Жамбыл облысының білім басқармасы

Жамбыл облысының білім басқармасы

Share

Білім саласына қатысты мәліметтер мен атқарылған іс-шаралар

16/05/2026

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы мектептің оқушысы Сарсенбай Назерке Досжанқызы ҰБТ-да ең жоғары — 140 балл иегері атанды.

Жас түлекке жарқын болашақ пен толағай табыс тілейміз!

16/05/2026

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Қанат Нұрғанат Бахытжанұлы ҰБТ-да 140-тан 140 ұпай жинап, керемет нәтиже көрсетті.

Қанат Нұрғанат - тарих пәнінен 4 дүркін республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы, «Ой шебері» зияткерлік байқауының І орын иегері, «Хабар» арнасында көрсетілетін республикалық «XXI ғасыр көшбасшысы – 2026» зияткерлік байқауының жеңімпазы атанған.

Бұған дейін де облыс мерейін үстем етіп, түрлі білім бәйгелерінде топ жарып жүрген дарынды оқушы бүгін тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді!

Photos from Жамбыл облысының білім басқармасы's post 15/05/2026

ЖАМБЫЛДЫҚ СТУДЕНТТЕР WORLDSKILLS KAZAKHSTAN КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ «DALASKILLS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

2026 жылдың 12-16 мамыр күндері Ақтау қаласында WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі болып табылатын «DalaSkills» республикалық чемпионаты өтті.

WorldSkills қозғалысының құралдарына сүйене отырып, озық отандық және халықаралық тәжірибе негізінде жас ұрпақтың бойына ұлттық мәдениет пен дәстүрлі қолөнер құндылықтарын сіңіру және кәсіптік бағдар берудің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында өткен четпионатта Жамбыл облысының студенттері белсенді қатысып, жоғары кәсіби дайындықтары мен тәжірибелік дағдыларын дәлелдеді.

Чемпионат барысында қатысушылар түрлі құзыреттіліктер бойынша бақ сынап, өздерінің теориялық білімдері мен практикалық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Сайыс алаңында студенттер кәсіби біліктіліктерімен қатар, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Нәтижесінде
• «Ұлттық былғары қолөнері» құзыреттілігі бойынша Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Есенбекқызы Ақнұр жүлделі І орын,
• «Киіз өнері» құзыреттілігі бойынша Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Серікбай Айханым Талғатқызы жүлделі І орын,
• «Ұлттық құрақ құрау технологиясы» құзыреттілігі бойынша №9 Меркі колледжінің студенті Абу Нұршат Саматқызы жүлделі І орын,
• «Су биоресурстарын өңдеу» құзыреттілігі бойынша Тараз сервис және технология колледжінің студенті Әділ Думан Қанатұлы жүлделі ІІ орын,
"Ұлттық киім үлгілерін цифрлық" құзыреттілігі бойынша Бетқайнар колледжінің студенті Дубинцова Зинаида І орын, Оралбаева Ақмарал жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Photos from Жамбыл облысының білім басқармасы's post 15/05/2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНАН КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

2026 жылдың 12-15 мамыр күндері Ақмола облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Ауыл шаруашылығы» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлерінің мәртебесін арттыру, байқауға қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу мақсатында өткен конкурсқа облысымыздан 2 инженер-педагог қатысып, №9 Меркі колледжінің өндірістік оқыту шебері Аймбетов Ондасын Жаналыкович жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Photos from Жамбыл облысының білім басқармасы's post 15/05/2026

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 13 мамыр күні «Шығармашылық зертхана» жобасы аясында «Жасанды интеллект және цифрлық ресурстар – оқу үдерісінде» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға 150-ден астам директордың оқу, ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасарлары мен шығармашылық топ мүшелері қатысты.

Семинар барысында «ҰБТ-ға дайындық сапасын арттырудағы цифрлық платформалардың тиімділігі», «Цифрлық білім беру кеңістігі және жасанды интеллект: пән мұғалімдерінің авторлық тәжірибесі» тақырыптарында баяндамалар ұсынып,оқушының цифрлық білім беру кеңістігі-жаңа педагогикалық орта, мұғалімдер авторлық цифрлық ресурстар әзірлеудің тиімділігі, «Nomads Academy» платформасы арқылы 24/7 қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру, жасанды интеллект құралдары, ЖИ арқылы сабақты аналитикалық бақылау, білім алушыларға онлайн сабақ кестесі, тестілеуге дайындайтын сайттың жұмысының тиімділігі, ата-аналар үшін «Telegram BOT» ақпараттандыру каналының жұмысын ұйымдастыру бойынша қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер беріп, өзара тәжірибе алмасты.

Photos from Жамбыл облысының білім басқармасы's post 15/05/2026

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Астана Хаб» Дербес кластерлік қорының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесіп, «Zhambyl Hub» — IT экожүйесін және инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өңірлік орталық ретінде, мектеп оқушыларын заманауи цифрлық бағыттармен таныстыру мақсатында 2026 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Негізгі мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, IT және жасанды интеллект салаларындағы әлеуетін дамытуға қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ Zhambyl Hub базасында қолжетімді тегін білім беру және жобалық мүмкіндіктер туралы қоғамды жүйелі түрде хабардар ету болып табылады.

Ақпараттық кездесулер барысында «Open Day & AI Workshop» барысында қатысушыларға хабтың оқу және жобалық бағыттары таныстырылып, жасанды интеллект құралдарын қолданудың негізгі тәсілдері бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жастарға кәсіби бағдар беру, IT саласындағы білім алу және стартап жобаларды дамыту мүмкіндіктері түсіндірілді.

Нәтижесінде Zhambyl Hub қызметімен және оның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысты, IT және жасанды интеллект бағыттарындағы заманауи трендтер мен білім беру бағдарламалары туралы өзекті ақпарат алып, сондай-ақ практикалық воркшоптарға қатысуға мүмкіндік береді.

Photos from Жамбыл облысының білім басқармасы's post 15/05/2026

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес ата-аналардың қатысуымен Отбасы күніне арналған «Шаңырақ» республикалық байқауы өтті.

Республикалық байқауының нәтижесі бойынша Тараз қаласы №20 бөбекжай-бақшасы І орынды иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Photos from Жамбыл облысының білім басқармасы's post 15/05/2026

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының жанындағы кеңес және алқа мәжілісі өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының мәжіліс залында басқарма басшысының жанындағы кезекті кеңес және алқа мәжілісі ұйымдастырылды. Жиынға басқарма басшысы Нұрбек Әбубекұлы, басшының орынбасарлары, білім басқармасының қызметкерлері, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, басқармаға қарасты мекемелердің директорлары қатысты.

Күн тәртібінде білім беру саласының өзекті мәселелері қаралып, аудандардағы білім ұйымдарының қызметіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындылары талқыланды. Алқа мәжілісінде мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік құжаттардың орындалуы, ерекше білімді қажет ететін балаларды үйден оқыту сапасы, білім беру ұйымдары басшыларының жеке іс құжаттарына жүргізілген зерделеу нәтижелері кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында педагогикалық назарды қажет ететін оқушыларды мектепішілік есепке алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмысы қолайсыз отбасыларындағы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар сараланды. Полиция бөлімдерімен бірлескен профилактикалық жұмыстардың тиімділігіне де ерекше назар аударылды.

Жиында оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жағдайы, мектептер мен балабақшалардағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, есірткі мен құмар ойындардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндамалар тыңдалды. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы дуалдық оқыту жүйесінің жүзеге асырылу барысы қаралып, колледждерге жүргізілген зерделеу қорытындылары ұсынылды.

Кеңес барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы, ҰБТ нәтижелері, мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауға дайындығы және «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» ұсынылған түлектердің құжаттарына жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланды.

Сондай-ақ шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, білім бөлімдеріндегі «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысы, аппараттық-бағдарламалық кешен мен «Әлеуметтік әмиян» жүйесінің жағдайы бойынша жауапты мамандардың есептері тыңдалды.

Жиын қорытындысында білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелерді уақытылы шешу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді. Басқарма басшылығы барлық білім беру ұйымдарына заңнама талаптарын қатаң сақтап, жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Photos from Жамбыл облысының білім басқармасы's post 15/05/2026

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2026 жылдың 15 мамырында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету бағытында «Ұлттық бірыңғай тестілеуге білім алушыларды дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өтті.

Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, мектеп директорының ҰБТ-ге жауапты орынбасарлары, барлығы 380 адам қатысты.

Облыстық оқыту семинарының барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Қ.Балгинбаева қатысып «Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2026» ақпараттық презентациясында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысудың нормативтері, тестілеу қағидалары, грантқа құжаттарды қабылдаудың мерзімі, ағымдағы жылы өтетін ҰБТ форматының ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, семинар барысында қатысушыларға білім алушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдістері, ҰБТ-ге дайындық сапасын арттырудағы цифрлық платформалардың тиімділігі, ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізілуінің әдістері, байқау тестілеулерінің нәтижелеріне сәйкес талдау жасау тәсілдері, мониторинг жүргізу түрлері, топтық және жеке дайындық, логикалық сұрақтарды талдау, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмаларды қолданудың тиімділігі туралы мазмұнды ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

Қорытындысында қатысушыларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бағытында сайтына сілтеме берілді.

15/05/2026

Басқарма басшысы Нұрбек Оршубеков М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің педагогика мамандықтарының 4-курс студенттерімен кездесті.

Басқарма басшысы болашақ ұстаздарға өңірде жүзеге асырылып жатқан GPA 3,33 баллдан жоғары үздік түлектерді еш конкурссыз білім беру ұйымдарына қабылдау жобасы туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында басқарма тарапынан жас мамандарды қолдауға бағытталған барлық шаралар туралы айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Want your business to be the top-listed Government Service in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address

Жамбылская область, город Тараз, Улица Толе би 35
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30