08/10/2026
📚 Пробация қызметкерлеріне арналған оқу құралы жарық көрді
Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Анара Уалиева ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы Аманат Мұратпен бірлесіп, «Үкімдік пробация қызметінің құқықтық негіздері мен ұйымдастырылуы» тақырыбында оқу құралын дайындап, басып шығарды.
Үкімдік пробация- пробацияның негізгі түрлерінің бірі болып табылады және сот үкімімен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдармен жұмысты ұйымдастыруға бағытталған.
Аталған оқу құралы, ең алдымен, білім беру ұйымдарында білім алушыларға, сондай-ақ пробация қызметінің қызметкерлеріне олардың кәсіби даярлығын арттыру және біліктілігін жетілдіру мақсатында арналған.
Оқу құралының бірнеше данасы Павлодар облысының пробация қызметкерлеріне танысу және алынған білімді практикалық жұмыста қолдану үшін табысталды.