16/11/2020
Кәсіпкерлердің қатысуымен онлайн кездесу өткізілді
Облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласында туындайтын жүйелі мәселелерді анықтап, түйінін тарқату үшін осы жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен бірге тікелей эфирде кәсіпкерлермен жүздесті.
Осы шараға қадағалау және бақылауды жүзеге асыратын органдар өкілдері де қатысты.
Жиында облыс прокурорының орынбасары Е.Тұрмағамбетов бизнес ахуалына қатысты Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Рсепубликасы Бас Прокурорының кәсіпкерлік саласында қадағалауды күшейту туралы тапсырмасы негізінде бизнес субъектілеріне кең мағлұмат берді.
Мемлекет Басшысының Жолдауына сәйкес кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгіну керектігі және барлық прокуратура органдарында «Бизнесті қорғау» жедел топтары құрылғаны хабарланды.
Тікелей эфирге 30-дан астам кәсіпкер қоңырау шалып, байланысты.
Бизнес субъектілері жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, экология саласындағы ахуалды мәселелері мен бақылау органдарының тексеріс жүргізуді тіркеу заңдылығына қатысты сұрақтарын қойды.
Оларға қолданыстағы Заң талаптары шеңберінде нақты жауап беріліп, жекелеген кәсіпкерлерге прокуратура органдарына өтінішпен жүгіну құқығы түсіндірілді.
Бірқатар мәселелер қадағалау органының бақылауына алынып, тиісті прокурорларға тапсырма берілді.
Кәсіпкерлермен онлайн форматтағы кездесулер облыс прокуратурасымен жиі өткізілетін болады.
03/11/2020
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған Жол картасына сәйкес, осы жылдың 4 қарашасында сағат 16:00-де Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс прокуратурасы, кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, бақылау және қадағалау органдарының өкілдері тікелей эфир арқылы кәсіпкерлер қоғамдастықтардың өкілдерімен кездесу өткізетінін хабарлай отырып, бизнес субъектілерін онлайн жиынға қатысуға шақырамыз.
Онлайн жиынға қатысу үшін «фейсбук» әлеуметтік желісінде «Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласындағы БИЗНЕС» тобына келесі сілтеме арқылы кіре аласыздар https://www.facebook.com/groups/AktauBiz/?ref=
27/07/2020
Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің қызметіне талдау жүргізу нәтижесімен «ҚазАзот» АҚ-нан қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру шаралары алынбағандығы анықталды.
Облыс бойынша Экология департаменті 2018 жылы «ҚазАзот» АҚ-на қатысты тексеру жүргізіп, нәтижесі бойынша оны әкімшілік жауаптылыққа тартып, қоршаған ортаға келтірілген 139 млн. теңге көлеміндегі залалды мемлекет пайдасына өндіру жөнінде талап қойған.
«ҚазАзот» АҚ-ын тексеру барысында облыс бойынша Экология департаменті тарапынан жіберілген кемшіліктер бойынша сотқа шағым келтіріп, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен тексеру актісі заңсыз деп танылып, қозғалған әкімшілік іс өндірісі тоқтатылды.
Облыс бойынша Экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-на қатысты залалды өндіру жөнінде сотқа шағымданбаған.
Алайда, «ҚазАзот» АҚ-ы әкімшілік жауаптылықтан босатылғанымен, 139 млн. теңге көлеміндегі қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіруден босатылмайды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде облыс бойынша Экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-на қатысты 139 млн. теңге залалды өндіру жөнінде сотқа талап арыз келтірді.
23.06.2020 жылғы облыс сотының апелляциялық сот алқасының шешімімен талап арыз толықтай қанағаттандырылды.
Аталған сот шешімінің негізінде мемлекет пайдасына 139 млн. теңге өндірілді.
Специализированной природоохранной прокуратурой по результатам анализа деятельности Департамента экологии по Мангистауской области выявлен факт непринятия мер по взысканию ущерба нанесённого окружающей среде с АО «КазАзот».
Так, в 2018 году Департаментом экологии проведена проверка в деятельности АО «КазАзот», по результатам которого АО «КазАзот» привлечён к административной ответственности и нанесён ущерб в окружающей среде в размере 139 млн. тенге.
Наложением административного взыскания обжаловано АО «КазАзот» и в связи с наличием нарушений законности при проведении проверки постановлением Специализированного административного суда города Актау акт результата проверки признан незаконным, а производство по административным делам прекращены.
Между тем, Департаментом экологии иск о возмещении ущерба, нанесённого окружающей среде с АО «КазАзот» не внесён.
В свою очередь прекращение административных дел в отношении АО «КазАзот» не освобождает его от возмещения ущерба в окружающей среде.
По данному факту природоохранной прокуратурой в Департамент экологии по области внесён акт надзора о внесении искового заявления о возмещении ущерба, нанесённого окружающей среде с АО «КазАзот» на сумму 139 млн. тенге.
23.06.2020 года решением судебной апелляционной коллегии областного суда иск удовлетворен полностью.
На основании решении суда в доход государства взыскано 139 млн. тенге.
23/07/2020
Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Мемлекет басшысының дәрі-дәрмекпен алыпсатарлық фактілерін кесіп өту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кіріс және фармацевтикалық бақылау қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.
Бірлескен жұмыс нәтижесімен 23.07.2020 ж. жағдай бойынша дәрілік заттар айналымы саласындағы 69 құқық бұзушылық фактілері анықталды.
Сонымен қатар, қосымша 3 факті тіркелген, соның ішінде ҚК-нің 214-бабы бойынша «Заңсыз кәсіпкерлік»-2, ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық»-1.
Айналымның барлығы 13,3 млн. теңге сомасына 539 дәрілік заттар тәркіленді.
Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты материалдар әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органга жолданды.
20 факті бойынша кінәлі тұлғалар жалпы сомасы 2,2 млн. теңгені құрайтын айыппұл түрінде жауаптылыққа тартылды.
Дәрілік заттардың шекті бағасын көтеру фактісі бойынша келесі дәріханалар жауаптылыққа тартылған:
- Ақтау қаласы «Центральная» (6 ш/а, 36 үй), «Biopharma» (26 ш/а , 71 үй), «Pharmateka» (2 ш/а, 47а) , «Ақтау дәріхана» (12 ш/а, 1 үй);
- Жаңаөзен қаласы : «Biopharma» (3 ш/а, 41 үй);
- Мұнайлы ауданы: «Дәріхана» (Маңғыстау-4 , 386/4 жер телімі);
- Түпқараған ауданы: «Науалы», «Ақкетік» (С.Шапағатов селосы);
- Қаракия ауданы: «Дәріхана» (Құрық селосы, 2-41).
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, осыған байланысты прокуратура дәрілік заттармен алыпсатарлыққа жол бермеу және заңда көзделген жауаптылық туралы ескертеді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы.
В рамках исполнения поручения Главы государства по пресечению фактов спекуляции лекарственными средствами под координацией прокуратуры Мангистауской области создана рабочая группа из числа сотрудников полиции, экономических расследований, государственных доходов и фармацевтического контроля.
В результате совместной работы по состоянию на 23.07.2020 г. выявлено 69 правонарушений в сфере оборота лекарственных средств.
Кроме того, зарегистрировано 3 факта, в т.ч. по ст.214 УК «Незаконное предпринимательство» -2, по ст.190 УК «Мошенничество» -1.
Всего из оборота изъято 539 упаковок лекарственных средств на сумму 13,3 млн. тенге
В отношении всех виновных лиц материалы направлены в уполномоченный орган для возбуждения административных производств.
По 20 фактам виновные лица уже привлечены к ответственности в виде штрафа на общую сумму 2,2 млн. тенге.
По факту завышения предельных цен на лекарственные средства привлечены следующие аптеки:
- г.Актау: «Центральная» ( 6 мкр., 36 дом), «Biopharma» (26 мкр., 71 дом), «Pharmateka» (2 мкр., 47а), «Ақтау дәріхана» (12 мкр., 1 дом);
- г.Жанаозен: «Biopharma» (3 мкр., 41 дом);
- Мунайлинский район: «Дәріхана» (Мангыстау-4, участок 386/4);
- Тупкараганский район: «Науалы», «Ақкетік» (пос. С.Шапагатова);
- Каракиянский район: «Дәріхана» (пос.Курык, 2-41).
Работа в данном направлении продолжается, в связи с чем, прокуратура предупреждает о недопустимости спекуляции лекарственными средствами и предусмотренной законом ответственности.
Прокуратура Мангистауской области.
16/07/2020
Түпқараған ауданының прокуратурасы Бас прокуратураның 2020 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес 2017-2019 жылдары ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті ауруларының таралуы профилактикасына және ошақтарын жоюға бағытталған ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарын жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» КММ-де 1 млн. теңгеден асатын мемлекет қаражаты талан-таражға салынғаны анықталды. Аталған факті бойынша аудан прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өндірісінде. Бүгінгі күнге мемлекетке келтірілген залал толығымен өндірілді. Прокуратурой Тупкараганского района во исполнение плана работы Генеральной прокуратуры на 2020 год, проведена проверка в части соблюдения законности при организации ветеринарно-санитарных мероприятий, направленных на профилактику распространения и ликвидации очагов особо опасных заболеваний сельскохозяйственных животных, а также расходовании бюджетных средств, выделенных на их реализацию за 2017-2019 г.г. По результатам проверки КГУ «Тупкараганская районная ветеринарная станция» выявлены факты хищения бюджетных средств на сумму свыше 1 млн. тенге. По данному факту прокуратурой района начато досудебное расследование по пункту 2) части 3 статьи 189 Уголовного кодекса Республики Казахстан. В настоящее время уголовное дело находится в производстве Департамента агентства по противодействию коррупции по области. На сегодняшний день ущерб причинённый государству полностью возмещён.
12/06/2020
Прокурорлармен мемлекет меншігіне пайдаланылмай жатқан жер учаскелері қайтарылды
www.gov.kz
12/06/2020
Мемлекеттік сатып алу саласындағы қадағалау
www.gov.kz
12/06/2020
Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қадағалау
www.gov.kz
12/06/2020
Надзор в сфере природоохранного законодательства
www.gov.kz
09/06/2020
Детство находится под защитой государства
www.gov.kz