Нұрдәулет Қилыбай халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздарымен кездесті
Маңғыстау облысының әкімдігі
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пресс-служба акима Мангистауской области
01/06/2026
Маңғыстау облысының әкімі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздарымен кездесті
Бүгін, 1 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай халықаралық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба конкурстары мен робототехника чемпионаттарының жеңімпаздарымен кездесті.
Кездесу барысында өңір басшысы дарынды жастарды жетістіктерімен құттықтап, олардың табыстары облыстағы білім беру сапасының нақты көрсеткіші екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім сапасы табысты ұлт қалыптастырудың басты шарттарының бірі екенін үнемі айтып келеді. Бүгінгі жетістіктеріңіз – еңбектің, табандылықтың және білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Сіздер өңіріміздің ғана емес, еліміздің де мақтанышысыздар. Алдағы уақытта да ғылым мен білім жолында жаңа белестерді бағындырып, Қазақстанның дамуына өз үлестеріңізді қосады деп сенемін. Білімді болыңыздар, өздеріңізге сеніңіздер, әрдайым еңбектенуден жалықпаңыздар. Себебі үлкен жетістіктерге апарар жол үздіксіз ізденіс пен қажырлы еңбек арқылы қалыптасады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Оқушылар облыс әкіміне мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік, жетістікке жетудегі тәртіп пен таланттың рөлі, өмірдегі маңызды шешімдер, қазіргі жастардың ерекшеліктері және жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері туралы сауалдарын қойды.
Сондай-ақ дарынды жастар өз жетістіктері мен алдағы мақсаттары жөнінде айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Аймақ басшысы әрбір қатысушының пікірін мұқият тыңдап, ақыл-кеңесін бөлісті.
Кездесу соңында оқушылар атынан сөз сөйлеген дарынды жастар өңірде білім мен ғылым саласына көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыстарын білдірді.
Шара барысында халықаралық және республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушыларға облыс әкімінің атынан ақшалай сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылында Маңғыстау облысының оқушылары халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқауларда жалпы саны 270 медаль жеңіп алды. Олардың қатарында математика, информатика, биология пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары, сондай-ақ робототехникадан халықаралық чемпионаттар бар.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
***
Аким Мангистауской области встретился с победителями международных олимпиад и научных проектов
Сегодня, 1 июня, аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай встретился с победителями международных предметных олимпиад, конкурсов научных проектов и чемпионатов по робототехнике.
В ходе встречи глава региона поздравил талантливую молодежь с успехами и отметил, что их достижения являются наглядным показателем высокого качества образования в области.
— Глава государства Касым-Жомарт Токаев неоднократно подчеркивает, что качество образования является одним из главных условий формирования успешной нации. Ваши сегодняшние достижения — результат труда, настойчивости и стремления к знаниям. Вы — гордость не только нашего региона, но и всей страны. Уверен, что и в дальнейшем вы будете покорять новые вершины в науке и образовании, внося свой вклад в развитие Казахстана. Будьте образованными, верьте в себя и никогда не уставайте трудиться. Ведь путь к большим достижениям строится через постоянное стремление к новым знаниям и упорный труд, — отметил Нурдаулет Килыбай.
Встреча прошла в формате открытого диалога. Школьники задали акиму области вопросы об ответственности на государственной службе, роли дисциплины и таланта в достижении успеха, принятии важных жизненных решений, особенностях современной молодежи, а также о возможностях применения искусственного интеллекта.
Талантливые учащиеся также рассказали о своих достижениях и планах на будущее, поделились предложениями и инициативами. Глава региона внимательно выслушал каждого участника и дал свои рекомендации.
В завершение встречи одаренные школьники от имени всех участников выразили благодарность за поддержку, оказываемую в регионе сферам образования и науки.
В ходе мероприятия учащимся, добившимся высоких результатов на международном и республиканском уровнях, были вручены денежные сертификаты от имени акима области.
Стоит отметить, что в 2025–2026 учебном году школьники Мангистауской области завоевали в общей сложности 270 медалей на международных и республиканских олимпиадах и конкурсах. Среди достижений — победы на международных олимпиадах по математике, информатике и биологии, конкурсах научных проектов, а также международных чемпионатах по робототехнике.
Пресс-служба акима Мангистауской области.
01/06/2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
– Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады, – деп жазды Президент Instagram парақшасында.
***
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Международным днем защиты детей
– Поздравляю соотечественников с Международным днем защиты детей! Защита прав и здоровья юных граждан, создание надлежащих условий для их гармоничного развития – общенациональная задача, конституционная обязанность. Опора счастливого детства – это дружные, сплоченные семьи. Поэтому поддержка института семьи стала одной из важнейших норм новой Конституции. Созидательный потенциал подрастающего поколения огромен, о чем наглядно говорят достижения в учебе, спорте, творчестве наших детей. В рамках моей инициативы «Нацфонд – детям» каждый ребенок получает поддержку от государства. С этого года начался процесс реализации концепции «Дети Казахстана». Поддержка юных соотечественников будет всегда в центре внимания Казахстана – Справедливого, Прогрессивного государства, – написал Президент на странице в Instagram.
29/05/2026
🖇️Тақырыбы: Адам папилломасы вирусына(АПВ) қарсы екпе туралы
🎤 Спикерлер:
👤 Мұхтар Сербаев
Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
👤 Елдос Смаилов
«Облыстық онкологиялық орталығы» басшысы
🎤 Модератор:
👤 Аққу Асар
Адам папилломасы вирусына(АПВ) қарсы екпе туралы 🎤 Спикерлер:👤 Мұхтар СербаевМаңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы👤 Елдос Смаилов«Облыстық онкологиялық орталығы» ....
29/05/2026
🖇️Тақырыбы: «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасының іске асырылуы туралы
🎤 Спикер:
👤 Абылайхан Атжариев
Табиғи монополияларды реттеу комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
🎤 Модератор:
👤 Інжу Тұран
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасының іске асырылуы туралы 🎤 Спикер:👤 Абылайхан АтжариевТабиғи монополияларды реттеу комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
29/05/2026
🖇️Тақырыбы: 2025-2026 оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі туралы
🎤 Спикерлер:
👤 Құралай Газимова
Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары
👤 Жанар Сейдахметова
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы
👤 Нұрбол Бақтыбай
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы
👤 Бақытжан Үсенов
Маңғыстау облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы
🎤 Модератор:
👤 Аққу Асар
2025-2026 оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі туралы 🎤 Спикерлер:👤 Құралай ГазимоваМаңғыстау облысы білім басқармасы ...
29/05/2026
🖇️Тақырыбы: Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң
🎤 Спикер:
👤 Тоқтамыс Жұмағұлов
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
🎤 Модератор:
👤 Інжу Тұран
Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң 👤 Тоқтамыс ЖұмағұловҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғ...
29/05/2026
🖇️Тақырыбы: «Мүмкіндік» жобасы: шетелдік профессор жетекшілігімен балаларға жасалған күрделі операциялардың нәтижелері туралы
🎤 Спикерлер:
👤 Бибізада Дүйсенбаева
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
👤 Жанар Досжанова
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры
👤 Игорь Киргизов
Балалар хирургі, профессор
👤 Әсем Сырымбет
BI Group «Мүмкіндік» жобасының жетекшісі
🎤 Модератор:
👤 Інжу Тұран
«Мүмкіндік» жобасы: шетелдік профессор жетекшілігімен балаларға жасалған күрделі операциялардың нәти 🎤 Спикерлер:👤 Бибізада ДүйсенбаеваМаңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары👤 Жанар ДосжановаМаңғыстау облыстық көпбейінді балалар....
29/05/2026
🖇️Тақырыбы: Құрбан айт мерекесін өткізу туралы
🎤 Спикерлер:
👤 Әнуар Елжанов
Маңғыстау облысы орталық «Бекет ата» мешітінің бас имамы
👤 Баян Сатқанбаева
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
👤 Абай Базарбаев
Маңғыстау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы
🎤 Модератор:
Аққу Асар
Құрбан айт мерекесін өткізу туралы 🎤 Спикерлер:👤 Әнуар ЕлжановМаңғыстау облысы орталық «Бекет ата» мешітінің бас имамы👤 Баян СатқанбаеваМаңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақ...
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
14-1
Aktau
130000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
