Посольство Республики Казахстан в Республике Беларусь

Посольство Республики Казахстан в Республике Беларусь

Share

Welcome to our page. Our official website is http://mfa.gov.kz/minsk
Follow us on Twitter @MFA_KAZ_in_BY

Телефоны для экстренной связи с загранучреждением

(375-17) 276 01 10

Контактные данные загранучреждения для связи по:

консульским вопросам;
вопросам инвестиционного сотрудничества, торговым отношениям и трансферта технологий.
вопросам публичной дипломатии, культуры и образования.
276 01 08 (с 15:00 до 17:00)

276 01 23

276 01 23

При наличии нескольких загранучреждений РК в стране пребывания -

01/06/2026

🔹Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
🔸Поздравляем с Международным днем защиты детей!

29/05/2026

🔹 Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

🔸 В Астане проходит очередное заседание Высшего Евразийского экономического совета

Президент Российской Федерации Владимир Путин, Президент Кыргызской Республики Садыр Жапаров, Президент Республики Беларусь Александр Лукашенко и Вице-премьер Республики Армения Мгер Григорян прибыли во Дворец Независимости.

Высоких гостей встретил Глава государства Касым-Жомарт Токаев.

Photos from Посольство Республики Казахстан в Республике Беларусь's post 29/05/2026

🔹 Қазақстанды Беларусьтің түсінікті тілді енгізу тәжірибесі қызықтырады

Минск, 2026 жылғы 25-27 мамыр - Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен қазақстандық делегация когнитивтік кемістігі бар адамдар үшін анық тілді енгізудің белорустық тәжірибесін, сондай-ақ анық тілде мәтіндерді дайындау әдістемесін және қолжетімді коммуникацияның практикалық қолдануын зерделеу үшін Беларуське барды.
Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, мүгедек адамдар ұйымдарының сарапшылары мен көшбасшылары кірді.
Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасында қазақстандық делегация Беларусьтің инклюзия саласындағы заңнамалық нормаларымен танысты.
Инклюзия бойынша тәжірибе Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясында, соның ішінде үйде дауыс беруге арналған мобильді комиссиялар жүйесін енгізуде де бөлісті.
Беларусьте қолданыстағы мемлекеттік стандарттар ақпаратты қабылдауда қиындықтары бар адамдар үшін мәтіндердің бейімделуін реттейді.

🔸 Казахстану интересен опыт Беларуси по внедрению ясного языка

Минск, 25-27 мая 2026 года – при содействии Офиса программ ОБСЕ в Астане казахстанская делегация посетила Беларусь для изучения белорусского опыта внедрения ясного языка для лиц с когнитивными нарушениями, а также методики подготовки текстов на ясном языке и практического применения доступной коммуникации.
В состав делегации вошли депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, представители государственных органов, эксперты и лидеры организаций лиц с инвалидностью.
В Палате представителей Национального собрания Республики Беларусь казахстанская делегация ознакомилась с законодательными нормами Беларуси в области инклюзии.
Опытом по инклюзии также поделились в Центральной избирательной комиссии Республики Беларусь, включая внедрение системы мобильных комиссий для надомного голосования.
Действующие в Беларуси государственные стандарты по ясному языку регламентируют адаптацию текстов для людей с трудностями восприятия информации.

29/05/2026

🔹Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

🔸В Астане проходит очередное заседание Высшего Евразийского экономического совета

Президент Российской Федерации Владимир Путин, Президент Кыргызской Республики Садыр Жапаров, Президент Республики Беларусь Александр Лукашенко и Вице-премьер Республики Армения Мгер Григорян прибыли во Дворец Независимости.

Высоких гостей встретил Глава государства Касым-Жомарт Токаев.

29/05/2026

🔹 28 мамырда Астанада V Еуразиялық экономикалық форумы өтті. Ауқымды іс-шара Еуразиялық экономикалық одақ, бизнес және сараптамалық қоғамдастық елдерінің өкілдерін жинады. Форум 2026 жылы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуі шеңберінде ЕАЭО - ға мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтті.
Биылғы форумның басты тақырыбы – «ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектке басымдық».
Форум аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен делегация басшыларына озық технологиялық және цифрлық шешімдердің көрмесі, сондай-ақ Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері ұсынылды.

🔸 28 мая в Астане прошел V Евразийский экономический форум. Масштабное мероприятие собрало представителей стран Евразийского экономического союза, бизнеса и экспертного сообщества. Форум проходит с участием глав государств - членов ЕАЭС в рамках председательства Казахстана в органах Евразийского экономического союза в 2026 году.
Главная тема форума в этом году — «ЕАЭС в глобальной цифровой гонке: ставка на искусственный интеллект».
В рамках форума президентам Казахстана, России, Беларуси, Кыргызстана и главам делегаций была представлена выставка передовых технологических и цифровых решений, а также возможности Международного центра искусственного интеллекта Alem.ai.

26/05/2026

🔹Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы əлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Байқаудың негізгі талабы — фильмнің full AI технологиялары арқылы жасалуы. Яғни, жасанды интеллект қосымша құрал ретінде емес, туындыны жасаудың негізгі инструменті ретінде қолданылуы тиіс.
Өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады. Байқау финалистері қыркүйек айында жарияланып, көрсетілімдер мен жеңімпаздарды марапаттау рəсімі Astana AI Week аясында Астана қаласында өтеді.

Фестивальдің ресми сайты: aaiff.ai

🔸Стартовал прием заявок на международный конкурс Astana AI Film Festival для креаторов со всего мира

Официальный сайт Astana AI Film Festival (AAIFF) aaiff.ai открыл прием заявок для креаторов со всего мира на участие в международном конкурсе AI-фильмов. О концепции проекта, конкурсной программе и деталях запуска организаторы рассказали в ходе пресс-конференции в Астане.

Ключевым требованием конкурса является создание фильмов с использованием технологий full AI, где искусственный интеллект выступает основой создания произведения, а не вспомогательным инструментом постобработки короткометражки.

Прием заявок продлится до 15 августа 2026 года, а показы и церемония награждения победителей пройдут в Астане в рамках Astana AI Week.

Официальный сайт фестиваля: https://aaiff.ai/

21/05/2026

🔹19-20 мамырда Астанада “Алтын Орда дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік” атты Халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сыртқы істер министрлігімен және Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Еуропаның, Азияның, Солтүстік Американың және Таяу Шығыстың 20-дан астам елінен 350-ге жуық делегат жиналды. Қатысушылар арасында ғалымдар, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, саясаттанушылар, мұражайлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Тақырыптық секциялардың жұмысы Назарбаев университетінде жалғасты. Қатысушылар тарих, археология, дипломатия, экономикалық жүйелер және деректану тақырыптарын талқыладв.

🔸19-20 мая в Астане начал свою работу международный симпозиум «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура, идентичность». Организаторами выступают Министерство науки и высшего образования совместно с Министерством иностранных дел и Министерством культуры и информации РК. Мероприятие собрало около 350 делегатов из более чем 20 стран Европы, Азии, Северной Америки и Ближнего Востока. Среди участников заявлены ученые, археологи, востоковеды, тюркологи, политологи, представители музеев и международных организаций. Работа тематических секций продолжилась в Назарбаев Университете. Участники обсудили темы истории, археологии, дипломатии, экономических систем и источниковедения.

Photos from Посольство Республики Казахстан в Республике Беларусь's post 20/05/2026

🔹 Алтын Орданың мұрасы – Қазақстанның тарихи бірегейлігінің маңызды бөлігі

19 мамырда Астана қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тәуелсіздік сарайында «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтті.
Алтын Орда Қазақ хандығының тарихи бастауы болған және қазақ халқының қалыптасуында шешуші рөл атқарған мемлекет ретінде Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Дәл Алтын Орда дәуірінде түркі-мұсылман өркениеттік кеңістігі қалыптасып, мемлекеттілік, сауда, мәдениет және дипломатия дамыды.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жадты сақтаудың және ұлттық тарихты терең зерделеудің маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Алтын Орданың нышандары мен дәстүрлері қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінде де көрініс табуда. Атап айтқанда, Президент резиденциясының «Ақорда» атауы Жошы ұлысы билеушілерінің ордасымен тарихи тұрғыда байланысты болса, ұлттық валюта – «теңге» атауы Алтын Орда дәуіріндегі ақша айналымынан бастау алады.
Мемлекет басшысы симпозиумда сөйлеген сөзінде бірқатар қызықты тарихи деректерге тоқталды.
«Алтын Орда – Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын еркін жайлап, Ұлы дала төсінде билік құрған қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді, бұл – мойындалған тарихи дерек», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумда.
Мемлекет басшысының айтуынша, Алтын Орда Батыс пен Шығысты байланыстырған саяси құрылымға айналды, сондықтан оның тарихы көптеген іргелі ғылыми зерттеулердің нысаны болып қала береді.
Президент сол дәуірдегі көптеген мемлекеттерден айырмашылығы, Алтын Орда даму барысында стратегиялық ашықтық қағидатын ұстанғанын, бұл оның қалаларының келбетінен де көрініс тапқанын атап өтті.
«Ұлыс гүлденіп тұрған заманда қалаларды биік қамалмен қоршап, тұйықтау болған жоқ. Әр қала қарқынды сауда орталығы ретінде адамдардың еркін қозғалысына бейімделіп, дамыды. Бұл тәжірибе дала мен қала арасында қақтығыстар толастамады деген аңыз әңгімелерді түбегейлі жоққа шығарады. Керісінше, осы байланыстар орта ғасырдағы ең оңтайлы мемлекеттілік үлгісінің негізін қалады», – деді Мемлекет басшысы.
Президент Алтын Орда тақырыбы өзектілігін жоғалтпайтынын және ұлттық тарих үшін ғана емес, әлемдік тарих ғылымы үшін де ерекше маңызға ие екенін айтты. Осыған байланысты Қазақстан халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлесіп, осы кезеңді жүйелі әрі жан-жақты зерттеуді жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
«Симпозиум Алтын Орда мен Ұлы дала тарихын зерделейтін түрлі мектеп өкілдерінің басын қосып отыр. Бұл – өте маңызды. Ұзақ жылдар бойы осы іргелі тақырыпты індете зерттеген ресейлік ғалымдардың рөлін атап өткен әділетті болар еді. Олар Алтын Орданың тыныс-тіршілігін жан-жақты сипаттайтын ғылымның мол қорын жинады. Сонымен қатар Алтын Орда тақырыбы бір ғана мемлекеттің шеңберінде шектеліп қалмай, Қытай, Моңғолия, АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Жапония, Қырғызстан, Өзбекстан, Мысыр және бірқатар Еуропа елдері зерттеушілерінің назарын аударып, бүкіл әлемді шарлап кетті десек болады», – деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы симпозиумды өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасын қолдағаны үшін ЮНЕСКО ұйымына алғыс білдірді.

🔸 Наследие Золотой Орды – важная часть исторической идентичности Казахстана

19 мая, в Астане с участием Президента Касым-Жомарта Токаева во Дворце Независимости прошел Международный симпозиум «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура, идентичность».
Золотая Орда занимает особое место в истории Казахстана как государство, ставшее историческим предшественником Казахского ханства и сыгравшее ключевую роль в формировании казахского народа. Именно в золотоордынский период происходило становление тюркско-мусульманского цивилизационного пространства, развитие государственности, торговли, культуры и дипломатии.
Президент страны неоднократно отмечал важность сохранения исторической памяти и глубокого переосмысления национальной истории. Символика и традиции Золотой Орды продолжают отражаться в современной казахстанской государственности. В частности, название резиденции Президента «Ақ Орда» исторически связано со ставкой правителей Улуса Джучи, а название национальной валюты «теңге» берет начало от золотоордынского денежного обращения.
Выступая симпозиуме Глава государства раскрыл интересные факты.
«Ни один историк не сомневается в том, что Золотая Орда была могущественной империей, свободно раскинувшейся на огромных просторах Евразии и властвовавшей на территории Великой степи. Это — признанный исторический факт», — заявил Президент на международном симпозиуме об истории Золотой Орды.
По словам Касым-Жомарта Токаева, Золотая Орда стала политическим образованием, соединившим Запад и Восток, а ее история закономерно остается предметом многочисленных фундаментальных исследований.
Глава государства отметил, что в отличие от многих государств того времени, Золотая Орда демонстрировала в своем развитии принцип стратегической открытости, что проявлялось даже в облике ее городов.
«В период расцвета города империи не замыкались в крепостных стенах, а развивались как пространства интенсивной торговли и высокой мобильности людей. Этот опыт убедительно опровергает миф о якобы вечном конфликте степи и города. Напротив, именно их взаимодействие создало одну из самых гибких моделей средневековой государственности».
Президент отметил, что тема Золотой Орды не теряет своей актуальности и имеет особое значение как для национальной истории, так и для мировой исторической науки. В связи с этим Казахстан намерен продолжать системное и всестороннее изучение данного периода совместно с международным научным сообществом.
«Важно, что этот симпозиум объединил разные исследовательские школы, специализирующиеся на истории Золотой Орды и истории Великой степи. Здесь можно, по справедливости, отметить роль российских ученых, которые многие годы плодотворно занимаются изучением этой большой темы, сумели сформировать массив научных работ, дающих обширные знания о Золотой Орде. В то же время тема Золотой Орды вышла за пределы одного государства, привлекла к себе внимание исследователей Китая, Монголии, США, Индии, Пакистана, Японии, Кыргызстана, Узбекистана, Египта, целого ряда европейских стран и, можно сказать, эта тема уверенно шагает по земному шару», - сказал Президент.
Отдельно Глава государства выразил благодарность ЮНЕСКО за поддержку инициативы Казахстана по проведению симпозиума.

Photos from Посольство Республики Казахстан в Республике Беларусь's post 19/05/2026

🔹 Астанада Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен Алтын Орда мұрасы бойынша халықаралық симпозиум ашылды

«Алтын Орда дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты ауқымды халықаралық симпозиумы Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік процестерді қалыптастырудағы рөлін жан-жақты түсіну үшін жетекші қазақ және шетелдік ғалымдарды, сарапшылар мен халықаралық ғылыми қоғамдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді.
19-20 мамырда Астанада ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен өтіп жатқан форумның мақсаты - Қазақстан Республикасын Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық ретінде таныту, сондай-ақ Жошы ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасын кешенді пәнаралық талдау арқылы Орталық Еуразия өркениеттерін зерттеу саласындағы елдің ғылыми әлеуетін көрсету және оның Еуразиядағы қазіргі интеграциялық үдерістер үшін маңызын айқындау.

Толық ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1223665?lang=kk

🔸 В Астане с участием Президента Казахстана К.Токаева открылся Международный симпозиум по наследию Золотой Орды

Масштабный международный симпозиум «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура, идентичность» объединил ведущих казахских и зарубежных ученых, экспертов и представителей международного научного сообщества для всестороннего осмысления исторического наследия Улуса Джучи и его роли в формировании цивилизационных процессов на пространстве Центральной Евразии.
Цель Форума, проходящего 19-20 мая в Астане под патронажем ЮНЕСКО, – позиционирование Республики Казахстан в качестве ведущего международного центра изучения наследия Золотой Орды, а также демонстрация научного потенциала страны в сфере исследований цивилизаций Центральной Евразии посредством комплексного междисциплинарного анализа политического, экономического, культурного и духовного наследия Улуса Джучи и определения его значения для современных интеграционных процессов в Евразии.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1223665?lang=kk

19/05/2026

🔹19 мамырда Астанада “Алтын Орда дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік” атты Халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сыртқы істер министрлігімен және Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда. Іс-шараға Еуропаның, Азияның, Солтүстік Американың және Таяу Шығыстың 20-дан астам елінен 350-ге жуық делегат жиналды. Қатысушылар арасында ғалымдар, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, саясаттанушылар, мұражайлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Тақырыптық секциялардың жұмысы Назарбаев университетінде жалғасады. Қатысушылар тарих, археология, дипломатия, экономикалық жүйелер және деректану тақырыптарын талқылайды.

🔸19 мая в Астане начал свою работу международный симпозиум «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура, идентичность». Организаторами выступают Министерство науки и высшего образования совместно с Министерством иностранных дел и Министерством культуры и информации РК. Мероприятие собрало около 350 делегатов из более чем 20 стран Европы, Азии, Северной Америки и Ближнего Востока. Среди участников заявлены ученые, археологи, востоковеды, тюркологи, политологи, представители музеев и международных организаций. Работа тематических секций продолжится в Назарбаев Университете. Участники обсудят темы истории, археологии, дипломатии, экономических систем и источниковедения.

Want your business to be the top-listed Government Service in Minsk?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


пр. Победителей, 67
Minsk
220035

Opening Hours

Monday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:00
Tuesday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:00
Wednesday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:00
Thursday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:00
Friday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:00