Қазақстан Ұлттық Банкінің Орталық филиалы

Қазақстан  Ұлттық Банкінің Орталық филиалы

Share

Информация

29/05/2026
28/05/2026

E. SERKEBAEV. 100 JYL және AINALAIYN коллекциялық монеталары сатылымға шықты

🔹Негізгі сипаттамасы:
✔️E. SERKEBAEV. 100 JYL монета мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated.
✔️AINALAIYN монеталары:
• 925 сынамалы күмістен жасалған. Дайындау барысында түрлі түсті баспа және құбылмалы кемпірқосақ реңкті (интерференциялық) қабат технологиясы қолданылған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof;
• мельхиор (МН 25) қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated.
🗓️ Сатылым 2026 жылғы 28 мамырда басталады
🛒 Қайдан сатып алуға болады?
Ұлттық Банктің интернет-дүкенінен: https://kazcoins.nationalbank.kz

Стартовали продажи коллекционных монет E. SERKEBAEV. 100 JYL и AINALAIYN

🔹 Основные характеристики:
✔️Монета E. SERKEBAEV. 100 JYL изготовлена из сплава мельхиор (МН 25), массой 15 граммов, диаметром 33 мм, качеством изготовления brilliant uncirculated.
✔️Монеты AINALAIYN изготовлены:
• из серебра 925 пробы, с применением технологий цветной печати и интерференционного радужного покрытия, массой 31,1 грамма, диаметром 38,61 мм, качеством изготовления «proof»;
• из сплава мельхиор (МН 25), массой 15 граммов, диаметром 33 мм, качеством изготовления brilliant uncirculated.
🗓️ Продажи стартуют сегодня, 28 мая 2026 года
🛒 Где купить?
В интернет-магазине Нацбанка: https://kazcoins.nationalbank.kz

Photos from Қазақстан  Ұлттық Банкінің Орталық филиалы's post 22/05/2026

Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнот туралы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Орталық филиалы (Астана қаласы) Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған, қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін естелік ретінде шығарылған, номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкноттың қолма-қол ақша айналымында жүргенін хабарлайды.
9 мамыр – бүкіл әлем үшін айтулы күн. Қазақстан Жеңіске қомақты үлес қосты. Республикадан 1,2 миллионға жуық адам жұмылдырылды, бұл сол кездегі жалпы халықтың шамамен – 20%-ы. Отандастарымыз жаяу әскерде, танк бөлімшелерінде, авиация мен флотта ерлікпен шайқасты.
Банкноттың бет жағында:
- Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалы бейнеленген.
- Микрооптикалық қорғаныс жолағы. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде: жолақта тереңдіктің, көлемнің және жарқыраудың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналардың қозғалыс әсері көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.
Банкноттың екінші бет жағында:
- тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділері бар Қазақстан картасы бейнеленген. Суреттерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап комитетінің «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» РММ www.kfdz.kz ұсынды.
- ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.
Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнот төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша қабылдануға міндетті.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
703 354, 703 378
www.nationalbank.kz

22/05/2026

🌐Қазақстан Ұлттық Банкі мен Швейцария Ұлттық банкі бюджетті жоспарлау және орталық банктердегі кей үдерістердің бухгалтерлік есебін жүргізу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар:
∙ орталық банктердегі операциялық үдерістерді автоматтандыруды;
∙ ІТ жүйелер архитектурасы, төлемдер мен аударымдар, сатып алу рәсімдері, ішкі бақылау, бюджетті жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу мен есеп беру салаларында тәжірибе алмасу мәселелерін қарастырды.
📝Іс-шара Қазақстан Ұлттық Банкі мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында өтіп, халықаралық үздік тәжірибелерді зерделеуге бағытталды.

🌐Национальный Банк Казахстана и Национальный банк Швейцарии обсудили вопросы бюджетного планирования и бухгалтерского учета отдельных процессов центральных банков.

Участники рассмотрели следующие вопросы:
• автоматизацию операционных процессов центральных банков;
• обмен опытом в сфере архитектуры ИТ-систем, платежей и переводов, закупочных процедур, внутреннего контроля, бюджетирования, бухгалтерского учета и отчетности.
📝Мероприятие прошло в рамках развития двустороннего сотрудничества между Национальным Банком Казахстана и Национальным банком Швейцарии и направлено на изучение лучших международных практик.

18/05/2026

Қазақстан Ұлттық Банкінің Орталық филиалы (Астана қаласы) Қазақстан Ұлттық Банкінің Gold Coin – инвестициялық монетаның цифрлық баламасы жобасын іске қосқанын хабарлайды.
Жаңа инвестициялық құралды «Астана» халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange, AIX) биржасының Tabys мобильді қосымшасында сатып алуға болады.
Gold Coin жобасының мақсаты – Қазақстан азаматтарына заманауи технология мен цифрлық экономика жағдайында инвестициялауға және капитал жинақтауға балама көз ұсыну.
Gold Coin-ның бір бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең. Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады.
Tabys мобильді қосымшасын пайдаланушылар онлайн режимде Gold Coin сатып ала алады, оны сатуға да, сыйға тартуға да мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ жиырма эквивалент (бірлік) жинақталғанда, Gold Coin-ды Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын – ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады.
Gold Coin жобасы туралы ақпаратпен Ұлттық Банктің Youtube арнасында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
703 354, 703 378
www.nationalbank.kz

18/05/2026

📝 Қазақстан мен Грузия цифрлық қаржы технологиялары саласында ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Қазақстан Ұлттық Банкі, «ҚРҰБ Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ және Грузия Ұлттық банкінің өкілдері төлем жүйесі мен цифрлық қаржы сервисін дамыту мәселелері талқыланған кездесу өткізді.
Жиында:
✔️ «Цифрлық теңге» жобасы;
✔️ ашық банкинг;
✔️ мобильді төлемдер мен төлем карталары жүйесі;
✔️ цифрлық активтерді реттеу;
✔️ Ұлттық Банктің Антифрод орталығының жұмысы қаралды.
Тараптар инновациялық шешімдерді енгізу бағытында тәжірибе алмасып, алдағы уақытта кәсіби ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендерін растады.

📝 Казахстан и Грузия укрепляют сотрудничество в сфере цифровых финансовых технологий

Представители Национального Банка Казахстана, АО «Национальная платежная корпорация НБРК» и Национального банка Грузии провели встречу, посвященную вопросам развития платежных систем и цифровых финансовых сервисов.
В центре обсуждения:
✔️ «Цифровой тенге»;
✔️ открытый банкинг;
✔️ мобильные платежи и карточные системы;
✔️ регулирование цифровых активов;
✔️ работа Антифрод-центра НБК.
Стороны обменялись опытом внедрения инновационных решений и подтвердили заинтересованность в дальнейшем профессиональном взаимодействии.

14/05/2026

Ұлттық Банк жаңа коллекциялық монетаны айналысқа шығарды

🔹 «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан.
Монета XIII–XV ғасырларда Еуразия кеңістігіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі болған Алтын Орданың тарихи мұрасына арналады. Алтын Орда аймақтың саяси, экономикалық және мәдени дамуына елеулі ықпал етті.
Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен жасалған. Салмағы – 62,2 гр., диаметрі – 50 мм, номиналы – 2000 теңге.
📅 Монетаның сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат қосымша хабарланады.

📖Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/press-relizy/19329

Нацбанк выпустил в обращение новые коллекционные монеты

🔹 «ALTYN ORDA» из серии «Выдающиеся события и люди».
Монета посвящена историческому наследию Золотой Орды — одному из крупнейших государств Евразии XIII–XV веков, сыгравшего важную роль в политическом, экономическом и культурном развитии региона.
Монета изготовлена из серебра 925 пробы с золочением. Ее масса — 62,2 грамма, диаметр — 50 миллиметров, номинал — 2000 тенге.
📅 Информация о дате начала продаж монет будет сообщена дополнительно.

📖Подробнее: https://nationalbank.kz/ru/news/press-relizy/19329

Want your business to be the top-listed Government Service in Akmola?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Akmola

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30