Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ынтымақ және Самал шағынаудандарында тұрғындар арасында газ қауіпсіздігі бойынша кең көлемді түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, улы газдан улану мен тұрмыстық газға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу.
Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қағидалары, желдету жүйелері мен түтін мұржаларының жарамдылығын тұрақты бақылаудың маңыздылығы, сондай-ақ газ иісі анықталған жағдайда атқарылуы тиіс іс-әрекеттер жөнінде жан-жақты ақпарат беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.
⚠️ Газ қауіпсіздігі – әрбір отбасының амандығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Қауіпсіздік талаптарын сақтап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Kgu.gaztex
“Шымкент қаласының газ техникалық қызметі” КММ
КГУ “Газотехническая служба города Шымкент»
Тұран ауданына қарасты Спорт шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерде газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру және профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстық газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, улы газдан уланудың алдын алу жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға «QAZAQ GAZ AIMAQ» АҚ мамандары, газтехникалық қызмет өкілдері және әкімшілік мамандары қатысып, тұрғындарға арнайы жадынамалар таратып, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.
✅ Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығына деген жауапкершілік.
20/05/2026
Табиғи газды қауіпсіз пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ТЖД-де арнайы жиналыс өтті.
Жиын барысында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде орын алатын өрт және төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындар арасында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.
⚠️ Құрметті тұрғындар!
Көпқабатты тұрғын үйлерде сұйытылған мұнай газын (тұрмыстық газ баллондарын) сақтауға және пайдалануға тыйым салынады.
🚨 Газ — пайдасы көп, бірақ қауіпсіздік сақталмаса өте қауіпті.
Улы газ иіссіз болады… Кейде адам байқамай да қалады. Сондықтан әр отбасы газды пайдалану ережелерін қатаң сақтауы керек.
✅ Газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз
✅ Үйді жиі желдетіп тұрыңыз
✅ Түтін шығатын мұржаларды тексеріңіз
✅ Газ иісі сезілсе — дереу маман шақырыңыз
Бір сәттік немқұрайлық үлкен қайғыға әкелуі мүмкін.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
#ГазҚауіпсіздігі #УлыГаз #Қауіпсіздік #Шымкент #ТұрғындарғаҮндеу Газ
Тұран ауданы Спорт шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлерде Газтехникалық қызмет және «QazaqGaz Aimaq» мамандарының бірлесуімен улы газдан уланудың алдын алу бойынша іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға газ қауіпсіздігі ережелері кеңінен түсіндіріліп, тұрмыстық газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, уақтылы тексеру және сақтық шараларын сақтау бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар тарапынан тұрғындарға тиісті кеңестер ұсынылды.
🔹 Қауіпсіздік — басты назарда
🔹 Газды дұрыс пайдалану — өмір кепілі
03/04/2026
Шымкент қаласының Игілік және Қызылжар шағынаудандарында улы газдан уланудың алдын алу мақсатында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға газ қауіпсіздігі талаптарын кеңінен түсіндіріп, тұрмыстық газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, уақтылы тексеру және сақтық шараларын сақтау бойынша жан-жақты ақпарат беруде.
🔹 Қауіпсіздік — басты назарда
🔹 Газды дұрыс пайдалану — өмір кепілі
Тұран ауданына қарасты көпқабатты тұрғын үйлерде «QAZAQGAZ-AIMAQ» АҚ мамандарымен бірлесіп, газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында тұрғындарға тұрмыстық газ құралдарын қауіпсіз пайдалану, желдету жүйелерін тексеру және улы газдың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, пәтерлерде жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
🔹 Газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
🔹 Желдету жүйелерінің (вентиляция) жұмысын үнемі бақылаңыз;
🔹 Мұржалардың (дымоход) дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
🔹 Газ иісі сезілген жағдайда дереу тиісті мекемелерге хабарласыңыз.
20/03/2026
13/03/2026
Еңбекші ауданы, Забадам шағын ауданында «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» КММ мамандары Төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесіп, тұрғындарға газ қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру барысында мамандар тұрғындарға газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, мұржалар мен желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуін бақылау, сондай-ақ газдан улану жағдайларының алдын алу бойынша қажетті ақпараттар берді.
13/03/2026
Тұран ауданына қарасты 3-шағын ауданның көпқабатты тұрғын үйлерінде “Шымкент қаласының газ техникалық қызметі” КММ мамандары “QAZAQGAZ-AIMAQ” АҚ мамандарымен бірлесіп, тұрғындар арасында улы газдан уланудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында мамандар тұрғындарға газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, мұржалар мен желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуін бақылау қажеттігі жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, тұрғындарға улы газдан уланудың алдын алу бойынша сақтық шаралары түсіндірілді.
🔹 Назар аударыңыз:
🔹 Газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыз;
🔹 Мұржа мен желдету арналарының бітеліп қалмауын тұрақты түрде тексеріңіз;
🔹 Газ жабдықтарын өз бетінше жөндемеңіз, мамандарға жүгініңіз;
🔹 Газ иісі сезілген жағдайда дереу тиісті қызметке хабарласыңыз;
🔹 Газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
🔹 Үй-жайдың тұрақты түрде желдетіліп тұруын қамтамасыз етіңіз.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
Shymkent
