12/04/2026
Бүгін, 12 сәуірде, Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі.
Бұл күн бекер таңдалмаған: дәл осы күні көрнекті қазақстандық ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.
Сегодня, 12 апреля, в Казахстане отмечается День работников науки.
Эта дата выбрана неслучайно, именно в этот день родился выдающийся казахстанский ученый-геолог, первый президент казахстанской Академии наук Каныш Сатпаев.
29/03/2026
📍 Бүгін Түркістан қаласындағы “Taza Tech” өндіріс орнында маңызды кездесу өтті.
Аталған кездесуге Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбекұлы арнайы қатысып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, шара барысында RESPUBLICA партиясы Түркістан қалалық бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдос Сансызбаев өндірістің басталуы мен жобаның негізгі бағыттарын таныстырып өтті.
Кездесу аясында өндірістің қазіргі барысы, қолданылып жатқан заманауи технологиялық процестер және жобаның алдағы даму жоспарлары жан-жақты талқыланды. Қонақтарға өндірістің мүмкіндіктері мен оның өңір экономикасына қосар үлесі туралы кеңінен ақпарат берілді.
Өз тарапымыздан отандық өндірісті дамыту, жаңа технологияларды енгізу және экологиялық таза жобаларды жүзеге асыру бағытындағы нақты жоспарларымызды ортаға салдық. Бұл бастамалар еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және тұрақты дамуға өз үлесін қосатынына сенімдіміз.
Осындай маңызды кездесулер – мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестікті нығайтып, жаңа жобалардың жүзеге асуына серпін береді.
🇰🇿 Ел экономикасының дамуына үлес қосатын әрбір бастама – болашаққа жасалған нақты қадам!
03/03/2026
Қазақстандағы жаңа Конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында «НУР-СТРОЙ ЛТД» ЖШС өндірістік алаңында кездесу ұйымдастырылды.
Түсіндіру жұмыстарын Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Зухра Амирова және Respublica партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Санат Сапарбай жүргізді.
Кездесу барысында реформалардың негізгі бағыттары, заңнамалық өзгерістердің мазмұны және олардың кәсіпкерлік ортаға ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңында нақты жауаптар алды.
27/02/2026
🔷 С.КОЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
📌 Қайрат Балабиев – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты пен Төлебеков Маханбет Шалқарұлы – Respublica партиясы Түркістан облыстық филиалының өңірлік кеңес мүшесі, Арыс қалалық мәслихатының депутаты С.Кожанов атындағы жалпы орта мектеп оқушыларымен және мектеп ұжымымен кездесу өткізді.
📌 Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, конституциялық реформалардың білім беру саласына әсері талқыланды. Студенттер мен оқушылар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларын білдірді.
📌 Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның маңыздылығы атап өтіліп, әрбір азаматтың ел болашағына қатысудағы белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше айтылды.
📌 Кездесу соңында мектеп ұжымы мен оқушылар қоғам бірлігі мен ел тұрақтылығын қолдауға дайын екендерін жеткізді.
#референдум
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#Арыс
27/02/2026
🔷 АРЫСТА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ – «№17 колледж» МКҚК
📌 Қайрат Балабиев – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты пен Төлебеков Маханбет Шалқарұлы – Respublica партиясы Түркістан облыстық филиалының өңірлік кеңес мүшесі, Арыс қалалық мәслихатының депутаты №17 колледж МКҚК студенттері мен ұжымымен кездесу өткізді.
📌 Жиында жаңа Конституция жобасының басты бағыттары мен конституциялық реформалардың білім беру саласына, жастарға әсері талқыланды. Құқықтық мәдениетті арттыру, заң үстемдігін сақтау және әділетті қоғам құру мәселелері басты назарға алынды.
📌 Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның маңыздылығы айтылып, әрбір азаматтың ел болашағына жауапкершілікпен қарауы маңызды екені жеткізілді.
Студенттер мен ұжым өкілдері өз ойларын бөлісіп, қоғам бірлігі мен тұрақтылығын қолдауға дайын екендерін білдірді.
#референдум
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#Арыс
27/02/2026
🔷 АРЫСТА “АҚАБА-СЕРВИС” ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
📌 Қайрат Балабиев – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты және Төлебеков Маханбет Шалқарұлы – Respublica партиясы Түркістан облыстық филиалының өңірлік кеңес мүшесі, Арыс қалалық мәслихатының депутаты Арыс қаласындағы «Ақаба-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізді.
📌 Кездесу барысында еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы аясындағы өзгерістер мен конституциялық реформалардың басым бағыттары кеңінен түсіндірілді. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
📌 Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның маңыздылығы айтылып, ел болашағына қатысты шешім қабылдауда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.
Кездесу соңында ұжым өкілдері қоғам тұрақтылығы мен бірлігін сақтау – ортақ міндет екенін жеткізді.
#референдум
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#Арыс
23/02/2026
ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҰРҒЫНДАР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барлық аумақтарда қарқын алды. Бүгін коалицияның Түркістан облыстық өкілдері Түлкібас ауданында жергілікті тұрғындармен, өндіріс орнының ұжымымен және білім беру саласының қызметкерлерімен жаңа Конституцияның құқықтық негіздерін түсіндіру кездесулерін өткізді.
Коалицияның өңірлік филиалы төрағасының орынбасары, AMANAT партиясы Түркістан облыстық фиоиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастаған топпен бірге RESPUBLICA партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілі, әрі облыстық Коалиция мүшесі ретінде Биназаров Бейбіт Бақытбекұлы қатысып, хабарлама жасады.
Кездесулерде конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, заң үстемдігін нығайту, әлеуметтік әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамту мәселелері бойынша конституциялық кепілдіктер таныстырылды. Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның тарихи маңызы түсіндіріліп, әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екеніне баса мән берілді.
Коалиция өкілдерінің жергілікті тұрғындармен кездесу жиыны Түлкібас кентінде өткізілді. Кездесуде жаңа Ата заң жобасының жекелеген баптарына кәсіби түсініктемелер беріліп, конституциялық реформалардың еліміздің саяси жаңғыруына қосар үлесі жайлы пікірлер айтылды.
Ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі «Састөбе» инновациялық индустриялық кешеніндегі әк зауытының өндірістік кешенінде жалғасты. Зауыт жұмысшыларымен кездесуде жаңа Конституцияның басты идеясы ретінде – мемлекет тұтастығы, қоғам бірлігі, адам құқығы, адал еңбек, заң мен тәртіп белгіленгені айтылып, осы құндылықтарда халқымыздың сенімі мен үміті, арманы мен тілегі бар екені жеткізілді.