#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
💠 Маңғыстау облысында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары күшейтілуде
Бүгін Маңғыстау облысы Полиция департаменті жанынан құрылған есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі профилактикалық кеңес мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.
Кеңес отырысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, сондай-ақ кеңес төрағасы полиция полковнигі И.Б. Жұмағұловтың төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың 4 айындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында атқарылған профилактикалық жұмыстардың қорытындылары шығарылып, жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі талқыланды.
Есепті кезеңде заңсыз айналымнан шамамен 48 келі есірткі заты тәркіленді.
Сонымен қатар Ақтау қаласының қоғамдық орындарында 53 рейдтік іс-шара өткізіліп, есірткі жарнамасына қатысты 145 граффити жазуы анықталып, жойылды. Сондай-ақ есірткі заттары мен олардың аналогтарын жарнамалайтын және сатуға қатысты ақпарат таратқан 630 интернет-ресурс бұғатталды.
Бұдан бөлек, 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін есірткіге қарсы айлыққа дайындық мәселелері қаралып, алдағы іс-шаралар жоспары бекітілді. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын
Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі
Информация по земельным отношениям
02/06/2026
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Түпқараған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Ақшұқыр ауылы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іс барысында синтетикалық есірткі заттарын заңсыз сақтау және жасырып кеткен күдікті екі азаматты ұсталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
02/06/2026
⚠️ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Профилактикалық кабинетте тұрғындарға интернет алаяқтарының арбауына түспеу жолдары түсіндірілді. Кездесу барысында полиция қызметкерлері күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға банк деректерін жібермеу және жалған қоңырауларға сенбеу қажеттігін ескертті.
Қазіргі таңда алаяқтар өзін банк қызметкері, полиция немесе туыс ретінде таныстырып, азаматтарды алдап соғу деректері жиілеген. Осыған байланысты тұрғындарға сақтық шараларын күшейту ұсынылды.
🔹 Жеке деректерді ешкімге бермеңіз
🔹 SMS-код пен банк картасының мәліметін айтпаңыз
🔹 Күмәнді хабарламаларға сенбеңіз
🔹 Алаяқтық дерегі болса, бірден полицияға хабарласыңыз
Қауіпсіздік — әр азаматтың жауапкершілігі!
02/06/2026
🚨 Назар аударыңыз: тұрғын үй брондау кезіндегі жаңа алаяқтық тәсілі!
ІІМ ескертеді: танымал сайттар арқылы қонақүй немесе пәтер брондағаннан кейін, алаяқтар банк картаңыздың деректерін қайта сұрайды — тіпті олар жеке кабинетке әлдеқашан енгізілген болса да!
💡 Алаяқтардың құрбаны болмас үшін, мына кеңестерге назар аударыңыз:
🔹 Сайттың мекенжайын тексеріңіз — фишингтік сайттарда домен атауы аздап өзгереді
🔹 Карта деректерін чат арқылы жібермеңіз
🔹 Тым арзан ұсыныстардан сақ болыңыз — бұл жиі тұзақ
🔹 Пікірлерді оқып, жарнаманың қанша уақыт бұрын жарияланғанын тексеріңіз
🔹 Толық алдын ала төлем жасаудан аулақ болыңыз
🔹 Мессенджерлер мен әлеуметтік желідегі күдікті сілтемелерге кірмеңіз
🔹 Тек сенімді платформалар арқылы брондаңыз
⚠️ Демалыс немесе іссапарды жоспарлағанда абай болыңыз!
📎 ІІМ-нің толық ұсыныстары:
👉 https://polisia.kz/alayaqtardyng-turghyn-uj-brondau-kezindegi-zhanga-ajlasy-iim-usynymdary/
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында “Qarmet Tubular Products Aktau” мекемесінің қызметкерлерімен интернеттегі қауіпсіздік және алаяқтықтың алдын алу тақырыбында түсіндіру жиналысы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында:
🔹 интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері
🔹 әлеуметтік желідегі жалған аккаунттар
🔹 фишинг және күдікті сілтемелер
🔹 онлайн ойындар мен саудадағы қауіптер
🔹 жеке деректерді қорғау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
#МаңғыстауоблысыПолициядепартаменті #ДепартаментполицииМангистаускойобласти #АяғановСағындық СағындықАяғанов ДПМО МОПД ҚРІІМ МВДРК
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
👮♂️ Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
📄 Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндіріліп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша арнайы жаднамалар таратылды.
⚠️ Полиция қызметкерлері тұрғындарға:
▪️ белгісіз сілтемелерге өтпеу;
▪️ банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу;
▪️ күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу;
▪️ интернет арқылы сауда жасағанда тек сенімді платформаларды пайдалану қажеттігін ескертті.
✅ Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.
02/06/2026
Ақтауда «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында өткен облыстық театр байқауының финалдық кезеңінде мектеп оқушылары қоғамдағы өзекті мәселелерді сахналық қойылымдар арқылы көрсетті, деп хабарлайды otpannews.kz.
02/06/2026
Ақтау қаласында теңіз жаяу әскерлері бригадасының базасында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты ауқымды акция өтті. Республикалық профилактикалық іс-шара шеңберінде өткен жиында сарбаздардың құқықтық сауатын арттыру және әскери қызметтің маңызын түсіндіру мәселелері қамтылды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Бейнеу ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында оқушылар арасындағы әлімжеттіктің алдын алуға бағытталған анимациялық бейнеролик дайындады.
Бейнероликтің негізгі мақсаты – әлімжеттіктің алдын алу, оған жол бермеу және оның түп-тамыры көбіне отбасы тәрбиесінен басталатынын түсіндіру.
Әлімжеттік – бір баланың ғана емес, бүкіл отбасының, ортаның және қоғамның айнасы.
Әр баланың жүрегі – аманат. Аманатқа дұрыс қарасақ, әлімжеттікке орын қалмайды.
Жоба ата-аналардың балаларға деген жауапкершілігін күшейтуге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отбасындағы тәрбиенің және қолдаудың маңызын көрсетуге бағытталған.
Бұл бейнеролик Бейнеу ауданы прокуратурасының тапсырысы негізінде жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып дайындалды.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Zhanaozen
13000
