01/07/2026
⚜️Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева
по случаю вступления в силу Новой Конституции Казахстана
Уважаемые соотечественники!
От всего сердца поздравляю вас с поистине эпохальным событием – вступлением в силу Новой Конституции нашей страны!
Сегодня начинается новая эра в истории суверенного Казахстана. Мы выходим на магистральный путь поступательного прогресса, политических и экономических реформ, масштабной модернизации.
Этот день знаменует собой кардинальную перестройку политической системы, трансформацию ключевых институтов государства и гражданского общества.
На общенациональном референдуме 15 марта народ Казахстана сделал судьбоносный выбор, определивший горизонты развития государства на многие десятилетия вперед. Это историческое решение навсегда останется в летописи страны как яркий пример подлинного патриотизма и высокой гражданской ответственности миллионов наших соотечественников.
Глубоко символично, что День Конституции отныне неразрывно связан с началом декады «Наурызнама». Знаковая дата гармонично объединяет многовековые традиции весеннего возрождения с основополагающими принципами Нового Основного закона – стремлением к гражданской солидарности, передовым знаниям и добросовестному труду на благо Родины.
Убежден, опираясь на незыблемый правовой фундамент поистине всенародной Конституции, мы обязательно достигнем всех поставленных целей и утвердим в обществе созидательные ценности Закона и Порядка, Трудолюбия и Прогресса, Чистоты и Природолюбия.
Сплотившись в нерушимый монолит общенационального единства, мы непременно покорим вершины мировой цивилизации и построим Справедливый Казахстан – государство равных возможностей и всестороннего развития всех без исключения граждан!
Выражаю уверенность в конечном успехе намеченных планов, ведущих к процветанию нашего Отечества.
Да здравствует Республика Казахстан!
Да здравствует наш народ!
t.me/aqorda_resmi
01/07/2026
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Құрметті отандастар!
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.
Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.
15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.
Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.
Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.
Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!
Қазақстан Республикасы жасай берсін!
Халқымыз мәңгі жасасын!
t.me/aqorda_resmi
29/05/2026
29 мамыр күні "Ашық есік күні" аясында Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасына Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-олимпиадалық резерв колледжінің оқушылары келді.
Кездесу барысында болашақ спортшылар басқарманың негізгі қызмет бағыттарымен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, талдау және мониторинг жүргізу жұмыстары туралы ақпарат алды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі жөнінде түсіндірме беріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шара жастардың мемлекеттік басқару жүйесіне деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби бағдар беру жұмыстарына бағытталды.
10/05/2026
9 мамыр - Жеңіс күні стратегия және экономикалық даму басқармасының ұжымы Отан қорғаушылар мен тыл еңбеккерлерінің ерен ерлігіне тағзым етіп, Мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Бұл күн — біздің ортақ тарихымыздың, қаһармандық пен қайсарлықтың символы.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!
09/05/2026
Ұлы жеңіс күні құтты болсын!
28/04/2026
Бүгін басқарма басшысы Б.Т. Қонысбаева төрағалығымен 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша ұжыммен кеңес өтті.
Кеңесте бес негізгі бағыт белгіленді:
✅ Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
✅ Сыбайлас жемқорлықты болдырмайтын орта қалыптастыру
✅ «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа» төзімсіздікті арттыру
✅ Комплаенс-қызметтердің тиімділігін күшейту
✅ Құқықтық реттеуді жетілдіру
Талқылау барысында қатысушылар тарапынан маңызды ұсыныстар да айтылды: барлық іскерлік процестерді автоматтандыру және мемлекеттік қызметтерді біріктіретін бірыңғай интеграцияланған база құру қажеттігі атап өтілді.