✅Respublica Partiyasy Түркістан облыстық филиалында Сауран аудандық маслихатының депутаты Нұрсұлтан Абдуллаев қоғамдық қабылдау өткізген болатын.
🔹Қабылдаіда Жүйнек ауылының тұрғыны Паттаев Махмуд өзінің жағдайын айтып, өтініш білдіргентін. Қабылдау нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Абдуллаев зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қыс ауасында үйінің құрлысы аяқталмай қалуына байланысты М.Паттаевтың үйіне көмек ретінде, азық - түлік және қаржылай жәрдем көрсетті.
Respublica партиясының Түркістан облыстық филиалы
Respublica - бұл көптеген қазақстандықтар сияқты өзгерісті қалайтын пікірлестердің партиясы
08/11/2024
✅«RESPUBLICA» партиясы Түркістан облыстық филиалының өңірлік Кеңесі құрылды
🔹Ағымдағы жылдың 31 қарашасында «RESPUBLICA» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс V конференциясы өткізілді.
Конференцияға облыстық партия филиалына қарасты 7 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 65 делегеат қатысып, аймақтық кеңестің жаңа құрамын бекітті.
🔹Жалпы конференция барысында "RESPUBLICA" партиясы Түркістан облыстық филиалының өңірлік кеңесі бекіту туралы мәселе қаралып, филиал тарапынан атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, партияның Сайлауалды бағдарламасы бойынша жүзеге асырылар жұмыстар талқыланды.
🔹Конференцияға облыстық маслихаттың екі депутаты мен аудан, қала депуттары, белгілі кәсіпкерлермен белсенді партия жақтастарыда онлайн режимінде қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша өңірлік кеңестің құрамы бектіліп, Облыстық партия атынан сайланған маслихат депутаттары мен бастауыш ұйым төрағаларының жұмыстары жандандыру әлеуметтік желілер мен БАҚ беттеріне атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тұрақты түрде ақпараттар жариялау мен облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлемесінде бектілген кестеге сәйкес маслихат депуттарының қабылдаулары тұрақты және мерізімінде өткізу туралы бірқатар тапсырмалар беріліп, арнайы Қаулы қабылданды
02/10/2024
АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ТИІМДІ
Бүгін Түркістан облысындағы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дулатбек Абіш, облыстық мәслихатқа «Ақжол» партиясынан сайланған депутат Сұлтан Көшенов, «RESPUBLIKA» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орнбасары Бейбіт Биназаров және энергетика саласының мамандары бастаған АЭС салу жөніндегі халықтық штаб өкілдері Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» ЖШС-і, «Батсу» ЖШС-і және Бадам ауылындағы «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ ұжымымен кездесті.
Басқосуда атом электр станциясы мәселесі кеңінен талқыланып, еліміздің энергетикалық болашағы туралы маңызды пікірлер ортаға салынды. Кездесуде жұмысшы топтың өкілдері дамыған елдердің барлығы электр энергиясын өндіруде атом электр станцияларының рөлін баса айтты. Ол қазіргі замандағы озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде кеңінен таралғанын жеткізді. Егер біз де дамыған елдер қатарына қосылғымыз келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз керек екендігіне баса назар аударды. Штаб өкілдерінің айтуынша, атом электр станциясы экологиялық жағынан да, экономикалық тұрғыдан да тиімді әрі ұзақ мерзімді шешім болып табылады.
Алтынсары Үмбетәлиев атом энергетикасы – экономикалық жоба екеніне тоқталды. Елімізде энергия жетіспеушілігі жылдан-жылға өзекті болып келе жатқанын, Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан, 2 пайызы күн, жел мен судан өндірілетінін тілге тиек етті.
--Біздегі энергетикалық инфрақұрылым күн санап ескіріп барады. Станциялардың 65 пайызы тозған. Әсіресе, энергия тапшылығы біздің оңтүстік аймақтарда анық байқалып отыр. Бұл тұрғындар қажеттілігімен қатар кәсіпкерлікті дамытуға да үлкен кедергі болады. Энергетика саласының мамандары мен ғалымдар атом энергетикасын дамыту – осы күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы екенін айтып жатыр. Ең негізгі мәселе – қауіпсіздік. Халықты алаңдатып отырған басты мәселе де осы. Қазіргі уақытта әлемде жұмыс істеп тұрған 415 ядролық реактордың барлығы дамыған елдерде орналасқан. Егер АЭС адамзатқа қауіпті болса, өркениетті елдер бұдан бас тартар еді. Одан бөлек, қазір әлемде 60-қа тарта АЭС салынуда. Көршілес Өзбекстан да АЭС салудың қамына кіріскен. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр, ал уран қоры бойынша екінші орында. Дамыған мемлекеттердің өзі АЭС-ке қажетті шикізатты бізден алып отыр. Ядролық отын өндіретін зауыт та өзімізде бар. Осыншама ресурсты, зор әлеуетті елдің игілігіне, экономикалық тәуелсіздігімізді нығайтуға жұмсамасақ, оның пайдасын қашан көреміз? АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды да дамытуға серпін береді. Жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер салынады, - деп атап өтті Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Сонымен қатар, штаб құрамындағы «Ақжол», «RESPUBLIKA» партиясының өкілдері, энергетика саласының мамандары АЭС-тің артықшылықтары жайында сөз қозғап, референдумдағы әрбір таңдау ел болашағы үшін маңызды екендігін жеткізді. Өз кезегінде мәдениет саласы қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, өндіріс орнының жұмысшылары сауалдарына жауап алып, пікірлерін ортаға салды.
13/09/2024
✅Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі күні “RESPUBLICA” партиясы Түркістан облыстық филиалының жоспарына сәйкес, Шардара ауданы, Алатау Батыр ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға партия өкілдерімен бірге ауыл тұрғындары, шаруа қожалық төрағалары мен қарапайым еңбек адамдары қатысып, біршама мәселелерді көтерді.
🔹Атап айтқанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруларын төлемеген шаруа қожалық мүшелері 2022 жылдық төлемдерді төлемегені үшін барлық есеп шоттары бұғатталып, қаржылары мен субсидияларын ала-алмай отырғандарын жеткізді.
🔹Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы тарапынан тыңайтқыштарға тиісті қаржы бөлінбей, шаруалар әбігерге түсіп субсидия ала алмай отырғандықтарын жеткізіп, көмек сұрады.
🔹Мәселені оңтайлы шешу үшін “RESPUBLICA” партиясының өкілдері Барлық мәселелерді жан-жақты зерделеп, арнайы ұсыныс хаттар енгізіп, шешілу жолдарын қарастыратындықтарын жеткізді.
🔹Сонымен қатар партия өкілдері АЭС салу мәселесінде ауыл түрғындарына үгіт-насихат өткізді .
🔹Жиын барысында атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтылып, энергия тапшылығы әсіресе оңтүстік өңірлерде анық сезіледі және Түркістан облысының тұрғындары осыған байланысты бірқатар проблемаға тап болуда екендігін жеткізіп, пікір алмасты
10/09/2024
✅Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!
🔗 2024 жылдың қаңтар айынан бастап «RESPUBLICA» партиясы Түркістан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеуде.
Қабылдау бөлімінің жоспарына сәйкес аудандардан, қалалардан шалғай елді мекен тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдау, ұсыныс-пікірлерін жинау мақсатында мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілуде.
📍 «Осыған орай, ағымдағы жылдың 12-қыркүйегі күні, Түркістан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылында, (әкімшілік мәжіліс залында) облыстық партия өкілдерінің қатысумен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіледі:
☎️ Байланыс телефоны: +7771 252 0000,
📞 Жедел желі: +7 7172 640 777
02/09/2024
«Білімге қадам»: 30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конститутциясы және 1 -қыркүйек білім күніне орай, Оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке табысталды
Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Respublica» партиясының «Білімге қадам» акциясы аясында 30-ға тарта оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке табысталды.
Акция алдымен Психологиялық педагогикалық түзету мекемесінде бастау алып, С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясында жалғасты.
Шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық партия филиалының төрағасы Айткулов Бекжан Бақтыбекұлы қолдау білдіріп, демеушілік жасады.
Жалпы бұған дейін «Мектепке жол» акциясы аясында облыстық партия белсенділері мен кәсіпкерлер 500-ден ачтам оқушыларды оқу құралдары және сөмкелермен қамтамасыз етті. Аталған қайырымдылық акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
02/09/2024
⚡️Мемлекет басшысы: Салық саясаты үкіметке де, бизнеске де түсінікті болғаны керек
02/09/2024
⚡️АЭС салу мәселесі бойынша Жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтеді
➖
⚡️Референдум по строительству АЭС в Казахстане состоится 6 октября
🌐 https://t.me/respublica_partiyasy
18/08/2024
🤝18 тамыз - Шекарашылар күні
Ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет✔️
🚀 https://t.me/respublica_partiyasy
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Türkistan
161200
