15/07/2026
СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын мониторингтеуді жалғастыруда.
Мониторингтің бағыттарының бірі — облыс мектептеріндегі педагогтердің бос лауазымдарының (вакансияларының) болуы.
Департамент қызметкерлері кадр мәселесін шешу бойынша Петропавл қаласының «А. Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№26 мектеп-балабақшасы» КММ және «№31 негізгі орта мектебі» КММ жұмысын зерделеді.
Мектептер бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды http://xn--nb-mlccz.kz/ порталында, әлеуметтік желілерде және білім беру ұйымдарының ресми сайттарында орналастырған.
№25 ОМ мен №31 НОМ-де педагогтерді лауазымға тағайындау бойынша конкурстар өткізілуде.
Орта білім беру ұйымдарында педагогтерді лауазымдарға тағайындау конкурсы электрондық форматта «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
№26 мектеп-балабақшасында конкурс тамыз айында өткізіледі.
Мектептердің жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындық мониторингісі жалғасуда.
Департаментом по обеспечению качества в сфере образования СКО продолжается мониторинг готовности школ к новому учебному году. Одним из направлений мониторинга является наличие вакансий педагогов в школах области.
Сотрудники Департамента изучили работу КГУ «Общеобразовательная средняя школа №25 имени А.Бокейхана», КГУ «Школа-детский сад №26» и КГУ «Неполная средняя школа № 31» г.Петропавловска по решению кадрового вопроса. Школами размещены объявления о вакансиях на портале http://xn--nb-mlccz.kz/, в социальных сетях и на официальных сайтах организаций образования.
В СШ№25 и ОШ№31 проводятся конкурсы на назначения на должности педагогов.
Конкурс на назначение педагогов на должности в организации среднего образования осуществляется в электронном формате в модуле «Прием на работу педагога» (https://hr-nobd.edu.kz/).
В школе-детском саду №26 конкурс будет проведен в августе месяце.
Мониторинг готовности школ к новому 2026-2027 учебному году продолжается
10/07/2026
Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева және білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Күлзағира Бикенқызы Нұртаева 2026-2027 оқу жылының басына мектептердің дайындығына мониторинг жүргізу шеңберінде Қызылжар ауданының Соколов орта мектебі мен Соколов арнайы мектеп-интернатына барды.
Соколов орта мектебінде шатырды, жылыту жүйесін, спорт залын күрделі жөндеу жоспарланған, жоба екі жылдық, бас мердігер «Максимум Север» ЖШС (Петропавл қ.) болып табылады.
Бүгінгі күні шатырдың жөндеу жұмыстары жүргізілді: 30% шатырды демонтаждау, монтаждау - 30%, сондай-ақ жылыту жүйесін жөндеу жүргізілуде: 100% бөлшектеу, 50% монтаждау, 90% радиаторлардың тауашаларын әрлеу. Нысанда 10 адам жұмыс істейді.
Соколов арнайы мектеп-интернатында мектептің қазандығын жөндеу жоспарланған, мердігер ұйым «KZYLTU GROUP» ЖШС болып табылады. Жұмыс түрлері: қазандықтың шатырын жөндеу, ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарын жүргізу және душ кабиналарын жөндеу.
Бүгінгі күні конкурстық рәсімдер аяқталды.
Департамент мектептерді жаңа оқу-жылына даярлау мониторингін жалғастыруда.
Мониторинг подготовки школ к началу учебного года
10 июля текущего года руководитель Департамента Таласбаева Гульнар Темирбулатовна и главный специалист отдела государственного контроля и лицензирования образовательной деятельности Нуртаева Кульзагира Бикеновна в рамках проведения мониторинга по готовности школ к началу 2026-2027 учебного года посетили Соколовскую среднюю школу и Соколовскую специальную школу-интернат Кызылжарского района.
В Соколовской средней школе запланирован капитальный ремонт кровли крыши, системы отопления, спортивного зала, проект двухгодичный.
Генеральным подрядчиком является ТОО «Максимум Север» (г.Петропавловск).
На сегодняшний день проведены кровельные работы крыши: демонтаж 30% монтаж крыши 30%, также проводится ремонт системы отопления: демонтаж 100%, монтаж 50%, отделка ниш радиаторов 90%.
На объекте работает 10 человек.
В Соколовской специальной школе-интернат запланирован текущий ремонт котельной школы. Подрядная организация-ТОО «KZYLTU GROUP». Виды работы: ремонт крыши, внутренний и наружный ремонт и душевных кабин.
На сегодняшний день завершены конкурсные процедуры.
Департаментом мониторинг подготовки школ продолжается.
09/07/2026
Эксперттерді мараппаттау туралы
Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау іс-шараларын өткізуге үлес қосқан сарапшыларға алғыс хаттар табыс етті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Алғыс хаттарымен №8 эстетикалық тәрбие кешені-жалпы орта білім беретін мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Марина Владимировна Тернова, №44 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Наталья Юрьевна Майданевич және Петропавл қаласы Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия директоры Бақыт Ерікқызы Алдабергенова марапатталды.
Департамент басшысы әріптестеріне зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс тіледі.
Награждение экспертов
9 июля текущего года руководитель департамента Таласбаева Гульнар Темирбулатовна вручила благодарственные письма педагогам -экспертам, внесшим вклад в проведение мероприятий государственного контроля в сфере образования.
Благодарственными письмами Комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения Республики Казахстан награждены заместители директора по учебно-воспитательной работе средней общеобразовательной школы-комплекса эстетического воспитания №8 Тернова Марина Владимировна, средней школы №44 Майданевич Наталья Юрьевна и директор городской классической гимназии имени Сафуана Шаймерденова Алдабергенова Бакыт Ериковна города Петропавловска.
Руководитель Департамента коллегам пожелала крепкого здоровья, семейного благополучия, творческих успехов.
23/06/2026
⚜️23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні Департаменттің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Ахметова Когаршин Касетовна облыс Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл жоғары марапат Когаршин Касетовна адал еңбегі және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін табыс етілді.
Департамент басшылығы мен барлық ұжымы Когаршин Касетовнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-жігер, қызметте жаңа табыстар тілеміз!
Марапатыңыз құтты болсын!
⚜️23 июня, в День государственного служащего, главный специалист отдела государственного контроля и лицензирования образовательной деятельности Департамента Ахметова Когаршин Касетовна была награждена Почетной грамотой Акима области.
Высокая награда вручена за добросовестный труд и значительный личный вклад в повышение эффективности государственной службы региона.
Руководство и весь коллектив Департамента искренне поздравляют Когаршин Касетовну с заслуженным признанием! Желаем Вам крепкого здоровья, семейного благополучия, семейного благополучия, неиссякаемой энергии, новых успехов в работе!
Поздравляем с наградой!
22/06/2026
✅✅Ағымдағы жылдың 22 маусымында Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен маусымдық сауықтыру лагерлерін лицензиялау бойынша кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары, маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорлары қатысты.
✅✅Департамент басшысы өз сөзінде лицензиялау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге басты назар аударды, бұл ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің №483 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы; № 473 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы"; № 224 "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы"; № 385 "Үлгілік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын"; № 50 "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы".
✅✅Департаменттің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дана Маратқызы Қазиева маусымдық сауықтыру лагерлерінің басшыларына "Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері туралы, сондай-ақ "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz.веб-порталындағы жұмыс алгоритмі туралы егжей-тегжейлі нұсқау берді Кеңес барысында білім бөлімдерінің басшылары, маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорлары сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Кеңес қорытындысы бойынша департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева білім бөлімдерінің басшыларына және маусымдық сауықтыру лагерлерінің директорларына бірқатар ұсыныстар берді.
✅✅22 июня текущего года под председательством руководителя Департамента Таласбаевой Гульнар Темирбулатовны проведено совещание по лицензирование сезонных оздоровительных лагерей.
В работе совещания приняли участие представители управления образования акимата Северо-Казахстанской области, руководители отделов образования, директора сезонных оздоровительных лагерей.
✅✅Руководитель Департамента в своем выступлении основной акцент сделала на нормативно-правовые акты по лицензированию, это приказы Министерства просвещения РК №483 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на занятие образовательной деятельностью в сфере начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, духовного образования, образовательно-оздоровительные услуги несовершеннолетним»; № 473 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности организаций, предоставляющих начальное, основное среднее, общее среднее, техническое и профессиональное, послесреднее, духовное образование, и перечня документов, подтверждающих соответствие им»; № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»; № 385 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций образования соответствующих типов и видов, за исключением организаций высшего и послевузовского образования»; № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования».
✅✅Главный специалист отдела государственного контроля и лицензирования образовательной деятельности Департамента Казиева Дана Маратовна подробно проинструктировала руководителей ДООЦ об этапах предоставления государственной услуги: «Выдача лицензии на предоставление образовательно-оздоровительные услуги несовершеннолетним», а также алгоритма работы на веб-портале ›«электронного правительства» www.egov.kz, www.elicense.kz.
В ходе совещания руководители отделов образования, директора сезонных оздоровительных лагерей выступающим задавали вопросы и получили соответствующие ответы.
По итогам совещания руководитель Департамента Таласбаева Гульнар Темирбулатовна руководителям отделов образования и директорам сезонных оздоровительных лагерей дала ряд рекомендации.
18/06/2026
"Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы" Қаулы бойынша түсіндіру
Ағымдағы жылдың 17 маусымында Департамент басшысы Г. Т. Таласбаева Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысымен бекітілген Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы түсіндіру бойынша Департамент қызметкерлерімен кеңес өткізді (бұдан әрі- Тұжырымдама).
Департамент басшысы Тұжырымдама бөлімдерінің мазмұнымен таныстырды және білім берудің барлық деңгейлерінде құқықтық ағарту практикасын енгізуге, құқық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сапалы білім беру қызметтерін көрсету, жаңа технологияларды, интернет платформаны пайдалану арқылы білім беру саласындағы құқықтық мәдениетті дамытуға басты назар аударды.
Сондай-ақ, басшы Департаменттің бұл Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажеттілігі туралы, құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді дұрыс түсінуге және қолдануға көмектесуге бағытталған іс-шараларды өткізу жолспарын жасау екендігі бойынша ұсыныс берді.
О разъяснении Концепции по продвижению в обществе идеологии закона и порядка на 2025 – 2030 годы
17 июня текущего года руководителем Департамента Таласбаевой Г.Т. проведено совещание с сотрудниками Департамента по разъяснению Концепции по продвижению в обществе идеологии закона и порядка на 2025 – 2030 годы, утвержденной Постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2025 года № 200 (далее-Концепция).
Руководитель Департамента ознакомила с содержанием разделов Концепции, основной акцент был сделан развития правовой культуры в области образования через внедрение практики правового просвещения во всех уровнях образования, усиления праворазъяснительной работы, профилактики правонарушений, оказания качественных образовательных услуг, использование новых технологий, интернет платформы.
Также руководителем было внесено предложение о необходимости разработки Департаментом плана действий по реализаций Концепции, в части проведения мероприятий направленных на обеспечение доступности правовой информации, помощи в правильном понимании и применении нормативно-правовых актов в сфере образования.
17/06/2026
Ағымдағы жылдың 16 маусымында Департамент басшысы Оқу-ағарту министрі Ж. Д. Сүлейменованың төрағалығымен өткен аппараттық кеңеске қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болып балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарын (бұдан әрі-ББСО) лицензиялауды ұйымдастыруы талқыланды.
Департаментінің жоспарында лицензиялауында 11 ББСО тұр, оның ішінде 9 ББСО - Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының ведомствосында және 2 ББСО - Ақмола облысының білім басқармасында.
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес (Лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын беру шарттары) - лицензиялар лицензиардың орналасқан жері бойынша беріледі.
ББСО лицензиялауға дайындық бойынша Департамент аудандардың, Петропавл қаласының білім бөлімдерінің басшыларымен, ББСО құрылтайшыларымен және директорларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі күні Департаментке лицензия алуға өтініштер ББСО-дан түскен жоқ.
16 июня текущего года руководитель Департамента приняла участие в аппаратном совещании под председательством министра просвещения Сулейменовой Ж.Д.
Одним из вопросов повестки дня было обсуждение лицензирования детских образовательно-оздоровительных центров (далее-ДООЦ).
В плане Департамента по лицензированию находятся 11 ДООЦ, из них 9 ДООЦ в ведомстве Управления образования Северо-Казахстанской области и 2 ДООЦ – Управления образования Акмолинской области.
Согласно пункту 1. статьи 29. (Условия выдачи лицензии и (или) приложения к лицензии) Закона Республики Казахстан «О разрешениях и уведомлениях» - лицензии выдаются по месту нахождения лицензиара.
По подготовке к лицензированию ДООЦ Департаментом проведена разъяснительная работа с руководителями отделов образования районов, города Петропавловска, Учредителями и директорами ДООЦ.
На сегодняшний день заявлений на получение от ДООЦ в Департамент не поступало.