18/10/2025
📷КІТАПХАНА ТЫНЫСЫ БАҚ НАЗАРЫНДА
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов кітапханасы, Public & Government Service, Ы. Сүлейманов 17 а, Taraz.
18/10/2025
📷КІТАПХАНА ТЫНЫСЫ БАҚ НАЗАРЫНДА
⚜️РУХАНИ ҚАЗЫНА
🖊Бауыржан Момышұлы
⚜️18 қазан - Рухани келісім күніне арналған «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» медиакомпас.
📌Қазақ халқы ежелден бейбітшілік пен өзара түсіністікті жоғары бағалаған. Бүгінде Қазақстан – түрлі ұлттар мен дін өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан ел. Бұл – біздің басты байлығымыз және ортақ жетістігіміз.
🤝 Діни келісім – қоғамдағы тұрақтылықтың, тыныштықтың негізі. Әр адамның діни сеніміне құрметпен қарау, өзара төзімділік пен сыйластықты сақтау – бүгінгі күннің басты құндылықтары.
#ДіниКелісім #Бірлік #Тұрақтылық #Қазақстан #Татулық
18/10/2025
🎞️Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді
🎬20-24 қазан аралығында Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” ұлттық киностудиясының “Қазақанимация” шығармашылық бірлестігі «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығына» шақырады.
✔️Апталық аясында көрермен назарына отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылады. Бағдарламада цифрландырылған классикалық шығармалармен қатар, жаңа заманауи жобалар да қамтылған. Бұл – ұлттық режиссерлердің шығармашылығымен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысуға тамаша мүмкіндік.
Барша астаналықтар мен қала қонақтарын ұлттық анимация әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!
📍Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1)
Басталуы: 16:00
Кіру тегін!
🎞️В Астане пройдет «Неделя национальных анимационных фильмов»
🎬С 20 по 24 октября творческое объединение «Казаханимация» при киностудии «Казахфильм» имени Шакена Айманова приглашает на «Неделю национальных анимационных фильмов».
✔️В рамках недели зрителям будут представлены лучшие произведения отечественного анимационного искусства. В программу включены как оцифрованные классические шедевры, так и новые проекты. Это отличная возможность познакомиться с творчеством отечественных режиссёров и направлением развития современной казахстанской анимации.
Приглашаем жителей и гостей столицы окунуться в атмосферу национальной анимации и познакомиться с лучшими работами отечественных режиссёров.
📍Место проведения: г. Астана, ЦКЗ «Казахстан», проспект Мәңгілік Ел, 10/1
Начало: 16:00
Вход свободный!
18/10/2025
⚜️ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ
#Қазақхалқыныңсалтдәстүрі
#Қонақкәде
18/10/2025
🌍ӘЛЕМДЕ ТУҒАН ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР
1973 жылы ресейлік театр және кино актері, Ресейдің халық әртісі Сергей Безруков дүниеге келді.
18/10/2025
🌍ӘЛЕМДЕ ТУҒАН ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР
1960 жылы америкалық актер, режиссер, сценарист, продюсер Жан-Клод Ван Дамм дүниеге келді.
18/10/2025
🌍ӘЛЕМДЕ ТУҒАН ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР
1926 жылы сыншы, аудармашы Николай Ровенский дүниеге келді. Ол Б.Майлиннің, С.Мұқановтың, Р.Нұрғалиевтің, Ө.Қанахиннің шығармаларын орыс тіліне аударған.
18/10/2025
🕊18 ҚАЗАН - РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ.
📌1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.
📚Халед Хоссейни — “Жарқыраған мың күн”
✅Бұл – әйел тағдыры, махаббат пен үміт туралы жүректі жарып шығатын шығарма.Автор Ауғанстандағы екі әйелдің — Мариам мен Ләйланың ауыр тағдырын, олардың бір-біріне деген мейірімі мен қайсарлығын терең суреттейді.
💔 Соғыс, әділетсіздік, бірақ соның арасындағы адамдық пен сүйіспеншілік — осы кітаптың өзегі.
Оқырман әр бетте күрес, төзім және үміттің шексіз күшімен бетпе-бет келеді.
📚Кітапхана – тыныштық пен білімнің тоғысқан мекені.
17/10/2025
🌙 Фёдор Достоевский — “Ақ түндер”
«Ақ түндер» — жалғыздық, арман мен үміт туралы нәзік повесть. Петербургтің ақ түндеріндей жұмбақ әрі мұңды бұл туындыда басты кейіпкер – жалғыз жүрек иесі. Ол қиял мен шынайылықтың арасында өмір сүріп, бір сәттік бақытқа бүкіл жанын арнайды.
Бұл шығарма — сүйіспеншілік пен жалғыздықтың, арман мен шындықтың тоғысқан айнасы.
Әр беті сезімге толы, әр сөйлемі – жүрек сыры. 💫