vkolibrary.kz

vkolibrary.kz

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from vkolibrary.kz, Library, ВКО, Öskemen.

15/01/2024
Photos from vkolibrary.kz's post 13/01/2024

🏫Оқырмандар үшін кітапханамыздың алатын орыны ерекше....
#сенбіліккітапхана

Photos from vkolibrary.kz's post 13/01/2024

✅📚Кітап оқу – уақытыңды бос өткізбеу.
Жасөспірім шақта кітапқа ден қойып, ерекше ықыласпен оқысаңыз, болашақта сіздің бағындырар белесіңіз биік болмақ.
📖Ендеше достым кітап оқып уақытыңды тиымды өткіз!
#кітапхана
#кітап #оқырмандар

Photos from vkolibrary.kz's post 13/01/2024

“Curious kids” сенбілік мектебінің кезекті сабағында, әдеттегідей үйірме қатысушыларының сөздік қорын көбейту мақсатында және өткен тақырыптағы жаңа сөздерді қалай меңгергенін тексеру үшін “Stop and Say”, “Secret words” сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды. Сондай-ақ тақырып бойынша жаттуғылар мен Can/Can’t модальді етістігімен қолданылатын
Ride a bike🚴🏻
Ride a horse🏇🏻
Play the guitar 🎸
Climb a tree🧗🏻‍♀️🌳
Sing a song🎤
Jump very high
Swim 🏊🏻 сияқты сөз тіркестерімен сөйлем құрап үйренді.

Photos from vkolibrary.kz's post 12/01/2024

📚💡Жерлесіміз, ақын, жазушы Ғалым Байбатыровтың туғанына дәл бүгін 75 жыл толуда.
Ақын, журналист, драматург Ғалым Байбатыров өз шығармаларында Отанын да, алтын бесік ауылын да, әкесі мен анасын да, өзі оқыған мектебін, ұстаздарын, сыныптастарын, жаны жайсаң достарын да, бәрі-бәрін жырға қосқан жыршыл ақын.

📚💡 Ғалым Байбатыров Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері.

📚💡Құрметті оқырман Ғалым Байбатыровтың " Арман дүние", "Жүрегімнің жанары", "О дүниенің табалдырығы" , Шежірелі шығыс өңірі " атты туындыларын біздің кітапханамыздан келіп оқи аласыздар

Photos from vkolibrary.kz's post 12/01/2024

📚💡Жерлесіміз, ақын, жазушы Ғалым Байбатыровтың туғанына дәл бүгін 75 жыл толуда.
Ақын, журналист, драматург Ғалым Байбатыров өз шығармаларында Отанын да, алтын бесік ауылын да, әкесі мен анасын да, өзі оқыған мектебін, ұстаздарын, сыныптастарын, жаны жайсаң достарын да, бәрі-бәрін жырға қосқан жыршыл ақын.

📚💡 Ғалым Байбатыров Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері.

📚💡Құрметті оқырман Ғалым Байбатыровтың " Арман дүние", "Жүрегімнің жанары", "О дүниенің табалдырығы" , Шежірелі шығыс өңірі " атты туындыларын біздің кітапханамыздан келіп оқи аласыздар

Photos from vkolibrary.kz's post 11/01/2024

📚🌟Танымы терең талантты оқырмандарымыз бүгін де кітапханамызға асыға жетті. Күннен-күнге қызушылықтары артып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауда. Мәселен «Аңдар, құстар!»,🪄 «Жұлдызды аспан»,🌟 «Пирамида», 🎈«Әуенді нота»❄️ ойындары арқылы жылдам ойлауға, музыка ырғағына сай шапшаң қимылдауға машықтанды.

🧩⚽Сондай-ақ балдырғандар кітапхананың ағылшын тілі үйірмесіне де қатысып, жаңа сөздер үйреніп, сан алуан тапсырмалар орындады.

Photos from vkolibrary.kz's post 11/01/2024

👫📚№43 мектептің 3-сынып оқушыларымен «Кітаппен бірге өсеміз!» психологиялық бағдарламасы аясында жазушы Әлібек Файзуллаұлының «Көлеңке дос» әңгімесін талқыладық. Балалар шығарманы мәнерлеп оқып, өз ойларын ортаға салды. Шара барысында қатысушылар досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, достарына жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ аталмыш тақырып аясында топтарға бөлініп мақал-мәтелдерді құрастырды. Түрлі психологиялық тапсырмаларды орындап, өз ойларымен бөлісе алды. Тренинг соңында барлығы бірігіп күн шуақтарын құрастырып кері байланыс орнатты.
Тренингтің міндеті адам қарым-қатынасындағы достық ұғым туралы түсініктерін қалыптастыру, оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке баулу.👫

Photos from vkolibrary.kz's post 10/01/2024

Жиырмаға келіп ішіме сөз түсіп, мүшемнен буынып жазушы болам деп жүрген кезім. Мүсілім атамның үйіне ара-тұра барып жүремін. Кейде бұрынғы «Шығысақпарат» медиахолдингінің жанындағы аулада шалдармен карта ойнап отырғанын көремін. Басында өзі сәндеп тіккен ақ қалпақ, үстінде ақ көйлек, сұр сүртік. Шағаладай. Бір қызығы, шахмат ойнамайтын. Бәрін жеңіп жалыққан ғой. Мен үйіне келгенде, кіші атам «Қазақстанын» бұрқыратып, теледидар көріп, я кітап оқып отырады. Екеуміз жайбарақат әңгімелесіп, шахмат ойнаймыз. Мен жеңіліп қала беремін. Біраздан соң Мүсекем жалығады. Шахматты жиып тастаймын.
- Ауылға барып келдің бе, - дейді.
- Барып келдім, - деймін.
- Әкең не істеп жүр.
- Мал-жан... баяғы.
- Атаң да қыбырлап бір орнында отырмайтын шығар.
- Рас, - деймін күліп. – Отырмайды.
- Өмір-бақи қара жұмыс істеген адам, қалай отырсын. Бәрі денсаулықтың арқасы. Жетпісінде аттан құлап иығын сындырып, құлағы салбырап терісіне әрең ілініп тұрғанда қыңқ етпеген атаң сойқан адам ғой. – Кеңкілдеп күледі. – Бала кезімнен темекі тарттым. Темекі болғанда, жылқының кеуіп қалған қиын орап тартамыз. Қызық көреміз. Үлкендердің махорка салынған дорбасын аңдып жүріп, қиып кеткен кезіміз болды. Олжа, кәдімгідей. Бірталай уақытқа жетеді. Содан не керек, Әуез көріп қойды, бір күні. Жақсылап тұрып сабады. Тағы ұсталдым. Тағы сабады. Ерегесіп, тартып жүре бердім. Ол да білді. Тәтемізге барып айтыпты, мына Мүскен тығылып темекі тартып жүр, бір күні шөпті өртейді, одан да тығылмай тартсыншы, депті ғой.

Мен мәз болып күлемін.

- Өзің... - дейді маған сынай қарап. – Не бітіріп жүрсің? Жазып жүрсің бе?
- Жоқ, - деймін.
- Әй, қашан жазасың-ей, - деп кейіп алады. – Абай құсап қырыққа келгенде жазасың ба?
- Жоқ, - деймін. – Әлі оқуым аз. Жазуым өзіме ұнамайды.
- Оқыған сайын білмейтінің көбейе береді. Ұнаса да, ұнамаса да, жазу керек. Қырық жас деген... кеш. Данышпан болмасаң. Абай – данышпан, оған кешірімді. Әсілі, жиырманың өзі кеш. Қиын іске бел буған екенсің, сенен жазушы шыға ма, жоқ па, білмеймін. Жазушылықта нең бар, инженер болып жүре бермейсің бе. Ақшасы да көп, ала қағаз деп басың да ауырмайды.

Photos from vkolibrary.kz's post 10/01/2024

📚Библиотекари совместно с читателями, подготовили выставку «В книге есть особенная прелесть», посвященную 200-летию английского писателя Уильяма Уилки Коллинза. Чем же привлек этот автор наших читателей? Прежде всего, именно Коллинз, считается одним из основоположников детективного жанра в литературе.

📚По отзывам современных читателей его книга «Лунный камень» сочетает в себе таинственное, детективное и романтическое, а также является одним из лучших детективных романов всех времен. На выставке представлены не только книги, но и предложенные читателями интересные выдержки из статей о жизни автора, его портрет, а также аксессуары из произведения «Лунный камень» и бумажные фигуры главных героев романа «Женщина в белом».
Первыми выставку посетили студенты колледжа, которые открыли для себя новое имя в литературе. Выставка ждет всех, кто любит читать, а особенно детективы!

#ШҚОБЖК #вкодюб

Photos from vkolibrary.kz's post 10/01/2024

📚«KITAP style» студиясының жастары кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптар Ж.Шамұратова «Айтылмаған сыр» О.Нұрғали «Ақ ұла» Б.Бисұлтанова «Тұншыққан шындық» Қ.Түменбай «Хикаяттар мен әңгімелерімен» танысты.

🎧Сондай-ақ «Музықалық Интуиция» ойынын ойнады. Онда оқырмандар құлаққаппен музыка тындай отырып парақта берілген өлең жолдарының авторы кім екенің анықтады.

📚«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»
Абай Құнанбаев

#ШҚОБЖК #вкодюб #Кітапоқиық

Want your business to be the top-listed Government Service in Öskemen?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


ВКО
Öskemen
070003