Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan

Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan

Share

Мемлекеттік аппаратқа маман даярлайтын ерекше статусы бар жалғыз жоғары оқу орны

14/05/2026

⚜️Академия өкілдері 2026-2027 оқу жылына қабылдау қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс шеңберінде
13 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кездесу өткізді.

⏳Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 1 маусымына дейін жалғасатынын еске саламыз!

🔹Білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және құжаттар туралы қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе төменде көрсетілген номерлер арқылы біле аласыз: +7 (7172) 75-34-43, 75-31-62, 75-33-95

14/05/2026

Уважаемые кандидаты!

🔹Завтра в 11:00 в Instagram состоится прямой эфир на тему: «Дипломатия, основанная на знаниях».

Спикер: Камилла Шерьязданова
Заместитель директора Института дипломатии Академии государственного управления при Президенте РК

Photos from Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan's post 14/05/2026

⚜️Бүгін Айқын газетінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың «Таза Қазақстан» – жауапкершілік мәдениеті тақырыбында мақаласы жарияланды.

🔗Толық нұсқасын карусельден оқи аласыздар ➡️

14/05/2026

⚜️Академия өкілдері 2026-2027 оқу жылына қабылдау қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс шеңберінде
12 мамырда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінде, ҚР Туризм және спорт министрлігінде, ҚР Әділет министрлігінде кездесу өткізді.

⏳Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 1 маусымына дейін жалғасатынын еске саламыз!

🔹Білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және құжаттар туралы қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе төменде көрсетілген номерлер арқылы біле аласыз: +7 (7172) 75-34-43, 75-31-62, 75-33-95

Photos from Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan's post 13/05/2026

🔹 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының профессорлары А. Тазабеков пен Т. Туркенов Саран қаласы мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.

▪️Кездесу барысында филиал профессорлары Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсу тәртібі мен талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

13/05/2026

Академия - кәсіби дамуға бастар жол!

⚜️Академия өкілдері 2026-2027 оқу жылына қабылдау қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс шеңберінде 12 мамыр күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде кездесу өткізді.

⏳Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 1 маусымына дейін жалғасатынын еске саламыз!

🔹Білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және құжаттар туралы қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе төменде көрсетілген номерлер арқылы біле аласыз: +7 (7172) 75-34-43, 75-31-62, 75-33-95

13/05/2026

✅Жаңақорған және Шиелі аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне ақпараттық сессия ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Академияның 2026–2027 оқу жылына қабылдау ережелері түсіндіріліп, білім беру бағдарламалары мен құжат тапсыру тәртібі туралы ақпарат берілді.

✅Сессияда негізгі өзгерістер мен толықтырулар, білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар, күндізгі-қашықтан оқыту форматында жүргізілетін магистратура бағдарламалары түсіндірілді.

Академияда оқудың артықшылықтары кеңінен таныстырылып, қатысушыларға кәсіби даму бағытындағы маңызды кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауап алынды.

13/05/2026

⚜️Академияның Шымкент қаласы бойынша филиалында магистратура және докторантура бағдарламаларына құжат қабылдау аясында Ашық есік күні және түлектермен кездесу өтті.

🔹Іс-шараны Академия ректоры Азамат Жолманов ашып, институт өкілдері үміткерлерге білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Кездесудің екінші бөлімінде «Президенттік Академия түлектерінің альянсы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша өкілі А. Исабекова баяндама жасап, Академияның өзге де түлектерімен өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді.

13/05/2026

📌 Академияның Түркістан облысы бойынша филиалында Сарыағаш ауданының мемлекеттік қызметшілерімен мазмұнды кездесу өтті.

🖇️ Іс-шара барысында Академияға магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу тәртібі, жаңа білім беру бағыттары, құжат қабылдау кезеңдері және оқу мүмкіндіктері жан-жақты баяндалды. Әсіресе, қызмет пен білімді қатар алып жүріп, кәсіби дамуға жаңа серпін беру тақырыптары қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

09/05/2026

🇰🇿 Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

⚜️Бұл – ерлік пен өрліктің, батырлық пен бірліктің символына айналған тарихи күн. Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы бейбіт күннің арқасы.

⚜️Біз Отан үшін от кешкен ардагерлердің жанқияр ерлігіне тағзым етіп, бейбіт өмір сыйлаған батырлардың рухына құрмет білдіреміз. Батыр бабалардың ерлігі – кейінгі ұрпаққа өнеге, елдік пен бірліктің айқын белгісі.

⚜️Баршаңыздың деніңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!

Photos from Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan's post 08/05/2026

Құрметті үміткерлер!

Сіздерді 2026 жылғы 16 мамырда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтетін Ашық есік күніне шақырамыз!

⚜️Шара барысында Академияның білім беру бағдарламалары туралы толыққанды ақпарат, конкурстық іріктеу бойынша кеңестер, оқу ордасының бірегей мүмкіндіктерімен таныса аласыздар.

📌Қатысу үшін www.apa.kz сайты арқылы тіркеліңіз.

⏳Тіркеу 2026 жылдың 15 мамыр, сағат 15:00-ге дейін ашық.

✅Ашық есік күніне қатысып, кәсіби біліктілігіңізді арттыруға алғашқы қадам жасаңыз.

Want your business to be the top-listed Government Service in Akmola?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


проспект Абая 33а
Akmola
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30