Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы

Share

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ресми парақшасы

Photos from Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы's post 18/07/2026

🔔 Ақтауда облыс әкімінің кубогы үшін «Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің кубогы үшін «Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Интеллектуалды додаға 10 облыстан 32 команда, жалпы 64 жас пікірсайысшы қатысып жатыр.

Турнирдің негізгі мақсаты – жастардың білімін, көшбасшылық қабілетін дамыту, шешендік өнері мен дәлелді пікір айту мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға үлес қосу.

Турнирдің ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты. Құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Қалампыр Уәзірова турнирдің жастар үшін маңыздылығына тоқталды.

✅ – Облыс әкімінің бастамасымен жастарды қолдауға бағытталған бірқатар жоба жүйелі түрде орындалып жатыр. Соның бірі – бүгін бастау алған республикалық пікірсайыс турнирі. Турнир екі күнге жоспарланған. Алғашқы күні қатысушылар іріктеу кезеңінде бақ сынаса, екінші күні үздіктер анықталып, финалдық кездесулер өтеді. Осындай пікірсайыс алаңдары жастардың сыни ойлауын дамытып, шешендік қабілетін шыңдайды. Бүгінде Маңғыстау өңірінде жастар саясатын дамытуға және жас буынның әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде, – деді Қалампыр Уәзірова.

Пікірсайыс турнирі үш формат бойынша ұйымдастырылған: Британдық парламенттік формат (БПФ), Американдық парламенттік формат (АПФ) және Линкольн–Дуглас (ЛД). Іріктеу кезеңдері Британдық парламенттік форматта өтсе, финалдық ойындар Американдық парламенттік формат бойынша ұйымдастырылады. Ал турнирдің үздік спикері Линкольн–Дуглас форматындағы арнайы сайыс қорытындысы бойынша анықталады.

Photos from Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы's post 15/07/2026

🔔 Ақтауда жастардың тұлғалық дамуына арналған жобаның қорытынды жиыны өтеді

17 шілде күні Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтіп жатқан «Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасының салтанатты қорытынды жиыны өтеді.

Жобаның негізгі мақсаты – жастардың өзін-өзі тануына ықпал етіп, кәсіби ортада және отбасында эмоционалды сау қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Қорытынды кездесудің басты тақырыбы – «Жастардың менталдық саулығы: эмоцияны басқару және тұлғалық даму».

Іс-шараға арнайы шақырылған сарапшылар қатарында танымал психоаналитик, психолог, Мәскеу психоанализ институтының түлегі Шапағат Есжан және практик-психолог, Mental LAB тұлғалық зерттеу диагностикасының ресми өкілі әрі тренері Аида Тұрғазы бар. Сарапшылар жастардың эмоционалдық интеллектін дамыту, тұлғалық өсудің кедергілері, кәсіби бағдар, психологиялық әл-ауқат пен күйзелістің алдын алу бағытында тәжірибелерімен бөліседі.

Кездесу барысында эмоционалдық интеллектіні дамыту, тұлғалық дамуда кездесетін қиындықтарды еңсеру, Mental LAB диагностикасы арқылы әлеуетті анықтау, отбасы мен білім беру ортасындағы эмоционалдық сауаттылықтың маңызы, сондай-ақ күйзеліс пен кәсіби күйіп қалудың алдын алу жолдары кеңінен талқыланады.

Сонымен қатар жоба аясындағы барлық кезеңдерге белсенді қатысып, бағдарламаны толық аяқтаған жастарға республикалық үлгідегі сертификаттар табысталады.

12/07/2026

🔔 Ақтауда ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған спорт фестивалі өтті

Ақтауда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Кедергісіз Маңғыстау» әлеуметтік жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Өмірге сен!» спорт фестивалі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - ерекше жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға ынталандыру, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту, әлеуметтік белсенділігін арттыру және инклюзивті қоғам құндылықтарын дәріптеу болды.

Фестиваль барысында қатысушылар жеңіл атлетика, бочча, арқан тарту және эстафета спорт түрлері бойынша сынға түсіп, үздіктер анықталды. Жарысқа қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық бірлік пен жеңіске деген жігерлерін паш етті.

Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Қалампыр Уәзірова инклюзивті қоғам қалыптастырудағы мұндай бастамалардың маңызын ерекше атап өтті.

✅ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде инклюзивті қоғам қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі фестиваль - ерекше қажеттілігі бар жастардың өз мүмкіндігін көрсетуіне, жаңа достар тауып, қоғам өміріне белсенді араласуына жасалған тағы бір маңызды қадам. Біз жастардың жан-жақты дамуына бағытталған осындай жобаларды алдағы уақытта да тұрақты түрде қолдаймыз, - деді Қалампыр Уәзірова.

Өз кезегінде «Маңғыстау облысының Бочча федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Қарлығаш Әлмұхамбетова фестивальдің басты мақсаты ерекше қажеттілігі бар жастардың өзіне деген сенімін арттыру екенін айтты.

✅ - “Өмірге сен!” фестивалі - ерекше қажеттілігі бар жастардың өз қабілеттерін танытып, жаңа ортада достық қарым-қатынас орнатуына, командалық рухты қалыптастыруына мүмкіндік беретін алаң. Сонымен қатар, “Кедергісіз Маңғыстау” әлеуметтік жобасы аясында қатысушылар компьютерлік сауаттылық, көгалдандыру, тігін ісі және аспаздық бағыттары бойынша білім алып, жаңа дағдыларды меңгерді. Алдағы уақытта да олардың әлеуетін дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларды жалғастырамыз, - деді Қарлығаш Әлмұхамбетова.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

08/07/2026

#тазақазақстан

08/07/2026
08/07/2026

Маңғыстауда ерекше жастарға арналған «Өмірге сен!» спорттық фестивалі өтеді

Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде 11 шілде күні ерекше қажеттілігі бар жастар арасында «Өмірге сен!» спорттық фестивалі өтеді.

Іс-шара Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Кедергісіз Маңғыстау» жобасы аясында ұйымдастырылады.

Фестивальдің негізгі мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау, дене белсенділігін арттыру және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау көрсету.

Бағдарлама аясында қатысушылар бочча, жеңіл атлетика, арқан тарту және эстафета сияқты спорт түрлерінен сынға түседі.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар арнайы марапатталады.

Want your business to be the top-listed Government Service in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Aktau
130000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30