасының мерейі үстем болсын!
Жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болып, жүректеріңізге нұр мен жылу сыйласын! ✨
Ізгі ниет пен ақ тілектер тоғысқан қасиетті мереке баршаңызға құт-береке әкелсін! 🌙💫
Білім беру бөлімінің баспасөз қызметі
@Нургуль Умарова@Эмиль Темирбекулы

26/05/2026

🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 👏👏👏

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» атты сырттай облыстық (би) байқауында жоғары нәтиже көрсеткен «Ақбота» және «Салтанат» бөбекжай ұжымдарын шын жүректен құттықтаймыз! 🌟
🏅 «Ақбота» бөбекжайы — «Үздік костюм» номинациясының иегері атанды.
🏅 «Салтанат» бөбекжайы — ортаңғы топ бойынша ІІ орын иеленді.
Бұл — бүлдіршіндердің таланты мен жетекшілердің тынымсыз еңбегінің жемісі. 💐
Жетекшілерге шығармашылық табыс, ал кішкентай өнерпаздарға жарқын жеңістер мен биік белестер тілейміз! ✨

26/05/2026

🏆 ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! 👏👏👏

М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі еліміздің «100 үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енді! 🇰🇿✨
2025–2026 оқу жылындағы республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша М.Маметова мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл — білім мен бәсекеде биік белестерді бағындырған дарынды оқушылар мен білікті ұстаздардың бірлескен еңбегінің жемісі. 🌟
Республикалық олимпиада жүлдегерлерін, олардың жетекшілерін және мектеп ұжымын зор жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Бұл табыс — мектеп мерейі, аудан абыройы! 🏅📚
Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! 🚀@Эмиль Темирбекулы@Нургуль Умарова

Want your business to be the top-listed Government Service in Oral?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address

Т. Жароков 27
Oral
090200