🇰🇿🇰🇿🇰🇿 #рәміздеркүні
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті
Г.АКТАУ, МИКРОРАЙОН 9, 23 Ведомство Министерства здравоохранения Республики Казахстан
04/06/2026
Құрметті отандастар!🇰🇿
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен егемендігіміздің нышаны. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға, елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің айқын көрінісі.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке, елімізге тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тілейміз. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі асқақтай берсін!
⚜️Құрметпен,
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
04/06/2026
🛑 В последнее время в информационном пространстве распространяются сведения о проведении консультаций зарубежными врачами в регионе.
Стоить отметить, что для медицинских специалистов, в том числе для иностранных, предусмотрены ряд требований в законодательстве Республики Казахстан для осуществления клинической практики.
Согласно Кодексу Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения», иностранные специалисты могут оказывать медицинскую помощь только при наличии соответствующего сертификата специалиста в области здравоохранения Республики Казахстан и при соблюдении установленного порядка допуска к клинической практике.
Для получения такого допуска иностранные специалисты в соответствии с Правилами проведения сертификации специалиста в области здравоохранения (Приказ МЗ РК от 15.12.2020 г. № ҚР ДСМ-274/2020), направляют в территориальный департамент заявления с предоставлением документа об образовании, подтверждающих документов трудовую и профессиональную деятельность, документы профессионального развития и результаты оценки профессиональной подготовленности.
Вместе с тем, иностранные специалисты при сертификации предоставляют разрешение на привлечение иностранной рабочей силы, полученное от МИО, за исключением иностранных специалистов являющихся гражданами государств-участников Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года.
Иностранные специалисты, получившие медицинское образование за пределами Республики Казахстан, допускаются к сертификации, при условии признания их образования и (или) квалификации в соответствии с Правилами признания, за исключением лиц, приглашенных к осуществлению профессиональной медицинской деятельности в «Назарбаев Университет» или его медицинские организации, в медицинские организации Управления делами Президента РК, а также с целью обучения в организации высшего и (или) послевузовского образования, национальные и научные центры, научно-исследовательские институты и высшие медицинские колледжи, реализующие образовательные учебные программы дополнительного образования и прошедшие институциональную аккредитацию в аккредитационных органах, внесенных в реестр признанных аккредитационных органов, на базе аккредитованных университетских больниц, клиник организаций образования в области здравоохранения и базе резидентуры.
Данные требования направлены на обеспечение безопасности пациентов и гарантирование качества медицинской помощи. Обращение к специалистам, не имеющим разрешительных документов, может привести к ошибкам в диагностике и лечении, а также к нарушению прав пациентов.
В этой связи, медицинским организациям при привлечении иностранных медицинских специалистов для осуществления клинической практики (проведения консультации, диагностики и лечения), рекомендуется заблаговременно обеспечивать соблюдение требований законодательства Республики Казахстан и уделять внимание наличию необходимых разрешительных документов.
04/06/2026
🛑Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте шетелдік дәрігерлердің консультациялар өткізуі туралы мәліметтер таратылуда.
Анықтама үшін: Жақында іnstagram әлеуметтік желісінде Шымкент, Тараз және Астана қалаларында орналасқан медициналық ұйымдардың базасында шетелдік мамандардың (Үндістан Республикасынан келген дәрігерлердің) консультациялар өткізуі туралы ақпарат орналастырылған.
Медициналық мамандарға, шетелдік мамандарды қоса алғанда клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында бірқатар талаптар көзделгенін атап өткен жөн.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шетелдік мамандар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы маманының тиісті сертификаты болған кезде және клиникалық практикаға жіберудің белгіленген тәртібі сақталған кезде ғана медициналық көмек көрсете алады.
Мұндай рұқсатты алу үшін шетелдік мамандар денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы) сәйкес Комитеттің аумақтық департаменттеріне білім туралы, еңбек және кәсіптік қызметін растайтын құжаттарды, кәсіптік даму құжаттарын және кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелерін растайтын құжаттарды ұсына отырып, өтініш жібереді.
Сонымен қатар, шетелдік мамандар сертификаттау кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік мамандарды қоспағанда, ЖАО-дан алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұсынуы тиіс.
Шетелдік мамандар кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру үшін «Назарбаев Университетіне» немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына, сондай-ақ оқыту мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттелген университеттік ауруханалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының базасындағы және резидентура базасындағы танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, ұлттық және ғылыми орталықтарға, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары медициналық колледждерге жіберілендерді қоспағанда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған шетелдік мамандар, тану қағидаларымен бекітілген білім және (немесе) біліктілігін тану туралы құжаттармен сертификаттауға жіберіледі.
Бұл талаптар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және медициналық көмектің сапасына кепілдік беруге бағытталған. Рұқсат құжаттары жоқ мамандарға жүгіну диагностика мен емдеудегі қателіктерге, сондай-ақ пациенттердің құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты, медициналық ұйымдарға клиникалық практиканы (консультация, диагностика және емдеу жүргізу) жүзеге асыру үшін шетелдік медицина мамандарын шақырту барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын алдын ала қамтамасыз ету және қажетті рұқсат құжаттарының болуына назар аудару ұсынылады.
#жаңалықтар #актау #ДәрілікЗаттар
02/06/2026
Маңғыстауда I тоқсандағы денсаулық сақтау саласының жұмысы қорытындыланды✅
Ағымдағы жылдың 28 мамырында облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың төрағалығымен өңірлік денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы І тоқсандағы қызмет қорытындыларына арналған алқа отырысы өтті.
Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ өңірдегі қала және аудандық медициналық ұйымдардың басшылары мен алқа мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – ана мен бала денсаулығын қорғау болды. Бұл бағытта Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. Балыков пен облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Ж. Досжанова І тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ облыстық филиалының директоры А. Рахымов тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтердің орындалу барысы туралы ақпарат берді.
Жиында өңірдің эпидемиологиялық ахуалы мен мемлекеттік бақылау нәтижелері де қаралды. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы М. Сербаев облыстағы жұқпалы аурулар мен ішек инфекцияларының алдын алу жағдайына тоқталса, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Н. Мұхамбетярова 2026 жылдың І тоқсанында медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты келіп түскен арыз-шағымдарды қарау нәтижелері туралы баяндама жасады.
🔹Баяндама барысында қоғам назарын аударған бірқатар резонанстық шағымдарға тоқталып, медициналық ұйымдардың ішкі аудит қызметтерінің жұмысын қолданыстағы стандарттарға сәйкес ұйымдастыруды күшейтуге, сондай-ақ клиникалық хаттамалардан ауытқуға жол бермеуге шақырды.
02/06/2026
ЖК Бисенова М., ЖК Искакова Ж., ЖК Абишева Н. және «Ak Niet Group» ЖШС дәріханаларына GPP стандартына сай екендігіне сертификаттар берілді.✅
____________________________________________________________________________
Аптекам ИП Бисенова М., ИП Искакова Ж., ЖК Абишева Н., и ТОО «Ak Niet Group» выданы сертификаты на соответствие стандарту GPP.✅
Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
GPP стандарты бағытталған:
-халықты сапалы, қауіпсіз, қолжетімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге,
- пациентке дәрілік препарат туралы сенімді ақпарат беруге,
- салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға,
- рецептуралық ДЗ ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және орын алған ДЗ жанама әсерлері туралы ақпарат беруге,
- егер ол өзін-өзі емдеу әдісін қолдануды шешсе, халыққа көмек көрсетуге.
GPP талаптарына сәйкестігі сертификатының қолданылу мерзімі-5 жыл (алғашқы екі рет бес жылға беріледі, кейіннен расталған кезде көрсетілген сертификат мерзімсіз болып саналады).
Стандарт надлежащей аптечной практики (GPP) разработан с целью обеспечения надлежащего качества фармацевтических услуг, оказываемых фармацевтическими работниками населению Республики Казахстан.
Стандарт GPP направлен:
-на обеспечение населения качественными, безопасными, доступными лекарственными средствами и медицинскими изделиями,
-на предоставление пациенту достоверной информации о лекарственном препарате,
-на пропаганду здорового образа жизни и профилактику заболеваний,
-на обеспечение рационального применения рецептурных ЛС и предоставление информации об имеющих место побочных действиях ЛС,
-на оказание помощи населению, если оно решило применить метод самолечения.
Срок действия сертификата на соответствие требованиям GPP - 5 лет (первые два раза выдаётся на пять лет, при последующем подтверждении, указанный сертификат считается бессрочным). Показать меньше
02/06/2026
02/06/2026
https://www.lada.kz/aktau_news/society/153798-nezaregistrirovannye-bady-iziali-v-aktau.html
Незарегистрированные БАДы изъяли в Актау Фармконтоль выявил в областном центре магазин, который реализовывал незарегистрированные в Казахстане БАДы, а также осуществлял фармацевтическую деятельность б....
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
МИКРОРАЙОН 9, 23
Aktau
130000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 13:00 |
| 14:30 - 18:30 | |
| Tuesday | 09:00 - 13:00 |
| 14:30 - 18:30 | |
| Wednesday | 09:00 - 13:00 |
| 14:30 - 18:30 | |
| Thursday | 09:00 - 13:00 |
| 14:30 - 18:30 | |
| Friday | 09:00 - 13:00 |
| 14:30 - 18:30 |
