17/07/2026
ОСК «АҚ ЖОЛ» ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ
✅ Бүгін Астанада ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны аясында Орталық сайлау комиссиясының бесінші отырысы өтті.
Отырысқа «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің басшылығы, ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық байқаушылары, Бас прокуратураның, сыртқы істер, қаржы, ішкі істер, әділет министрліктерінің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар бейнеконференциялық режимде елорда, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қосылды.
Күн тәртібіне сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу, сондай-ақ 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу мәселелері қаралды.
Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров елімізде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жұмыстарының жалғасып жатқандығына тоқталды.
«Сайлау науқаны аясында Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жұмыстары жалғасуда. Бұл рәсім Құрылтай сайлауын дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 17 тамыз күні сағат 18:00-де аяқталады», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Сондай-ақ ол аккредиттеу жөніндегі ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы мәліметтер жаңартылып отыратынын атап өтті. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік Құрылтай депутаты болып сайлану үшін азамат Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сай болуы қажет екендігіне тоқталып өтті. Атап айтқанда, азамат Қазақстан Республикасының азаматы болуы, соңғы 10 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруы және жасы 25-тен кем болмауы тиіс. Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған азаматтар, сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ.
«Орталық сайлау комиссиясына «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 63 адамнан тұратын партиялық тізімін ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы жіберген сауалға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар партиялық тізімге енгізілген адамдардың Құрылтай депутаты болып сайлану үшін Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімдегі 22 кандидат - әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар болып табылады, олар жалпы тізімнің 34,9 процентін құрайды. Белгіленген квота сақталды. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді» - деді Ләззат Сүйіндік.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 88-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғары өкілді орган депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын алған саяси партиялар ағымдағы сайлау науқаны барысында сайлау жарнасын төлемейді. Осыған орай, Ләззат Сүйіндік «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаттарын сайлауда сайлаушылардың 8,41 пайыз дауысын алғанын еске салды.
Отырыс соңында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері хаттамаларға қол қойып, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылдады. Тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктер табысталды.
https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=10326
ЦИК ЗАРЕГИСТРИРОВАЛА ПАРТИЙНЫЙ СПИСОК
ДЕМОКРАТИЧЕСКОЙ ПАРТИИ КАЗАХСТАНА «АҚ ЖОЛ»
✅ Под председательством Нурлана Абдирова сегодня в Астане прошло пятое заседание Центральной избирательной комиссии РК в рамках избирательной кампании по выборам депутатов Курултая Республики Казахстан.
Участие в его работе приняли руководство общественного объединения Демократическая партия Казахстана «Ақ жол», международные наблюдатели от БДИПЧ ОБСЕ, представители Генеральной прокуратуры, Министерств иностранных дел, финансов, внутренних дел, юстиции, а также СМИ. Кроме того, в режиме видеоконференцсвязи были подключены председатели и члены территориальных избирательных комиссий столицы, областей и городов республиканского значения.
В соответствии с повесткой дня были рассмотрены вопросы Об аккредитации наблюдателей иностранных государств и международных организаций, а также о регистрации партийного списка общественного объединения Демократическая партия Казахстана «Ақ жол» на выборы депутатов Курултая Республики Казахстан, назначенных на 23 августа 2026 года.
Открывая заседание, Председатель ЦИК Нурлан Абдиров напомнил о продолжающейся в стране аккредитации наблюдателей иностранных государств и международных организаций.
«В рамках избирательной кампании продолжается процедура аккредитации наблюдателей от иностранных государств и международных организаций по представлению Министерства иностранных дел. Данная процедура завершается 17 августа в 18.00 в соответствии с календарным планом основных мероприятий по подготовке и проведению выборов в Курултай», - отметил Нурлан Абдиров.
Заместитель Председателя Центральной избирательной комиссии Мухтар Ерман напомнил о том, что с момента открытия 1 июля 2026 года института международного наблюдения за выборами депутатов Курултая Республики Казахстан Центральной избирательной комиссией аккредитованы 60 наблюдателей от 4 иностранных государств и 3 международных организаций.
«По состоянию на 17 июля 2026 года в Центральную избирательную комиссию от Министерства иностранных дел на аккредитацию представлены кандидатуры 16 наблюдателей от 4-х иностранных государств и 3-х международных организаций. В том числе от ПА ОБСЕ - 1 кандидатура, от ПА ОДКБ - 6 кандидатур, включая Ответственного секретаря Ассамблеи, от Миссии БДИПЧ ОБСЕ - 1 наблюдатель, от Грузии - 2 кандидатуры, в том числе Председатель Центральной избирательной комиссии Грузии, от Исламской Республики Иран - 2 кандидатуры, в том числе Посол Ирана в Казахстане, от Королевства Швеция - 2 кандидатуры, в том числе Посол Швеции в Казахстане и от Кыргызской Республики - 2 наблюдателя», - проинформировал Мухтар Ерман.
Также он отметил, что по мере поступления предложений для аккредитации данные по наблюдателям будут обновляться. По итогам рассмотрения вопроса, члены ЦИК приняли постановление об аккредитации наблюдателей иностранных государств и международных организаций.
Выступая с докладом по второму вопросу повестки дня член ЦИК Ләззат Сүйіндік напомнила, что для избрания депутатом Курултая гражданин должен удовлетворять требованиям, установленным Конституцией и Конституционным законом о выборах. В частности, гражданин должен иметь гражданство Республики Казахстан, постоянно проживать на территории Республики Казахстан последние 10 лет и быть не моложе 25 лет. Вместе с тем не вправе быть избранными граждане Республики Казахстан, недееспособность которых признана судом, граждане Республики Казахстан, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законом порядке, а также граждане Республики Казахстан, вина которых в совершении коррупционного преступления или коррупционного правонарушения признана судом в установленном законом порядке.
«Демократическая партия Казахстана «Ақ жол» представила в ЦИК партийный список, состоящий из 63 человек. В соответствии с запросом, направленным Центральной избирательной комиссией в уполномоченные государственные органы, была проведена проверка соответствия лиц, включенных в партийный список, требованиям Конституции и Конституционного закона о выборах. 22 кандидата в представленном партийном списке - женщины, молодежь и лица с инвалидностью, что составляет 34,9%. Установленная законом квота сохранена. Все лица, включенные в партийный список, соответствуют требованиям Конституции и Конституционного закона о выборах», - подчеркнула Ләззат Сүйіндік.
Отметим, что согласно пункту 2, статьи 88 Конституционного закона о выборах, политические партии, получившие 5 и более процентов голосов избирателей, принявших участие в голосовании на предыдущих выборах депутатов в высший представительный орган, в ходе текущей избирательной кампании не оплачивают избирательный взнос. В этой связи член ЦИК напомнила, что Демократическая партия Казахстана
«Ақ жол» получила 8,41% голосов на выборах VIII созыва депутатов Мажилиса Парламента РК.
В завершение заседания, члены Центризбиркома подписали протоколы и приняли постановление о регистрации партийного списка Демократической партии Казахстана «Ақ жол» на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан, назначенных на 23 августа 2026 года. Зарегистрированные кандидаты получили соответствующие удостоверения.
HTTPS://WWW.ELECTION.GOV.KZ/RUS/NEWS/RELEASES/INDEX.PHP?ID=10325