Ақтау қаласының әкімдігі

Ақтау қаласының әкімдігі

Share

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пресс-служба акимата города Актау

05/06/2026

Ақтауда 27 және 16-шағынаудандар аралығындағы автомобиль жолы уақытша жабылады

Ақтау қалалық құрылыс бөлімі орталық кәріз құбырының құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27 және 16-шағынаудандар аралығындағы (айналма жол аумағында) автомобиль жолы уақытша жабылатынын хабарлайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 5-6 маусым күндері жүргізіледі.

Ақтау қалалық құрылыс бөлімі тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

05/06/2026

Ақтауда теңіз жағалауындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг жүргізілді

Ақтау қаласы әкімдігінің бастамасымен Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Көліктік бақылау инспекциясы және Полиция басқармасы өкілдерінің қатысуымен теңіз жағалауындағы пирс аумағында орналасқан катерлерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік қызметтің заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, қызмет көрсету сапасын арттыру және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Мониторинг барысында бірқатар катер иелеріне кәсіпкерлік қызметті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру үшін QR-кодтарды орналастыру қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, тексеру кезінде кейбір катер жүргізушілерінде су көлігін басқаруға құқық беретін тиісті санаттағы құжаттардың жоқтығы анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Осы бағыттағы мониторингтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Photos from Ақтау қаласының әкімдігі's post 04/06/2026

Аким города Актау провёл встречу с предпринимателями, осуществлявшими деятельность на территории парка «Акбота»

В связи с началом реализации проекта комплексного благоустройства парка «Акбота» предпринимателям, ранее осуществлявшим деятельность на территории парка, потребуется освободить занимаемые в настоящее время места и продолжить работу на иных площадках.

Для обсуждения актуальных вопросов, связанных с реализацией проекта, и выработки оптимальных решений аким города Актау Абилкаир Байпаков провёл встречу с предпринимателями. В ходе конструктивного диалога представители бизнеса озвучили свои предложения и замечания, которые были внимательно рассмотрены. Стороны также обсудили возможные механизмы дальнейшего взаимодействия и пути урегулирования возникающих вопросов.

По итогам встречи принято решение о создании рабочей группы под руководством заместителя акима города. В её состав войдут представители предпринимательского сообщества, профильных подразделений акимата и правоохранительных органов. Основной задачей рабочей группы станет проработка вариантов размещения предпринимателей на альтернативных площадках, а также оказание содействия в дальнейшем осуществлении ими деятельности в соответствии с требованиями действующего законодательства.

Следует отметить, что предпринимательская деятельность на территории парка осуществлялась без наличия предусмотренных законодательством разрешительных документов, необходимых для размещения торговых объектов и ведения коммерческой деятельности.

Несмотря на это, акиматом города принято решение провести работу по поиску альтернативных мест размещения с целью сохранения рабочих мест и создания условий для дальнейшей деятельности предпринимателей в соответствии с требованиями законодательства.

Напомним, что проект комплексного благоустройства парка «Акбота» является одной из крупнейших инфраструктурных инициатив города Актау. Реализация данного долгожданного для жителей проекта направлена на обновление архитектурного облика города и создание современного, комфортного и доступного общественного пространства, соответствующего актуальным требованиям городской среды.

Финансирование проекта осуществляется за счёт спонсорских средств компании «NCOC». Общая площадь благоустраиваемой территории составляет более 107 тысяч квадратных метров.

В рамках проекта предусмотрены реконструкция существующих пешеходных дорожек, строительство новых прогулочных аллей и зон отдыха, организация парковочных пространств, установка современных теневых навесов, обустройство детских и спортивных площадок, скейт-парка и интерактивных зон, а также размещение сухого фонтана и других элементов благоустройства.

Реализация проекта позволит сформировать современную, безопасную и комфортную городскую среду, вывести качество общественных пространств на новый уровень, а также окажет положительное влияние на инвестиционную и туристическую привлекательность города Актау.

После завершения всех работ парк «Акбота» станет одним из ключевых мест отдыха горожан, предназначенным для семейного досуга, занятий спортом и проведения культурно-массовых мероприятий.

Пресс-служба акимата города Актау

04/06/2026

Ақтау қаласының әкімі «Ақбота» саябағы аумағындағы кәсіпкерлермен кездесті

Ақтау қаласындағы «Ақбота» саябағын кешенді абаттандыру жобасының жүзеге асырылуына байланысты саябақ аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысып келген азаматтар алдағы уақытта қазіргі орналасқан орындарында жұмысын жалғастыра алмайды.

Осыған байланысты туындаған мәселелерді талқылау және өзара тиімді шешімдер қабылдау мақсатында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ашық әрі сындарлы форматта өткен кездесуде кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы кезеңдегі өзара іс-қимыл тетіктері жан-жақты қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі орынбасарының жетекшілігімен арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына кәсіпкерлер, әкімдіктің салалық бөлімдері мен құқық қорғау органдарының өкілдері енгізіледі. Жұмыс тобы кәсіпкерлер үшін баламалы орындарды айқындау және олардың қолданыстағы заңнама аясында кәсіпкерлік қызметін жалғастыруына қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізеді.

Айта кету керек, саябақ аумағында кәсіпкерлер заңнамада көзделген сауда нысандарын орналастыруға және коммерциялық қызмет жүргізуге арналған тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырып келген. Соған қарамастан, қала әкімдігі кәсіпкерлердің жұмыс орындарын сақтап қалуға және олардың қызметін заң талаптарына сәйкес жалғастыруына мүмкіндік жасау мақсатында баламалы орындар іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, «Ақбота» саябағын кешенді абаттандыру жобасы Ақтау қаласындағы ең ірі инфрақұрылымдық бастамалардың бірі болып табылады. Қала тұрғындары көптен күткен бұл жоба шаһардың сәулеттік келбетін жаңартып, заманауи талаптарға сай келетін жайлы әрі қолжетімді қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

Жобаны қаржыландыру «NCOC» компаниясының демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Жаңғыртылатын аумақтың жалпы көлемі 107 мың шаршы метрден асады.

Жоба аясында қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңарту, жаңа серуендеу аллеяларын және демалыс аймақтарын салу, автотұрақтар ұйымдастыру, заманауи көлеңкелік қалқалар орнату, балалар мен спорт алаңдарын, скейт-парк пен интерактивті аймақтарды жабдықтау, сондай-ақ құрғақ субұрқақ пен өзге де абаттандыру элементтерін орналастыру көзделген.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы қалалық ортаны қалыптастырып, қоғамдық кеңістіктердің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ақтау қаласының инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыруға оң ықпал етеді.

Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін «Ақбота» саябағы отбасылық демалысқа, спортпен шұғылдануға және мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге арналған қаланың негізгі демалыс орындарының біріне айналады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

04/06/2026

Ақтауда қоғамдық көліктерде жолақы төлемін бақылау күшейтілді

2026 жылғы 1 мамырдан бастап Ақтау қаласындағы барлық қоғамдық автобустарда жолақы төлемінің жүргізілуін қадағалайтын бақылаушылар қызмет атқаруда. Аталған жүйе қоғамдық көліктегі төлем тәртібін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру және жолаушыларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында енгізілді.

Бақылаушылар автобустарда жолаушылардың жолақыны уақытылы төлеуін тексеріп, электронды төлем жүйелерінің дұрыс пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар қоғамдық көліктегі тәртіптің сақталуы мен қауіпсіздік талаптарының орындалуына да ерекше көңіл бөлінеді.

– Бұл бастама қоғамдық көлік қызметінің тиімділігін арттыруға және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Алдағы уақытта автобустардағы цифрлық сервистерді кезең-кезеңімен жетілдіру жұмыстары жалғасады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айбек Жарылғас.

Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық көліктерде белгіленген ережелерді сақтап, жолақы төлемін уақытылы жүзеге асыру сұралады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Photos from Ақтау қаласының әкімдігі's post 04/06/2026

Ақтау әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге арналған тәртіптік жиын өтті

Бүгін, 4 маусым күні Ақтау қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге арналған тәртіптік-әдептік бағыттағы жиын өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Феруза Исмагулова, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Асқар Нұржаубай, қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері мен квазимемлекеттік сектор мекемелерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, тәртіптік жауапкершілік, құмар ойындардың зияны, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелер көтерілді. Жиында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыптарына да ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

04/06/2026

🎥 Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Photos from Ақтау қаласының әкімдігі's post 04/06/2026

Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтау қаласындағы «Мемлекеттік рәсімдер алаңында» «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, әскери қызметшілер, жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерумен басталып, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Шара барысында мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің символы екені айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың құттықтауын жеткізіп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

– Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің айғағы, халқымыздың рухы мен бірлігінің көрінісі. Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әр қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. Конституция – еліміздің басты заңы ретінде осы құндылықтардың құқықтық негізін бекітіп, азаматтардың ортақ жауапкершілігін айқындайды. Сол себепті Ата заңда бекітілген қағидаттарды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Ал ұлттық құндылықтарымызды ардақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу – біздің азаматтық борышымыз, – деді Аббат Өрісбаев.

Мерекелік бағдарлама аясында патриоттық әндер шырқалып, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Сонымен қатар жастар Қазақстан картасы мен оның ортасындағы күн бейнесін бейнелеген патриоттық флешмоб ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздердің маңызын кеңінен насихаттау, жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және Конституцияда бекітілген құндылықтарды дәріптеу.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

04/06/2026

🇰🇿Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы Каспий теңізі үстінде асқақтады

Ақтаулық жастар Мемлекеттік рәміздер күнімен ерекше құттықтады. Олар Каспий теңізінің көгілдір толқындары үстінде серуен қайықпен сапарға шығып, көк байрағымызды желбіретті.

Осылайша жастар отансүйгіштік қасиетпен ел рәміздеріне деген шексіз құрметін білдірді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

***

🇰🇿Государственный флаг Республики Казахстан развивается над просторами Каспийского моря

Молодёжь Мангистауской области поздравила с Днём государственных символов Республики Казахстан. В честь праздника они совершили прогулку на катере по Каспийскому морю, гордо развевая государственный флаг.

Таким образом, молодёжь с глубоким патриотизмом выразила безграничное уважение к государственным символам страны.

Пресс-служба акимата города Актау

Want your business to be the top-listed Government Service in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Маңғыстау облысы, Ақтау, 4 ықш. аудан, 72
Aktau
130000