Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы

Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы

Share

Проектное управление в государственном секторе и цифровизация Жамбылской области Центр проектного управления и цифровизации Жамбылской области

06/04/2026

ҚЫЗЫЛАБАДТА 10 000 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ

Жібек жолы ауданына қарасты «Қызылабад» алабында Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні аясында экологиялық акция өтті. Өңірдің жасыл қорын байытуды мақсат еткен шара барысында 10 000 түп жас көшет егіліп, қаланың тынысын ашатын жаңа жасыл аймақтың іргетасы қаланды.

Бұл игі бастамаға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков және аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова арнайы қатысып, туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты. Басшылармен иық тіресе еңбек еткен ардагерлер қауымы мен жалынды волонтерлар бұл күнді нағыз еңбек мерекесіне айналдырды. Үлкендердің ақ батасы мен жастардың жігері тоғысқан сәтте егілген әрбір тал — болашақ ұрпаққа қалдырылған баға жетпес мұра.

Мұндай қадамдар тек айналаны көріктендіріп қана қоймай, қоғамда жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыруға жол ашады. Бүгін егілген 10 000 көшет — ертеңгі жайқалған орман, таза ауа және туған өлкенің берекесі. Табиғатты аялау — әрбір азаматтың жүрек қалауы мен перзенттік парызы болмақ!

03/04/2026
03/04/2026

3 сәуір күні сағат 11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметі «Мемлекеттік секторда жобалық басқару қағидаларын қолдану» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізеді.

Спикер:
Ташенова Гульпара Алашбайқызы,
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы «Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ басшысы

Баспасөз конференциясы тікелей эфирде көрсетіледі. Тақырыпқа сай сауалдарыңыз болса, ӨКҚ-нің әлеуметтік желідегі Facebook, Instagram парақшаларында және WhatsApp (8 708 353 3235) желісіне жолдасаңыздар болады. Тікелей эфир барысында маңызды сауалдар қойылады. Қалған сұрақтар тиісті мекемеге жауап дайындау үшін жолданады.
Өтетін орны: Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тікелей эфир сілтемесі:
https://www.facebook.com/okq.zhambyl
Instagram парақшасы:
https://www.instagram.com/rsk_zhambyl/
WhatsApp желісі
8 777 930 69 21

3 апреля в 11.00 часов Региональная служба коммуникаций проведет брифинг «Применение принципов проектного управления в государственном секторе».

Спикер:
Ташенова Гулпара Алашбаевна,
руководитель центра управления проектами и цифровизации Жамбылской области

Пресс-конференция состоится в прямом эфире. У вас есть возможность задать вопросы спикерам в социальных сетях на странице РСК в Facebook, Instagram или по WhatsApp (8 708 353 3235). Наиболее актуальные вопросы зрителей могут быть озвучены в эфире. Остальные будут направлены для подготовки ответов в соответствующие организации.
Место проведения: город Тараз, дом печати имени Шерхана Муртазы, улица Ы.Сулейменова №5

Ссылка на канал трансляции:
https://www.facebook.com/okq.zhambyl
Ссылка на страницу Instagram:
https://www.instagram.com/rsk_zhambyl/
WhatsApp мессенджер
8 777 930 69 21

01/04/2026

🔰 2026 жылғы 31 наурыз

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚР СТ ISO 21502-2022 «Жобаларды басқару бойынша нұсқаулық» ұлттық стандарты аясында "Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәжірибесімен бөлісу мақсатында мазмұнды дәріс ұйымдастырылды.

🎓 Дәрісті Ташенова Гүлпара Алашбаевна жүргізіп, жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді басқарудың заманауи тәсілдері мен тиімді құралдарын кеңінен таныстырды.

📌 Дәріс барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды:
• Жобаның мәні мен оның әсері
• Жобаның өмірлік циклі және бизнес-негіздемесі
• Жобаны ұйымдастыру құрылымы мен рөлдері
• Тәуекелдер мен сапаны басқару
• Ресурстарды, уақытты және шығындарды тиімді басқару
• Мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимыл
• Өзгерістер мен басқару процестері
• Жобаны жоспарлау, іске асыру және аяқтау кезеңдері
• Алынған сабақтар мен үздік тәжірибелер
• Нақты республикалық бірыңғай жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жобаларды іске асыру тәжірибесі

💡 Аталған дәріс мемлекеттік қызметшілер мен жоба менеджерлеріне жобаларды басқарудың практикалық қырларын терең түсінуге, заманауи құралдарды тиімді қолдануға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді деген сенімдеміз.

30/03/2026

🔰 "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы аясында маңызды жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Меркі аудандық орталық ауруханасының ғимаратына жүргізілген реконструкция және қабылдау бөлімшесінің қосымша құрылысы бойынша жоба толық аяқталды. Битриск ақпараттық жүйесінде жоспарланған 82 іс-шара толық орындалып, жоба сәтті түрде "аяқталу" сатысына өтті. Нысан қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының теңгеріміне берілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Шу және Талас аудандарында көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды дамытуға бағытталған екі ірі жоба "Битрикс" ақпараттық жүйесінде іске асырылуда. Бұл жобалар аясында жаңа медициналық нысандар салу, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттарды күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

26/03/2026

🚀 Digital Almaty → Digital Qazaqstan!

📍 27 наурыз 2026 | Шымкент
Қазақстандағы басты ұлттық технологиялық форум алғаш рет жаңа форматта өтеді!

💡 Тақырып: *Industry 5.0: Өзара әрекеттесу күші*
Адам + технология = жаңа индустриялық дәуір 🔥

🌐 Форумда:
▪️ IT және стартаптар
▪️ AI және цифрландыру шешімдері
▪️ Мемлекет пен бизнес диалогы
▪️ Хакатондар мен марапаттар

🎤 БАҚ аккредитациясы: 9 наурызға дейін (18:30)

✨ Цифрлық болашақты бірге құрайық!
📌 Шымкентте кездескенше!

Photos from Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы's post 18/03/2026

🔰Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығында 2026 жылы іске асырылатын жобалар аясында маңызды жұмыс жоспары талқыланды.

Жұмыс жопарында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 41, 49 және 65-тармақтарының алдағы кезеңдегі жүзеге асырылу барысы қарастырылды. Сонымен қатар, аталған бағыттар бойынша ақпараттық жүйелерге енгізілетін іс-шаралардың нақты үлгілері талқыланды.

Іс-шара соңында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай орталық қызметкерлері ұлттық нақыштағы киімдермен фото түсірілім ұйымдастырды. Бұл бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталды.

16/03/2026

🔰«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын сапалы цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Битрикс ақпараттық жүйесіне жалпы 594 іс-шара жоспарланған. Бүгінгі таңда 308 іс-шара орындалды. 341 іс-шара өтпелі жоба болғандықтан, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2026 жылы жалғасып, толық аяқталуы жоспарлануда.

Жоба шеңберінде Жамбыл облысында 11 антенна-діңгек құрылысын (АДҚ) салу жоспарланған. Нысандар келесі аудандарда іске асырылады:
* Жуалы ауданы – 1 АДҚ;
* Қордай ауданы – 3 АДҚ;
* Меркі ауданы – 1 АДҚ;
* Т. Рысқұлов ауданы – 2 АДҚ;
* Мойынқұм ауданы – 4 АДҚ.

Бұл шаралар жол бойындағы елді мекендер мен көлік қатынасы учаскелерін тұрақты интернетпен қамтуға, байланыс сапасын арттыруға және тұрғындардың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

13/03/2026

Жамбыл облысы әкімдігінің жобалық басқару және цифрландыру орталығында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Отбасы сағаты» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында отбасының қоғамдағы маңызы, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ұлттық тәрбиенің рөлі туралы пікір алмасу өтті. Қатысушылар отбасы бірлігі мен құндылықтарын сақтау – қоғамның тұрақты дамуының негізі екенін атап өтті.
Мұндай кездесулер жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, отбасы институтының маңызын арттыруға ықпал етеді.

13/03/2026

📌 Искусственный интеллект в сфере здравоохранения Жамбылской области

Руководитель Центра проектного управления и цифровизации Жамбылской области Ташенова Гульпара Алашбаевна дала интервью региональному средству массовой информации «JAMBYL» на тему: «Как развивается искусственный интеллект в Жамбыле?».

🔊 2026 год - Год цифровизации и искусственного интеллекта, и для Жамбылской области это период цифрового рывка. Сегодня искусственный интеллект внедряется как практический инструмент, направленный на повышение качества жизни людей.
В регионе искусственный интеллект активно применяется в сфере здравоохранения. Алгоритмы x-Eye, интегрированные в систему PACS, позволяют выявлять опасные заболевания на ранней стадии, то есть своевременно обнаруживать серьёзные болезни.
Проект охватывает несколько медицинских учреждений области, и любой житель может пройти обследование и получить точный и качественный результат диагностики с помощью искусственного интеллекта.

📺 Видеоролик: региональное средство массовой информации «JAMBYL».

12/03/2026

📌 Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект
Жамбыл облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Ташенова Гүлпара Алашбайқызы «JAMBYL» өңірлік бұқаралық ақпарат құралында «Жамбылда жасанды интеллект қалай дамуда?» тақырыбында сұхбат берді.
🔊2026 жыл – «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы», Жамбыл облысы үшін цифрлық серпіліс кезеңі. Бүгінде жасанды интеллект адам өмірінің сапасын арттыруға бағытталған нақты құрал ретінде енгізіліп келеді.Облыста жасанды интеллект денсаулық сақтау саласында белсенді қолданылады. PACS жүйесіне біріктірілген x-Eye алгоритмдері қауіпті ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, яғни «жаман ауруларды» уақытылы табуға жол ашады.
Жоба облыстың бірнеше медициналық мекемесін қамтиды, және кез келген азамат тексеруден өтіп, жасанды интеллект арқылы дәл әрі сапалы диагностика нәтижесін ала алады.
📺 Бейнеролик: «JAMBYL» өңірлік бұқаралық ақпарат құралы.

Photos from Жамбыл облысының жобалық басқару және цифрландыру орталығы's post 10/03/2026

🔰Жамбыл облысында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде

2026 жылғы 29 қаңтарда нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті.
Отырысқа Жамбыл облысының әкімі, штаб жетекшісі ретінде Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеев төрағалық етті.

Жиын барысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 19 қарашада облыс әкімі аппараты басшысының №100 бұйрығымен нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың №7 Үлгілік базалық бағыты аясында жұмыс тобы бекітілді.
Барлық іс-шаралар Мемлекеттік қызметте жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес «Битрикс» жобалық басқару жүйесінде іске асырылды.
ІІМ жобалық офисімен бірлесіп, 148 іс-шарадан тұратын 10 жоба «Битрикс» жүйесіне енгізіліп, облыстың 10 жергілікті атқарушы органына бекітілді.
🔹 Жобалар облыс әкімі аппараты, полиция департаменті, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары арасында бөлінді
✅ 2025 жылы барлық 148 іс-шара толық орындалып, «аяқталды» мәртебесіне өтті.

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address

Колбасшы Койгельды, 173
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30