Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Share

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Photos from Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 18/07/2026

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔹Департаменттің бас маманы Е. Әділ Абай облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңнамадағы өзекті өзгерістерге арналған кездесу өткізді.

🔹Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерге шолу жасалып, мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға және оларға теңестірілген тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.

🔹Түсіндіру жұмысы ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Заңнама талаптары күнделікті қызмет барысында кездесуі мүмкін жағдайлар арқылы түсіндіріліп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында қойылған сұрақтар талқыланып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.

🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және қоғамда адалдық қағидаттарын дәріптеу.

🇰🇿

MEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев🇰🇿
Салауат Силибаевич Муксимов

Photos from Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 17/07/2026

📚 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орыны.

🎓 Биыл облысымыздың 5 мемлекеттік қызметшісі конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсті:
🔹 Асаубаев Шалқар Советханұлы - Абай облысының мәслихат аппаратының басшысы;
🔹 Берікбекова Толқын Берікбекқызы - Абай облысының мәслихат аппараты басшының орынбасары;
🔹 Мырзыкешов Медет Нығметоллаұлы - Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары;
🔹 Адилбеков Алтынбек Бахытбекович - Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық шаруашылық және үй қатынастары бөлімінің басшысы;
🔹 Сайлауова Гүлжан Мағжанқызы - Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы.

▫️ Әріптестерімізді Академияға түсуімен құттықтаймыз және оқуда сәттілік тілеймMEMLEKETTIK QYZMET ABAI 🇰🇿тMEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿Мемлекеттікқызметістеріагенттігі .abai .gov.kz

Photos from Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 17/07/2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

🔹 Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Карибаева, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының директоры А.Сабалакова ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің қызметшілеріне семинар-кеңес өткізді.

🔹 Семинар барысында департамент қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның жаңашылдықтары кеңінен түсіндірілді.

🔹 Атап айтқанда, Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, халықтың мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі өзгерістер айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамағв енгізілген жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметке ерте кәсіби бағдарлау, қабылдау тәртібі, өткеру ерекшеліктері мен мансаптық өсуге қатысты өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, олардың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

🔹 Іс-шара соңында, туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, қызметшілер тарапынан түскен ұсыныстар назарға алынды.

🔹Ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

#АДГС #Мемлекеттікқызмет #Госслужба #Елгеқызмет #Мемлекеттікқызметістеріагенттігі MEMLEKETTIK QYZMET ABAI 🇰🇿 MEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿

RSK ABAI 17/07/2026

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ерасыл Нұржанұлы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары" тақырыбында сұхбат берді

RSK ABAI Добро пожаловать на официальный YouTube-канал Региональной Службы Коммуникаций (РСК)! Здесь вы найдете актуальные новости, интервью с экспертами, пресс-конференции, о....

17/07/2026

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету

🇰🇿

MEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев🇰🇿
Салауат Силибаевич Муксимов

Photos from Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 16/07/2026

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

🔹Абай су қоймалары мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔹Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, оның ішінде мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға және оларға теңестірілген тұлғаларға қойылатын шектеулер туралы айтылды.

🔹Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, адалдық қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерді заң талаптарына сәйкес орындаудың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

🔹Іс-шара сұрақ-жауап және еркін пікір алмасу форматында өтті. Түсіндіру барысында нақты мысалдар мен тәжірибелік жағдайлар келтіріліп, заңнама талаптарының іс жүзінде қолданылуы бойынша түсініктеме берілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

🔹Департамент мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында құқықтық мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

🇰🇿

MEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев🇰🇿
Салауат Силибаевич Муксимов

Photos from Абай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 16/07/2026

ЗАҢНАМАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Абай облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық қызмет» мекемесінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.Байдюсенов жүргізді. Шара барысында заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, оларды қолдану тәртібі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылданған жаңа нормалар түсіндірілді.

Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты заңнамада көзделген талаптар мен шектеулер жеткізіліп, оларды қызметтік міндеттерді орындау барысында сақтау қажеттігі түсіндірілді.

🇰🇿

MEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев🇰🇿
Салауат Силибаевич Муксимов

16/07/2026

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша семинар өтті.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.Байдюсенов қатысушыларды заңнамадағы негізгі өзгерістермен таныстырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, қызметтік әдеп нормалары және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.

Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулер түсіндіріліп, оларды қызметтік міндеттерді атқару кезінде сақтау қажеттігі жеткізілді.

Семинар соңында заң талаптарын сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

🇰🇿

MEMLEKETTIK QYZMET🇰🇿
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев🇰🇿
Салауат Силибаевич Муксимов

15/07/2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

🔹 Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Карибаева, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының директоры А.Сабалакова Семей қаласы әкімі аппаратының қызметшілеріне және дербес бөлімдердің басшыларына семинар-кеңес өткізді.

🔹 Семинар барысында әкімдік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның жаңашылдықтары кеңінен түсіндірілді.

🔹 Атап айтқанда, Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, халықтың мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі өзгерістер айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамағв енгізілген жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметке ерте кәсіби бағдарлау, қабылдау тәртібі, өткеру ерекшеліктері мен мансаптық өсуге қатысты өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, олардың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

🔹 Іс-шара соңында, туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, қызметшілер тарапынан түскен ұсыныстар назарға алынды.

🔹Ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

#АДГС #Мемлекеттікқызмет #Госслужба #Ел

Want your business to be the top-listed Government Service in Semey?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address

Улица Ж. Аймаутова, 143 "А"
Semey
071400

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30