2026 жылғы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дарынды оқушылар марапатталды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірдің дарынды оқушыларымен дәстүрлі кездесу өткізді. Іс-шараны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты – 2025–2026 оқу жылының қорытындысын шығарып, оқу, шығармашылық және спорт салаларында жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларды марапаттау.
Ағымдағы оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары халықаралық және республикалық олимпиадаларда, конкурстар мен спорттық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, барлығы 171 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 37 алтын, 46 күміс және 88 қола медаль бар.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы облыс құрамасы республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда – 2026» номинациясын иеленіп, еліміздің үздік үш командасының қатарына енді. Ал ауыл мектептері оқушыларының командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша үздік деп танылып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кездесу барысында облыс әкімі оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, оларға жаңа белестер мен толағай табыстар тіледі. Іс-шараға қатысушылардың барлығына облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Дарынды жастарды қолдау – өңірдегі білім беру саласының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
1 июня 2026 года в Восточно-Казахстанской области чествовали одарённых школьников
В Международный день защиты детей состоялась традиционная встреча акима Восточно-Казахстанской области с одарёнными школьниками региона, организованная управлением образования области.
Мероприятие было посвящено подведению итогов 2025–2026 учебного года и чествованию учащихся, добившихся высоких результатов в учёбе, творчестве и спорте.
В текущем учебном году школьники Восточно-Казахстанской области успешно выступили на международных и республиканских олимпиадах, конкурсах и спортивных соревнованиях, завоевав 171 медаль, в том числе 37 золотых, 46 серебряных и 88 бронзовых.
По итогам республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам команда области по естественно-математическому направлению удостоена номинации «Лучшая олимпиадная команда – 2026» и вошла в тройку сильнейших команд страны. Команда сельских школ региона признана лучшей по предметам общественно-гуманитарного направления и награждена дипломом III степени.
В ходе встречи аким области поздравил школьников с достигнутыми успехами и пожелал им новых побед. Всем участникам мероприятия были вручены благодарственные письма и денежные сертификаты.
Поддержка талантливой молодёжи остаётся одним из важных направлений развития системы образования региона.
ШҚО білім басқармасы/Управление образования ВКО
Білім басқармасы
01/06/2026
Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады
✔️Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.
✔️Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.
✔️Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.
✔️Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.
✔️Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.
✔️Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
В Акорде провели экскурсию для школьников со всего Казахстана
✔️В честь Международного дня защиты детей – 1 июня резиденция Президента открыла свои двери для 100 школьников из всех регионов страны.
✔️В Акорде побывали победители и призеры олимпиад, отличники учебы, лауреаты творческих конкурсов и спортивных первенств.
✔️Для юных гостей провели увлекательную экскурсию, рассказав об истории возведения Акорды и ее архитектурных особенностях.
✔️Учащиеся осмотрели величественные залы для официальных приемов, заглянули в библиотеку Главы государства и прогулялись по цветущему саду на территории резиденции.
✔️Благодаря этой экскурсии школьники смогли прикоснуться к истории Казахстана и осознать всю важность ценностей Независимости.
✔️В завершение детям вручили памятные подарки от имени Президента.
2026 жылғы 29 мамырда Білім басқармасының басшысы Қ.Б. Оқасов КММ «№49 жалпы орта білім беретін мектебіне» барып, бірыңғай цифрлық әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Айқын» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Сапар барысында жобаның цифрландыру, қауіпсіздік және мектеп инфрақұрылымын басқару тиімділігін арттыру бағытындағы негізгі тетіктері таныстырылды.
«Айқын» жобасы аясында мектептің жергілікті желісі жаңғыртылып, әр оқу кабинетіне жоғары жылдамдықтағы интернет желісі жеткізілуде. Сонымен қатар, жобада кіруді бақылау және басқару жүйесін (СКУД) енгізу, бейнебақылау камераларын, дабыл түймелерін және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге де заманауи құрылғыларды орнату мен сүйемелдеу қарастырылған.
Бұдан бөлек, жоба шеңберінде қауіпсіздік деңгейін бақылауға, түрлі жағдайларды талдауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін аналитикалық жүйелер енгізілуде.
Оқушыларды әлеуметтік қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылған. Мектепте 1–4 сынып оқушылары мен 5–11 сыныптағы әлеуметтік осал санаттағы балаларға тегін ыстық тамақты «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы есепке алу жүйесі ұйымдастырылған.
«Айқын» жобасының басты мақсаты – заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, цифрландыру деңгейін арттыру және мектеп инфрақұрылымын басқару тетіктерін жетілдіру арқылы оқушылар мен педагогтер үшін тиімді жағдай жасау.
29 мая 2026 года руководитель Управления образования К.Б. Окасов посетил КГУ «Общеобразовательная средняя школа №49», где был представлен проект «Айкын», направленный на создание единой цифровой и безопасной образовательной среды.
В ходе визита были продемонстрированы ключевые направления реализации проекта, охватывающие вопросы цифровизации, безопасности и повышения эффективности управления школьной инфраструктурой.
Проект «Айкын» предусматривает модернизацию локальной сети образовательного учреждения с обеспечением высокоскоростного интернета в каждом учебном кабинете. Одним из важных направлений является внедрение системы контроля и управления доступом (СКУД), а также установка и сопровождение камер видеонаблюдения, тревожных кнопок и других современных элементов безопасности.
Кроме того, в рамках проекта внедряются аналитические системы, позволяющие осуществлять мониторинг уровня безопасности, анализировать различные ситуации и обеспечивать оперативное реагирование.
Отдельное внимание уделено вопросам социальной поддержки учащихся. В школе организован учет бесплатного горячего питания через проект «Социальный кошелек» для учащихся 1–4 классов и детей категории СУСН 5–11 классов.
Основная цель проекта «Айкын» — создание современной, безопасной и комфортной образовательной среды, повышение уровня цифровизации, а также совершенствование механизмов управления школьной инфраструктурой в интересах учащихся и педагогов.
28 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде Қытайдың жетекші компанияларының бірі – Beijing Construction Engineering Group (BCEG) өкілімен кездесу өтті.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов, облыс әкімдігінің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ компанияның ТМД елдеріндегі коммерциялық директоры Чжу Ци және Қытай компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдері қатысты.
Тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ұзақ мерзімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында материалдық-техникалық жабдықтау мен инфрақұрылымды дамыту саласында озық халықаралық тәжірибелерді пайдалана отырып, заманауи технологияларды енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ықтимал ынтымақтастық бағыттарын пысықтап, алдағы қарастыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
28 мая в акимате Восточно-Казахстанской области состоялась встреча с представителем одной из ведущих китайских компаний - Beijing Construction Engineering Group (BCEG).
На встречи приняли участие заместитель акима Восточно-Казахстансеой области Бахытжан Байахметов, руководитель управления образования Куат Окасов, начальники ключевых структурных подразделений акимата, а также коммерческий директор компании-представитель в странах СНГ Чжу Ци и официальные представители китайской компании в РК.
Стороны обсудили перспективы долгосрочного сотрудничества, в том числе реализации совместных проектов, направленные на социально-экономическое развитие региона.
Особое внимание было уделено возможностям внедрения современных технологий с использованием передовых международных практик материально-технического оснащения и инфраструктурного развития.
По итогам данной встречи достигнута договоренность о проработке возможных вариантов сотрудничества и подготовке конструктивных предлодений для дальнейшего рассмотрения.
Ағымдағы жылдың 29 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Брифингке Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары – Ақылбек Алима Ақылбекқызы, «Өңірлік психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы – Лилия Петровна Куземко, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл – Аксана Александровна Каленова қатысты.
Брифинг барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен тұжырымдама аясында жүзеге асырылып жатқан «Ақордаға саяхат», «Бала үні», «Балалар әлемі», «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясын атты төрт тақырыптық блокты, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қорғау мәселелерін қамтитын іс-шаралар талқыланды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысынан 5 оқушы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға экскурсияға қатысады.
Сонымен қатар, 1 маусым күні «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясы аясында «SHYGYS BALAFEST» балалар шығармашылығы облыстық фестивалінің гала-концерті өтеді. Фестивальдің негізгі мақсаты – балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, өнер саласындағы дарынды балаларды анықтап, оларды ынталандыру.
1 маусым күні сондай-ақ облыс әкімі халықаралық және республикалық интеллектуалдық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары – дарынды оқушылармен кездесу өткізеді. Іс-шараға 150 оқушы қатысады.
Жазғы каникул кезеңінде балалардың толыққанды демалысын, сауықтыруын және бос уақытын ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс облыстық Білім басқармасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Жазғы кезеңде өңірдегі оқушылардың 99,9%-ын сауықтырумен, демалыспен және түрлі жұмыстармен қамту жоспарлануда, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100%-ы қамтылады.
Жазғы каникул кезеңінде облыс аумағында 12 қала сыртындағы балаларды сауықтыру орталығы, тамақтандырумен 276 мектеп жанындағы лагерь және тамақтандырусыз 226 бейіндік алаң жұмыс істейтін болады.
Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға 2 454 педагог қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 1 230 тәрбиеші мен тәлімгер, 1 224 қосымша білім беру педагогі, 250 медицина қызметкері, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінен құралған педагогикалық жасақтар бар.
Облыста балалардың қауіпсіз, сапалы және қолжетімді демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, ол тұрақты бақылауда.
Брифинг қорытындысы бойынша балалардың өмір сапасын одан әрі арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрбір баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған қосымша ұсыныстар мен шаралар әзірленетін болады.
29 мая текущего года в Управлении образования Восточно-Казахстанской области состоялся брифинг, приуроченный к Международному дню защиты детей. В ходе мероприятия были рассмотрены вопросы реализации государственной политики в сфере защиты прав детей, организации летнего отдыха и оздоровления школьников, а также обеспечения психологического благополучия несовершеннолетних.
В брифинге приняли участие заместитель руководителя Управления образования Восточно-Казахстанской области - Ақылбек Алима Ақылбекқызы, исполняющая обязанности директора КГУ «Региональный центр психологической поддержки» - Лилия Петровна Куземко, а также Региональный уполномоченный по защите прав ребёнка по Восточно-Казахстанской области - Аксана Александровна Каленова.
В ходе брифинга были обсуждены мероприятия, реализуемые в рамках Концепции, утвержденной Министерством просвещения Республики Казахстан, включающей четыре тематических блока: «Ақордаға саяхат», «Бала үні», «Балалар әлемі», республиканскую акцию «Бақытты балалық шақ үшін», организацию летнего отдыха детей, а также вопросы защиты психологического благополучия несовершеннолетних.
В рамках мероприятий, приуроченных к Международному дню защиты детей, 5 учащихся Восточно-Казахстанской области примут участие в экскурсии в резиденцию Президента Республики Казахстан — Ақорду.
Кроме того, 1 июня в рамках республиканской акции «Бақытты балалық шақ үшін» состоится гала-концерт областного фестиваля детского творчества «SHYGYS BALAFEST». Основная цель фестиваля — поддержка и развитие детского творчества, выявление и поощрение талантливых детей в сфере искусства.
1 июня также состоится встреча акима области с одарёнными школьниками — победителями международных и республиканских интеллектуальных олимпиад, творческих конкурсов и спортивных соревнований. В мероприятии примут участие 150 учащихся.
Особое внимание в период летних каникул уделяется организации полноценного отдыха, оздоровления и занятости детей. Данная работа остается однин из приоритетных направлений деятельности Управления образования области.
В летний период оздоровлением, отдыхом и различными формами занятости планируется охватить 99,9% школьников региона, в том числе 100% детей из многодетных и малообеспеченных семей.
В период летних каникул на территории области будут функционировать 12 загородных детских оздоровительных центров, 276 пришкольных лагерей с питанием и 226 профильных площадок без питания.
Для организации летнего отдыха и досуга детей будут привлечены 2 454 педагогических работника, в том числе 1 230 воспитателей и вожатых, 1 224 педагога дополнительного образования, 250 медицинских работников, а также педагогические отряды из числа студентов колледжей и высших учебных заведений.
В области ведётся системная работа по обеспечению безопасного, качественного и доступного отдыха и оздоровления детей, которая находится на постоянном контроле.
По итогам брифинга будут выработаны дополнительные предложения и меры, направленные на дальнейшее повышение качества жизни детей, обеспечение их безопасности, а также защиту прав и интересов каждого ребёнка.
28/05/2026
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ШҚО білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік кезеңге қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
- «Еңбекпен биікке жет» тақырыбындағы мотивациялық хат, онда қатысушы «Адал азамат», «Заң және тәртіп» бірыңғай тәрбие бағдарламасының идеологиялық құндылықтарын және «Таза Қазақстан» қозғалысының идеясын ескере отырып, таңдаған мамандығын дамыту жөніндегі идеяларын, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру жолдарын ұсынады (350 сөзден аспауы тиіс);
- Әлеуметтік желіде (қатысушының немесе жетекшінің жеке аккаунттарында не колледждің ресми парақшаларында) орналастырылатын бейнеролик, онда қатысушы өзінің таңдаған мамандығына және колледжіне деген адалдығын, кәсіби дағдыларын қолдануын, сондай-ақ өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсетеді (2 минуттан аспауы тиіс, бейнероликке сілтеме көрсетілуі қажет);
- Таңдаған мамандығы бойынша жеке жобасының презентациясы, онда қатысушы өзін болашақ маман ретінде таныстырып, цифрлық технологияларды қолдануын және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізуін көрсетеді (7 слайдтан аспауы тиіс).
Әрбір ТжКБ ұйымынан байқаудың өңірлік кезеңіне I (ішкі) кезеңнің жеңімпазы атанған студенттер арасынан 3 (үш) кандидаттан артық жіберілмейді.
ТжКБ ұйымдары өңірлік кезеңге қатысуға арналған байқау құжаттарын 2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында келесі электрондық мекенжайларға жолдайды: [email protected], [email protected].
Байқаудың өңірлік кезеңінің нәтижелері 2026 жылғы 26 маусымда жарияланады.
edu.kz
#ШҚОСтуденттері
#ЖасМамандар
#ҚазақстанЖастары
#Топ100 #2026
В соответствии с Приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года № 514 «Об утверждении Перечня республиканских и международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсов исполнителей, конкурсов профессионального мастерства и спортивных соревнований» ГУ «Управление образования ВКО» объявляет о начале регионального этапа конкурса «ТОП 100 студентов колледжей Республики Казахстан».
Для участия в региональном этапе необходимо предоставить:
- Мотивационное письмо «Еңбекпен биікке жет», в котором участник представляет идеи развития выбранной профессии с учётом идеологических ценностей Единой программы воспитания «Адал азамат», «Заң және тәртіп» и идеологии движения «Таза Қазақстан», а также повышения престижа рабочих профессий (не более 350 слов);
- Видеоролик, размещаемый в социальной сети (на личных аккаунтах участника или руководителя либо на официальных аккаунтах колледжа), в котором участник демонстрирует свою приверженность выбранной профессии и колледжу, показывает применение профессиональных навыков, а также вклад в социально-экономическое развитие региона и страны (не более 2 минут, с указанием ссылки на видеоролик);
- Презентацию собственного проекта по выбранной профессии, в которой участник презентует себя как будущего специалиста и демонстрирует применение цифровых технологий и активное внедрение технологий искусственного интеллекта (не более 7 слайдов).
От каждой организации ТиППО на региональный этап конкурса направляется не более 3 (трех) кандидатур студентов, победивших в I (внутреннем) этапе.
Организациями ТиППО конкурсная документация для участия в региональном этапе предоставляется в период с 26 мая по 26 июня 2026 года на электронный адрес: [email protected], [email protected].
Объявление результатов регионального этапа конкурса состоится 26 июня 2026 года.
edu.kz
#МолодежьКазахстана
#СтудентыВКО
#2026
2026 жылғы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңес төрағасы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты — «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі қатысты.
Отырыс барысында жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сондай-ақ колледж студенттері арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлыққа қатысты талдау нәтижелерін ұсынды. Тәуекел факторларын ерте анықтауға, жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуді күшейтуге, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен отбасылардағы профилактикалық жұмысты жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, профилактикалық шараларды күшейтуге және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
28 мая 2026 года под председательством заместителя акима Восточно-Казахстанской области Нургалиева Е.Ж. состоялось заседание областной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав.
В работе комиссии приняли участие представители правоохранительных органов, местных исполнительных органов, председатель Общественного совета Восточно-Казахстанской области, а также депутат Восточно-Казахстанского областного маслихата — член фракции партии «Amanat».
В ходе заседания были рассмотрены вопросы организации отдыха, оздоровления и занятости несовершеннолетних в период летних каникул, профилактики дорожно-транспортного травматизма, а также профилактики правонарушений среди студентов колледжей.
Кроме того, Департаментом Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан по Восточно-Казахстанской области представлен анализ суицидального поведения несовершеннолетних. Особое внимание было уделено раннему выявлению факторов риска, усилению психологической поддержки подростков, а также совершенствованию профилактической работы в образовательных организациях и семьях.
По итогам заседания государственным органам даны соответствующие поручения, направленные на повышение эффективности межведомственного взаимодействия, усиление профилактических мер и обеспечение защиты прав и законных интересов несовершеннолетних.
1-сыныпқа қабылдау 📚
eGov арқылы регистрация жасау инструкциясы
26/05/2026
📚 Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және өскелең ұрпақты жалпыұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселелері бүгінгі күні педагогикалық қауымдастық назарындағы маңызды бағыттардың бірі болып отыр.
Осы бағыттағы ауқымды іс-шаралардың бірі ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» ұлттық орталығы «Конституция: адами капитал. Адал азамат» тақырыбында республикалық онлайн семинар-тренинг өткізді.
📍Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 6 мыңнан астам педагог қатысты. Пленарлық бөлімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев сөз сөйлеп, білім беру үдерісіне конституциялық қағидаттарды кіріктірудің өзекті міндеттерін атап өтті.
📑Бағдарламаның мазмұнды бөлігі Шымкент қаласындағы «Өрлеу» филиалының директоры Меруерт Медетбекованың баяндамасымен ұсынылды. Ол өз сөзінде еліміздің негізгі заңы — Қазақстан Республикасының Конституциясы құндылықтарының «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының мазмұнымен өзара байланысын жан-жақты ашып көрсетті.
📖Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі құқықтық мәдениеті жоғары, отансүйгіштік рухы қалыптасқан және сыни ойлау қабілеті дамыған жаңа үлгідегі азаматты тәрбиелеудің негізгі құралына айналуда.
📚 Семинардың практикалық бөлімі еліміздің барлық өңірлеріндегі «Өрлеу» филиалдары базасында воркшоп форматында ұйымдастырылды. Оған білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер мен әдіскерлер қатысты. Жұмыс барысында конституциялық құндылықтарды оқу сабақтары мен тәрбие жұмыстарының мазмұнына тиімді енгізу тетіктері ұсынылды.
Педагогикалық қауымдастық алдында білім алушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру міндеті тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
📚 Вопросы формирования правовой культуры, гражданской ответственности и воспитания подрастающего поколения на основе общенациональных ценностей продолжают оставаться в центре внимания педагогического сообщества Казахстана.
Одним из масштабных мероприятий в данном направлении это республиканский онлайн семинар-тренинг «Конституция: человеческий капитал. Адал азамат», организованный Национальным центром повышения квалификации «Өрлеу» Министерства просвещения Республики Казахстан.
📍Масштабное мероприятие объединило более 6 тысяч педагогов из всех регионов страны. В рамках пленарной части с приветственным словом и докладом выступил заместитель председателя Комитета среднего образования Министерства просвещения РК Жомарт Карамбаев, обозначив ключевые задачи по интеграции конституционных принципов в образовательный процесс.
📑Содержательная часть программы была представлена директором филиала «Өрлеу» города Шымкент Меруерт Медетбековой. В её выступлении раскрыта взаимосвязь ценностей основного закона страны — Конституции Республики Казахстан — с содержанием единой воспитательной программы «Адал азамат».
📌 В современных условиях система образования выступает ключевым инструментом формирования новой модели гражданина, обладающего высоким уровнем правовой культуры, патриотизма и развитого критического мышления.
📚 Практическая часть семинара прошла в формате воркшопов на базе филиалов «Өрлеу» во всех регионах страны. Участниками стали руководители образовательных организаций, педагоги и методисты. В ходе работы были представлены эффективные механизмы интеграции конституционных ценностей в содержание учебных занятий и воспитательной деятельности.
Перед педагогическим сообществом Казахстана стоит стратегическая задача — формирование у обучающихся таких качеств, как честность, ответственность, патриотизм и трудолюбие. Работа в данном направлении будет последовательно продолжена в региональных филиалах Национального центра «Өрлеу».
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Contact the business
Telephone
Website
Address
Казахстан 59/1
Öskemen
