19/06/2026
🔸Оралдан келген жас авторлар Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілдігіне барды
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі оралдық жас жазушылар – егіз ағайындылар Арлан мен Аслан Айтқалиевтерді қабылдады.
Кездесу барысында жас авторлар өздерінің «Гарольд пен ЛараБелль. Кітаптар патшалығы» атты кітабын таныстырып, оның жазылу тарихы, шет тілдеріне аударылуы туралы айтып берді, сондай-ақ шығармашылық жолы мен болашақ жоспарларымен бөлісті.
Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілінің орынбасары Талғат Әшетов Арлан мен Асланды жетістіктерімен құттықтап, талантты жастарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жас авторлардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, көрсеткен қолдауы мен шабыттандырғаны үшін олардың ата-аналары мен ұстаздарына алғысын білдірді.
Сапар аясында қонақтарға Женева қаласының БҰҰ-ның Еуропадағы штаб-пәтері мен көптеген халықаралық ұйымдар орналасқан көпжақты дипломатияның маңызды әлемдік орталықтарының бірі ретіндегі рөлі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Женева алаңының Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жаһандық мәселелерді шешуге қатысу тұрғысындағы маңызына ерекше назар аударылды.
Тұрақты өкілдік ұжымы жас авторларға оқуда және шығармашылықта табыс, жаңа әдеби жетістіктер, тың идеялар мен сарқылмас шабыт тіледі.
🔸Young Authors from Oral Visit the Permanent Mission of Kazakhstan in Geneva
The Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the United Nations Office and other International Organizations in Geneva welcomed young writers from Oral, twin brothers Arlan and Aslan Aitkaliyev.
During the meeting, the young authors presented their book “Harold and LaraBelle: Kingdom of Books”, shared the story behind its creation, its translation into foreign languages, and spoke about their creative journey and future aspirations.
Deputy Permanent Representative of the Republic of Kazakhstan in Geneva, Mr. Talgat Ashetov, congratulated Arlan and Aslan on their achievements, highlighting the importance of supporting talented young people. He also expressed sincere appreciation to their parents and teachers for their encouragement, inspiration and invaluable contribution to nurturing the young authors’ creative potential.
As part of the visit, the guests were introduced to Geneva’s role as one of the world's leading centres of multilateral diplomacy, hosting the European headquarters of the United Nations and numerous international organizations. Particular attention was given to Geneva’s significance for advancing Kazakhstan’s foreign policy initiatives, strengthening international cooperation and promoting the country’s participation in addressing global challenges.
The staff of the Permanent Mission wished the young authors continued success in their studies and creative endeavours, as well as many new literary achievements, inspiring ideas and lasting motivation.
🔸 Юные авторы из Уральска посетили Постоянное представительство Казахстана в Женеве
Постоянное представительство Республики Казахстан при Отделении ООН и других международных организациях в Женеве посетили молодые писатели из Уральска – братья-близнецы Арлан и Аслан Айтқалиевы.
В ходе встречи юные авторы представили свою книгу «Гарольд и ЛараБелль. Королевство книг», рассказали об истории её создания, переводах на иностранные языки, а также поделились своим творческим опытом и планами на будущее.
Заместитель Постоянного представителя Республики Казахстан в Женеве Талгат Ашетов поздравил Арлана и Аслана с достигнутыми успехами, отметив важность поддержки талантливой молодёжи, и выразил глубокую признательность их родителям и педагогам за всестороннюю поддержку, вдохновение и значительный вклад в раскрытие и развитие творческого потенциала юных авторов.
В рамках визита гостям также рассказали о роли Женевы как одного из ключевых мировых центров многосторонней дипломатии, где расположены европейская штаб-квартира ООН и многочисленные международные организации. Особое внимание было уделено значению Женевы для продвижения внешнеполитических инициатив Казахстана, развития международного сотрудничества и участия нашей страны в решении глобальных вопросов.
Коллектив Постоянного представительства пожелал молодым авторам дальнейших успехов в учёбе и творчестве, новых литературных достижений, интересных идей и неиссякаемого вдохновения.