Қала аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта билбордтар ілінді.
Билбордтарда адалдық пен әділдік туралы ақпараттар көрсетілген.
Аталған жұмыстар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Маңғыстау облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті
28 мамырда Мемлекеттік
қызмет саласын бақылау басқармасы мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жұмыстары Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментіне сонымен қатар, Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жургізілді.
Мониторинг барысында жұмыс уақытынан тыс
қызметін жүзеге асырған 1 мемлекеттік қызметші
анықталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бағытындағы идеологиялық бейнеролик.
Жемқорлыққа көз жұму - ертеңгі болашағымызға өзіміз кері әсерін тигіземіз деген сөз. Онымен күресу әр азаматтың адалдық пен батылдыққа негізделген ортақ міндеті.
Заседание совета по этике
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
🎓 ЖОО үздік бітірген түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады.
Толығырақ — видеода 👆
📞 Қосымша ақпарат алу үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне хабарласа аласыз.
Ақмола облысы – 8 7162 518132
Ақтөбе облысы – 8 7132 550960
Абай облысы – 87222354162
Атырау облысы – 8 7122 522815
Алматы облысы – 8 7277 223288
БҚО – 8 7112 509282
Жамбыл облысы – 8 7262 438826
Жетісу облысы – 8 7282 240688; +7 7073010071
Қарағанды облысы – 8 7212 504023
Қостанай облысы – 8 7142 393556, 87142 393415
Қызылорда облысы – 8 7242 705737
Маңғыстау облысы – 8 7292 302625
Павлодар облысы – 8 7182 208506
СҚО – 8 7152 465808
Түркістан облысы – 8 7253 358305
Ұлытау облысы – +7 7074352078
ШҚО – 8 7232 216703
26/05/2026
“EgovKzBot2.0” цифрлық сервисі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелер бойынша уәкілетті органдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бот арқылы қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, туындаған проблемаларды жедел жеткізе алады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге және ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
«EgovKzBot2.0» платформасының тағы бір маңызды ерекшелігі – оның қолжетімділігі. Азаматтар кез келген уақытта Telegram арқылы тиісті мемлекеттік органға өтініш немесе шағым жолдай алады. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету барысында кездесетін кедергілерді жедел анықтап, оларды шешуге мүмкіндік туады.
Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тарапынан да аталған бот арқылы азаматтармен тұрақты кері байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша 95 қызмет алушымен байланыс орнатылып, олардың өтініштері қаралды. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметіне қатысты 70 өтініш, ал жергілікті атқарушы органдардың қызметіне байланысты 7 өтініш қаралған. Нәтижесінде 9 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Түскен шағымдардың басым бөлігі әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, құқық қорғау және өзге де салалардағы мемлекеттік қызметтерге қатысты болған. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда қызмет көрсету барысында кездесетін техникалық ақаулар мен рәсімдеу тәртібіне байланысты мәселелер де анықталды.
Азаматтардың өтініштері негізінде Департамент қызметкерлері тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп, туындаған мәселелердің шешілуіне ықпал етті. Мәселен, тұрғын үйге қатысты құжаттарды рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер алу немесе мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық жүйелердегі сәйкессіздіктерге байланысты түскен өтініштер қаралып, азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілді.
25/05/2026
Маңғыстауда Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның негізгі талаптары түсіндірілді
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған болатын. Жаңа құжат мемлекеттік қызмет жүйесін заман талабына сай жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов айтты.
Спикердің айтуынша, заң Қазақстан Республикасының 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы аясында әзірленген. Негізгі мақсат – азаматтарға қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыру.
-Жаңа заң мемлекеттік қызметтің мақсаты мен қағидаттарын нақты айқындайды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің азаматтарға қызмет көрсету мәдениетін жетілдіруге ерекше назар аударылған. Мемлекеттік қызметші ең алдымен халықтың сұранысына жауап беретін, ашық әрі жауапты маман болуы тиіс. Сондай-ақ заңда мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен әдептілігін нығайтуға бағытталған мінсіз бедел институты енгізіліп отыр, - деді Тоқтамыс Жұмағұлов.
Брифинг барысында спикер, заңдағы маңызды жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік қызметке жас әрі талантты мамандарды тартуға мүмкіндік беретін арнайы даярлау институтының енгізілуін атап өтті. Бұл жүйе болашақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісі толықтай цифрлық форматқа көшіріліп, енді кандидаттарды іріктеу «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Жаңа заңда «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері үшін көлденең мансаптық ілгерілету тетігі қарастырылған. Бұл қызметкерлердің кәсіби деңгейіне қарай еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге жол ашады. Тәртіптік жауапкершілік мәселелері де қайта қаралған. Тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдері құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай сараланып, жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескеру тәртібі нақтыланған.
Бұдан бөлек, заңда мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар енгізіліп, мемлекеттік органдардың жұмысына жәрдемдесетін тұлғалардың құқықтық мәртебесі нақтыланған.
Айта кетейік, жаңа заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
25/05/2026
Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Департаментпен Агенттіктің тапсырмасына сәйкес “Үздік сапалы қызмет көрсетуші” конкурсының өңірлік деңгейдегі комиссия отырысы өткізілді. Өңірлік кезеңге 26 мемлекеттік қызмет көрсетуші өтінім білдіріп,келесі “халықтық дауыс беру” кезеңіне 5 үміткердің құжаттары іріктелді.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
14 мкр. , здание 71
Aktau
130000
