Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Government Organization, Алаш алаңы, 3, Zhezkazgan.
2026 жылғы 26 маусымда Ұлытау облысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен «Ономастикалық комиссиялардың жұмысы: тиімді тәжірибелер мен проблемалар» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – өңірлік ономастикалық комиссиялардың қызметін жетілдіру, саладағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және ономастика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді тетіктерін қарастыру болды.
01/06/2026
Қазақстан Республикасы Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайынғы республикалық терминшілер байқауын бастады!
Байқау өтінімі 2026 жылдың 20 сәуір мен 31 тамыз аралығында қабылданады.
Байқауға 18 жасқа толған ҚР кез келген азаматы қатыса алады. Ұлттық сипаттағы терминжасамға әркімнің үлес қосуға мүмкіндігі бар. Небәрі 5 термин ұсынып, жүлделі орынға ие болыңыз!
Байқаудың жүлде қоры:
Бас жүлде – 250 000 теңге.
I орын – 150 000 теңге.
II орын – 100 000 теңге.
III орын – екі жеңімпаздың әрқайсысына 70 000 теңге.
Ынталандыру сыйлығы – төрт жеңімпаздың әрқайсысына 25 000 теңге.
Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астана қаласына шақыртылады.
Байқау ережесімен танысу үшін сілтемеге өтіңіз ➡️ https://docs.google.com/document/d/12CF9zi_otUyJnajK7WUavQ8Xtt48Oqgv/edit?usp=sharing&ouid=102829762134357764975&rtpof=true&sd=true
Өтінімдер және сұрақтар бойынша байланыс: [email protected], +77172251465
27/04/2026
2026 жылдың 24 сәуір күні мәдениет қызметкерлеріне облыс әкімінің орынбасары З. Ж. Ақылбекова төрағалығымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Е. М. Ермаханбетовтың қатысуымен Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Мәдениет саласындағы адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: құндылықтар мен міндеттер тақырыбында жиналыс өтті
13/04/2026
Ұлытау облысында тіл заңнамасын сақтау бойынша мерзімді тексерулер басталды
Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына 2026 жылдың І жарты жылдығына арналған мерзімді тексеру жұмыстары басталды.
Ұлытау облысы әкімінің 2025 жылғы 01 желтоқсандағы №85 – ө өкіміне сәйкес:
• «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне;
• «Ұлытау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне;
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына жоспарлы тексеру жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Орын алған кемшіліктерді түзетуге ұсынымдар берілді.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
Zhezkazgan
100600
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
