07/07/2026
🗓 2026 жылғы 8 шілде күні сағат 11:00-де Батыс Қазақстан облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Мәлікұлы Қамашев:
«БҚО-дағы байланыс және мобильді интернет сапасын жақсарту жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізеді.
Кездесу барысында өңірдегі телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, мобильді байланыс пен интернет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері және алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріледі.
📍 Өтетін орны: «JAIYQ PRESS» медиахолдингінің ғимараты, Мұхит көшесі, 57/1.
🗓 8 июля 2026 года в 11:00 руководитель Управления цифровых технологий Западно-Казахстанской области Нургиса Маликович Камашев проведет пресс-конференцию на тему:
«О ходе работ по улучшению качества связи и мобильного интернета в Западно-Казахстанской области».
В ходе встречи будут представлены результаты проводимой работы по развитию телекоммуникационной инфраструктуры региона, повышению качества мобильной связи и интернета, а также планы на ближайший период.
📍 Место проведения: здание медиахолдинга «JAIYQ PRESS», ул. Мухита, 57/1.
#БҚО #Цифрландыру #Батысқазақстан
06/07/2026
🇰🇿 Астана күні құтты болсын!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы, ел бірлігі мен жарқын болашағының көрінісі. Елордамыздың өркендеуі – мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен халқымыздың бірлігінің айқын дәлелі.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Еліміз тыныш, көк туымыз биік, Астанамыз әрдайым көркейіп, Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!
Мереке құтты болсын! 🇰🇿✨
05/07/2026
Ұлттық
ДОМБЫРА КҮНІ
құтты болсын!
Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы, ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы.
Қасиетті өнерімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай берейік!
Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбекте толағай табыс және отбасыларыңызға амандық тілейміз!
01/07/2026
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Құрметті отандастар!
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.
Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.
15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.
Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.
Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.
Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!
Қазақстан Республикасы жасай берсін!
Халқымыз мәңгі жасасын!
#БҚО #Цифрландыру #Батысқазақстан
05/06/2026
Ұлытау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа цифрлық форматы - алғашқы цифрлық Smart Point ХҚКО ашылды
Ұлытау облысы елімізде жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО іске қосылған алғашқы өңір болды. Бұл – мемлекеттік қызметтерді алудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи әрі инновациялық кеңістік. Жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, электрондық қызметтерді өздігінен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың ыңғайлы, заманауи әрі технологиялық ортасын дамытуға бағытталған.