22/12/2021
«ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ»
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылғы 21 желтоқсанда тәуелсіздік құрдастары арасында «Тіл-Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын өткізді.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан әр салада қызмет атқарып жүрген тәуелсіздік құрдастары қатысты.
Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы қатысушылардың тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен табыстарын бағаласа, екінші кезеңде ұяшықтар таңдап, тәуелсіздік тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. «Тәуелсіздікке тартуым» атты үшінші кезеңде үміткерлер өз өнерлерін көрсетті.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Өскемен қаласының №48 мектеп-қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Магзумова Әйгерім Сәтбекқызы Бас жүлдеге лайық деп танылды. I орынды Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты кеңсесінің бас маманы Тұрсын Жандос Тұрсынұлы, II орынды Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің оқытушысы Әйгерім Сәрсенғалиқызы және Ұлан ауданының Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің мұғалімі Канапиянова Раушан Кадылкановна, III орынды Риддер қаласының «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының мұғалімі Садықбек Мейірім Дәулетқызы және Өскемен қаласының № 26 орта мектебінің мұғалімі Мұханов Жібек Жәнібекқызы иеленді.
Байқау жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
15/12/2021
«ТІЛ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕГІЗ ҰҒЫМ»
үздік бейнероликтер байқауы
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстың жас тұрғындары арасында арасында «ТІЛ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕГІЗ ҰҒЫМ» үздік бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқауға Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан және Бородулиха ауданынан 12 үміткер қатысып, байқау шарттарына сәйкес мемлекеттік тілдің беделін арттыруды насихаттайтын өз авторлық бейнероликтерін ұсынды.
Байқау нәтижесінде І орынды Семей қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Асқарбеков Жақсылық Серікбекұлы, ІІ орынды Өскемен қаласының политехникалық колледжінің студенті Жеңіс Дәулет, ІІІ орынды М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Есхожина Аяжан Ромбекқызы және Семей қаласының № 44 ЖББОМ мұғалімі Оралханов Айбек Мейрамбекұлы иеленді.
Жүлдегерлер ШҚО тілдерді жамыту жөніндегі басқармасының Дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
14/12/2021
"Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен басқарма басшысы Төлемісова Роза Әшімханқызы, ШҚ лингвистикалық
орталығының директоры Қалтаева Әсемгүл Мәдениетқызы, басқарманың бас есепшісі Серікбаева Жұлдыз Асылбекқызы марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз жана берсін!
10/12/2021
«Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті
9 желтоқсан 2021 жылы Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Alikhan Bokeikhan University»-де «Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға ғалымдар, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференцияны ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Р.Ә.Төлемісова кіріспе сөзбен бастап, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Ғалымдар мен қоғам қайраткерлері «Тәуелсіздік тағылымы», «Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы мәселесі: жетістіктері мен кемшіліктері», «Эссе жазудың жастар тәрбиесіндегі ролі», «Тәуелсіздік кезең прозасындағы тақырыптық ізденістер» және т.б. тақырыптарда баяндама жасады.
Шара барысында мемлекеттік тілдің дамуы, терминжасам мәселелері қозғалып, ономастикалық атауларды ретке келтіру жұмыстары талқыланды.
Конференцияның соңында шақырылған қонақтарға Әлихан Бөкейхан университеті жанындағы «Алаштану» ғылыми-зерттеу және ономастика ғылыми-зерттеу орталықтары таныстырылды.
02/12/2021
«САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ АБЫРОЙЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты республикалық байқауы ұйымдастырылды.
Көрнекі ақпарат саласындағы түйткілді мәселелерге қоғамның назарын аудару, сыртқы көрнекі ақпарат мәтіндерінің сауаттылығын арттыру, аудармашы мамандарды ынталандыру және республика аумағында тіл заңнамасының орындалуына атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан байқауға кәсіпкерлік субъектілері, шағын және орта бизнес өкілдері, жеке тұлғалар қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес мекемелердің аудармашы мамандары соңғы 3 жылда әзірлеген/аударған жарнама үлгілерін ұсынса, жеке азаматтар 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында тіл заңының талаптарына сәйкестендірілген жарнама объектілері туралы ақпарат ұсынды.
Байқауға Шығыс-Қазақстан облысынан қатысқан Құрманғалиев Ермек ІІ орынды иеленді. Жеңіс құтты болсын!!!
28/11/2021
2021 жылдың 26 қарашасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласында «Ұлттық ономастика – Ел айнасы» атты республикалық байқауы өтті. Байқауға 11 облыс катысып, Шығыс Қазақстан облысының «Алаш» командасы 3-ші жүлделі орынды иеленді. Команданың топ жетекшісі Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Жұмақанов Медет Оразұлы және топ мүшелері осы басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы Берікбекова Толқын Берікбекқызы,Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Бахатова Маржан Аманбердіқызы сайыстың «Атаулар – сыр шертеді», «Жер-судың аты-тарихтың хаты» және «Ономастика» кезеңдері бойынша ономастика саласында атқарған жұмыстарын көрсетіп, құқықтық актілер, тарихи атаулар туралы өз білімдерін ортаға салды.
19/11/2021
Әріптесіміз, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Ырысты Райханқызы "Білім өркениет " ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеру орталығы ұйымдастырған республикалық байқаудың жүлдегері атанды!
19 қараша күні Министрліктер үйінде марапаттау рәсімі өтіп, Ырысты Райханқызына І дәрежелі диплом мен "Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы" төсбелгісі табысталды.
Сонымен қатар, Ырысты Райханқызының еңбегі туралы "Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы" жинақ кітабында жарық көрді.
Әріптесімізді марапатымен құттықтай отыра, еңбегіне жеміс, шығармашылық шабыт тілейміз!
18/11/2021
2021 жылғы 18 қараша күні Бесқарағай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу шеңберінде, Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Тіл және Тәуелсіздік» тақырыбы негізінде ономастика мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы – Р.Ә. Төлемісова, Шығыс Қазақстан облысы лингвистикалық орталығының директоры – Ә.М. Қалтаева, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары –Б.Ж. Баталов, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Н.Т. Идрисова, ауылдық округтердің әкімдері, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық төрағалары қатысты.
Іс-шара барысында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы ономастика жұмысын өткізу бойынша ақпараттық - түсіндірулер берді. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы ауданда өткізіліп жатқан ономастикалық жұмыстар туралы баяндама оқыды. Округ әкімдері мен жергілікті қоғамдастық мүшелері сұрақтар қойып, нақты және толық жауаптар алды.
17/11/2021
Қараша айының 16 күні Нұр - Сұлтан қаласында республикалық "Мың бала" мәдени - ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Әріптесіміз, Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушысы Кайдарова Ләззат Әскербекқызы мемлекеттік тілді оқытудың үздік әдістемелік құралын дайындағаны үшін жобаның "Тілдер мектебі" номинациясы бойынша марапатталды. Құттықтаймыз! Жетер шыңдарыңыз молынан болсын! Ләззат Әскербекқызын осы мерейлі марапатымен құттықтай отырып, оның алдағы қызметіне де толағай табыс тілейміз.
21/10/2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 20 қазанда «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өтті. Байқауға әр салада қызмет ететін, қазақ тілін еркін меңгерген 21-35 жас аралығындағы ұлт өкілдері қатысты.
Шараны ұйымдастырудағы мақсат - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.
Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы қатысушылардың алдын-ала өздері туралы ұсынған бейнероликтерін бағаласа, екінші кезеңде ұяшықтар таңдап, берілген тақырыпта ой толғады. Үшінші кезең бойынша «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында эссе жазды.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы «Отбасы банк» АҚ менеджері Ибрагимова Бас жүлдеге лайық деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды. I орынды Күршім ауданының 31767 «В» әскери бөлімінің радиолокациялық станция басшысы Кузнецов Александр Александрович, II орынды Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педогогикалық колледжінің студенті Ягель Мария, III орынды Риддер қаласының «Әлем» бөбекжай – балабақшасы» КМҚК қызметкері Шарипова София Сагдиевна иеленді.
Байқау жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
15/10/2021
2020 жылдың 15 қазанында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика – Ел айнасы» атты облыстық байқауы өтті. Шараға тілдерді дамыту бөлімдерінің, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысты.
Байқауға қатысушы топ мүшелері «Топтық сайыс», «Атаулар – сыр шертеді», «Жер-судың аты-тарихтың хаты» және «Ономастика» сынды кезеңдері бойынша қалалар мен аудандарда ономастика саласында атқарылған жұмыстарын көрсетіп, білімдерін ортаға салды.
Шара қорытындысы бойынша Семей қаласының «Алаш» командасы 1-ші орынды, Өскемен қаласының «Ерке Ертіс» командасы 2-ші орынды, Ұлан ауданының «Ұлан патриоттары» командасы 3-ші орынды иеленді.
Орын алған 3 командаға Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының дипломдарымен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
07/10/2021
2021 жылдың 4 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Үржар ауданының ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосқан «Құрмет белгісі» орденінің және «Үздік еңбегі үшін» медалінің иегері, Үржар ауданының тумасы Бауыржан Жүнісовтың есімін беру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің №704 қаулысы шығып, мектеп атауы қайта аталды.
Сонымен қатар облысымыздың қала, аудандары әкімдерінің ұсынысы негізінде 23 мектеп атауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясынан оң қорытынды алды. Бүгінгі күні аталған 23 нысан құжаттары заңнамалық талаптарға сәйкес 5 министрлікке келісу үшін құжаттары жолданды. Алдағы уақытта келісім алған соң Қазақстан Республикасы Үкіметіне қаулы жобасы енгізілетін болады.
Аталған 23 нысанға да Абай, Шәкәрім, Әл-Фараби, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы, С. Сейфуллин, Ж.Аймауытұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ә.Қашаубаев, Ә.Нұршайықов, Қ.Ысқақов т.б. тарихи танымал тұлғалардың есімдері берілетін болады.