13/10/2026
Қарағанды қаласында металл бұйымдары зауытының ұжымымен кездесу өтті
📍 Қарағанды қаласының этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Марат Түсіпов «Қарағанды металл бұйымдары зауыты» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
🔖 Кездесу барысында қоғамдық диалогты дамыту, этносаралық келісімді сақтау және жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушыларға этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары түсіндіріліп, қоғамдағы өзара түсіністік пен сындарлы қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ еңбек ұжымында өзара құрметке, сенімге және ашық диалогқа негізделген қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығына назар аударылды. Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау мемлекеттік және қоғамдық институттармен қатар, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қоғамдық келісімді нығайту, тұрақтылықты сақтау және жалпыұлттық бірлікті дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
В Караганде состоялась встреча с коллективом завода металлоизделий
📍 Член информационно-разъяснительной группы города Караганды в сфере межэтнических