Shqoem

Directions Website Contact the organization

Shqoem Ағартушылық және тәрбиелік функцияларды орындайтын заманауи көпфункционалды музей
Құрылған жылы-1968

07/10/2026
ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» ...
06/10/2026

ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-де көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Өзбекәлі Жәнібеков – ұлт мәдениетінің жанашыры» атты танымдық дәрістер өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға ғалымның өмір жолы, қоғамдық қызметі және ғылыми-шығармашылық мұрасы туралы деректі слайд көрсетілді. Сондай-ақ оның қазақ халқының этнографиясы, дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық болмысына арналған құнды еңбектері кеңінен талқыланды. Кездесу жас ұрпақтың Өзбекәлі Жәнібековтің өнегелі ғұмыры мен ұлт мәдениетіне қосқан елеулі үлесін тереңірек танып-білуіне, ұлттық тарих пен мәдениетке, салт-дәстүрге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.

В «Областной специализированной школе-лицее-интернате» для одаренных детей сотрудниками ВКО этнографического музея были организованы познавательные лекции «Өзбекәлі Жәнібеков — ұлт мәдениетінің жанашыры», посвященные 95-летию со дня рождения выдающегося государственного и общественного деятеля, этнографа Узбекали Жанибекова. Обучающимся был продемонстрирован документальный слайд о жизни и наследии ученого, обсуждены его фундаментальные труды, связанные с этнографией и самобытностью казахского народа. Встреча способствовала глубокому признанию молодого поколения личности Узбекали Жанибекова и любви к национальной культуре, истории и традициям.

02/10/2026

Ұстаздар күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «№6 орта мектебі» КММ оқушыларына арналған мерекелік-танымдық іс-шара өтті. Балалар үшін бұл күн ерекше көңілді әрі мазмұнды болды. Оқушылар түрлі қимыл-қозғалыс ойындарына қатысып, қызықты викторинада білімдерін сынап, мультфильм тамашалады. Ойын мен қуанышты сәттерге толы шара барысында балалар білім алудың, жаңа дүниелерді танып-білудің және әрдайым қолдау көрсетіп, алға жетелейтін жандарды қадірлей білудің маңызын түсінді.
​Осы айтулы мереке қарсаңында музеймен көптеген жылдар бойы тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан ардақты ұстаздарымызға жүрекжарды құттықтауымызды жолдаймыз! Сіздердің шәкірт тәрбиелеу жолындағы ерен еңбектеріңізге, сабырларыңыз бен мейірімдеріңізге, әр балаға деген шынайы жанашырлықтарыңызға ризамыз. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметіне бөленуді тілейміз! Музеймен арадағы өзара сыйластық пен шығармашылық байланысымыз жылдар бойы нығайып, бірлескен игі бастамаларымыз жалғаса бергей!

В преддверии Дня учителя Восточно-Казахстанский областной этнографический музей провёл для учащихся КГУ «С

01/10/2026
Облыстық этнографиялық музейінің мамандары тәрбие жұмысы аясында ҚР ІІМ ҚАЖ комитетімен бірлесіп, «№17 мекеме» РММ-де жа...
30/09/2026

Облыстық этнографиялық музейінің мамандары тәрбие жұмысы аясында ҚР ІІМ ҚАЖ комитетімен бірлесіп, «№17 мекеме» РММ-де жазасын өтеп жатқан сотталғандарға «Тарихи тәжірибе және Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюшылардың ерлік үлгісі негізінде құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізді.
​Кездесудің қонағы – апат салдарын жоюға қатысушы, КСРО Орта машина жасау министрлігінің №55237 әскери бөлімінің бұрынғы взвод командирі, «ШҚО Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Андрей Семенович Смолин болды. Қатысушыларға апат салдарын жоюға атсалысқан азаматтардың ерлігі және олардың ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік апаттардың бірінің салдарын жоюға қосқан үлесі туралы таныстырылым ұсынылды. Кездесу ерлік пен батылдықтың, жауапкершілік пен азаматтық борыштың, сондай-ақ адам бойындағы қайсарлық пен төзімділіктің маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.
В рамках воспитательной работы специалисты областного этнографического музея совместно с Комитетом УИС МВД РК провели для осуждённых РГУ «Учреждение № 17» мероприятие «Профилактика правонарушений на основе исторического опыта и примеров мужества ликвидаторов аварии на Чернобыльской АЭС».
Гостем встречи стал ликвидатор аварии, бывший командир взвода воинской части № 55237 Министерства среднего машиностроения, заместитель председателя ОО «Союз ветеранов и инвалидов Чернобыля по ВКО» Андрей Семёнович Смолин. Участникам представили презентацию о подвиге ликвидаторов и их вкладе в преодоление последствий одной из крупнейших техногенных катастроф XX века. Встреча стала важным уроком мужества, ответственности, гражданского долга и человеческой стойкости.

Address

Улица Бейбітшілік, 29
Öskemen
070000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Shqoem posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Shqoem:

Shortcuts

Share