АО «Samruk-Kazyna Construction»

АО «Samruk-Kazyna Construction»

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from АО «Samruk-Kazyna Construction», Government Organization, Улица Сығанақ, строение 17/10, Tselinograd.

Всё о Государственной программе Доступное Жильё-2020 в направлении АО «Фонд недвижимости «Самрук-Қазына»: свежие новости и правдивая статистика.
Астана · http://fnsk.kz

18/03/2026

Ұлттық киім күні - халқымыздың тарихы мен мәдениетін, болмысын дәріптейтін ерекше күн.

Әр ою-өрнек, әрбір шапан мен камзол - ата-бабадан жеткен рухани мұра.

Ұлттық киім кию арқылы біз өз мәдениетімізді сақтап қана қоймай, оны келер ұрпаққа жеткіземіз.

Ұлттық киім — ұлттың айнасы. Оны дәріптеу — әрқайсымыздың парызымыз.

#Наурызнама #ұлттықкиім

15/03/2026

Samruk-Kazyna Construction басшылығы мен қызметкерлері жалпыұлттық референдумнан шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады.

______________________

Руководство и сотрудники Samruk-Kazyna Construction не остались в стороне от общенационального референдума и сделали свой выбор, проявив активную гражданскую позицию.

06/03/2026

Бүгін «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының құрылғанына 17 жыл толды. Осы уақыт ішінде компания талай маңызды жобаларды жүзеге асырып, ел дамуына өз үлесін қосып келеді.

Бүгінде ұжымымызда 60-қа жуық білікті маман еңбек етуде. Әрбір қызметкер – компанияның ең басты құндылығы. Сіздердің кәсіби әрі адал еңбектеріңіз үшін мың алғыс!

Компаниямызға алдағы уақытта да өркендеу, ауқымды әрі маңызы зор жобалар, тұрақты даму мен толағай табыстар тілейміз!

06/03/2026

Көктемнің ең әдемі мерекесі – 8 наурыз құтты болсын! 🌷

Сіздер ұжымымызға нәзіктік, жылулық және шабыт сыйлайсыздар.

Әр күндеріңіз қуанышқа, ал өмірлеріңіз гүлдей құлпырып, бақытқа толы болсын!

04/03/2026

15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдум қарсаңында «Samruk-Kazyna Construction», «Самрук-Казына Девелопмент» және «Түркістан БГҚ» компанияларының қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтардың мазмұны түсіндірілді.

Ақпараттық-түсіндіру жиынына компаниялардың орталық аппаратындағы мамандар офлайн форматта қатысса, өңірлердегі әріптестер онлайн режимде қосылды. Жиында Құқықтық сүйемелдеу департаментінің міндетін атқарушы Айгүл Руспекова жаңа Конституция жобасында ұсынылған негізгі жаңашылдықтарға тоқталды.

Жиын барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов қазақ өркениетінде заңның орны әрдайым жоғары болғанын атап өтті.

Мәулен Айманбетовтің айтуынша, мұндай жүйелі өзгерістер – уақыт талабы және мемлекетіміздің тұрақтылығы мен азаматтардың игілігі үшін жасалуда. Жалпыұлттық референдум – әрқайсымыздың даусымыз маңызды болатын тарихи оқиға. Ол жиынға қатысушыларды 15 наурызда таңдау жасап, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды.

26/02/2026

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша солтүстік өңірлерде салынатын барлық жаңа мектептердің аумағында хоккей корттарын орнаттық.

Бұл нысандар тек оқушыларға ғана емес, көрші шағын аудандардың, ауланың балаларына да ашық, кешкі уақытта және демалыс күндері қолжетімді болуы тиіс. Өйткені чемпиондар ең алдымен ауладан шығады.

Мұның айқын мысалын Канада тәжірибесінен көруге болады: әр елді мекен мен шағын ауданда ашық мұз айдындары бар, балалар ерте жастан коньки тебуге үйренеді. Соның нәтижесінде хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан тұрақты түрде мықты спортшылар өсіп шығады.

Бүгінде қазақстандық жас спортшылар да халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Соның ішінде мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров ел намысын абыроймен қорғап, Олимпиада чемпионы атанды. Жас хоккей командаларымыз шетелдік турнирлерде топ жарып жүр.

Егер хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан жүйелі түрде чемпиондар тәрбиелегіміз келсе, жұмысты мектеп қабырғасынан бастау қажет.
Сондықтан келешек мектептерінің аумағында хоккей корттарын салу – ел болашағына салынған инвестиция.

25/02/2026

Болашаққа ашылған 65 мың есік!

64 978 есік - бұл сыныптарға, спорт залдарына, кітапханалар мен шеберханаларға апаратын жол. Ең бастысы, бұл - балалар үшін күн сайын білім мен мол мүмкіндіктерге, ертеңгі өмірге жол ашатын есіктер!

30/01/2026

Құрылыс саласында жылдар бойы шешімін таппай келген негізгі мәселе -қағазбастылық пен процестердің жабықтығы. Біз бұл түйінді мәселені үстірт емес, жүйелі түрде шешуді жөн көрдік. Осы мақсатта Samruk-Kazyna Construction құрылыс саласында алғаш рет eQurylys цифрлық ақпараттық жүйесін енгізді.
2024 жылғы 13 мамырда қағаз айналымы өткеннің еншісінде қалды. Дәл осы күні атқарылған жұмыстардың алғашқы электрондық актісі рәсімделіп, төлем жүргізілді. Осы сәттен бастап
Жүйені енгізудің бастапқы кезеңінде күмән да, қарсылық та болды. Кейбір мердігерлер бұрынғы тәртіпке оралу қажет екенін алға тартты. Алайда уақыт өте келе нақты нәтижені көрді.
– атқарылған жұмыс актілері автоматты түрде қалыптастырылады;
– құжаттарды тексеру мен бекіту 2–3 күннің ішінде аяқталады, құжаттарды ұстап, қол жинау үшін елді апталап не одан да ұзақ уақыт шарлаудың қажеті жоқ;
– төлем тек жобалық-сметалық құжаттама мен нақты орындалған жұмыстар толық сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады;
– жүйеге сырттан араласуға немесе деректерді қолмен өзгертуге техникалық тұрғыда жол берілмейді.
Барлық әрекет жүйеде тіркеліп отырады. Қай маман, қай уақытта, қандай шешім қабылдағаны нақты көрініп тұрады.
Цифрландыру - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде болдырмау, жұмыс үдерістерін жеделдету, мемлекет, тапсырыс беруші және мердігер арасындағы сенімді нығайту.

27/01/2026

13 088 шақырым байланыс

Бұл — көзге көрінбейтін, бірақ мектептің бүкіл жұмысын ұстап тұрған инфрақұрылым. Ғимараттарды, қабаттар мен сыныптарды бір жүйеге біріктіріп, жарықтың жануына, интернеттің жұмыс істеуіне, қауіпсіздік пен техниканың іркіліссіз қызмет етуіне мүмкіндік береді. Қазіргі білім беру ең алдымен осындай берік негізден басталады.

Want your business to be the top-listed Government Service in Tselinograd?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address

Улица Сығанақ, строение 17/10
Tselinograd
01000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00